Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата22.08.2017
өлшемі68,06 Kb.
#24503
түріСабақ
Балқаш ауданы

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі

химия-биология пәні мұғалімі

Бөртебаева Айгүл Әбілханқызы

І деңгей бойынша сертификатталған

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Химия


1Жамбыл атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бөртебаева А.Ә

Сынып: 8а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы.Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Адам ағзасының химиялық құрамын білу,негізгі химиялық элементтердің ағзадағы қызметтерін түсіну.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер тізімін біледі және мөлшеріне сәйкес топтарға жіктей алады.

Осы тізімдегі элементтер мен жер қыртысының химиялық элементтік құрамын салыстыра алады.

Азық-түлік құрамындағы көміртек және темір элементтерін анықтауды үйренеді.

Cүйек құрамындағы кальций элементінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір химиялық элементтердің ағзадағы қызметін түсінеді..


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер: макроэлементтер,микроэлементтер,ультрамикроэлементтер.




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:Ағзадағы ең көп таралған химиялық зат Х,содан кейін У,бірақ литосферада бұл А.......




Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба? Литосфера негізінен мыналардан тұрады..........

Адам ағзасындағы екінші/үшінші тараған элемент бұл.......

Жазылым бойынша ұсыныстар:Литосфера/адам ағзасы.........

тұрады/қалыптастырылған




Алдыңғы оқу

Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Топтарға бөлу/химиялық элемент таңбалары арқылы/

3 топ: «Көміртек» , «Темір», «Күміс»

«Миға шабуыл» Периодтық кесте бойынша әр топ өздері таңдаған элементке қысқаша сипаттама береді.

«Топтастыру» Химиялық элемент жайлы не білеміз?




Д.И.Менделеевтің

периодтық кестесі,

зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер,тақырыпқа байланысты слайдтар.



Ортасы

Сабақ тақырыбына байланысты мақсаты мен күтілетін нәтижені айқындау./оқушыларды қатыстыру арқылы/

« Мағынаны тану»

1.Мұғалімнің түсіндіруі /слайд бойынша/

2.Топтық жұмыс. «Ағзадағы химиялық элементтер» тақырыбында жасалған слайдты пайдалану.

1-топқа: Фосфор элементіне қысқаша сипаттама беру,оның адам организміндегі маңызына тоқталу.

2-топқа:Иод элементіне қысқаша сипаттама беру,оның адам организміндегі маңызына тоқталу.

3-топқа: Күміс элементіне қысқаша сипаттама беру, оның адам организміндегі маңызына тоқталу.

Дайындалуға 7 минут,қорғауға әр топқа 2 минуттан беріледі

Критерийлер

Дескрипторлар

1.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны.


1.Таңбасын,реттік нөмірін,атомдық массасын,нешінші периодта және топта орналасқанын анықтау.

2.Элемент атауын үш тілде айта алу.



2.Элементтің атомдық құрылысы

1.Атом ядросының құрамын жіктей алу.

2.Химиялық элементтің электрондық формуласын құрастыра білу.



3.Элементтің адам организміндегі маңызы.

1.Элементтің адам ағзасындағы мөлшері бойынша қай топқа

жататынын білу.

2.Элементтің ағзадағы қызметін білу.


3.Эксперимент/тәжірибе/

А)Көміртекті анықтау

Қуырылған қытырлақ картопты /чипсы/,макаронды жандыру,күйе пайда болатынын байқау.



Сұрақ: Неліктен чипсы мен макарон жанғанда күйе пайда болады?

Ә)Темірді анықтау

10 г алма жұмсағы +10мл азот қышқылы+1-2мл сутектің асқын тотығы+калий тиоцианаты

Сұрақ: Реакцияның қандай белгілері байқалды?

Сабақты бекіту :

Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау

1.Ағзадағы нәруыз,май,көмірсуларды түзетін қандай химиялық элементтерді білесіздер?

(бірнеше жауапты таңдап,сандарды өсу ретімен орналастыру)./қосымша/

2.Массалық мөлшеріне сәйкес химиялық элементтің атауын немесе топ атауын орналастырыңыз.

/қосымша/

3.Микроэлемент атауын және оның ағзадағы қызметін сәйкестендіріңіз. /қосымша/





Тақырыпқа байланысты слайдтар.

Таныстырылым. Ағзадағы химиялық элементтердің маңызы

Зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер,қуырыдған қытырлақ картоп/чипсы/,макарон,алма



Аяқталуы

Қорытындылау

Адам ағзасы суретіне химиялық элементтерді орналастыру.

Рефлексия. «Таңдау»

1.Меніңше бүгінгі сабақ қызықты -----------

бірсарынды өтті.

2.Мен көп мағлұмат--------------аз мағлұмат алдым

3.Мен басқаларды мұқият тыңдадым, дұрыс

тыңдамадым.

4.Мен сабақты талқылауға жиі --------- сирек

қатыстым


5.Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыма ризамын

риза емеспін

Бағалау.

Топтық бағалау.



Үйге тапсырма: Адам ағзасындағы химиялық элементтердің артық мөлшері – жақсы ма? тақырыбына эссе жазу. (100 сөз)






Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?


Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім және

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет