Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?



Дата24.04.2020
өлшемі12,69 Kb.
#64565
Байланысты:
файллл
файллл

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.  Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
-Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
-Мұғалімнің уақытын үнемдейді
-Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек:
Барлық баланы оқыту;
-Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
— Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
-Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
— оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет