Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»



Дата28.11.2016
өлшемі371,4 Kb.
#2707


Жайна АХМЕТ Асқарқызы

М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері.

Созақ ауданы Бабата ауылы
Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр» әдеби-сазды кеш

Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясына қызығушылығын арттыру.

Ақын жырларын табиғат, туған жерге деген сүйіспеншілігін көре білуге, түсіне білуге үйрету.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Табиғатты жырлауға, аялауға тәрбиелеу.

Ақын жанының жұмбақ әлеміне үңілу, оның табиғатпен үндестігін түсіне білуге баулу.

Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, Мұқағали туралы көрме.
Жоспары:
1. «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (өмірбаяны, шығармашылығы)
2. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Ақынның жұмбақ әлеміне саяхат.

3. «Жазылар естеліктер мен туралы» Мұқағали жайлы естеліктер

4. «Поэзия менімен егіз бе едің?...» Ақын сөздері жаныңа нұр құяды. /өлең оқу/

5. «Өлең деген тумайды жайшылықта» оқушылар шығармашылығы

6. Қорытынды:
Ән: «Саржайлау» орындайтын Пернебай Әйгерім

Назерке: Армысыңдар адамдар!

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?

Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар, Адамдар!

Әлем-дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз-Жер, сол анадан жаратылдық, туыстық Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...

Армысың сен, арамызда жалғыз перзент-тыныштық!

Құрамыс: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Әйгерім:

Бүгін менің туған күнім,


Ой бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым!

Құрамыс: Қысқа ғана ғұмырында артына ғасырдан ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күні 9-ақпан. Мұқағали-Абай рухын, Мағжан рухын, Қасым рухын ХХІ ғасырға жасампаздықпен жалғастырған ірі талант. Мұқағали жыры десе, жүрегі шөліркеп, поэзияның бұлағына бас қоймайтын қазақ жоқ. Ондай жанкүйерлер еліміздің төрт құбыласында мол. Нағыз өлеңде шекара болмайтыны дәлелденген қағида. Өлең сүйген қауым асыл жырды ақтарғанда оны «Менің Мұқағалиім» деп жүрегіне жақын тұтуға толық қақысы бар.

Халық қашан болсын ардақты азаматтарын мақтанышпен еске алады, үлгі тұтады. Осы тұрғыда Мұқағали Мақатаев та жұртшылық жүрегін жаулап алған жайсаң жан, қайталанбас тұлға. Оның жыр маржандары мәңілік, ел-жұртымен жасай береді. Себебі, Мұқағали жырлары-халық рухының үні. Сондықтан, оның тәрбиелік мәні де жоғары болмақ. Олай болса, «Өлмейтұғын артына жыр қалдырған» ақынның өмірі мен шығармашылығын тыңдау үшін Әбдуанова Әйгерімді ортаға шақырамыз.



Ән: «Достар тілегі» Орындайтын Сымбат пен Жұбаныш

Әйгерім: Қазынам бар,

Біреуге берсем бе екен?

Өкпелейді-ау, бермесем

Берсем бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмардай өлсем бе екен?

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер жек көреді.

Бермеймін де сатпаймын, көрсетпеймінАлам десең алдымен зертте мені!



Құрамыс: Ақиық ақын Мұқағалидың өзі жырлағандай, біздерге қалдырған мол мұра сырын – жырын, зор қазынасын зерттеу, оқу түсінудібүгінгі ұрпақ біздерге аманат етіп кеткендей.

Әйгерім: Мың сан бұлағы сылдырап аққан, ақ қар, көк мұзды Хан Тәңірінің түлегіне құдай бәрін де үйіп бере салған десе де болғандай. Артында санаулы ғұмырында поэзиясы қалды, жыл құсындай сағына күтетін қарлығаш қанат өлеңі қалды.

Нұрсәуле: «Шеше, сен бақыттысың»

Салтанат: «Бақыт деген»
Әйгерім: Ақын жаны табиғатпен үндесіп, жұмбақ бір дүние оған қайта өлеңдері арқылы тірілер қатарында болатынын, мәңгі өлмейтінін әулиелікпен жырлап тұрған жоқ па? Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына бәріміз де куәміз.

Игенбек Аружан: Автограф!

Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба?

Білер едің,


Ақынмын ба, жоқпын ба?...
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбетте жоқ мұнда,

Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе,

Байқар едің,

Артықпын ба, кеммін бе,..

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезар болып көрдің бе?

Сырым да осы,


Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Қуаныш: Лашынға

Бүгін де, кеше де, өткенде,


Іздесең, қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы  
Сірә да соқпай бір өткен бе...
Іздесең, қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!
Лайсаң жауыңдар, дауылдар  
Болмай ма күншуақ көктемде?

Өмірде кең, даңғыл жол қайда...  


Дауылдар, жауыңдар болмай ма?
Бас қорғап жататын ондайда,
Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?!
Лайсаң жауындар, жауыңдар,  
Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.
Лай су шаймайтын арым бар,
Дауылдан қорықпас жаным бар!!! .
Іздесең, қателік көп менде  
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!!!
Би: Нұршашу бишілер тобының «Гүлдер» биі

Құрамыс: Қысқа ғана өмірінде артына ғасырдан ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын Мұқағали Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның жырларынан көрінетін әулиелік, данышпандығына бір сәт ой бөлейікші.

Әйгерім: Иә, шынында да Мұқағали әулие ме, нақты дәл осылай демесек те оның өлеңдерін оқып түсіне білген адамға оның керемет бір қасиеті көрініп-ақ тұр.

Ендеше ақын туралы ақын - жазушылардың естеліктеріне сөз берейік.


(Оқушылар кезекпен естеліктер оқиды)

Салтанат: Мұқағали жазбаларынан... алдымен бәрі көз алдыма келеді. Содан соң естимін, естимін де жазуға отырамын. Бұл құбылыстың ақын басында болып жатқан кезде, өзі де таңдана отырып қағаз бетіне түсірген ақындық шынайы сыры.

Енді бір жазбаларында «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады. Соны көшіремін. Сенесіз бе?»-дейді.



Нұрсәуле: «Бүгін 1974 жылы 27 қаңтарда бір отырғанда, үзіліссіз, бірде-бір түзетусіз, таңертеңгі сағат 10-нан түнгі сағат 12-ге дейін «Чили-шуағым менің» атты шығарма жаздым» деп жазыпты. Бұл поэма 277 жол екен.14 сағатта ешқандай тоқтаусыз. Өшірусіз 300-ге жуық жол поэма жазу расында ғажаптың ғажабы!

Назира: Ақын Айтақын Әбдіқалдың естелігінен: Бірде анам маған: «ал, қане, Мұқағалиды оқышы, естиін», деді. Анам үнсіз тыңдап отырып: «Мына ақыннаң құлағына айтып жаздыратын періштесі бар. Жай адам бүйтіп жаза алмайды», -деді. Кейін мен Мұқағали жазбаларын оқып, анамның айтқандарына қайран қалдым.

Нұрсәуле: Бибігүл Төлегенова:

Әлі есімде, 1950 жылдың бас кезі. Мұқағали екеуміз Қазақ радиосында бірге жұмыс істедік. Мен – әншімін, ол – диктор. Біз секілді студенттер үшін бұл деген – үлкен олжа. Менің байқағаным, ол қашанда кеудесін тік ұстайтын. Көңіліне кір жасырмайды. Кімнің алдында болса да пікірін ашық, әрі нық айтады. Бірақ шуағы мол. Әдемі қалжыңдайды. Тектілігі көрініп тұрады. Әйтеуір өзіме деген сый-құрметінен басқа бөгде қылығын көрген емеспін. Талантты, өнерді өте жоғары бағалайтын.



Ән: «Гүл көбелек» орындайтын Пернебай Құралай

Құрамыс: Қазіргі тыңдайтын өлеңінде өзінің өмірінің, жасының қысқа болатынын сезіп жеткізгісі келгендей.

Назерке: Поэзия.

"Поэзия, менімен егіз бе едің?


Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім   жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің  бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"

Әйгерім: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өз даусымен орындаған деректерге жүгінсек.

/Мұқағалидың өз даусы тыңдалады/

Құрамыс: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. кей кейде ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады.
Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы.
Шыңғыс: «Фариза!»

Ән: «Күрең күз» орындайтын Түзелбек Құрамыс

Әйгерім: Әулие ақын өзінің қайтыс болар күнін де дәл болжап жазған екен. Қайтыс боларынан екі ай бұрын 1976 жылы 26 қаңтарда жазған өлеңінде былай деген екен.

Назира: «Өзімнің есебімде,

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

Кім біледі...

Ендігі қалған өмір,

Неше жылға жетермін.

Неше күнге,

Ұмыт боп есебің де, өсегің де.

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,

Қырықтың бесеуінде». Емхана 26.01.1976ж

Ақынның жары Лашынның естелігінен: «Мұқағали өмірінің соңында жазған автографтардың бәрінің астына 27 наурыз 1976 жыл деп», жазған-ды. Мен мұны байқасам да неге бұлай деп сұрамаппын. Сөйтсем өмірден өтетін күнін дәл сезген, болжаған екен ғой. Дәл сол күні қайтыс болды. Қалай ғана білген екен, таң қаламын.

Сағат: Жазылар естеліктер мен туралы

Жазылар естеліктер мен туралы


Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рахмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға ...
Жазылар естеліктер нешеленген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір білетінім бір – ақ нәрсе –
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
...Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілік өзімменен ала кеткен
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!

Құрамыс: Ақын өзі өмірден өткен соң. Кейінгі ұрпақ сағына еске алатынын бәрімізге таныс жырларына арқау еткен. «Есіңе мені алғайсың» өлеңінде ол өзінің екінші өмірінің соншалықты ғұмырлы, бақытты екеніне көз жеткізіп кеткен. Төрт шумақта-жылдың төрт мезгілін суреттеген жыл бойғы сағыныш. Ақын осы өлеңі арқылы өз ұрпағының сүйікті ақынына деген сағынышын және өзінің «еске алып тұрса екен» деген тілегін жазып кеткен сияқты. Ендеше «Есіңе мені алғайсың» әнін қабыл алыңыздар Сіздерге арналады, құрметті қонақтар.

Ән: «Есіңе мені алғайсың» орындайтын Советұлы Асыл.

Әйгерім:

Болар ме едім асыл жырдың бұлағы,

Поэзия өмірімнің шырағы.

Мұқағали ақынымды оқысам,

Өлең жазғым келеді де тұрады-демекші, қазақ халқы ақын халық. Мектеп шәкірттері Назерке Қыдырбай, Салтанат Есенқабыл және Әйгерім Сариевалардың тырнақ алды туындыларына кезек берсек.

Қыдырбай Назерке: «Мәңгілік ақын»

Ізгі тілек арналар атамызға,

Бекейтін ынтымақтық қақпамыз да,

Атамыздың өлеңдері жас ұрпаққа

Мәңгілікке сақталар тарихтарда.
Алтыннан да қымбат мұра бізде қалды,

Өшпестей өлеңдермен әндер қалды,

Мұқағали атаны мына халық

Өзге ұлттың ортасында қақтай жарды.


Қазақ жырын биіктерге шарықтатқан.

Жарық жұлдыз, халқы үшін жаратылған.

Елге деген сенімің артып бүгін,

Хантәңірдің мұзбалақ қыранысың.


Істерінің барлығы да бізге өнеге,

Өлеңдері адамның тербеп дене.

Өлмейтұғын артында жыр қалдырған

Бұл ақын қайта келмес, қайта тумас.


Есенқабыл Салтанат: «Ақын ағама»

Құрастырып қазақтың қара сөзін,

Жалғастырып тарихын бабамыздың.

Ұрпақтардан-ұрпаққа мұра етіп,

Аманаттап біздерге өлең сөзін.
Мұқағали атамыз – мәңгілі жыр,

Өлеңменен жеткізген ғаламды бір.

Табиғаттың сұлулығын бейнелеп,

Ұштастырып адамменен әлемді бір.


Өзі ақын, жаушы да талантты,

Бізге таныс өлеңдердің қаншамасы.

Өзінен кейінгілер мақтан тұтар

Лирик ақын Мұқағали осындай!


Сариева Әйгерім: «Мұқағалиға»

Бүгін мен қолға алдым қаламымды,

Ішкі ой, түйсікпенен сауалымды.

Ұштастырып Мұқағали атамызбен,

Жеткізейін,- деп едім сырларымды.
Ізгі жолды арнадым мен атамызға,

Арамыздан ғайып болдың, не шара,

Дегенменен өшпес іздер қалдырған

Сыйынамын Мақатаев атамызға.


Тайсалмай жауыздарға төтеп берген,

Әлемдегі ғажап ақын сен деп білем.

Ұрпақтарың қорғайды ақындарды,

Елдегі хал жағдайды жырлап төккен.


Құрамыс: 1974 жылы 21 қыркүйекте күнделігіне былай деп жазыпты. «Мен өзім жайлы мынаны айтам: Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да».

Әйгерім: Бұл айтқаны да дәл келеді. ХХІ ғысыр туды. Бұл ғасырда туған күні тойланып жатқан бірінші ақын Мұқағали болды. Бүгінгі ұрпақты өз құрдасындай қарсы алып жатыр.

Құрамыс: Өзімнің үнім керек, тілім керек,

Өзгені де өзіндей сүйген елім.

Өз ақынын табады түбінде кеп!

Біздерді де іздеген жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз,-деп болашақ ұрпағы қанша іздеп таптырмайтын ақынға айналған Мұқағалидың жұмбақ әлемі осындай.

Әйгерім:

Бұл дәуірдің бетін біздер ашқанбыз,

Болашаққа солай қадам басқанбыз.

...Біздер әлі жан баспаған асқармыз,



Біздер әлі жазылмаған дастанбыз,-деп ақиық ақын өзі айтып кеткендей, Мұқағали-әлі жазылмаған, әлі жазылатын, әлі аяқталмаған келесі ғасырға да жалғасатын, өлмейтін, өшпейтін ғасыр ақыны. Оның өлеңдері келер ұрпақтарын да тәрбиелеуге өз үлесін қоса береді.

Ән: «Атамекен» орындайтын Назерке мен Жұбаныш
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов
sabaktar -> Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы». Акт сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет