Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет1/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеринария және азық-түлік өнімдерінің факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

М. Айсин
ЖАНУАРЛАР МОРФОЛОГИЯСЫ ЛАТЫН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫМЕН



Окулық құралы (остеология, синдесмология және миология бөлімдері)

Қостанай, 2011
ББК 45.26

А 31
Авторлар:

Айсин Марат Жаппасұлы, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, доцент

Рецензенттер:

Тұякова Рауза Какенқызы, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент, ветеринариялық санитария кафедрасының меңгерушісі.

Cулейманова Күляй Оразғалиқызы, биологиялық ғылымының кандидаты, доцент, ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі.

Казкенов Қалқаман Қайрошұлы, ветеринария ғылымының кандидаты, РМҚК Қостанай облысының филиалы «Республикалық ветеринариялық зертхананың» азықтық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.

Айсин М. Ж.

А 31 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен (остеология, синдесмология және миология бөлімдері). Окулық құралы - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 75 бет.


Окулық құралы «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен» пәні бойынша остеология, синдесмология және миология бөлімдері қоса берілген. Әр бөлімдері бойынша арнайы тақырыптары бар.

Ветеринария мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқитын студенттерге арналған.




ББК 45.26
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесімен бекітілген, хаттама________________ №


МАЗМҰНЫ



Кіріспе

4

1 САБАҚ

Қаңқа, оның бөлімдерге бөлінуі, анатомиялық терминдер

5

2 САБАҚ

Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.

7

3 САБАҚ

Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.

11

4 САБАҚ

Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.

13

5 САБАҚ

Бас қаңқасы немесе бас сүйек.

16

6 САБАҚ

Бас қаңқаның ми бөлімі.

19

7 САБАҚ

Бас қаңқаның ми бөлімі.

21

8 САБАҚ

Бас қаңқаның ми бөлімі.

23

9 САБАҚ

Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері.

25

10 САБАҚ

Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері.

27

11 САБАҚ

Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасы

29

12 САБАҚ

Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасы

32

13 САБАҚ

Шеткі қаңқа. Артқы аяқ қаңқасы

36

14 САБАҚ

Шеткі қаңқа. Артқы аяқ қаңқасы

38

15 САБАҚ

Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы

42

16 САБАҚ

Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы

46

17 САБАҚ

Артқы аяқ сүйектерінің байланысы

49

18 САБАҚ

Бас қаңқасының бұлшық еті.

54

19 САБАҚ

Біліктік қаңқа бұлшық еті.

Омыртқа бағанының бұлшық еті.



56

20 САБАҚ

Біліктік қаңқа бұлшық еті.

Омыртқа бағанының бұлшық еті.



60

21 САБАҚ

Біліктік қаңқа бұлшық еті. Көкірек бұлшық еті.

61

22 САБАҚ

Біліктік қаңқа бұлшық еті. Көкірек бұлшық еті.

62

23 САБАҚ

Біліктік қаңқа бұлшық еті. Құрсақ бұлшық еті.

63

24 САБАҚ

Аяқ бұлшық еті. Алдыңғы аяқ бұлшық еті.

64

25 САБАҚ

Алдыңғы аяқ бұлшық еті.

66

26 САБАҚ

Алдыңғы аяқ бұлшық еті.

67

27 САБАҚ

Алдыңғы аяқ бұлшық еті.

68

28 САБАҚ

Артқы аяқ бұлшық еті.

69

29 САБАҚ

Артқы аяқ бұлшық еті.

71

30 САБАҚ

Артқы аяқ бұлшық еті.

72

31 САБАҚ

Артқы аяқ бұлшық еті.

73




Әдебиеттер тізімі

75


Кіріспе
Осы аталған әдістемелік нұсқау жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен курсы остеология және миология бөлімдері бойынша құрастырылған және оның негізгі мақсаты тәжірибелік білімін бекіту мақсатында студенттерге көмек көрсету үшін және ветеринариялық пен санитариялық дәрігерлердің тәжірибелік жұмысы барысында ғылыми негізде дұрыс бағытта жұмыс істеу үшін көмек ретінде құрастырылған.

Жануарлар морфологиясының «Остеология» және «Миология» бөлімдерін тек кітап арқылы игеру мүмкін емес, сондықтан осы аталған нұсқауда нақты кеңес пен материалдар берілген, яғни: қаңқалар, бөлек-бөлек сүйектер, басқа жануарлар сүйектерінің түрлік ерекшеліктері, өлекселерді немесе бөлек-бөлек мүшелерді бөлу әдістері, сонымен қатар бұлшық, буын, аяқ буындары, дене облыстары мен бөлімшелерінің шекарасын анықтау бойынша қысқаша сипаттамалар көрсетілген.

Әдістемелік нұсқау қысқа және нақты түрде көрсетілген, сонымен қоса омыртқа, қаңқа, аяқтың бөлек буындары сурет түрінде көрсетілген және сүйектің элементтері орыс және латын тілінде белгіленген.

1 САБАҚ



Кіріспе.

Тақырыбы: Қаңқа, оның бөлімдерге бөлінуі, анатомиялық терминдер.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Ағза үшін қаңқаның маңызын оқып-зерттеу және оның бөлімдерге бөлінуін.

2. Дененің жазықтығы мен бағытын оқып-зерттеу.

3 Негізгі анатомиялық терминдерді игеру.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиыр, қой және шошқа қаңқасы.

2. Плакаттар мен кестелер.

3 Әдістемелік ұсыныстар.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.

Қаңқа (грек тілінен алынған сөз «skeletos» кеуіп, қатып деген мағынаны білдіреді). Белгілі бір заңдылықпен байланысқан қатты заттар - сүйек, шеміршек және сонымен қатар сіңірді айтады.

Денеде ол қатты зат болып, дене бітіміне белгілі бір пішін береді. Сүтқоректілер үшін, ол олардың барлық жұмсақ заттарын таситын сауыт болып келеді.

Сонымен қатар, қаңқа ағзаның тіршілігі үшін ми және жұлын, кейбір сезім мүшелері, жүрек, өкпе мен сүйек майы үшін қорғайтын қатты қабырғалар түзеді.

Қаңқа мен бұлшық ет сүтқоректілердің дене бітімін қалыптастырады. Қаңқа мен бұлшық еттер арқылы сүтқоректілер кеңістікте қозғалады.Қаңқа минералды зат алмасуда өте негізгі орын алады.

Қаңқа өзінің беріктілігімен және жеңілдігімен ерекшеленеді. Қаңқаның салмағы салыстырмалы алғанда ауыр емес, мысалы: тірі салмағынан алғанда ірі қара малда 10%-ға дейін, жылқыларда 13%-ға дейін қаңқаның үлесіне тиеді..

Ауыл шаруашылық үй жануарларының денесінде сүйектер саны келесідей: жылқыларды – 200-206, ірі қара малда – 200-205, қойларда – 186-207, шошқаларда – 272-275, ал адамда 212 сүйек санауға болады, оған 32 тісті қосуға болады. Қаңқа сүйектері пішіні бойынша келесі үш типке бөлінеді: жазық немесе пластиналық сүйектер, ұзын, қуысты сүйектер және қысқа сүйектер болып бөлінеді. Жазық немесе пластиналы сүйектерден денеде бас сүйегі, кеуде қуысы, жамбас сүйегі мен жауырын құрылады. Ұзын, қуыс сүйектер малдың алдыңғы аяқ пен артқы аяқтарында: ортан жіліктік, үлкен ортан жілік, тоқпақ жілік пен тағы басқа сүйектерде орналасқан. Қысқа сүйектер, олардың биіктігі енінен де аспайды, оларға: бақай сүйектері мен тізе, тілерсек, тиек сүйектері жатады.

Сүтқоректілердің қаңқасы біліктік және шеткі болып екіге бөлінеді.

Біліктік қаңқа осындай бөлімдермен ерекшеленеді: бас сүйек, мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық.

Шеткі қаңқа алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралған.

Жануардың денесі симметриялы. Ол оң және сол жақ бөліміне бөлінеді. Симметрия – жануардың дене пішінің оқып-зерттеуге жеңілдетеді және үш жазықтық өткізуге мүмкіндік береді.

1. Жазықтық, жануардың денесінен тік жоғарыдан төменге қарай өткізілген және денені екі тең бөлікке бөлгенді – орталық немесе сагиттальды деп атайды.

2 Жазықтық, көлденең төмен өткізілген, жануардың денесін жоғары және төмен бөлікке бөлгенді - сегментальды деп атайды. .

3. Жазықтық, жануардың денесінен көлбеу өткізілген жазықтық, яғни бірінші екі жазықтыққа перпендикулярлы және маңдайға параллельді болып келетінді – көлбеу немесе фронтальды деп аталады.





Сурет-1. Жануарлар денесінен жүргізілген жазықтықтар мен бағыттар

Жазықтықтар :а–а- сагиттальды; б-б-сегментальды;в-в-фронтальды.

Бағыттары: 1- ауызға қарай (мұрынға қарай); 2- аборальді, ауызға қарама-қарсы; 3- краниальды (басқа қарай); 4-дорсальды (арқаға қарай); 5-каудальды; 6- вентральды (құрсаққа қарай); 7- проксимальды; 8-дистальды; 9- медиальды;10-латеральды.
Жануарлардың қаңқасы мен денесін оқыған кезде, анатомиялық тәжірибеде келесі латын терминдері қолданылады:

1. Краниальды бағыт – бұл бассүйекке бағытталған, бассүйек - cranium

2. Каудальды бағыт – бұл құйрыққа қарай, құйрық – cauda.

3. Дорсальды бағыт – бұл арқаға, омыртқаға қарай бағытталған, омыртқа – dorsum.

4. Вентральды бағыт – қарынға қарай бағытталған, қарын – venter.

Бассүйекте келесі бағыттарды қарастырады:

5. Ауызға қарай немесе мұрынға қарай бағытталған бағыт (ог-ауыз, nasus-мұрын).

6. Аборальды бағыт (ауызға қарама-қарсы) шүйде қарай бағытталған бағыт.


Бағыттармен қатар, екі жақты да қарастырады.

1. Латеральды жақ – яғни сыртқы.

2. Медиальды жақ - ішкі.

Қаңқаның қуысты сүйектерінде (алдыңғы және артқы сүйектері) екі шеті мен ортасын ажыратады. Проксимальды немесе үстіңгі ұшы, тұлғаға жақын орналасқан жақты айтады (proximus -жақынырақ).

3. Дистальды немесе төменгі ұшы, тұлғадан алысырақ жатқан төменгі бөлігі (distalis- алысырақ) деп аталады.

4. Диафиз (diaphis – сүйектің ортасы), проксимальды және дистальды ұштардың ортасында орналасқан.

Алдыңғы және артқы аяқтарын осы терминдер қолданылады:

1. Волярлы, яғни бетінде немесе алақан, алдыңғы аяқтың басында орналасқан (vola- алақан).

2. Плантарлы, яғни табан артқы аяқтың басында орналасқан (planta-табан).

IV Бақылау сұрақтар:

1. Қаңқа деген не және оның ағзадағы рөлі?

2 Адам мен әртүрлі жануарлар денесінде сүйектер саны?

3 Сагиттальды, сегментальды және фронтальды жазықтықтар деген не?

4. Қандай анатомиялық терминдерді білесіздер?

2 САБАҚ



Тақырыбы: Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Қаңқада кеуде қуысы мен омыртқа жотасын, қабырға, төс құрылысың оқып зерттеу және анатомиялық терминдерді.

2. Ең маңыздысы әртүрлі жануарларда кеуде қуысының құрылыстарының ерекшеліктерін оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиыр, қой, шошқа, жылқы және ит қаңқалары

2. Әртүрлі жануарлардың бөлек-бөлек омыртқалары, қабырғалары мен төсі.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары.
Қаңқаның кеуде бөлімі.

Кеуде омыртқаларынан, қабырғалардан және төс сүйектен құралып, барлығы көкірек куысының негізін түзеді.



Кеуде (көкірек) қуысы - thorax.

Үй жануарларында: омыртқа, екі жақтың қабырғалары, төс (алдыңғы қуыс жағында орналасқан) кіреді.

Әртүрлі үй жануарларының омыртқа саны да әртүрлі болып келеді: ірі қара малда -13, жылқыларда 17-18 және 19, шошқаларда 14,15,16,17, итте 13.

Кеуде (көкірек) омыртқасы- vertebrae thorаcales- .

Қабырғалар және төс сүйекпен байланысып, көкірек омыртқасын түзеді.

Омыртқада төрт жақты ажыратады:

1. Краниальды немесе алдыңғы, омыртқаның басы орналасқан жері.

2. Каудальды немесе артқы, омыртқаның ойысы бар жер.

3. Дорсальды немесе жоғары, қылтықты өсінді орналасқан жер.

4. Вентральды немесе төмен, вентральды жота орналасқан жер.

Көкірек омыртқасы денеден – corpus және омыртқа имектен – arcus dorsales тұрады. Олар бірге қосылып омыртқа ойысын - foramen vertebrales түзеді, мұнда жұлын орналасады. Омыртқа имектің үстінен қылтықты өсінді - processus spinosus өтеді. Омыртқа денесінің астында вентральды жотаны - cristo ventralis ажыратады. Омыртқаның екі жағында көлденең өсінділер - processus transversus орналасқан. Оларда қабырға ойысын - fovea costales ажыратады. Краниальды жағынан омыртқаның басы - caput vertebrae орналасқан. Краниальды буын өсінділері- processus articularis cranialis, краниальды қабырға ойысы - fovea costalis cranialis, краниальды омыртқа ойығы - incisura vertebralis cranialis.

Омыртқаның каудальды жағында: омыртқа тесігі-fossa vertebralis, каудальды буын өсінділері - processus articularis caudalis, каудальды қабырға ойысы-fovea costalis caudalis, каудальды омыртқа ойығы - incisura vertebralis caudalis.

Краниальды және каудальды омыртқа ойықтары көршілес жатқан омыртқамен бірге қосылып омыртқа арасындағы ортақ шұңқыр түзеді. Осы шұңқыр арқылы жұлын жүйкелері мен қан тамырлары өтеді. Омыртқаның барлық өсінділері, буынды өсіндіден басқасы, барлығы да тұтқаның рөлін атқарады.



Сурет-2. Көкірек омыртқасы. А – жылқылардың, Б – ірі қара малдың, В – шошқа; Г – ит. 1 – караниальды қабырға ойысы; 2 – каудальды қабырға ойысы; 3 білікті өсінді; 4 – краниальды буынды өсінді; 5 – каудальды буынды өсінді; 6 – емізікше өсіндісі; 7 – омыртқаралық тесігі.
Ерекшеліктері: Ірі қара малда көкірек омыртқасы (денесі) ұзын, өзіндік омыртқа аралық шұңқыры бар. Шошқаларда көкірек омыртқасы (денесі) қысқа келген, жылқыларда пішіні үшбұрышты, иттерде көкірек омыртқасында (денесінде) вентральды жотасы мүлдем жоқ. Қылтықты өсіндісі жуан, бірінші омыртқада иілген.
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет