Жалпы орта білім беру мектебінің 8-сыныпқа алгебра пәнің тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама



бет1/2
Дата09.08.2017
өлшемі261,65 Kb.
#23064
  1   2
«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Жалпы орта білім беру мектебінің 8-сыныпқа алгебра пәнің тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама.

Баянауыл 2016


Қаралды: Келісемін: Бекітемін

Әдістемелік бірлестігінің оқу ісінің меңгерушісі мектеп директоры

Отырысында Инирбай Д.С. Аблайханов Қ.Қ.

«__» 09. 2016 «__» 09. 2016 «__» 09. 2016

_________ _________ ____________

Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.



3. Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.

8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.



Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.

4. Оқыту міндеттері:

  • тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін: логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;

  • оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру арқылы оқушының тұлғасын, рухани өрісін дамыту;

  • индукция және дедукция, жалпылау және нақтылау, талдау және дәлелдеулер, абстракциялау және ұқсастық арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; тұжырымдарды негіздеу және дәлелдеу біліктігі арқылы логикалық ойлауын дамыту;

  • өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

  • әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;

  • қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, патриоттық сезімді тәрбиелеу;

  • оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына, болашақ мамандығына және әрбір оқушының жеке білімге деген қызығушылығына, сұранысына және бейімділігіне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқытуға оқушыларды бейіндік дайындығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік стандартқа сай құралған:

-негізгі тақырып « Квадрат теңдеулер».

-Негізгі тақырыптарға сай келесі оқу материалдары қарастырылған

1-ші модуль- Квадрат түбір (23 сағ + 16 сағ)

2-ші модуль-Квадрат теңдеулер (31 сағ + 9 сағ)

3-ші модуль-Квадраттық функция (15 сағ + 14 сағ)

4-ші модуль- Квадрат теңсіздіктер (12 сағ + 9 сағ)

5-ші модуль- Статистикалық сипаттамалар (5 + 4 сағ)

Қайталау (10 сағ + 19 сағ.)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгебра пәніне деген қызығушылықтарын ояту. Математикалық ойлау қаблеттерін дамытып, өздігінен есеп шығаруға үйрету.
Жылдық стандарт:

-Таблица мен калькуляторды қолдана отыра сандарды квадрат түбірден шығара білу.

-Арифметикалық квадрат түбірлерді табу.

-Қиын емес рационалды теңдеулерді шеше алу.

-Квадрат теңдеулерді шешіп, арнайы тесттік тапсырмаларды орындау.

-Квадрат үшмүшелерді көбейткіштерге жіктеу.

-Квадраттық функцияның графигін салу.

-Функция таңбасының тұрақтылықтық аралықтары, өсу және кему аралықтарын анықтау.

-Теңсіздіктерді дәлелдеу тәсілдерін білу.

-Сандардың ең үлкен және және сең кіші ортақ еселіктерін анықтай білу.


Міндеті:

  • рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау;

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру;

  • айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту;

  • иррационал және нақты сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру;

  • функциясымен, квадраттық функциямен, олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

  • интервалдар әдісімен таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру;

  • құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру.


Пән бойынша оқу жүктемесі:

Алгебра пәнінен сабақ жүктемесі аптасына 3 сағат+3 сағат (тереңдету) Барлығы 204 сағат



8-сыныптың математика пәнін терендетіп оқытуға арналған бағдарламаның мазмұны
Квадрат түбір (29сағ.+16сағ.) Квадрат теңдеудің анықтамасы. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу. Арифметикалық квадрат түбірі, ирроционал сандарды анықтау. Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру. y=x функция және оның графигін салу.
Квадрат теңдеулер (31сағ.+9 сағ.) Квадрат теңдеу және оның түбірлері. Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Рационал теңдеулер. Квадрат теңдеулерге келтірілген есептер.
Квадраттық функция (15 сағ.+14 сағ.) Квадраттық функция және оның графигі. Модуль таңбасы бар фунекциялар графмигі. Функцияның кейбір қасиеттері. Теңдеуді графиктік тәсілмен шешу. y=x2 , y=ax2,y=ax2+bx+c графиктерін анықтау.
Квадрат теңсіздіктер (12 сағ. +9 сағ.) Теңсіздіктерді дәлелдеу тәсілдері. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік әдістермен шешу. Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу. Екі айнымалысы бар теңсіздіктердің геометриялық мағынасын анықтау.
Статистикалық сипаттамалар (5сағ.+4сағ.) Сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші және ең кіші ортақ еселігі.

Бүтін сандарды қалдықпен бөлу. Евклид алгоритмі. Анықталмаған сызықтықы теңдеулерді шешу. Модуль таңбасы бар есептер. Теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері.



Тақырыптар бойынша бақылау жұмысы




Б.Ж.

Тақырып

Сағат саны

Күні

Қосымша

1.

Б.Ж. № 1

Бастапқы бақылау жұмысы

1







2.

Б.Ж. № 2

Квадрат түбір

1







3.

Б.Ж. № 3

Арифметикалық квадрат түбірінің қасиеттері

1







4.

Б.Ж. № 4

Квадрат теңдеулер

1







5.

Б.Ж. № 5

Виет теоремасы

1







6.

Б.Ж. № 6

Квадраттық функция

1







7.

Б.Ж. № 7

Квадрат теңсіздік

1







8.

Б.Ж. № 8

Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика

1







9

Б.Ж. № 8

Жылдық бақылау жұмыс

1








1-ші модуль «Квадрат түбір» (23+16 сағ.)

-Таблица мен калькуляторды қолдана отыра сандарды квадрат түбірден шығара білу.



Модульдің мақсаты: Сандардың квадрат түбірін анықтап квадрат түбірден шығару.



Міндетті деңгей

Базалық деңгей

Негізгі қағидалар

Табу

Қолдану

Өзіндік

Комуникативтік

Ақпараттық

Таблица мен калькуляторды қолдана отыра сандарды квадрат түбірден шығара білу.

Сандардың квадрат түбірін анықтап квадрат түбірден шығару

Ирроционал сандар жайлы түсініп, нақты сандар жайлы білу. y=x графигін білу.

Деңгейге бөлінген есептерді өздігінен орындап, шығармашы-

лықпен айналысу.



Өз ойын ашық жеткізу. Сабақ барысында жұппен жұмыс жасай білу.

Замаңға сай технологиялармен қолданып, есепер шығару.

Каталог: uploads -> doc -> 0ff8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff8 -> Сабақтың тақырыбы
0ff8 -> Сабақтың тақырыбы Ыбырай Алтынсарин. «Таза бұлақ» 3«А»-сынып 14. 01. 2016 жыл
0ff8 -> Сабақ Тақырыбы: Әйел Ана Өткізген: Жагпарова Эльмира С


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет