Ықтималдылықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылығымен айналысатын математикалық ғылым болып табылады



бет1/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#92932
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
598d605b-380b-11e3-9dea-f6d299da70eeықтималдық теориясы


Кіріспе
Ықтималдылықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылығымен айналысатын математикалық ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта ықтималдылықтар теориясы ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылып отыр, математиканың көптеген салаларына қарағанда, ерекше орын алып отыр. Ықтималдылықтар теориясының
әдістері, оның апараты барлық жаратылыс тану және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп ұғынылатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ архелогияға да еніп, олардың ішкі құрлыс заңдарын ашып көрсететін пәрменді құралға айналып отыр.
Кибернетиканың негізгі салалары- информациялық теория, ойын теориясы, операция теориясы, сенімділік теориясы т.б. математикалық аппараттары ықтималдылық теориясы негізінде құрылған.
Бұл теория - кездейсоқ құбылыстарды бақылау нәтижесінде пайда болған математикалық ғылым. Бұл ғылым XVII ғасырда пайда болған делінеді. Ал ықтималдықтың бастапқы ұғымдары өте ертедегі заманда –вқ кездеседі. Мәселен, біздің жыл санауымыздан 2238 жыл бұрын Қытайда өткізілген санаққа қарағанда, жаңа туға ұл балалардың санына қатынасы тұрақты және ол сан ½ -ге теғң( яғни ықтималдығы ½) делінген .
Ықтималдылықтар теориясының ғылым ретінде қалыптасуына оның дамуына көптеген шет ел ғалымдары: Б.Паскаль (1623-1662), П.Ферма (1601-1665), Х.Гюйгенс (1629-1695), Я.Бернулли (1654-1705), А.Муавр (1667-1754), Т.Байес (1702-1763), П.Лаплас (1749-1827), Ф.Гаусс (1777-1855), С.Пуассон (1781-1840) орасан зор үлес қосты.Ұлы орыс математигі Пафнутий Львович Чебышевтың (1821-1894) XIX ғасырдың орта кезінде жарық көрген іргелі зерттеулерінен бастап Россияда ықтималдылықтар теориясы пәрменді дамыды. Аса ірі еңбектер сіңіріп, жаңа әрі құнды нәтижеге қол жеткен Россия-Совет ықтималдық теориясын дамытқан Совет ғалымдары: А.АМарков (1856-1922), А.М.Ляпунов (1857-1918), А.Я.Хинчин (1894-1959), А.Н.Колмогоров (1903 жылы туған), С.Н.Бернштейн («1880-1968), В.И.Романовский (1879-1954), В.И.Слуцкий (1880-1948), Б.В.Гнеденко (1912 жылы туған) есімдері жұртшылыққа кеңінен мәлім.
Ықтималдылықтар теориясы мен математикалық статистиканы дамытып, ірі жетістіктерге ие болған ғалымдардың бірі- Ташкент математика мектебінің негізін қалаушы В.И.Романовский. Көрнекті ғалымдар Т.А.Сарымсақов (1915 жылы туған), С.Х.Сираждинов (1920 жылы туған) сияқты, В.И.Романовскийдің басқа да шәкірттері бұл ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет