Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы



Дата12.03.2017
өлшемі223,53 Kb.
#11538
Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
Жамбыл облысында елді мекендерін, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) 20 бөлімшелері жүзеге асырады, оның ішінде:

  • 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;

  • 13 өрт сөндіру бөлімі;

  • 1 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі;

  • 4 өрт сөндіру бекеті.

2016 жылыдың есептік кезеңінде Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді сөндіруге 244 шығу жасады, бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 19 өртке кеміген (7,5%), авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 96 шығу (34 АҚЖ артқан - 54,8%), жану оқиғаларына 376 шығу (132 жануға кеміген - 25%) және жалған шақыруларға 2 шығу (2015 жылы 3 жалған шақыру тіркелген).

Жалпы кезекші қарауылдардың дабыл бойынша жолға шығуы 2015 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда -34 % кеміп 1083 шығуды құрады. Өрттерді сөндіру барысында Мекеме бөлімшелерінің жеке құрамымен 62 адам құтқарылып (оның ішінде 5 бала), 330 адам қауіпсіз орынға көшірілді (оның ішінде 74 бала). Өрттің қауіпті факторларынан 14 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды және 4 адам қаза болды. Өрттерден келтірілген материалдық шығын 26 млн. 456 мың 300 теңгені құрады.

Облыс бойынша өртке жету уақыты:

  1. 5 минутқа дейін – 80 жағдай (өрт және АҚЖ), жалпы санынан 33 %;

  2. 5 минуттан 10 минутқа дейін – 71 жағдай (29 %);

  3. 10 минуттан аса – 93 жағдай (38 %).

Өрт орнына (АҚЖ) келіп жету уақытының көбеюіне өрт сөндіру деполарының жеткіліксіздігі, бір-бірінен алыс орналасуы, автотехникалардың көбеюмен жолдардағы автомобилдердің тығыншылығы және кейбір аудандағы жолдардың күрделі жағдайы (сай, шұқырлар т.б.) себеп болуда. Жүргізілген талдауға сай 2016 жылы облыс орталығында өртке (АҚЖ) жету уақыты 10 минутты, облыс қалаларында 14 минутты, елді мекендерде 34 минутты құрады. Жалпы облыс бойынша орташа өртке жету уақыты 23 минут.
Бөлімшенің өртке жеткеннен толық жойғанға дейінгі уақыты:

  1. 15 минутқа дейін - 74 өрт (30 % жалпы санынан);

  2. 15 минуттан 30 минутқа дейін - 78 өрт (32 %);

  3. 1 сағатқа дейін – 41 өрт (17 %);

  4. 2 сағатқа дейін - 25 өрт (10 %);

  5. 2 сағаттан жоғары - 26 өрт (11 %).

Өртті орташа жою уақыты 35 минут.
2015 жылғы есептік кезеңде Жамбыл облысы аумағында ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №110 бұйрығымен бекітілген «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сай зерделеуге жататын 1 өрт оқиғасы тіркелді:

20.02.2016 жылы Жамбыл обласы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Усенов көшесі №2 мекен жайында орналасқан «Қаракөз» тойханасының ғимаратында орын алған өрт. Өрт көлемі - 450 кв.м.

Өрттің үлкен көлемге таралуына өрт туралы хабардың кеш түсуі (өрттің туындау уақыты 07 сағ. 20 минут, алайда өрт туралы хабар №7 ӨСБ-не 08 сағ. 04 минутта түсті), үлкен өрт ауыртпалығы (жұмсақ жиһаз, қабырғасы мен төбесінің жанғыш заттармен қапталған), шатыр конструкциясы аға материалдан орындалған және жылытқаш ретінде керамзит материалы қолданылған, салдарынан ғимарат төбесінің жанған және бос жерлері арқылы өрт шатырдың жанғыш конструкциясымен тарау алды.

Жалпы өртті сөндіруге Мекеменің 6 бірлік негізгі, 2 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасы және 45 адам жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, өзара әрекеттестік шеңберінде 2 полиция экипажы, 1 жедел жәрдем бригадасы және 1 аудандық апаттық электр жүйесінің бригадасы тартылды.



Жеке құрамның жауынгерлік дайындығының негізін өрт-тактикалық оқу-жаттығулар құрайды. 2016 жылыдың І-жарты жылдығында Мекеме бөлімшелерімен 35 өрт-тактикалық оқулар өткізуге шығу жүргізілді, оның ішінде 25 өрт-тактикалық оқу бекітілген жоспар бойынша және 10 өрт-тактикалық оқу жоспардан тыс (ТЖК тапсырмасы және нысандардың өтініші бойынша). Бөлімшелердің шығу ауданында орналасқан адамдардың жаппай жиналатын нысандарында және үлкен нысандарда өрт-тактикалық жаттығулар өткізуге Мекеме бөлімшелерімен 299 шығу тіркелді. Одан басқа, өрттен-құтқару дайындығы нормативтерін өңдеу бойынша практикалық сабақтар өткізуге 2624 шығу жасалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божконың төрағалығымен 2016 жылғы 20 қаңтарда өткен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастықтарымен өрт сөндіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша өткізілген №10 кеңес шешімінің бекітпе жоспарын орындау бойынша - Өрт сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында өрт сөндіру тактикасының мәселесі бойынша, оның ішінде өрт орнына өрт сөндіргіш құралдарды жеткізудің (сорғыдан сорғыға, сорғыдан цистернаға, өрт сөндіру гидрантына орнатылған автоцистернадан магистральды желі төсеу және т.б.) барлық тәсілдерін практикалық пысықтаумен қосымша сабақтар өткізу үшін Тақырыптық жоспар құрастырылды және Мекеме бастығымен бекітілді (2016 жылғы 28 қаңтарда).

Жауынгерлік дайындық денгейін жоғарылату және өрттерді сөндіру басшылығының жедел-тактикалық әрекеттерін жетілдіру үшін Кезекшілік өрт сөндіру қызметінде өрт сөндіру жетекшісі рөлінде өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы құрамының тағылымдамасы ұйымдастырылды. Бүгінгі күні КӨСҚ-де 16 қызметкер тағылымдамадан өтті. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

Өртті сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда облыс көлеміндегі аса маңызды деген нысандарда «Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын жасау, әзірлеу және рәсімдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар» талаптарына сәйкес жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары құрастырылған. Бүгінгі күнде Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында 746 жедел өрт сөндіру жоспары мен 799 өрт сөндіру карточкалары бар. Барлық жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің электронды порталына енгізілген.
Жамбыл облысы аумағындағы әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдарды дайындау мақсатында Мекеменің күштер мен құралдары Талас өзенінің бойында «Көктем-2016» республикалық командалы-штабтық оқуына қатысты. Оқу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғау жүйесінің күштер мен құралдарын көктемгі мезгіллдегі су тасқыны салдарынан төтенше жағдайларды жоюда іс-әрекетін басқарудың барлық практикалық шаралары машықталды.

2016 жылдың 25 қаңтар – 10 наурыз аралығында Жамбыл облысының өрт сөндіру бөлімдері арасында VІI республикалық «Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау-конкурсының 1-кезеңі өткізілді. 1-кезең қорытындысы бойынша жүлделі І-ші орынға Тараз қаласы №1 ӨСБ ие болды. Жеңімпаз бөлім 2016 жылдың 24-25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен VІI республикалық «Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау-конкурсының 2-кезеңіне қатысты.

Кәсіби шеберлікті, дене шынықтыру дайындығын және моральді-ерік қасиеттерін қажетті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында, спорттық іс-шараларға үлкен көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында өрт сөндіру бөлімшелерінің арасында кіші футболдан «Наурыз-Кубок» жарыс өткізілді. 2016 жылдың сәуір айында волейболдан жарыс өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Мекеменің өрт сөндіру бөлімшелері арасында жыл сайынғы ішкі қызмет полковнигі И.Ахметбековты еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат ұйымдастырылып өткізілді.

2016 жылдың 16 шілдесі күні Қаратау қаласында өрт сөндіру бөлімдері арасында 2015 жылы Қаратау қаласында «Қазпошта» АҚФ байланыс бекетінде орын алған өртті сөндіру барысында қаза болған Е.Ахметовты еске алуға арналған кіші-футболдан турнир өткізіледі. Бүгінгі күні жарыстың ұйымдастырушылық іс-шаралары 100 пайыз орындалды және арнай ауыспалы кубок әзірленді. Аталған спорттық шараны жыл сайын өткізу жоспарлануда.
Мекеме бөлімшелері үнемі АҚЖ жүргізу мақсатында жұмылдырылып, алға қойған тапсырмаларды сәтті орындап келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының бойында орналасқан Мекеменің барлық бөлімшелері авариялық-құтқару құралдарымен қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге авариялық-құтқару құралдармен жабдықталмаған бөлімшелер де бар (Тараз қаласы №1 ӨСБ, Тараз қаласы №3 ӨСБ, Сарысу ауданы №4 ӨСБ, Жамбыл ауданы №6 ӨСБ, Байзақ ауданы №8 ӨСБ, Мойынқұм ауданы №12 ӨСБ, Шу қаласы №14 ӨСБ), ол өз кезегінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көрсетілетін көмектің сапасы мен көлемін төмендетеді.



2016 жылдың І-жарты жылдығында Мекеме бөлімшелері 96 рет АҚЖ жүргізуге жолға шықты, оның ішінде:

- 38 рет әртүрлі жол көлік оқиғалары кезінде полицияға көмекке және жарылғыш зат қойылған нысандарға (АҚЖ жалпы санынан 39 %);

- 9 рет су соруға (9 %);

- 33 рет түтін кетіруге (34 %);

- 14 рет ТЖ (14 %);

- 2 өрт сөндіруге байланысты емес адамдарды құтқаруға (2 %);

АҚЖ жүргізу барысында Мекеме жеке құрамымен 97 адам құтқарылып, 55 адам төтенше жағдай аумағынан қауіпсіз орынға шығарылды, 12 адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. ТЖ жоюдың орташа уақыты 30,5 минутты құрады.

2016 жылы Мекеме бөлімшелерімен жүргізілген АҚЖ талдауы көрсеткендей, АҚЖ-ның бастапқы себептері табиғаттың қолайсыз жағдайына (қарлы боран, көк тайғақ, қар, дауыл, су басу және т.б.) байланысты. Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары ағымдағы жылы негізінен қарлы боранда автотехникаларды сүйреу жұмыстарына, төтенше жағдай салдарын жоюға, жол-көлік оқиғаларының салдарынан полицияға көмекке, түтін шығару жұмыстарына және су сору жұмыстарына шықты.

Мысалы, 2016 жылдың 03-21 сәуір аралығында Өрт сөндіру бөлімшесінің басшысы азаматтық қорғау подполковнигі М.Аймановтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысына су тасқыны салдарын жоюға өрт сөндіру қызметінің жедел тобы құрамында 30 адам жеке құрам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған жедел топ авариялық-құтқару жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысы Темирязев, Булаев және Аққайың аудандарында төтенше жағдай аумағынан адамдарды құтқару және басқа орынға көшіру, суды сору және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді.

2016 жылдың 17-26 маусым аралығында Талас өзенде туындаған жағдайға және Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Талас өзенінің жағалауында орналасқан тұрғын үйлерді су басу қауіпінің туындауына байланысты Жамбыл облысы өртке қарсы қызметінің күштер мен құраладрымен Талас өзенінің бойында жағалау бекіту және суды сору, су басу аумағынан адамдарды көшіру және адамдарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Талас өзенінің жағалауын бекітуге шамамен 3500 құм толтырылған қап қойылып, ТЖ аумағынан 11 мың шаршы метр су сорылды. 258 адам жеке құрам және 42 бірлік техника 3 лай мотопомпасы жұмылдырылды.

2016 жылғы 5 шілдеде 16 сағат 12 минутта таулы аймақта жаңбырдың нөсерлеп жаууының салдарынан, Талас ауданы Қаратау қаласын айналып өтетің Тамды өзенінде ағыс күшейіп, өзең деңгейі тез көтеріліп өзенге жақын жерде ойнап отырған кішкентай балалардың өміріне қауіп төнді. Судың тез көтерілуінің салдарынан пайда болған көлідің ортасында кішкене төбешікте қалып қойды. Шақыру бойынша жедел түрде Қаратау қаласы №5 ӨСБ-нің 1-бөлімшесі жетті. Жеке құрам тез арада жағдайды бағалап құтқару арқаны мен өрт сөндірушінің белбеуін пайдалана отырып ТЖ аумағынан барлық балаларды қауіпсіз орынға шығарды. Барлығы 6 адам құтқарылды.
Мекеменің жауынгерлік жарағында 113 бірлік өрт сөндіру техникалары бар, оның ішінде:

негізгі өрт сөндіру техникасы – 65 бірлік (нормаға сай 136 бірлік болуы қажет, 47,7 % жабдықталған);

арнайы өрт сөндіру техникасы – 14 бірлік (нормаға сай 80 бірлік болуы қажет, 17 % жабдықталған);

көмекші техника – 34 бірлік (нормаға сай 212 бірлік болуы қажет, 17 % жабдықталған).



Мекеменің жалпы техникалармен жабдықталуы 26,9%, қажеттілік нормасына сәйкес 428 бірлік техника болуы қажет.

Баланстағы бар автокөліктердің 44-інің пайдалану мерзімі 20 жылдан жоғары автокөлік, жалпы саны бойынша - 34% ескірген техникалардан тұрады.

Есептік кезеңде техникалық қызмет көрсету бөлімінің базасында 5 бірлік негізгі өрт сөндіру автокөлігіне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кестеге сәйкес Мекеменің барлық автокөліктеріне жоспарлы түрде техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. (Соммасы 5309,481 мың теңгеге автокөліктерге бөлшектер алынды).

2015 жылдың І-жарты жылдығында өртте және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде техникалардың істен шығу фактілері тіркелген жоқ.


Мекеме балансында барлығы 22 түрлі бағыттағы ғимараттар бар, оның ішінде: 20 ғимарат өрт сөндіру депосы (9 ғимарат – типті, 11 ғимарат – бейімделген), 1 өрт-техникалық орталығы және 1 мобилизациялы қор қойма ғимараты.

Ғимараттың үлкен бөлігіне күрделілігі мен көлеміне қарай түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, кейбір ғимараттар техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Техникалық жағдайын ұстап тұру үшін және элементарлық санитарлық нормаларын сақтау мақсатында ағымды жылы бюжеттік қаражат есебінің үнемделуінен (2099,529 мың теңге) құрылыс заттары алынып барлық өрт сөндіру бөлімшелеріне косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді (ақтау және сырлау жұмыстары, линолеум ауыстыру).

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Сотқа дейінгі тергеп-тегсерудің біріңғай тізілімі (СДТБТ) ақпараттық жүйесі Тараз қаласында ӨСБОП және аудандық ӨСБ жұмыс істейті. СДТБТ ақпараттық жүйесі атқарылған жұмыстар бойынша Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері штамптармен, Kaztoken электронды идентификатормен (ӨСБОП-12, аудандық ӨСБ-55, барлығы-67), СДТБТ журналдармен қамтамассыз етілген. Барлық қосылу нүктелерінде ВПН жылдамдығы 2Мб/сек.

Жыл басынан облыс бойынша 1176 АТК (Тараз қ.-677, Байзақ ауданы -84, Жамбыл ауданы-66, Жуалы ауданы-23, Қордай ауданы-62, Т.Рысқұлов ауданы-31, Меркі ауданы-50, Мойынқұм ауданы-30, Сарысу ауданы-26, Талас ауданы-31, Шу ауданы-85) тіркелген.

2016 жылдың 15 ақпанынан бастап СДТБТ ақпараттық жүйесі Веб платформаға ауысты. Осыған байланысты ақпанның 1-нен 6-на дейін ӨСБОП және аудандық ӨСБ Веб платформаға ауысу жұмыстары жүргізілді. Веб платформаның электронды адресіне қол жетімділігі тексеріліп, бағдарламалық қамтамассыз ету орнатылды және жаңартылды. Казтокен бар қызметкерлеге қосымша сабақ өткізіліп, сынақ қабылданды.

КҚЖБО ӨСБОП қызметкерлерімен «101» арнайы желісіне 35963 хабар түсіп өңделген және «112» арнайы желісіне 19723 хабар түскен.


Өрттерді зерттеу лабораториясының маманымен 2016 жылдың І-жарты жылдығында 29 рет өрттерге шығу жүргізілді. Оның ішінде өрттерді зерттеу және байқау қорытындысы бойынша 26 шешім берілді, ал 3 шешім өрттегі жағдайдың өзгеруіне байланысты ұсынылған жоқ.

Барлық шығуларда өрт-техникалық зерттеулер келесі құралдармен жүргізілді: АНТ-3М (улы заттардың бу концентратын анықтауға арналған) - 13 рет пайдаланды, МВП-2М (қорғау жабындысының қалыңдығын анықтауға арналған) - 8 рет пайдаланды, портативті қызыл (инфракрасный) пирометр MS PRO (тиіспей температураны анықтауға арналған) - 1 рет пайдаланды, КОЛИОН 1В приборы (қасақана өртеу ізін анықтауға арналған) - 13 рет пайдаланды, ЗОНД 01 ЭП (ағаш конструкциядағы жану тереңдігін өлшеуге арналған) - 4 рет қолданылды.


Мекеме бөлімшелерінің барлығын қамтитын, Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері Т.Рысқұлов ауданындағы «Мақпал» тауының биіктігінде орналасқан бір УКВ ретранслятормен жабдықталған (репитер). Қазіргі таңда ӨСБОП-мен барлық бөлімшелер арасында радиобайланысы орнатылған. Сондай-ақ, 2015 жылдың желтоқсан айының басында №1 МӨСБ аумағындағы мачтаға Тараз қаласын және қалаға жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімдерін қамтитын УКВ ретранслятор орнатылды. Жүргізілген жұмысқа байланысты Тараз қаласы гарнизонының байланыс жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істеуде. Радиобайланыс пен бөлімшелердің күштері мен құралдарын шұғыл басқаруда Мекеме жарағы командалық штабтық автокөлігі (КШМ) мен байланыс және жарықтандыру өрт сөндіру автомобилі АСО-20 жабдықталған. КШМ автокөлігі «АСТЕЛ» АҚ серіктік байланыс жүйесімен жабдықталған және онда КВ, УКВ, УКВ технологиялық байланыс түрлері бар. Одан басқа, екі жылжымалы серіктік терминал орналасқан (Турайя и Иридиум).
Газтүтіннен қорғау қызметінің жағдайы
Мекеменің 14 өрт сөндіру бөлімдерінде газ-түтінен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) құрылған. Облыстың ГТҚҚ-де: 1 ГТҚҚ базасы, 15 бақылау бекеті, 1 жылу-түтін даярлау кешені ТДК-5, 1 жылу түтін камерасынан және 1 отты психологиялық жолағынан тұрады.

Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында жалпы 347 газ түтінен қорғаушы бар, 18 ГТҚҚ буыны тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікке түседі

Мекемеде 219 дана тыныс алу апараттары бар («Drager» және MSA «Аuer»), оның ішінде жауынгерлік есепте 80 аппарат, резервте 139 аппарат бар. «Drager» және MSA «Аuer» тыныс алу аппараттарының пайдалану мерзімі - 5 жылдан 10 жылға дейін. Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында газ түтінен қорғау қызметі толық жұмыс істеуіне сығымдалған ауалы аппараттар саны жеткілікті, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қосымша алуды қажет етпейді.

2016 жылдың І-жарты жылдығында өрттер мен жануды сөндіру кезінде және АҚЖ жүргізу кезінде жалпы 34 рет ТОЖҚҚ пайдаланған, жұмыс атқару уақыты 799 минут, оның ішінде: өрт сөндіру кезінде 33 рет ТОЖҚҚ пайдаланылған, жұмыс уақыты 770 минут, жану кезінде 1 рет буын жұмыс атқарған, уақыты 29 минут. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда буындардың өрттерде, жанудағы және АҚЖ барысында ТОЖҚҚ-мен атқарған жұмыс саны 12,8 %-ға, ал қосылу уақыты 14,7 %-ға кеміген.

2016 жылдың І-жарты жылдығында таза ауады жаттығулар орындауда және өрттен-құтқару дайындығы мен тактикалық-арнайы дайындық бойынша нормативтер орындауда кезекші қарауылдар ТОЖҚҚ-ға 1095 рет қосылды, жұмыс уақыты 26322 минутты құрады.
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесі
Өртке қарсы су көздерінің жағдайы өрттерді сөндіру тиімділігінің негізін құрайды. Өртке қарсы су көздерін пайдалану өрттерді сәтті сөндіруге, өрттен келетін шығынды азайтуда және адам шығынына келтірмеуге зор әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы аумағында 7339 ӨГ және 149 ӨС бар. Оның ішінде 1451 ӨГ (19 % жалпы санынан) и 45 ӨС (31,5 %) өрт сөндіру мақсатында пайдалануға жарамсыз.

2016 жылдың 6 айында Жамбыл облысының елді мекендерінде 490 ӨГ жаңадан қабылданды, оның ішінді Қаратау қаласында – 420 ӨГ, Меркі ауданында 3 ӨГ және Жуалы ауданында – 67 ӨГ.

Бүгінгі күні Жамбыл облысы аумағында табиғи су көздерінен су алу үшін 2 пирс бар. 1 пирс Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы маңында Талас өзенінің бойында (2015 жылы салынған) және 1 пирс Жуалы ауданы Қарасаз ауылы маңында Теріс өзенінің бойында (2016 жылы салынған). Сондай-ақ, 2016 жылдың аяғына дейін жергілікті бюджет есебінен тағы 4 пирс салу жоспарлануда (Шу ауданында – 1, Жуалы ауданында – 1 және Талас ауданында - 2).

Сонымен бірге, Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандарында су жүйелеріне суды күніне кесте бойынша (тәулігіне таңертең және кешке) берілетіндіктен, жұмысқа жарамды өрт гидранттарының өзі өрт сөндіру мақсатында пайдалану мүлдем тиімсіз болып табылады.

Мезгілдік өртке қарсы су көздерінің түзету жұмыстарының қорытындысы бойынша жергілікті әкімдіктерге, барлық аудандық және қалалық су шаруашылық мекемелеріне ақаулы жарамсыз өрт гидранттарының жағдайы туралы ақпараттар берілді.
Кәсіби даярлық мектебі

Оқу-әдістемелік жұмыс оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуден, сондай-ақ тыңдаушылардың оқу материалын меңгеруін ағымдағы және қорытынды бақылаудан тұрады.

2016 жылдың І-жарты жылдығында Кәсіби даярлық мектебінде барлығы 76 қызметкер оқудан өтті (2015 жылдың аталған кезеңінде - 54 қызметке), оның ішінде: алғашқы кәсіби даярлықтан өткендер: өрт сөндірушілер санаты бойынша – 47 қызметкер (2015 жылы - 21 қызметкер), 1 қызметкер инспекторлар құрамы мен 1 қызметкер басқарма аппараты қызметкерлері (2015 жылы жоқ), өрт автокөлігінің жүргізушісі санаты бойынша - 19 қызметкер (2015 жылы - 6 қызметкер), квалификация жоғарылатудан 22 қызметкер өтті (2015 жылы - 22 қызметкер), ауасы сығымдалған «Драгер» және «МSА AUER» аппараттарында жұмыс істеу үшін 5 газ түтіннен қорғаушы жеке оқытылды (2015 жылы - 5 қызметкер).
Кадр жұмысы бөлімі

2016 жылдың І – ші жартыжылдығы жағдайы бойынша Өрт сөндіру қызметінің штаттық саны 680 адамды құрайды, бос лауазыдмар – 4 бірлік.

2016 жылдың басынан 4 қызметкер жұмыстан босатылды: 2 қызметкер өз еркі бойынша ( Тараз қ. № 3 ӨСБ өрт сөндірушісі ақ. кіші сержанты –Ильц Д., Шу қ. № 14 ӨСБ өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері ақ. сержанты-Курамысов Р.), 1 қызметкер басқа құқық қорғау органдарының қарамағына жіберілген (Тараз қ. № 3 ӨСБ өрт сөндірушісі ақ. кіші сержанты Сулейманов Е. Жамбыл облысының ІІД ауысқан), 1 қызметкер теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған (Тараз қ. № 15 МӨСБ аға өрт сөндірушісі ақ. старшинасы Акбаров К. есірткі пайдаланғаны үшін қызметтен босатылған).

Бос лауазымдарды жабдықтау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Жылдың басынан бос лауазымдарды жабдықтау бойынша 1 конкурс аяқталды (конкурс 2016 жылдың 11 желтоқсанында басталып, 2016 жылдың 26 ақпанында аяқталды. Конкурс нәтижесі бойынша 18 үміткер қабылданды, 17 үміткер резервке қойылып, оның ішінде 16 үміткер тағайындалып, 1 үміткер резервте тұр).

Есеп беру уақытында Өрт сөндіру қызметінің Кадр жұмысы бөлімінің бас маман-психологтары 480 қызметкермен психодиагностикалық зерттеу жүргізді, оның ішінде 3 қызметкер «бақылау тобынан» алынды. Қазіргі уақытта «бақылау тобында» 6 адам тіркелген, психологтар әр қызметкердің үйіне барып әңгімелесу жүргізген, сонымен қоса олардың тікелей басшыларымен жұмыс жүргізеді.

Қызметкерлердің кәсіби және іскерлік сипаттамаларын объективті бағалау үшін, қызметкерлердің қызметтік дайындықтарының дәрежелерін, құқықтық мәдениеттерін және атқаратын лауазымдарына сәйкестіктерін анықтау мақсатында, аттестациялық комиссия жұмыс істеуде. Полиграфтың болмауына байланысты, 2016 жылдың І жартыжылдығында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу мүмкіндігі болмады. Қазіргі уақытта, Жамбыл облысының ТЖ Департаментіне жергілікті бюджеттен полиграф сатып алу үшін 3500000 тг. бөлінді, полиграфты орналастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және аппаратты жұмыс істейтін қалпында сақтау үшін іс шаралар жүргізілуде. Полиграф Өрт сөндіру қызметіне беріліп және оған қажетті бөлме де дайын. Қаражатты үнемдеу есебінен 549000 тг. полиграфологты дайындап оқыту үшін бөлінді, Өрт сөндру қызметінің бас маман-психологы азаматтық қорғау капитаны Ж.Айтимбетов 2016 жылдың 06 маусымынан 25 маусымы аралығында Алматы қаласында оқытудан өтіп, «Полиграфты қолдана отырып психофизиологиялық зерттеуді теориялық және қолданбалы негізде жүргізу» бағдарламасы бойынша кәсіби қайта даярлау курстарынан өтіп, сертификатын алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және білімді үгіт насихаттау мақсатында, Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде қызметкерлермен жалпы құқықтық оқыту жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Алайда, 2016 жылдың 29 қаңтарында атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, 2016 жылдың 29 қаңтарында құқықтық қорғау органдарына кір келтіретін 1 теріс іс әрекет жасалды. (2016 жылдың 29 қаңтарында Тараз қаласы №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын Жамбыл облысы ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Д.С.Сагинов тексеру кезінде №15 МӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау старшинасы Көшек Ауэзұлы Акбаровпен есірткі қолдану күдігі анықталды. Құқықтық қорғау органдарына кір келтіретін іс әрекет жасағаны үшін есірткі қолдану фактісі бойынша 03.02.2016 ж. азаматтық қорғау старшинасы Кошек Ауезович Акбаров азаматтық қорғау органдарынан қызметтен босатылды. 2016 жылдың 05 наурыздағы Тәртіптік комиссия хаттамасының нәтижесіне сәйкес, Тараз қаласы №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі және Тараз қаласы №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің карауыл бастығы «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды).

2016 жылдың І жартыжылдығында 26 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту-4, сөгіс-13 , қатаң сөгіс-3, қызметке толық сәйкес келмейтіндігі туралы ескерту-3, атқаратын лауазымынан босату-2, теріс қылық жасағаны үшін-1).

Сонымен қоса, жұмыс орнында масаң күйде болған фактілері де орын алған. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде 18 сағат 15 минутта Мекеменің басшылығы (мекеме бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі М.Шайкрамовпен және бастықтың орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.Момбаевпен), жеке қауіпсіздік тобының аса маңызды істер бойынша аға жедел өкілі полиция подполковнигі Дидар Сатбаевич Сагиновпен бірге Тараз қалалық №1 Өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылының қызмет өткеруіне тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесінде қарауыл кезекшісі, бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты С.Адиловтың жұмыс орнында жоқ екендігі және Өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Ж.Дуйсембаевтың жұмыс орнында мас күйінде болғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша Жамбыл облысы ТЖ департаментімен қызметтік тексеру жүргізілуде. Бүгінгі күнге С.Адиловқа «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жауапкершілік қолданылған, қарауыл қызметінің тәртібіне тиісті бақылау жүргізбегені үшін, қарауыл бастығы жауапкершілікке тартылған. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы кезекті еңбек демалысында болған.

Қазіргі уақытта Ж.Дуйсембаев 07.04.2016 жылдан бастап еңбекке жарамсыздық парағы бойынша емделуде, 21.04.2016 жылғы № 542 Аймақтық әскери дәрігерлік комиссиясының қорытындысына сәйкес, ол қызметке жарамсыз болып танылды.

Азаматтық қорғау полковнигі Ж.Дүйсембаев жұмыс орнында мас күйінде болған факті бойынша қызметтік тергеу Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментімен жүргізілуде.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арасында 2 жол көлік оқиғасы орын алған. Бірінші жол көлік оқиғасын – Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшінің орынбасары (өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі) азаматтық қорғау майоры Айдар Серікұлы Баймаханбетов жұмыстан тыс уақытта жасаған. Жол көлік оқиғасы 2016 жылдың 15 ақпанында сағат 01.30 да Тараз-Сарыкемер тасжолында орын алған. ЖКО бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, қызметтік тергеудің және 2016 жылғы 22 сәуірдегі Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының әкімшілік полицияның қаулысына сәйкес, А. Баймаханбетовтың кінәсі жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Екінші ЖКО – жұмыстан тыс уақытта Жуалы ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Мади Аманбекович Абдалиев, Б.Момышұлы ауылы Б.Сафинов көшесінің бойында жасаған. ЖКО фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілген, Жуалы ауданы аудандық сотының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 3142-16-00-3-186 қаулысына сәйкес М.Абдалиев кінәлі деп танылған. Қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша М.Абдалиев «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қызметке жаңадан қабылданған және қатардағы қызметкерлермен тұрақты түрде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізіледі. Сонымен қоса, арнайы тактикалық дайындық жүйесінде сабақ жүргізу кезінде, міндетті түрде техника қауіпсіздігі бойынша сұрақтар қарастырылады.

Жеке құрамның арасында травматизмнің алдын алу үшін өрт сөндіру бөлімшелерінде І жартыжылдықта 2 дәріс, 2 сабақ, 1 дөңгелек үстел және 19 көшпелі алдын алу іс шаралар.

Ағымдағы жылдың 22 маусымында Жеке қауіпсіздік тобының аса маңызды істер бойынша аға жедел өкілі полиция подполковнигі Дидар Сатбаевич Сагинов, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы № 7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын смарттелефондарды жұмыс орнында пайдалану бойынша тексерді. Д.Сагиновтың рапортына сәйкес жұмыс орнында смарттелефондарды пайдаланатын 3 азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері анықталды: № 7 ӨСБ қарауыл бастықтары ақ.лейтенанты Б.Каипов, ақ. аға лейтенанты Н.Апсатаров, № 7 ӨСБ өрт сөндірушісі ақ. кіші сержанты К.Абдильдаев. 3 қызметкердің барлығы «сөгіс» тріндегі тәртіптік жауапкершлікке тартылды.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын 2015-2016 жылдары курсанттар мен тыңдаушылармен жабдықтау бойынша жұмыс, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 324 бұйрығына сәйкес атқарылды. Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға түсу үшін 11 жеке іс, сырттай оқу бөліміне оқуға түсуге 5 оқу іс рәсімделіп жолданды. Жамбыл облысының ТЖД КЖБ бастығының, Өрт сөндіру қызметінің КЖБ бастығының және Жамбыл облысының ТЖД ЖҚТ тарапынан жеке істердің дұрыс рәсімделуі бақылауда болды.

2016 жылы Өрт сөндіру қызметінен Беларусь Республикасы ТЖМ Біліктілікті арттыру және қайта даярлау Институтында 1 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Қаржы игеру

Қазіргі кезеңде қаржылай қамтамасыз ету бөліміменгарнизонның өрт сөндіру бөлімдеріне жалпы соммасы 19000,0 теңге көлемінде коммуналдық қызметтермен (су, электр энергиясы, жылу, қоқыс шығару, дератизация және дезинфекция) келісім шарттар тіркелді. Жалпы соммасы 5309,481 мың теңгеге автокөліктерге қосалқы бөлшектер алынды, 211,384 теңгеге диэлектрлі заттар алында, шаруашылық тауарлар 313,402 теңгеге алынды, кеңсе тауарлары 666,498 теңгеге және 2099,529 мың теңгеге құрылыс материалдары алынды. 16006,0 мың теңгеге жанар-жағар майға келісім шарт құрылды және тіркелді.

Маусым айынан үнемдік қаржы көрсеткішін келесі айларға ауыстырумен 1-шілдеге қаржының игеру көрсеткіші 99,9% құрады.
Бұқаралық ақпарат құралдары

2016 жылдың 6 айында БАҚ-та 207 жарияланымдар жарияланды. Оның ішінде республикалық және облыстық телеарналарда – 13, радио және дауыс зорайтқыш құралдарымен – 13/16, аудандық, облыстық және республикалық газет беттерінде- 74, ТЖК және ТЖД сайттарында 40/39 өрттің алдын алу, жою, т.б. жаңалықтар сипатында мақалалар жарияланды. Атап айтқанда оның ішінде, Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен «Пожарный и спасатель» журналында 7 мақала жарыққа шықты. Сонымен қатар, облыстық және республикалық ақпарат агенттіктерінде – 12 ақпарат жарияланған. 2016 жылы сыбайлас жемқорлық тақырыбында 10 мақала жарияланды.
2016 жылдың ІІ жарты жылдығына қойылған тапсырмалар.

1. Жұмыс жоспарында, ҚР ІІМ ТЖК шұғыл жиналыс шешімдерінде, Жамбыл облысы ТЖД және Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жұмыс жоспарында орындауға қарастырылған іс-шараларды іске асыру.

2. Жеке құрамның кәсіби шеберлік деңгейін жоғарылатуды қызметтік ауыртпалықты көбейту арқылы Мекеменің кәсіби дайындық мектебінің оқытушы құрамын тартумен жоспардан тыс ӨТО, ӨТС, бөлімшелерге шығумен оқу-тәлімдемелік жиын, сабақ өткізу жолымен жүргізу.

3. Жауынгерлік дайындық денгейін жоғарылату және өрттерді сөндіру басшылығының жедел-тактикалық әрекеттерін жетілдіру үшін Кезекшілік өрт сөндіру қызметінде өрт сөндіру жетекшісі рөлінде өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы құрамы мен қарауыл бастықтарының тағылымдамасын өткізу практикасын жалғастыру

4. Жауынгерлік дайындықты, қызметтің ұйымдастырылуын, қызметтік құжаттардың жүргізілуін тексеру үшін басқарма аппараты қызметкерлерінің бөлімшелерге (негізінен алыс орналасқан аудандық бөлімшелерге) жедел жоспарлы және жоспардан тыс шығу практикасын жалғастыру.

5. Бөлімшелердің басшылары қарауылдық қызмет атқару кезінде және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.



6. Жеке құраммен жеке тәрбиелей жұмыстарын жүргізу процессінде қызметкерлерде потриоттық сезімді, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауға, кәсіби білімі мен шеберлігін жетілдіруге құлшыну сапасын тәрбиелауге ерекше көңіл бөлу.







Каталог: kchs -> 2016
2016 -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
2016 -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жыл қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
2016 -> Құрамының әскери және қызметтік дайындығы « дайындық ережесі»
2016 -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
kchs -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
2016 -> 2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет