«Жас Ұлан» ұйымы және сынып белсенділерінің отырысы Аға тәлімгер: Жұмғажанова М. А. 2020-2021 оқу жылы «Жас Ұлан»



Дата29.04.2022
өлшемі58 Kb.
#141301
Байланысты:
«Жас Ұлан» ұйымы және сынып белсенділерінің отырысы
геог 24.11, 2желтоқсан 3-сын көк, stud.kz-20993, 9 кл. СОР-2. Основы астрономии. Вар1. 2021

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЖАМБЫЛ ОРТА МЕКТЕБІ»ММ


ГУ «ЖАМБЫЛСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОГО РАЙОНА


«Жас Ұлан» ұйымы және сынып белсенділерінің отырысы

Аға тәлімгер:Жұмғажанова М.А.

2020-2021 оқу жылы


«Жас Ұлан» ұйымы және сынып белсенділері отырысының жоспары


Мерзімі: 04.09.20
Қатысушылар саны: 61
Сaбақ тақырыбы: Басқаларды өзіңізге бағындырғыңыз келсе – өзіңізден
бастаңыз.
Вовенарг Люк де Клапье
Күтілетін нәтиже: Балалар топтық жұмыс жасай отыра, басқарудың тиімді әдіс-
тәсілдерін үйренеді.




Сабақтың мақсаты: «Жас Ұлан» ұйымына, сынып ұланбасыларына және орынбасарларына сынып белсенділерінің жұмысын тиімді басқару жолдарын көрсету.

Ресурстар: (интерактивті тақта, слайд, интернет желісінен видео)

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу, жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Топқа бөліну.
«Жас Ұлан» ұйымы, «Сынып ұланбасы», «Ұланбасы орынбасары»
Топ ережелерін еске түсіру:
1. Уақытты үнемді пайдалану
2. Бір-бірімізді тыңдау
3. Тыныштық сақтау
4. Қажетті ақпаратты жазып отыру
5. Топ болып бірлесе жұмыс жасау



Слайд

Негізгі бөлім.
Тақырыпты хабарлау. «Басқаларды өзіңізге бағындырғыңыз келсе – өзіңізден бастаңыз» деген Вовенарг Люк де Клапьенің сөзі.
Алдарыңызда жатқан ақ қағазға өзіңіздің басқаруыңызда кездесетін қиындықтарды түгел ретімен тізіп жазып шығу сұралады. Яғни «Жас Ұлан» ұйымы сынып ұланбасыларымен ал, сынып ұланбасылары сынып белсенділерімен жұмыс жасаудағы қиындықтар туралы нақты көрсету.
Берілетін уақыт 2 минут. Қиындықтарды атап оқып шығады.
«Басқару» дегеніміз не? Слайд бойынша түсіндіру.
Басқару туралы алған түсінікті тапсырма арқылы орындап, көрсету.

А3, маркер, фломастер, слайд

Шығармашылық, топтық іс-әрекет
«Басқару» жүйесін «SWOT» кестесі арқылы көрсету.


І топ: «Жас Ұлан» ұйымы қауіптері, әлсіз жақтары
ІІ топ: «Ұланбасы» күшті жақтары
ІІІ топ: «Ұланбасы орынбасары» мүмкіндіктері

Күшті жақтары Әлсіз жақтары




Қауіптер Мүмкіндіктер


Берілетін уақыт 5 минут. Кесте бойынша қорытындылау.


Өздері атап көрсеткен қиындықтарға ұқсас ситуациялық тапсырмалар беру. Рөлге еніп, сахналап көрсету. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.


І топ: «Жас Ұлан» ұйымы
Ұйым мүшелерімен демалысқа шығып, қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…


ІІ топ: «Ұланбасы»
Сіздің сыныбыңыздың арасында ауызбіршілік жоқ. Осы жағдайды қалпына келтіру үшін ұланбасы ретінде сіз не істер едіңіз?…


ІІІ топ: «Ұланбасы орынбасары»
Сіздің сыныбыңыздағы оқушылар сыныпқа жаңадан келген оқушыны сыныптасы ретінде қабылдамай жүр. Сіз ұланбасы орынбасары ретінде не істер едіңіз?…
Әр топтан кейін қорытындылап отыру.



«SWOT» кестесі, Рөлдік ойын, тапсырмалар жазылған парақтар

Рефлексия.
Төмендегі сөйлемдерді жалғастыру арқылы сабақтың қорытындысын өзіміз жасайық.
Бүгін мен .......... білдім
Маған .......... қызық болды
Маған .......... қиын болды
Мен .......... түсіндім
Енді мен .......... жасай аламын
Мені таң .......... қалдырды

Стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет