Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романында қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі,салт-санасы, дәстүрі анық білінеді. XX ғасырдағы қазақ қыздарының басынан өткен қиыншылықтары тұжырымдалады



Дата07.10.2022
өлшемі14,33 Kb.
#152161
Байланысты:
Жарылқасын Аружан Ақбілек роман
Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация (1)

Ақбілек
Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романында қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі ,салт-санасы, дәстүрі анық білінеді.XX ғасырдағы қазақ қыздарының басынан өткен қиыншылықтары тұжырымдалады.
Ақбілек романында орыс отаршылық кезіндегі қазақ қыздарын құлдыққа алып кетіп , күштеп ұстауымен басталады. Ақбілек ақ әскерлердің тұтқынына түсіп неше қилы қорлық көреді.Ақбілектің орыс офицерінен көрген зардабынан кейін, әкесінің суық көзқарасы мен сүйген жігіті Бекболаттың Ақбілектен бастартуы оған ауыр тиеді.Себебі ол орыс офицерінен жүкті еді .Елдің сөзіне қарамастан баласын босанып ,жеңгесіне тапсырып ,қалаға кетеді.Осылайша Ақбілек қалада оқу оқып, білім алады.Ол қалада Балташ атты жігітке жолығады,Балташ оның өткен өміріне,баласының барына қарамастан өзіне жар етіп алады.
Романда қазақ қыздарына тән ұлттық тәлім-тәрбиесінен,қазақтың салт-дәстүрінен қалыптасқан мінез-құлықтардың ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар ауыл адамдарының психологиялық жағдайы сипатталған.Бұл романдағы басты мәселе қазақ әйелдері мен қыздарының әлеуметтік жағдайы мен теңсіздігі,қыздарға деген әділетсіздіктері бейнеленеді.Ақтар мен қызылдардың соғысының зардабынан қаншама қыз баласы зардап шегіп,құлдыққа кетті. Осыншама қиындықтан кейін Ақбілектің өз жолын тауып ,қалаға білім іздеп кетуі адамдардың санасының өзгеруінің процесін көрсетті.Қазіргі заман мен сол заманды салыстыра кетсек арасы жер мен көктей. XXI ғасырдың басты ерекшеліктерінің бірі әйел мен еркектер арасында теңдік болуы ,әр адамның өз құқығы бар болуы деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет