Қызылорда қаласы №218 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Мырзалиева Индира «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»



Дата25.08.2017
өлшемі112,03 Kb.
#27326

Қызылорда қаласы №218 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Мырзалиева Индира

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» – оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізі

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,

ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»

А.Дистерберг

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелардің бірі жастарға сапалы білім беру. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа модернизациясы құрылып, білім саласындағы әлемдік озық әдіс-тәсілдерді меңгерген Кембридж университетінің оқытушыларымен бірігіп дайындалған деңгейлік бағдарламалар іске асырылуда. Бірінші, екінші, үшінші үш деңгейден тұратын бұл бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі жалпы орта мектепте білім беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыруға негізделген. Бағдарламаның негізгі мақсаты -қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу, әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету, оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу .

2014 жылдың ақпан-сәуір айларында Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курста Кембридж әдісінің теориялық негізін оқып, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгердім. Қазіргі таңдаағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар:


  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту;

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үдерісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау, оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды, баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз еңбектенуіне жол ашады. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда олардың бір-біріне деген көзқарасы өзгеріп, сабаққа деген ынтасы жоғарылайды. Әр сабақ сайын формативті бағалау оқушылардың мақсатқа жету өлшемі және өздігінен білім алуға дағдыланады. Аталған факторларды өз сабақтарыма бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, қолданудамын.



Пән:

Алгебра 11сынып

Күні:




Пән мұғалімі:

Мырзалиева И.К.

Тақырыбы:

№4 сабақ Теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері тақырыбына есептер шығару

Мақсаты:

Теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шешудің тәсілдерін есептер шығару барысында қолдана білу

Күтілетін нәтиже

Теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістерін үйрену, есептер шығару барысында қолдана білу

Негізгі идеялар

Теңсіздіктер мен жүйелерін шешу дағдысы мен білім, біліктерін жетілдіру

Керекті жабдықтар

Тапсырма парақтары, оқулық , деңгейлік тапсырмалар, түрлі түсті стикерлер, бағалау парақтары

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Оқушылармен амандасу түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, сергіту сәтін ұйымдастыру, бағалау критерийлерін түсіндіру, бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар амандасады. «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Тақ және жұп сандар болып бөлінде, топтағы міндеттерін бөлісті.

  1. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин

Оқулықтан №351, №353 есептердің жауабын тексеру,

Тақырыпқа құрастырған тесттерді, сұрақтарды жинау



Үй тапсырмасын дайын жауаппен өзін-өзі тексереді, бағалайды

  1. Білу және түсіну

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс 10 мин

Оқулықтан №352 есепті шығарту

Оқушылар өздері дайындаған сұрақ-жауап



Оқулықтан есепті шығарып, тақтамен тексереді, сұрақтарға жауап береді өзін-өзі бағалайды

  1. Қолдану. Есептер шығару 7 мин

«Ойлан тап?» ойыны арқылы есептер шығарту, дайын жауаптар арқылы тексерту.

№1


№2
№3


Оқушылар ноутбукта дайындалған есептерді жылдам орындау керек, жауабын жұпта тексеріп, бағалайды.

  1. Сергіту сәті «Логикалық сұрақтар» 4 мин

Ноутбукқа екі топқа дайындаған логикалық тапсырмаларды оқыту

Логикалық тапсырмаларға әр оқушы жеке жауап береді.

  1. Анализ және синтез. Өзіңді тексер 8 мин

Деңгейлік тапсырмалар беру.

№1



№2

№3

Өздері дайындаған тесттерді топқа орындауға беру


Есептерді ретімен шығарады, тест тапсырмасын орындап, дайын жауаптарымен жұпта тексереді, бағалау парағына өзін-өзі бағалайды

  1. Үйге тапсырма 1 мин

Оқулықтан №355

Теңдеудің, теңсіздіктің өмірде, тұрмыта қалай қолданамы, мысалдар дайындау



Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

  1. Бағалау 1 мин

Бағалау парақтарын жинап, жиынтық бағалау

Бағалау парақтарын толтырып, бағалау шкаласымен өзін-өзі бағалайды

  1. Сабақты қорытындылау 2 мин

Өтілген тақырыптарды қайталау сұрақтары

Оқушылар бір-біріне сұрақ-жауап қояды

  1. Рефлексия 5 мин

«Бүгінгі сабаққа рефлексия Таңдау»

Кестені толтырады

  1. Сабақты талдау






Бағалау парақшасы

Бағалау критерилері

Тақырып

Тексерілетін элементтері

Жетістік деңгейі

Ұпай

А (max 2)

Білу және түсіну



Ауызша сұрақтар, оқулықпен жұмыс

Бірде-бір критериге жетпеді




ұпай

Мәндес теңсіздікке түрлендіре біледі




Теңсіздіктерді шешудің тәсідерін біледі




B (max 3)

қолдану


Есептер шығару

Бірде-бір критериге жетпеді




ұпай

Теңсіздіктерді, жүйелерін шығарғанда тәсілдерді қолданады




Формулаларды, түрлендірулерді есептер шығаруда қолдана алады




Есептің жауабын дұрыс жазады




C (max 4)

Анализ және синтез



Тест жұмысы, деңгейлік тапсырма

Бірде-бір критериге жетпеді




ұпай

Теңсіздікке, теңдеуге берілген аралас есептерді шығара алады




Теңсіздікті шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды, қолданады




Пайымдау жолдары қысқа, тиянақты, есептерге жауаптар дұрыс көрсетілген




Негізделген қорытынды немесе дәлелдеме жасайды




Барлық ұпай________

0-3 ұпай - баға "2"

4-5 ұпай - баға "3"

6-7 ұпай - баға "4"



8-9 ұпай - баға "5"

Бағасы _____________

Аты-жөні:____________________

Бүгінгі сабаққа рефлексия «Таңдау»

  1. Мен сабақта ... жұмыс жасадым




  1. Мен сабақта өз жұмысыма ...




  1. Сабақ маған ... болған сияқты



  1. Мен сабақ бойына...




  1. Менің көңіл-күйім...




  1. Сабақта өткен материал мен үшін... болды

белсенді, жай
ризамын, риза емеспін
қысқа, ұзақ
шаршамадым , шаршадым
жақсы болып қалды, жаман болды
түсінікті, түсініксіз, қызықты, жалықтырды, пайдалы, пайдасыз


Аты-жөні: ____________________

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым 2012 жыл

  3. Алгебра оқулық, 11 сынып, 2012ж



Каталог: uploads -> doc -> 0fcb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fcb -> Сабақтың тақырыбы : «Химиялық байланыс және зат құрлысы»
0fcb -> Сабақтың тақырыбы Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу
0fcb -> Перпендикуляр түзулер мен перпендикуляр кесінділер Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет