ЖАҢартылған білім беру бағдарламасының аясында



Дата05.06.2017
өлшемі61,67 Kb.
#17559
Жанабаева Нурия Кажымасовна

Көкшетау қ. «№ 6 орта мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА...

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдері мен серіктестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, мүмкіндіктер мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып бір-біріне сенім білдіруін және серіктестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек.» Бұл тұжырымдар Қазақстандағы оқу бағдарламаларын өзгертудің қажеттілігін нақтылай түседі. Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және 21 ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізуде.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселелер аясында «Балалар 21 ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Осы қажеттіліктерге сай Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы және НЗМ ұйымдастырған курста «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасымен» танысып келдім.



Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:

Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.



Бағдарламаның міндеттері:

-бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

-бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

-бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

-мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғарғы стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу) белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу.

Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. (Hettie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай үстірт меңгерілген таяз білім болмақ.

Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда анағұрлым қуатты құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу стратегияларынан тұрады.

Оқыту үшін мұның маңызы қандай?

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблеманы шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды, жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарын пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп оны табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді.

1 – 2 сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар бұл пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

1-бөлім: Өзім туралы

2-бөлім: Менің мектебім

3-бөлім: Менің отбасым және достарым

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

5-бөлім: Саяхат

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

7-бөлім: Тағам және сусын

8-бөлім: Дені саудың - жаны сау.

Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты пайдалану.

«Мұғалімге арналған бағдарлама» әдістемелік құралында айтылғандай, бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталған. Дәл осы оқу мақсаттарын оқу бағдарламасынан, оқу жоспарынан және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтан табуға болады. Осы арқылы үш құжатты біріктіруге болады. Олар: Оқу бағдарламасы; Оқу жоспары; Оқу мақсаттары. Бастауыш сынып сабағын жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылуы керек.

Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:

Сабаққа идеялар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;

Оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу:

Оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;

Топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;

Оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;

Оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;

Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетіндей сұрақтар қою;

Оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;

Жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;

Оқушыларға өзіндік жұмыстарда жітістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.

Оқу құралдары оқу бағдарламасына қалай қолдау көрсетеді?

Оқу құралдары «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Математика» оқулығы және «Оқушыға арналған жұмыс дәптері». НЗМ-нің бастауыш сыныптың математика пәніне арналған үш оқу құралы жыл сайын логикалық бірізділікті және үдемелілікті дамытатын жүйелі курсты қамтамасыз ету үшін бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.

Математика оқулығында білім беру бағдарламасының мақсаттарына қатысты ресурстар қамтамасыз етілген. Оқулық мұғалім мен оқушының жетістіктеріне қолдау көрсету үшін әзірленген бағдарлама мен ресурстардың инновациялық үйлесімділігін көрсетеді. Үш оқу құралы оқушылардың пәнді игеруде өз танымдары мен математика ғылымына қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, оқушылардың келесі дағдыларын дамытуға негізделген: Оқулықта берілген жаттығулар, тапсырмалар белсенді оқу әдісіне бағыттала отырып, оқушылардың қабілетін дамытуға ықпал етеді.



Мұғалімге арналған нақты кеңестер:

Оқулықта берілген әрбір материалға «мұғалімге арналған нұсқаулықта» нақты кеңестер берілген; Пән маманы емес мұғалімдерге арналған сабақ өткізудің тиімді әдістері ұсынылған, тілді дамыту идеялары және қалыптастырушы бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мұғалімнің сабақты табысты өткізуіне қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында берілген.



Оқушыға арналған жұмыс дәптеріндегі қосымша жұмыс жасау парқтары оқушының дағдыларын дамытады, білімі мен түсініктерін кеңейте отырып, оқулықта берілген білім көлемімен біріктіріледі. Сабақ барысында және одан да тыс кезде пайдалану үшін таптырмас құрал болып табылады.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет