«Жарық құбылыстары» тоқсандық жиын



Дата19.05.2020
өлшемі17 Kb.

«Жарық құбылыстары» тоқсандық жиынтық бағалау

Орындау уақыты 40 минут

Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Жарықтың біртекті ортада түзу сызықты таралуы. Жазық және сфералық айналарда дененің кескінін алу. Есептер шығаруда жұқа линза формуласын қолдану, жұқа линзада сәулелер жолын салу. Көздің жақыннан және алыстан көргіштігін түзету.



I – нұсқа



а) Жазық айнада, дененің кескінін қалай аламыз?

б) Жазық айна беретін кескінді сипатта.

в) Екі өзара перпендикуляр жазық айналарда неше кескін аламыз?

[5]


  1. А. Сфералық ойыс айнаның көмегімен алынған заттың кескіні шын, үлкейтілген, төңкерілген. Зат қай жерде тұрғанын көрсетіңдер:

а) Төбесі мен фокус арасында

в) Айнаның фокусында

с) Сфералық беттің центрі мен фокус арасында

d) Сфералық беттің центрінде

Б. Дөңес айнадағы кескін қандай болады? Соларды ата

[5]


  1. А. Вакуумдағы жарықтың таралу жылдамдығы:

а) 3*м/с

в) 3*м/с

с) 3*м/с

d) 3*м/с

Б. Біртекті мөлдір ортада жарық қалай тарайды?

В. Егер түсу бұрышы 20° ұлғайтсақ, жарықтың түсуші және шағылушы сәулелерінің арасындағы бұрыш қалай өзгереді?

Г. Күннің тұтылуын графикалық түрде белгіле

[5]


  1. А. Линзаның фокус аралығы 20 см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 40 см; кескін қайда болады?

а) f=40 см

в) f=20 см

с) f=30 см

d) f=60 см

Б. Фокус аралығы 25см жинағыш линзаның оптикалық күшінің мәні неге тең?

В. Ойыс линзада дененің кескінін салу. Кескін қандай болып шығады?

[5]


  1. А. Заттың кескіні көздің торқабығының артқы жағынан алынды. Көздің оптикалық жүйесінің типін және осы кемшілікті жоятын қабілеті бар линзаның түрін көрсет:

а) Алыстан көргіштік, жинағыш

в) Алыстан көргіштік, шашыратқыш

с) Жақыннан көргіштік, жинағыш

d) Жақыннан көргіштік, шашыратқыш

Б. Лупа. Заттың қандай кескінін береді?

В. Қарапайым микроскоп неше линзадан тұрады? Олардың аттарын ата



[5]

Жалпы: [25]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет