Жалтыр №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 2016 жылы 08. 02-13. 02 аралығындағы «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты пән апталығының қорытындысы



бет1/10
Дата28.01.2018
өлшемі1,8 Mb.
#34902
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жалтыр №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 2016 жылы 08.02-13.02 аралығындағы «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты пән апталығының қорытындысы

2016 жылдың 8-13 ақпаны аралығында  Жалтыр №4 орта мектебінде «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы болып өтті. Бұл апталықтың мақсаты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің мерейтойларына арналды. Б.Бұлқышев 100 жылдығы, М.Мақатаев 85 жылдығы,Ы.Алтынсарин 185 жылдығы, Қ,Аманжолов 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 8 ақпан  күні оқушылар мен ұстаздарға  қазақ тілі мен әдебиеті апталығының  басталғаны хабарланып,  оқушылар жұмыс жоспарымен таныстырылып, ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиында мектеп директоры Башимова А.Қ. оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін болашақ жастар екенін айтып, оқушыларды сауатты, саламатты азамат болып қалыптасуы үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың маңызды екенін түсіндірді. Лездемеде  «Қазақ осы» өлеңін Тамащук Алена оқыды, «Жетім қыз» монологын Итинова Аружан 9-сынып оқушысы орындады. Оқушыларға қазақ тілінің мәртебесі үшін аябай еңбек еткен ұлы тұлғалар туралы мәліметтер берілді. Мектептің 1-қабаттағы дәлізіне  апталық туралы мәлімет жазылған тақта қойылды.

  Апталық аясында сыныптан тыс интеллектуалдық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Пән бойынша ашық сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жоғары деңгейде өткізді. Апталыққа 1-11сынып оқушылары қатысты.Оқушылар  ақсақал, қарияның немересі, қонақтар ролінде ойнап, ана тілінің қадір-қасиетін көрермен  жүрегіне жеткізетін өлеңдер оқып, ән шырқап, күй шертті.



9 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.С.Сейтжанованың ұйымдастыруымен «Әдебиет білгірі» атты интеллектуалдық сайысты 5-9 «Б» сыныптар аралығында өткізді. Сайыста оқушылар екі топқа бөлініп әдебиеттен өз білімдерін шыңдады. Сайыста «Жұлдыз» тобы жеңіске жетіп марапатталды.

10 ақпан күні бастауыш сынып   оқушылары арасында  «Қазақшаңыз

қалай?» деген тақырыппен байқау өткізілді. Байқау шарты бойынша оқушылар  бірінші кезекте өздерін таныстырып,  сөздердің қазақша аудармаларын айту, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, адасқан сөздерден сөйлем құрау,  берілген тақырып бойынша 1 минут ішінде ең көп сөз айту, өз өнерлерін көрсету,яғни қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқу сияқты тапсырмаларды орындады. 8-11 «А» сыныптар аралығында

«Сөз-мерген» танымдық сайысын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қ.С.Атишева ұйымдастырды. Үш топқа бөлініп сынға түскен топ ішінде үздік ойыншылар анықталды, олар лездемеде марапатталды. «Ойлы болсаң, озып көр» атты ойын сабағын қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.А.Жуванищева бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Ойын барысында оқушыларға қазақша сөйлеу ерекшелігі, дыбыстық ерекшелігі, нақыл сөздерді қолдану орны жайлы көптеген қызықты ақпараттар мен тапсырмалар берілді. Ойын жеңімпаздары марапатталды.

Пән бойынша 11 «Б» сыныпта пән мұғалімі М.М.Дюсембаева «Қазақстанның сән апталығына қатысушылары» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа технологиялар қолданылып, өте тартымды өтті.



11 ақпан күні 5 «Б» сыныпта пән мұғалімі Ж.С.Сейтжанованың «Жас спортшы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында топтық жұмыс түрлері, деңгейлік тапсырмалар орынды қолданып, сабақ мақсатына жетті. 7 «А» сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен А.Ұ.Серикбаева Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты тақырыптағы ашық сабағы Блум таксономиясы бойынша өткізілді. Сабақ барысында оқушылар көптеген тапсырмалар орындады, мұғалім оқушылардың сөздік қорының мол болуы мақсатында әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданды.

12 ақпан күні 8 «А» сыныпта қазақ тілінен «Мезгіл бағыныңқылы сабақтас» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі Қ.С.Атишева өткізді сабақ барысында пән мұғалімі оқушылардың сауттылығын арттыру үшін түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізді. Сөйлемге синтаксистік талдау жасату арқылы құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін меңгертті. Сабақ мақсатына жетті, оқушылардың пәнді меңгеруге деген қызығушылықтары өте жақсы болды. Апталықта жоспарланған іс-шаралар мен сабақтар өз деңгейінде өткізілді. Апталық қорытындысы бойынша үздік қатысқан оқушылар марапатталды. Апталықтың өтілу сапасы пән мұғалімдері арасында талданып, сараптама жасалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі: Қ.С.Атишева





Каталог: 237F667F899F6FEC
237F667F899F6FEC -> Есмағанбет Қымбат Қабланқызы «Жалтыр №4 орта мектебі»мм сыныбы: 7 Пәні:өзін-өзі тану Тақырып
237F667F899F6FEC -> Ұбт-ға психологиялық дайындық
237F667F899F6FEC -> Анықтама ағылшын тілі пәні бойынша мектепішілік бақылаудың қорытындысы 2015 жылдың 27 қарашасынан
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 2015 оқу жылына
237F667F899F6FEC -> Аты-жөні: Туған жылы: Білімі
237F667F899F6FEC -> Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет