Жаңа Қазақстандық патриотизм



Дата11.05.2022
өлшемі15,37 Kb.
#142475
Байланысты:
Жаңа Қазақстандық патриотизм
234932 (1), Хаттама МИФ №1

Жаңа Қазақстандық патриотизм
Қазақ тарих сахнасындағы ұлтымыздың ұлт болу жолы басынан көптеген алпауыт оқиғаларды кешіргендігі анық. Осы орайда, елін сүйген ерлердің ерен еңбектерін ұмытпағанымыз абзал болар еді. Сол батыр ерлеріміздің арқасында елдің «тәуелсіз ел» болып барша әлем келбетіне танылуы бүгінгі жас ұрпақ үшін мақтаныш болып қала бермек. Бұл орайда, «Тәуелсіз ел ұланы болу жолында қалай «Адал ұрпақ» атанамыз»?» деген сұрақтардың санамызда туындары анық. Менің ойымша, қазақ елінің жас буындары тек елін сүйіп, туған жер алдындағы азаматтық борышын өтегенде ғана адал ұрпақ деп аталып, еліміздің өркендеуіне, одан әрімен дамуына өз үлесін қосады.
Кешегі әр қазақтың «мен» деген алып тұлғасы келер өмірдің жастарына сеніммен қараған. Ал сол келер өмірдің жастары – әрине бізбіз! Одан кейін Абай Құнанбаев атамыздың қара сөздерін тілге тиек ете отыра, болашағымды елімнің қызметіне жараймын деп кәміл сеніммен айта аламын. Себебі, Абайдың қара сөздерінде жатқан азаматтық бейнесі - ұлтын тәрбиелеуді алдымен өзінен, одан кейін өз ұрпағынан бастап, адал, патриот перзент болуға дәріптейді.
Ақынымыз әр ұрпақты дұрыс жолға салу үшін өлеңдерінде адалдықты әрқашанда арқау етті. Бұған дәлел, ақынның қаламынан туған нақыл сөздері. Мысалы: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» және «Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі». Демек,біз, тәуелсіз елдің ұрпағы бай да кедей болып, қандай мал не байлық тапсақ та ол адал болуы тиіс. Егер тапқан малымыз, байлығымыз адал болса онда ол ең арлы адамның ісі.
Он бесінші ғасырда Керей мен Жәнібек құрған «Алаш» атты мемлекетіміздің өз туы, әнұраны мен елтаңбасы болғандығын да айтып кеткен жөн. Бірақ, бұл еліміздің дербестігіне, тәуелсіздігіне кепіл бола алмады. Себебі, біз Одақтас республикаларың құрамына кірген жәй ғана мемлекет болатынбыз. Тек 1991жылы егемендігімізді алған күннен бастап, әнұранымыз, елтаңбамыз шығаруды қолға алды. 1992 жылы маусым айының төртінші жұлдызында Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасының бастауымен, тәуелсіздігіміздің құрметіне еліміздің Туы мен Елтаңбасы бекітілді. Ал, 1992 жылы желтоқсан айының он бірінші жұлдызында Әнұранымыз туралы заңға қол қойды. Осылайша, 1996 жылы қантаңдың 24 - сінде Конституциямыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" заңға қол қойылып, мемлекеттік рәміздеріміз барша дүйім жұртқа таныстырылды.
Келесі кезекте, әр қазақ азаматының еліне деген ыстық ықыласын оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы орасан зор екендігін айта кетсек болады. Көк аспан түсті көк туымыз, ондағы қыран бостандықты, еркіндік білдірсе, ту шетінде тұрған оюымыз қазақтың материалдық мәдениетіне тән бір нышан. Әнұранымыз мен Елтаңбамыз баға жетпес құндылықтарымыз. Сондықтан да, баға жетпес асыл байлықтарымызға ел азаматтарының құрметін қалыптастыру мен өсіп келе жатқан жас өркендеріміздің санасына еліне деген махаббатты, патриоттық сезімді ояту барша қазақ азаматтарының міндеті, борышы болуы тиіс. Осы орайда, «тәрбие тал бесіктен» деп айтылған атам қазақтың мақалы есіме түседі. Шынында - ақ, бүгінгі күнде балаларымызды ең әуелі, балабақшада, яки мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелесек тек, олардың еліне, туған жеріне деген көзқарастарын жойып алмай, дұрыс қалыптастыруымыз керек. Меніңше, Республика тәуелсіздігінің ең алғашқы нысандарының алғышарттары – елдің өзіндік, сол елге ғана тән мемлекеттік құндылықтардың болуында, тарихының өшпей саналарда қалыптасуында...
Одан кейінгі айтатынымыз – тіл мәселесі. Ана тіліміздің мәртебесін кешегі хан Абылай да, ержүрек Махамбетте, ақын Мұхтар мен Жамбыл да ұран етіп, жерге түсірмей, қастерлеп қашанда көтеріп жүрген. Бүгінгі күнде, тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, ұлтжанды, патриот етіп тәрбиелеп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары.
Қазақ тарихының маңыздылығы – еліміздің басқару жүйесін өз қолына алып, мемлекетіміздің шекарасын айқындап тұруымен қатар, төл теңгемізді шығару тәрізді ұлт үшiн мaңызды eгeмeндiк cипaттapымeн бiтe қaйнacып жатқан елеулі күндерді өзіне жазып қалдыруымен көрінеді. Сонда ғана ұлтын сүйген ұлы тұлғаларды шығара аламыз. Ел жастарының саяси рәміздерге деген махаббатының айғағын Астана қаласының дәл ортасында орналасқан, биіктігі 115метрді алатын Көк туымыздың желбіреп тұрғандығымен байланыстыра аламыз. Бұл патриоттық сезіміздің өшпейтіндігінің дәлелі. Міне, осындай Көк туды қою тіпті әлемнің дамыған елдерінде де жоқ үрдіс.
Сөзімізді қорытындылай келе, тәуелсіз елдің ұланы болу – отан алдындағы борышымыз. Ұлтымыздың ұлы перзенті болу үшін - кеудемізден жанымыз шыққанға дейін қызмет етейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет