Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы Мамандығы: 0105000 «Бастауышбілім беру» Күндізгі оқу формасы III курс. Жалпы сағат саны : 64 Сырттайоқубөлімі– Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет



Дата08.07.2018
өлшемі56,09 Kb.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

И. АлтынсаринатындағыРудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Рудненский социально-гуманитарный колледж им. И. Алтынсарина


БЕКІТЕМІН УТВЕРЖДАЮ

директордың оқу Зам. директора

ісі жөніндегі орынбасары по учебной работе

______________________ ______________________

Т.О.Ибраева Т.О.Ибраева

«______» ________2014 ж. «______» ________2014 г.

Орта кәсіптік оқу орындарына арналған

жұмыс оқу бағдарламасы

Пән: «Тұлғалық даму мен оқыту жетістіктерінің мониторингі

және түзету әдісемесі»

Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»

«Тұлғалық даму мен оқыту жетістіктерінің

мониторингі және түзету әдістемесі » пәнінен типтік

бағдарлама негізінде құрастырылды.

Тіркеу №29

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің

бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік

кеңесінің 2002 жылдың 09.08 шешімімен бекітілді.

Хаттама №4

Педагогика, психология және жеке пәндер Рассмотрено на заседании
әдістемесі циклдік комиссия отырысында предметной цикловой комиссии

қарастырылды педагогики, психологии и

частных методик

«____» ________________________ «_____» ____________________

№ 1 хаттама Протокол № 1

ПЦК төрайымы Председатель ПЦК

______________________________ ____________________________

А.А. Навознова А.А. Навознова

Құрастырушы: Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы
Мамандығы: 0105000 «Бастауышбілім беру»

Күндізгі оқу формасы III курс .Жалпы сағат саны : 64

Сырттайоқубөлімі–


Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет:


№ р/н

Оқу жылы

Оқу бағдарламасы туралы мәліметтер

Қайта бекіту күні, хаттама №

ПЦК төрайымының қолы

1













2













3













4














5














Мазмұны

1.Түсінік хат................................................................................................................................... ..........3

2.Семестр бойынша бөлінуі.................................................................................. .................................4

3. Тематикалық жоспарлау және оқу бағдарламаның мазмұны..........................................................5

3.1.Оқу бағдарламаның мазмұны............................................................................................................7

4.Әдебиеттер............................................................................................................................................13



1. Түсінік хат

Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасы 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бұйрық_№595__25.12.2009жҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітілген бағдарлама негізінде жасалған.

Жұмыс бағдарламасы «тұлғалық даму мен оқу жетістіктерінің мониторингі және түзету әдістемесі»пәні мазмұнының міндетті минимумына және даярлық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған .

Жалпы көлемі-64сағат, соның ішінде теориялық оқу- 38сағат, практикалық 26 сағат .Пән бойынша

6 семестр соңында сынақ тапсырылады.

Бөлімдер мен тақырыптар тізімі оқыту үшін міндетті болып табылады және өзгертілмейді.

Осы бағдарлама оқушыларды тұлғалық даму мен оқыту саласындағы әр түрлі мәселелермен теориялық біліммен қаруландырады. Соның негізінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелейді, алған білімдерін педагогикалық қызметте шығармашылық тұрғыда қолдана білуге, бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу дағдыларымен практикалық икемділігін қалыптастыруға септігін тигізеді, бастауыш сынып үшін кең профильді педагог дайындауды қарастырады.

Кәсіби модульді оқып үйрену нәтижесінде білім алушы білуі тиіс:


  • Мониторнг және жеке тұлғаның дамуын коррекциялау мәнін :

  • Норма-аномалия» ұғымын;

  • Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін, формалары және әдістерін;

  • Кіріктірілген білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктерін;

  • Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін;

  • Коррекциялық бағытын;

Істей білуі тиіс:

  • Жеке тұлға даму деңгейінің негізгі бағыттарын анықтауды;

  • Жеке тұлға дамуындағы қалыпты және қалыптан тыс құбылыстарлы талдауды;

  • Балалармен коррекциялық педагогикалық жұмыстарды жоспарлауды;

  • Коррекциялық мекемелердің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды қолдануды;

  • Коррекциялық мекемелердегі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін оқыту ,тәрбие әдістерін және жаттығуларды іріктеуді;

Практикалық тәжірбиесі болуы тиіс:

  • Жеке тұлғаның дамуын мониторингілеу және түзетуден;

  • Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық портретін жасаудан;

  • Коррекциялық жаттығулар және тапсырмалар құрастырудан;

  • Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға кіріктірілген білім беруді ұйымдастырудан;

  • Балалармен ынтымақтастық орнатудан:

  • Оқу –тәрбие жұмысында ҚР және балаларды әлеуметтік қорғау және коррекциялық қолдау мемлекеттік жүйені пайдаланудан.

2.Семестр бойынша бөлінуі

Семестр

нөмері




Оқу сабақтары

Бақылау жұмысының саны

Бақылау жұмысының түрі

аудиториялық

Жалпы

сағат саны



Барлығы

Теор.

Семинар.

Лабор.

Практ.







5

20

20

10







10







6

44

44

22







16

1

сынақ

Барлығы

64

64

38







26








3. Тематикалық жоспарлау және оқу бағдарламаның мазмұны

3.1 Тематикалық жоспарлау




Бөлімдермен тақырыптардың аттары


Семестр,

бақылау


түрі

Сағат саны

Барлығы

теория

Лаборпрактика




1 Бөлім Жеке тұлға дамуын мониторингілеу және коррекциялау













1

Оқушылардың бейімделуі

V

2

2




2

Оқушылардың ақыл ой белсенділігінің дамуы

V

2

2




3

Оқушының берілген тапсырманы тез ұғынуы

V

2




2

4

Шығармашылық тапсырмалардың бала дамуында алатын орны

V

2




2

5

Техникалық құралдар арқылы акқпаратты сапалы жеткізу

V

2

2




6

Баланың жеке тұлғасының қалыптан және қалыптан тыс дамуы.

V

2

2




7

Норма ,аномалія ұғымдарына сипаттама

V

2

2




8

Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту

V

2




2

8

Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеу мақсаттары

V

2

2




9

Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеудің міндеттері мен формалары

V

2




2

10

Тұлғаға Психологиялық мінездеме

V

2

2




11

Тұлғаның даму диагностикасы

VI

2




2

12

Психодиагностика және оның түрлері.

VI

2

2




13

Тест түрлері.Бала дамуында тесттің алатын орны

VI

2




2

14

Коррекциялық педагогикалық жұмыстың мақсаты мен маңызы

VI

2

2




15

Коррекциялық жұмыстың әдіс тәсілдері

VI

2

2




16

Кіріктірілген білім беру жүйесі

VI

2

2




17

Кіріктірілген білім берудің ерекшеліктері

VI

2

2




18

Дамуында ауытқушылықтар бар балаларды кіріктірілген білім беру жүйесі арқылы оқыту

VI

2

2




19

Мүгедек балалар мен ауру балаларды оқытудың түрлері.

VI

2




2

20

Үйден оқытудың маңызы

VI

2

2




21

Тәрбиелеу диагностикасы

VI

2




2

22

Кезеңдермен оқытудың принциптері

VI

2

2




23

Қашықтықтан білім берудің сипаты

VI

2




2

24

Қашықтықтан білім берудің нормативтік –құқықтық құжаттары

VI

2

2




25

Өзін-өзі тану пәніндегі мониторинг жүргізудің мәні

VI

2

2




26

Шиелініс түрлері ,құрылымы, шешу жолдары

VI

2




2

27

Қарым-қатынас кезіндегі шиеліністің пайда болуы

VI

2

2




28

Шиеліністі шешудің психологиялық әдістемелері

VI

2




2

29

Стресстің шығу жолдары мен түсінігі

VI

2




2

30

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды стресстен шығару жолдары

VI

2

2




31

Коррекциялық жаттығулармен тапсырмалардың түрлері мен маңызы

VI

2




2

32




VI

2
















64

38

26


3.2. Оқу бағдарламаның мазмұны

1 тақырып. Балалардың бейімділігі .

Уйде өз айналасындағылармен рухани нормалар.

2 тақырып. Жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын арттыру

Өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық таныту



3 тақырып. Оқушының берілген тапсырманы тез ұғынуы

Эмоцианалды жай-күйін басқара алуы.Жағымсыз эмоциясын тежей білу.



4 тақырып.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

5 тақырып. Техникалық құралдар арқылы ақпаратты сапалы жеткізу

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: 
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. 
3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: 
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас; 
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі. 
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады. 
5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады. 
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. 

6 тақырып. Баланың жеке тұлғасының қалыптан және қалыптан тыс дамуы

Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.

  1. тақырып. Норма ,аномалія ұғымдарына сипаттама

Аномалия (көне грекше: anomalia — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарларорганизмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша, менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды.

  1. тақырып. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту

Коррекциялық педагогика– психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады.
9 тақырып Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеудің міндеттері мен формалары

Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту ,тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет.



10 тақырып. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеудің міндеттері мен формалары

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның 4 Тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті.

«Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.

«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.



11 тақырып Тұлғаға Психологиялық мінездеме

Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

12 тақырып. Тұлғаның мінез ерекшелігін жедел диагностикалау әдістемесі.

Бұл әдістеменің негізінде Кеттел, Леонгард, Айзенг, Личко сияқты психологтардың жалпы психологиялық типтерді авторлық классификациялауының қайталану факті кездеседі.Психология ғылымының кандидаты Т.В Маталинаның жасаған бұл әдістемесі Айзенктің жасөспірімдерге арналған сұрақнамасын қамтиды. Жұмысты кешенді жүргізуде, нәтижелерді градациялау шкаласы мен жасақталған типологиялық сипаттамалар сондай- ақ , түзету бойынша  ұсыныстар орын алады.



13 тақырып. Психодиагностика және оның түрлері.

Психодиагностика (психо... және гр. diagnostikos - айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясыныңкөрінісі

Пән бойынша тестілер тұлға аралық, тұлғалық, зерделік болып бөлінеді. Қолданылатын тапсырмалар ерекшеліктеріне қарай: тәжірибелік, бейнелік және сөздік.



14 тақырып. Тест түрлері.Бала дамуында тесттің алатын орны

Тест материалы ерекшеліктеріне қарай: құжатты және техникалы.

Бағалау нысанына қарай: процессуалды, жетістік тестітер, жағдай мен қасиет тестілері.

Зерделеу тесттері ойлау дамуының, сонымен бірге қабылдау, зейін, ақыл-ес,  дәрежесін бағалауға арналған.Тұлғалық тестілер адамның қылықтарын айқындайын тұрақты және жекеленген психодиагностикалық ерекшеліктерімен байланысты. Бұған мінез, мотивациялық, қабілеттілік, қарқындылық жатады. Тесттер арасында кешенді түрлері де кездеседі (Кэттел), жекеген тесттер (ниетті, эмоциялық, акцентуациялық).



15 тақырып. Коррекциялық педагогикалық жұмыстың мақсаты мен маңызы

Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады 

16 тақырып. Коррекциялық жұмыстың әдіс тәсілдері

Коррекциялық педагогиканың атқаратын жалпы міндеттері төмендегідей:

1.Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау;

2.Коррекциялық педагогикалық іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру;

3.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау;

17 тақырып. Кіріктірілген білім беру жүйесі

Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.



18 тақырып. Кіріктірілген білім берудің ерекшеліктері

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:



  • құрмет;

  • әріптестік;

  • азаматтықжауапкершілікқалыптастыру;

  • ашықтық;

19 тақырып. Дамуында ауытқушылықтар бар балаларды кіріктірілген білім беру жүйесі арқылы оқыту

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.



20 тақырып. Мүгедек балалар мен ауру балаларды оқытудың түрлері

  Соңғы жылдары мүгедек балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі және бірегейі-зерттеушілер, оқытушылар және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға тоқайластыру. Белгілі бір топ өкілдерін әлеуметтік ортаға бейімдей алмау, яғни оларды қоғамның толық қанды мүшелігіне икемдей алмау – олардың жан-жақты мүмкіншіліктерін шектеуге әкеліп соғады. Демек, мұның өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір түрі.

21 тақырып. Үйден оқытудың маңызы

Үйден оқыту -  бұл білім беру формасы, яғни бала  үй жағдайында алатын, ал оқыту үрдісі  жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады. Бұл медициналық көрсеткіштері бойынша  білім беру ұйымдарында  тікелей оқи алмайтын балаларға ұсынады.  Үйден жекеше оқытатын міндет  интеллектісі бұзылған (бірінші немесе екінші тұрпаты) балалар үшін  арнайы (түзету) мектептің бағдарламасын меңгеруде немесе  мемлекеттік білім беру стандар шегінде  білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруі болып табылады.   Жекеше оқытудың нормативтік базасы   білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті мен құқығын, оқыту үрдісін ұйымдастырудың жалпы ережесін анықтайды.

22 тақырып. Тәрбиелеу диагностикасы

Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан,  ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс – тәжірибе, салт – дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті. Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.



23 тақырып. Кезеңдермен оқытудың принциптері

Қашықтықтан оқыту – оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология (ереже бойынша компьютерлік техника).

24 тақырып . Қашықтықтан білім берудің сипаты

Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады: кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

25 тақырып. Қашықтықтан білім берудің нормативтік –құқықтық құжаттары

Тәрбие беру мақсаттарына сәйкес тәрбие үрдісі сапасының дамуын бақылау.

1.Кіріс диагностикасы:

сауалнама, бақылау, тест, әңгімелесу.

2. тиімділікке аралық бақылау (пікірталастар, сауалнама, әңгімелесу)

3.Шығыс бақылау: сауалнама, бақылау, диагностика, тәрбие құралдарының тиімділігін анықтау, олардың мақсатқа жетуге тигізетін әсері



26 тақырып. Өзін-өзі тану пәніндегі мониторинг жүргізудің мәні

Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр. Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады. Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі: 
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету 
- дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері. 
- Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті

27 тақырып. Шиелініс түрлері ,құрылымы, шешу жолдары

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.



28 тақырып. Қарым-қатынас кезіндегі шиеліністің пайда болуы
Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.

29 тақырып. Шиеліністі шешудің психологиялық әдістемелері

Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді.



30 тақырып. Стресстің шығу жолдары мен түсінігі

Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье.

31 тақырып. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды стресстен шығару жолдары

Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.



32 тақырып. Коррекциялық жаттығулармен тапсырмалардың түрлері мен маңызы

Психокоррекция - арнайы психологиялық әсер құралдарының көмегімен кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі Психокррекция әсері клиенттің тұлғасының дамуына және мінез құлықының өзгерісіне бағыттлған. Психотерапия мен психокоррекция арасындағы айырмашылық клесідн: психотерапия адамдағы әртүрлі бұзылыстармен жұмыс істейді, психикалық аурулардағы әртүрлі ауытқушылықтары бар адамдармен жұмыс жасайды. Психотерапевтке бас бұрған адамдарды ауру немесе пациент деп атайды, ал психокррекцияға бас бұрған тұлғаларды клиент деп атайды.

4. Әдебиеттер

  1. Под.ред. В.С. Кукушина Коррекционная педагогика. Москва – Ростов – на- Дону.- 2004. – 12- 20 б

  2. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М., 1973. – 18- 62 б

  3. Особенности психофизического развития детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. \Под.ред. Власовой Т.А., \ М., 1985. – 50- 58 бет.

  4. Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под.ред. Пузанова Б.П.\ М., Академия 1998.

  5. Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под.ред. К.С.Лебединский М.,1982. – 44-63 б.

  6. Леонтьев А.Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972. – 320- 330 б

  7. Игротека для всех! Игры для детей с различными заболеваниями. М, 1999. Детский орден милосердия.

  8. Под.ред. В.С. Кукушина. Коррекционная педагогика. Москва-Ростов-на-Дону. 2004

  9. «Мектептегі психология- Психология в школе» №10, 2011 қазан 18-23 беттер, - Муралинова Г.

  10. «Қызықты психология» №3, 2010қаңтар 18-19 беттер

  11. «Мектептегі психология – Психология в школе» №2 (26), 2010, 34-36 беттер, - Пірназарова А.

  12. «Мектептегі психология - Психология в школе» №3 (21), 2009. 44-45 беттер, - Амандықова З.

  13. Зайцева И.А., Кукушин В.С., Ларин Г.Г., Румега Н.А., Шатохина В.И. Коррекционная педагогика/ Под.ред. В.С.Кукушина. Изд-е 2с, перераб. И доп. – М: ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004.-138-162б

  14. Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б.П.\ М., Академия 1998.

  15. Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. – СПб., 2002/ - 656 б.

  16. 2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Учебное пособие / Е.И. Рогов. – М., 1995. – 529 б.

  17. 3. Самоукина Н.В. Игры в школе и дома: Психотехнические упражнения и коррекционные программы. – М.: Новая школа, 1995. – 144

  18. 4. Заика Е.В., Назарова М.П., Маренич И.А. Об организации игровых занятий для развития мышления, воображения и памяти / Е.В. Заика, М.П. Назарова, И.А. Маренич // Вопросы психологии. – 1995. - №1. – С. 41 – 45

  19. Коррекция и развитие познавательных процессов / Библиотека Фонда содействия развитию психической культуры (Киев) // Http://psylib.org/ua/books

Н РӘГК 703-02-10Жұмыс оқу бағдарламасы

Ф РСГК 703-02-10 Рабочая программа



Каталог: portf -> zhailaubaeva -> files -> программы
portf -> Сабақты тақырыбы: Ұлы, кемеңгер, ақын Абай Құнанбаев. Грамматикалық тақырып
portf -> Стиль-сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы
portf -> А. Байтұрсынов атындағы Қму тілдік даярлау орталығы
portf -> Adobe Presenter презентациясын құру Тағайындалуы
программы -> Рабочая учебная программа для технических и профессиональных учебных заведений по дисциплине Педагогика специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»
files -> 1. Психикалық құбылыстардың пайда болу, және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым
files -> Сабақтың тақырыбы: Психология пәнін оқып үйренудің маңызы Сабақтың мақсаты
files -> Сабақтың тақырыбы: Оқыту психологиясының негізі Сабақтың мақсаты
files -> Сабақтың тақырыбы : Көру және есту түйсіктері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет