Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының 2015-2016 оқу жылының жылдық есебі



Дата08.01.2017
өлшемі57,23 Kb.
#6547
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының

2015-2016 оқу жылының жылдық есебі.

Өзінің биік, таза

рухани қасиетімен

Кітап мәдениетпен

руханияттықорғауда

теңдесі жоқ қару

болып табылады.

Кітап адамзат

баласына ағарту һәм

білім сыйлайды.

Н. Ә. Назарбаев.

Бүгінгі таңда алда тұрған мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біздің барлық іс-әректіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады?

Әрине , кітаптан. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітаппен жұмыс жасай білуді үйрету- кітапханашының міндеттерінің бірі.

Сондықтан кітапхана мынандай міндеттер қояды:

-педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау

-кітапханаға оқушыларды тарту

-кітапхананың ақпараттық жұмысын жандандыру

-кітапханалық сабақтар жүргізу

- пәндік апталықтар бойынша жұмыстану

-оқулықтар, оқу әдебиетімен қамтамасыз ету

-күнтізбедегі атаулы күндерге сәйкес әдебиеттерді насихаттау

-кітапханаға саяхат ұйымдастыру

Мектепте 1 кітапхана бар, 60 кв.м .Оқырмандар залы біреу, 10 орынды.

Кітапхана жұмысының төмендегі есептеу құжаттар жүргізіледі:

1.Кітапхананың жылдық жоспары

2. Кітапхана қорының сомалық есеп кітабы

3. Инвентарлық кітап

4. Кітапхананың жұмыс күнделігі

5. Кіріс құжаттар папкасы

6. Кітаптарды есептен шығару папкасы

7. Кітапхана оқырмандарының формулярлары

8. Оқулықтарды беру дәптері

9. Электронды оқулықтарды тіркеу журналы
Мектеп кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 18 шілдегі "Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорының нұсқаулықты бекіту туралы" №508 бұйрығы, ҚРБҒМ 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығына қосымша 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығы негізінде қызмет атқарады.

Кітап қоры – 13309 дана, оның ішінде жана буын оқулықтар саны -4783 дана.

Көркем әдебиет саны -8526 дана.

Биылғы жаңа түскен оқулықтар саны -1161 дана.

Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптардың – 127 оқушы, мектепалды тобының – 20 оқушысы оқулықтармен 100 % пайыз қамтылды.

Пән мұғалімдері бұйрықтармен таныстырылды. Қорда жоқ, жетпеген оқулықтар басқа мектептермен алмастыру жұмысы жүргізіліп, қамтамасыз етілді. Жаңа буын оқулықтар 2015-2016 оқу жылына түскені 4,5,6,11 сыныптарға , 7- сыныпқа ИВТ оқулығы, қосымша пәндер бойынша 1-сыныпқа жазу дәптерлері, 4- сыныпқа дуниетану бақылау күнделігі, бейнелеу өнері жұмыс дәптерлері, өзін-өзі тану оқушы дәптерлері, орта және жоғары сыныптарға атлас, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, диктанттар жинағы, оқу кітабы. Жаңа түскен оқулықтардың әдістемелік нұсқауларын пән мұғалімдері өздері қамтамасыз ету керек. Жаңадан түскен оқулықтарға регистрация- картотекасы жасалды. Әр тоқсан сайын рейд жүргізіледі, нәтижесі тексеру журналында жазылады. Жаңа кітаптар көрмесі кітаптың келіп түсуіне қарай жүргізіледі, б/г шолу жыл бойы жүргізіледі.

1- сыныпқа келген 12 оқушыға Н.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітабы тартылды. Сынып сағатында осы кітапқа б/г шолу жүргізілді.«Бір ел-бір кітап» акция аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша өтілді.(Ілияс Есенберлиннің 100 жыл толуы, Қазақ хандығының 550 жылы). 9-11-сынып оқушылары трилогиядан үзінділер оқып, өз-ой пікірлерімен бөлісті. «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетілді.Тілдер мерекесіне орай кітапханада «Тілдер керуені» атты көрме ұйымдастырылды. 3-сынып оқушыларымен тіл туралы мақал-мәтел сайысы өтті.Кітапхана кіре берісі фойесінде ақпараттық бұрыш «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге» атты ұйымдастырылды. Кітапханада жаңадан түскен оқулықтарға кітап көрмесі жасалды.

Салауатты өмір салты бойынша әдебиеттерді насихаттауда СПИД –XXIғасыр індеті тақырыптық көрме, «Зиянды әрекеттерден аулақ бол» атты 8-9-сынып оқушылары арасында әңгіме жүргізілді.


Атаулы күндерге арналған кітап көрмелері,тақырыптық сөрелер ұйымдастырылған. Мысалы: «Тәуелсіз Қазақстан», «Отты жылдар шежіресі» Жеңістің 70 жылдығына, «Тәуелсіздіктің тірегі –Ата заң» конституцияның 20 жылдығына , Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығына 550 жылдығына.

Тұңғыш Президент күніне «Ғасырдың ғажап азаматы» атты буклет жасалып,Викторина сайысы өткізілді. «Елбасы- Тұңғыш Президент» көрме үйымдастырылды. Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз Қазақстан» атты 6-сынып оқушыларының қатысуымен ауызша журнал өткізілді, көрмеге қойылған кітаптарға б/г шолу.

Кітапханалық б/г білімдерді насихаттауда 5- сыныпта өткізілген кітапханалық сабақта оқушылар білді:

1.Кітаптың адамзат тарихында және адам өміріндегі алатын орны

2.Кітаптың құрылымы, көркем безендірілуі,кітап таңдау.

Сабақтан тыс кезде келіп , көркем әдебиеттерді оқитын оқырмандарымыз аз емес.Жалпы мектеп оқушыларының 90 % кітапхана оқырмандары. Кітапхана қашанда ғажайып қазына. Осы қазынадан нәр алып,оны бойына еге білілген балалар - Отанымыздың ертеңгі берік тірегі.Тәуелсіз мереке қарсанында кітапхана жаңа жиһаздармен жабдықталды.

Жылдан жылғакітап қоры, мерзімдік басылымдарының өсуін байқауға болады.

1.Білім беру мекемесі

2.Жыл он екі ай

3.Мөлдір бұлақ

4.Бала би

5.Отбасы ж/е денсаулық

6.Тәрбие сағаты

7.Егемен Қазақстан

8.Жас Алаш т.б Барлығы 60 мың теңгені құрайды.

ІІ жарты жылдықта баспа басылымдарға 45000 тг бөлінді.

Қазақ халқының ақындары мен жазушыларының мерейтойларына жыл бойы кітапханада көрмелер ұйымдастырылды.Қаңтар айында 1-сынып оқушыларына «Ғажайып кітапхана» кітапхана сабағы өтті.Ақпан айында Мұқағали Мақатаевты еске алумақсатында «Жылдарым менің жылдарым» поэзия сағаты,«Ауған соғысы ұмытылмақ емес» атты слайд,видио-фильм көрсетілді.Наурыз айында Халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл анам ардақтым» атты мәнерлеп оқу сайысы 5-9 сынып оқушылары арасында өтті. «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» атты буклет жасалды.Көктемгі демалыста «Тәуелсіз елдің ұланымыз»атты ауызша журнал жүргізілді.«Құстар біздің досымыз» атты 1-4 сынып оқушылар арасында әңгіме жүргізілді.12 сәуір ғарышкерлер күніне орай буклет жасалып,1-4 сыныптар арасында әңгіме жүргізілді.22 сәуір – Халықаралық кітаптар күніне көрме ұйымдастырылды,б/г шолу жүргізілді.1 мамыр – Халықаралық ынтымақтастық күніне кітапханада . «Достығымыз жарасқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.9 мамыр Ұлы жеңіс күніне 5-8 сынып оқушылары арасында «Отты жылдар»атты ауызша журнал жүргізілді.

Мектеп алды даярлық топ оқушылары арасында ертегілер еліне саяхат жүргізілді. «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мерекеге әдеби материалдар дайындалды.

Мектеп кітапханасы жаңа жиһаздармен жабдықталды.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси комитетінің тапсырысы бойынша бастауыш сынып оқушыларына 16 дана тегін ертегілер кітаптары түсті.

-- Оқырмандар саны – 171

-- Келушілер саны – 2800

-- Берілгені – 3125

-- Айналымы – 1,3

Оқу жылы соңында оқушылардың оқулықтарын тексеріп,қабылдап алу,кітаптарды реттеу,кітапхана ішін жөнге келтіру жұмыстары жүргізілді.




Мектеп кітапханашысы: Г.Айдарханова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет