Ішкі академиялық ұтқырлық



бет1/9
Дата14.10.2019
өлшемі1,06 Mb.
#49910
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Карлыга Т
әдістеме ағылшын, әдістеме ағылшын, Көркем тексті лингвистикалық талдау пәнінің жалпы мәселелері, Көркем тексті лингвистикалық талдау пәнінің жалпы мәселелері

Ішкі академиялық ұтқырлық


 



А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту шеңберінде Қазақ ұлттық аграрлық университетімен (Алматы қ.), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен (Астана қ.), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетімен және тағы да басқа республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым қатынаста.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша оқу, тағылымдамадан өту, зерттеу практикасынан өту, жазғы семестрге қатысу мақсатында білім беру қызметтерін көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы жоғары оқу орындары арасындағы шарттар аясында жүзеге асырылады. 

 


Егер сіз біздің университетімізге қызығушылық білдірсеңіз, онда сіз семестр немесе оқу жылы ішінде біздің ЖОО-да білім ала аласыз, ал осы мерзім аяқталғаннан кейін оқуды жалғастыру үшін өзіңіздің жоғары оқу орныңызға ораласыз. Енді бұл шындық және ауқымды практикаға енгізілді. Ең бірінші сізге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ресми сайтынан біздің ЖОО-ның мамандықтар тізімімен, академиялық күнтізбелерімен және оқу жоспарларымен танысу керек. Осыдан кейін сіз жоғары оқу орныңыздың академиялық ұтқырлық бойынша үйлестірушісімен байланысуыңыз қажет. Академиялық ұтқырлық бойынша үйлестіруші барлық қажетті рәсімдерді орындайды және Сізге біздің университетте оқу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

 

ҚМУ-дің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуы жөнінде көптеген мысалдарды келтіруге болады.

 

ҚМУ «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандықтарының 4 курс студенттерінің Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқуы (Алматы қ.):  Г.Т. Әубәкіров, Б.М. Баймұханов, У.А. Қыдырбаев, А.Б. Медеубеков, Б.И. Тастеміров, Г.Н. Әлімова, С.У. Махметов, С.С. Нұрышов.

 

 



 

 



 

Басқа жоғары оқу орндары студенттерінің ҚМУ-да оқуы:

 


  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Ж.Б. Ысмағұлов, А.М. Тасым (5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығы, орыс бөлімі, 2 курс), Д.Т. Өтекеева (050509-Қаржы мамандығы, 3 курс);

  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері Н.А. Атапкелова, А.А.Құсаинова, А.Е. Қабдушева, К.М. Рахметова (050728-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы, 3 курс), М.Е. Асқанова, Н.С. Есқалиева (050727-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы, 2 курс);

  • Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенті С.С. Ақынова (050713-Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы, 4 курс) және т.б.

 

Бір қала аясында бірлескен білім беру бағдарламалары мен оқу сабақтарының Үйлестірілген кестелері бойынша студенттерді оқыту сияқты академиялық ұтқырлық түрі қолданылады. Бұл жағдайда студенттер бірқатар пәндерді бір жоғары оқу орнында, ал бірқатарын келесі жоғары оқу орнында оқиды. Мысалы, 2010-2011 оқу жылында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің және М.Дулатов атындағы ҚинЭУ-дің бірінші курсының 35 студенті оқуды осындай үлгіде оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет