Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ақыл ойының даму ерекшеліктері



Дата14.03.2020
өлшемі37,41 Kb.
#60131
Байланысты:
AZAMAT BAYaNDAMA 1423808470 103913

Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ақыл ойының даму ерекшеліктері.

Қазіргі жас ұландардың-болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамытуға, өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландыруда тәлім-тәрбие мен психологиялық қолдаудың маңызы зор.

Сондықтан мектептің оқу тәрбие жұмысында оқушылардың жас ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша мәні бар. Бұл жерде «жас ерекшелік» деп баланың психологиялық қасиеттерін, яғни , темпераментінің, мінезінің, сана-сезімінің ерекшеліктерін айтамыз. Балалар психологиялық жас ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді. Әрбір оқушының азды-көпті өзгешелігі бар.

Біз қазір оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойының даму ерекшеліктері туралы ой қозғаймыз.

Жеткіншек жасындағыларды қиын, өзгерілу, ауысу жастарыт.б. деп атайды. Соңғы жағдайда “ауысу жасында” жеткіншек балалық кезеңдерден жасөспірім жасына ауысады. Ана тілімізде “жеткіншек” деген ұғым өзге тілдердегі осы сөздің мағынасын дәл береді. Сондықтан бұл жастың “жеткіншек” деп аталуы осы кезеңдегі психологиялық ерекшеліктерінің өзіндік сипатын анық көрсетеді.

Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен жасөспірімдерге қарағанда әлдеқайда өзгеше болады: бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектің жасөспірімнен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда, жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек, жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтауда зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен, психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әлеумет өмірінің өзіндік ерекшелігінен болар. Жеткіншек «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрсе келе бермейді. Жеткіншектің осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жеткіншектеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жеткіншектері үлкен адамдардың талабына оңай көне кетпейді. Оның себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағының көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Қазірде бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй-ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше, ата-аналар жеткіншек оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Екіншіден, өткен дәуірге қарағанда жеткіншек қазіргі кезде теледидар, компьютер т.б. арқылы ересектерге арналған хабарды естіп, не фильмдерді көріп, соларға еліктейді. Ал жеткіншектің бала кезінен жасөспірім кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыған ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарынан: егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады.

Әдетте, жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін «қиын» жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан.

Екіншіден, осындай психиканың жаға саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің заңдылығы сондай, онда кісіаралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды қосады. Әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі мектеп неврозы мен дидактогенді невроз бір-бірімен өте байланысты.

Мектеп неврозы себепсіз агрессиялықтан, мектепке баруға қорқудан, сабаққа қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруге бас тартудан көрінеді яғни дезадаптивті мінез-құлықтан көрінеді.

Жеткіншек-жаңа сапаға, яғни, үлкен жасқа ауысуы үшін дағдарыстан өтеді.Бұл жеткіншектер үшін ғана емес, оларды қоршаған үлкендер үшін де қиын кезең. Эмоциялық сезімталдықтың жоғарылаған түрі және олардың тұрақсыздығы мен олардан азат ету реакциясы мектептегі оқу және тәрбие үрдісін қиындатып, күрделендіруі мүмкін. Сондықтан педагогтар бұл дағдарыстың болуы нормада және оның қажет екенін түсіндіруі керек. Адамның дамуындағы маңызды дағдарысты Л.С Выготский өтпелі немесе сыни кезеңдегі аз ғана уақыттың арасында баланың бойында маңайындағы адамдарда байқалатын өзгерістің болатынын атап көрсетті. Оның байқауынша дағдарыс немесе сыни кезең позитивті сапалы өзгерістер кезеңі нәтижесінде тұлғаның жаңа сападағы дамуына ауысу кезеңі. Жеткіншек дағдарысының жақсы өтуінің тұлғалық тұтастығы өзінің мүмкіндіктерін білу, өзінің жеке басының бағасын сезіну болып табылады. Жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсіну үшін жеткіншектердің агрессиялық әрекетіне қарсы тұруды қарастырған жөн. Бұл жас ерекшелік көптеген балаларда агрессиялықтың жоғарылауымен сипатталады.

Агрессиялықтың дамуына баланың отбасындағы қатынастар әсер етуі мүмкін.

Жасөспірімдік жасының жалпы сипатына тоқталайық.

Біз 16-18 жастың арасын жасөспірімдік деп атасақ та осылар қазіргі кезде үлкендермен салыстырғанда, түгелдей тең келеді деуге болмайды.

Себебі, жасөспірім деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әзірде бала мен үлкендердің екі арасында. Есею жөнінде әңгіме ететін болсақ, есею деген түсінікке тек дене күші не ақыл-ой байлығы ғана жатпайды, бұған жасөспірімнің өзгелермен қатынасының тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігінен шешімге келе алуы, қиыншылықтардан бас тартпауы т.б жатады. Бұрынғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жасындағылар ересек қатарына жатады. Есеюдің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты.

Қазіргі дәуірді алсақ, жасөспірім әлі үлкендердің қатарына толық жетпегенімен, жеткіншек жасындағы балалық әдетін қойып, яғни бірдеңеге ерегесуден, тәртіп бұзудан көбінесе аулақ болып, үлкендермен жалпы қатынаста болады. Егер жеткіншек кезінде жолдас-жораларымен ойнап, берілген тапсырманы ұмытып кететіні кездессе, жасөспірім кезінде оқуға салмақты қарап, келешекте қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға ықыласы бұрынғысынан көп өзгеріледі. Жақсы оқымаса, кейін қалаған оқу орындарына түсе алмайтынын сезіп, осының салдарынан сабақтың көпшілігінен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырысады. Сонымен қатар жасөспірімнің ақыл-ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәлелдеуіне өзінің ісіне талдау жасау қабілеті қалыптаса бастайды.

Жасөспірім жасындағылардың негізгі әрекеті оқу мен еңбек, бұлар еңбектің неше түрлерімен, соның ішінде мектептің жұмысымен /агроучастокта жұмыс істеу, не ағаш отырғызу т.б /айналысады.

Жасөспірім жасындағылардың жеткіншек жасындағыларға қарағанда жауапкершілігі ұлғаяды. Біріншіден, жасөспірімдер бір жағынан мектеп тарапынан аса жауапты тапсырмаларды орындауға/ауылшаруашылығындағы жұмыстарға т.б / қатысып, екінші жағынан, төменгі сыныптарға тәрбие жұмысы тарапынан көмектесіп, осындай жұмыстар жүргізілудің нәтижесінде бұрынғыға қарағанда салмақты келіп, онан әрі есейе түседі.

Біз ілгеріде биологиялық фактордың психикалық дамуға әсері жоқтың қасы дегенімізбен, темпераментінің қалай болып келуіне едәуір әсер етеді.

Жеткіншек кіші оқушыға қарағанда оқуға едәуір төселіп қалады. Бұлардың арасында сабақты жақсы игеретіні жиі кездеседі. Бірақ осылардың оқуы кейде ойдағыдай жүзеге аспайтыны болады. Осының бірнеше себептері бар: біріншіден, егер осы уақытқа дейін төменгі сыныптарда бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, орта сыныптарда жеткіншектерді ең кемінде 5. 6 мұғалім оқытады. Бұл мұғалімдермен жеткіншектер бұрын кездесіп көрмеген. Екіншіден, төменгі сыныптағылар үшін оқу көбінесе қызық болып келсе, орта сыныптарда барлық сабақтың тапсырмалары күрделеніп қиындай бастайды. Сондықтан бұларды игеру қиынға соғады. Үшіншіден, бұрын бастауыш сыныптағылар мұғалімнің сөзі мен ісіне сын көзімен қарамайтын болса, енді жеткіншектер сабақты мұғалім қалай түсіндіргеніне мән береді. Төртіншіден, жеткіншектің ілгеріде айтылғандай құрбыларымен достығы үстем орын алып, осының нәтижесінде оқу оның өмірінде негізгі роль атқара алмауы мүмкін.

Бұл сияқты факторларды тізіп, көбейте беруге болады және осы факторлардың бәрі қосылып, мектепте оқыту процесі тиісті дәрежеде жүргізілмесе, жеткіншектің оқу үлгерімі төмендеп кетуі ықтимал.

Т.В. Драгуновтың зерттеуіне қарағанда, бастауыш сыныптардан орта сыныптарға көшкен кезінде жеткіншектердің бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:1. Жеткіншектің бірқатары жақсы оқыса, өзгелері нашар оқып, сабақтарға немқұрайлы қарайды. 2. Бұлардың ой өрісі тым жоғары не төмен болады. . Бұлардың ой өрісі тым жоғары не төмен болады. 3. Оқу қиыншылығына төзімді немесе төзімсіз болып, үлгермейтіндер жиі кездеседі. 4. Оқу программасына материалдарды толығымен білетіндері де және тіпті сондағы мазмұнды білмейтіндері де кездеседі.

Жеткіншектер арасындағы осындай айырмашылықтарды айта келіп, осылардың бәрі, біріншіден, орта сыныптың жағдайына бейімделініп, осында қоятын талаптарға шыдай алмауынан, екіншіден, кейбір жеткіншектердің оқуы да өзінің негізгі міндеті деп санамай, мезгілінің көбісін оқуға қатысы жоқ нәрсеге жіберетіннен деп қорытындыға келеді.

Жеткіншектің оқуға ықыласын/мотивтерін/ алсақ осының өзі кейде мұғалімдерге де байланысты. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе, оның сол жүргізетін пәніне онша даярланбайды. Бірақ алдыңғы/8-9/ сыныптарда бала мұғалімді ұнатпаса да, өзінің келешегі туралы ойланып, жақсы баға алуы үшін сабақтың бәрін /жақсы/,/өте жақсы/ деген бағаларға үлгергісі келетіні жиі кездеседі.

5-6сыныптардағы жеткіншектер мұғалімнің бағаға сараң болмағандығын қалайды. Бірақ жоғарғы сыныптарда бұл қасиеттерді жеткіншек барлық жағдайда ұнатпайды. Оқу материалдарын қалай түсіндіргеніне, ұстазының әділеттілігіне, әр саладан хабардар болуына ерекше мән беріп, олар мұғалімдерді/уақытты бос өткізгендерге/, /үнемді өткізгендерге/бөледі.

Жеткіншектің зейініне келсек, бұлардың осы қасиеті бастауыш сыныптардыкіндей тек қызық объектіге назар аударумен шектелінбейді. Бұлардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жеткіншек сабаққа кейде бір нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достарымен кездесуі үшін келетіні болады. Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар.

Кіші оқушыларға қарағанда жеткіншектің жады мен есі едәуір дамыған. Жеткіншектің бұлардан айырмашылығы сол, кіші оқушы мазмұнды есінде сақтап алуды жақсы көрсе, жеткіншек мұны жек көріп, мазмұнды мағынасына қарай есте қалтыруды ұнатады. Сонымен қатар, ол естігенін көпке дейін есіне сақтап, қажет деген мезгілде есіне жақсы түсіре алады.

Психологтардың бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне қарағанда қиялдануды көп ұнатады, өз-өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан түрлеріне беріледі дейді. Осылай деу жеткіншектің жан дүниесіне терең түсінбегендіктен айтылып отыр. Бірақ жеткіншек жасөспірімдерге қарағанда кейде қажеті жоқ істермен айналысып, осы соларға мұң болатыны кездеседі. Бұл негізінде азамат болғысы келіп, өзін болашақта қайраткерлік істерге даярлағысы келуінен. Жеткіншек мұңға берілген кезде осының барлық жағдайда пайда бермей, уақытты бос өткізуге себепші болатынын ескертіп отыру қажет.



Жеткіншектің оқуында ойлану процесі негізгі роль атқарады.

Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудың көптеген тәсілдері кездеседі.



Жеткіншекті оқыту төменгі сынып оқушыларын оқыту сияқты қоғамдық саланың ең басты түрі.

Жеткіншектің білім алуы-оның сана-сезімінің жетілуі,азамат ретінде қалыптасуына әсер етеді.

Жеткіншекті оқытудың өзіндік қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары бар. Жеткіншекті ересек қылатын, және өзін осылай санататын оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдеріне өзінің дайындығын көрсету оның үлкен жетістігі болып саналады.

Әрбір жеткіншек өзіндік зерттеу жұмыстарынан көп әсер алады. Оларға ешкімнің көмегінсіз өзара ойлап, жаңалықтар ашуға құмар болады. Қызықпайтын пәндерге олардың қарым-қатынастарының күрт өзгеруі басталады. Ол пәндерге деген қызығушылық төмендейді, іштері пысады. Егер мұғалім оқулықтан тыс деректер келтірсе, ол сабақ қызықты өтеді. Ал егер тек оқулықтағы ғана материалды ғана оқытып, оны оқуға күштесе, ол сабақ қызықсыз болады және іші де пысады, ондай сабақтар оларға ұнамайды. Әрбір оқушының қызығушылығы әр қалай. Кейбіреулері жазылған материалдарды, нақты және жеке-жеке фактілерді ұнатады. Кейбіреулері соны зерттеп, басты себептерін анықтағысы келеді. Ал үшінші тобы теориялық білімін практика жүзінде қолданғысы келеді. Кей оқушылар шығармашылық, зерттеушілікке бейім болады. Кейбір пәндер оқушыға мәдениетті, жан-жақты азамат ретінде қалыптасу үшін, көп біліп, көп нәрсені істей алуы үшін ұнайды.



Ал А.С. Макаренко-адам етіп тәрбиелеу дегеніміз- жеткіншектің алға қойған мақсатқа жету үшін өмірлік материал пайдалана білуге тәрбиелеу. Ол нақтылы заттардың қасиет-құрылысын анықтап, адами қатынастарда сол қасиеттерді қолдана білуі керек. Бұған оны тек үлкендер ғана үйрете алады.

В.А. Сухомлинский: әрбір адам жетілу, есею жылдарында ойшыл бола бастаса, әрбір жеткіншек саяси-қоғамдық ойлар және ішкі жан-дүниесінің түсініктері қалыптасады. Мұндай ойлау қабілеттері жеткіншектердің өз өміріне тұтастай ену үшін, оның үлкендердің жұмыстарының шешілуіне тікелей қатысып, өзінің түпкі қадамдарын сол үшін пайдалана білу.

Мұғалімнің оқытудың нақты әдістерін білуі міндет қана емес, оны жақсы қалыптастыра білуі, таңдай білуі қажет. Мұғалімнің жасаған жұмысы оқушымен арадағы қарым-қатынасы жеткіншектердің оқуға деген көзқарастың қандайлығын көрсетеді.



Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Оның адамның жан-жақты даму процесінде алатын орны ерекше. Ақыл-ой тәрбиесі баланың оқу, білім алу әрекетімен тығыз байланысты болады.

Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдық қабілеттерін/байқағыштық, зейінділік, зергектік, есте сақтау, творчестволық қиял, сөйлеу, ойлау/ қалыптастыруға көмектеседі. Балаларға дұрыс тәрбие беру үшін, ең алдымен, оның мақсаты мен міндеттерін анықтап алу қажет.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы-мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске асады.

Қазіргі заманғы балалардың психикалық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте жетілетіндігін ұмытпау керек.Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы олардың жасына ғана емес, басқа да шарттарға байланысты болады. Соның ішінде олардың шұғылданатын іс-әрекеті мен түрлі қарым-қатынас жасауы ерекше роль атқарады. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы, ең алдымен, оқытудың мазмұны мен методикасына байланысты қалыптасады. Бұған дәлел-қазіргі бастауыш сыныптарда берілетін жаңа, күрделі білім мазмұны оқушыларда теориялық ойлаудың негізін қалыптастырып отырғаны.

Көрнекті совет психологі Л.С.Выготский айтқандай, оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе ,оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуге тиіс.

Психологиялық зерттеулерде үлгермейтін оқушыларда өзін-өзі басқару қабілеті, ойлау әрекеті төмен дәрежеде болатыны байқалған. Оқушының өздігінен оқуы негізінен кітаппен жұмыс істеуге байланысты.Сондықтан оқушыны оқулықпен, оқу құралдарымен, түрлі әдебиеттермен жан-жақты, белсенді жұмыс істеуге үйрету-мұғалімдер мен ата-аналардың міндеті.

Белгілі совет педагогы В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесінің екі программасы болғаны жөн дейді. Бірінші программа-сабақта міндетті түрде берілетін білімдер мен оқу материалдары. Екінші программа-сабақтан тыс оқушының өз ықыласымен, дербес алатын білімдері мен оқитын материалдары. Баланың ой-өрісін, интелектік және рухани байлығын арттыруда екінші программаның маңызы өте зор дейді В.А.Сухомлинский.Екінші программаны меңгерудің ең тиімді жолы-өздігінен кітап оқу.

Жаңа оқу мазмұны оқытудың әдіс-тәсілдеріне жаңа талаптар қояды. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға оқытудың проблемалы сипатта болуы ерекше әсер етеді. Белгілі философ Э.В.Эльенков және ғалым психологтар В.Г.Давыдов, А.М.Матюшкин т.б. оқушыларда диалектикалық ойлауды қалыптастыру үшін оқытудың проблемалық сипатта болуының және оқушылардың білім алуда дербестігін мейлінше арттырудың керектігін баса айтады. Жасөспірімдік шақ-ересектік өмірге үйренуге, дайындық кезеңі ретінде өте маңызды да шешімді кезең. Баланың бойында осы жаста қалыптасатын жеке адамдық, ақыл-ой қасиеттері мен қабілеттерінің көбі бекітіле түсіп, келешекте сақталынып қалатын, тұрақты жеке адамдық ерекшеліктерге айналады.Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдердің болашақта қоғамдық ортада еркін әрекеттенуіне, өз мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыруына, айналадағы адамдармен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға қажетті дағдылар мен қасиеттерді бағыттаған жөн.

Адамның психологиялық тұрақтылығы-жеке адамның ең маңызды сипаттамаларының бірі.Тұрақтылықтың негізгі көрсеткіші-өзіне-өзі сенімділік сезімі. Адамның «Мені» оның жүріс-тұрысының дұрыстығын растайтын болса, онда сол өзіне сенімділік ретінде көрінетін өзін-өзі сыйлау сезімін сезіндіреді.

К.К.Платонов сенімділікті «тәжірибеге, ең алдымен, білімге негізделетін күмәннің болмау сезімі»-деп анықтаған.

Біздің ойымызша, өзіне-өзі сенімділік адамның тек кәсіптік әрекетінде ғана емес, күнделікті өмірдің барлық салаларында қажет.Өзіне-өзі сенімділік адамның алдына қойған талаптарды шешудегі өз мүмкіншіліктерін сезінудің нәтижесі. Өзіне-өзі сенімділік сезімін тәрбиелеудің негізгі мәні-адам бойындағы мүмкіншіліктеріне сай ішкі нұсқаулар мен оларға сәйкес ұмтылыстарды қалыптастыру. Олар қабілетті дамытуға, адамның жеке тұлғасының барлық негізгі құрылымдарын, эмоционалдық ортасын ашуға және жетілдіруге зор әсерін тигізеді. Себебі белгілі бір эмоциялар адамның іс-әрекетіне итермелеуші, ал басқалары тежеуші қызметін атқарады. Сенімділік адамның еркін әрекеттенуіне қолайлы эмоциялардың тууына себепші болады.

Оқушылардың ізденіс, зерттеу қызығушылықтарын төмендетіп, олардың ой бейнесі мен жүріс-тұрыс стилін қалыптастыратын қазіргі кезеңнің тәрбие кемшіліктері мектеп түлектерінде өзіне-өзі сенбеушілік. Ал өзіне-өзі сенімділік ең алдымен өз тәжірибиесіне сенуді талап етеді. Өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін толық ашып, өзін-өзі көрсетуде кездесетін қиындықтар ұялшақтық, ыңғайсыздық, қарым-қатынаста абыржу немесе керісінше, әдейіленген дөрекі мінез-құлық сияқты қарапайым құбылыстардан басталады. Осыған орай, қазіргі білім беру жүйесін біздің ойымызша, оқушылардың өзін-өзі өзгертуге қажеттілігі мен қызығушылықтарын дамытуға бағыттаған жөн. Мұның мынадай екі маңызды себебін көрсетуге болады: біріншіден, оқушының өзін-өзі өзгертуге қызығушылығы бар субъектіге айналуы, оның алдағы уақытта өз іс-әрекетін өздігінен құрастыруға, өзгертіп, дамытуға қабілетті маман иесі болуына ықпал етеді, екіншіден, Л.С.Выготский атап көрсеткеніндей, жасөспірімдердің негізгі психологиялық жаңа түзілісі болып табылады.Л.С.Выготский қызығушылықты «жасөспірімнің психологиялық дамуының кілті» деп атады. Сонымен, жасөспірімдердің сырттан және өз тарапынан жасалатын барлық ықпал-әсерлердің тиімділігін арттыру үшін олардың ішкі мотивациялық дүниесін жеткілікті деңгейде қалыптастыру қажет. Оның өзі танымдық ортаны дамытумен қатар жүреді.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің ақыл-ойының даму жолдарын зерттеуге мынадай ғалымдар үлестерін қосты.



С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.А.Петровский, Р.Кулен, В.Пекилис, М.Мұқанов, Әл-Фараби, Ш.Әлжанов, Ж.Аймауытов, Л.Датт, Пиаже, М.Парлоф, Д.Б.Богоявленский, Э.Шпрангер, Р.С.Немов, В.С.Мерлин, В.А.Крутецкий, Г.С.Абрамова, П.Я.Гальперин, Р.Уэйсон, В.В.Давыдов

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде жан құбылысының әр түрлі көріністеріне қысқаша сипаттама береді. Мысалы, «қиял-адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады.

Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ой ойлауға материал жинастырады, түйсікпен екеуі адам ойлауының терең, жан-жақты, орамды болуына жәрдем береді.

Ғұлама адамның тану процестері екі басқыштан тұратындығын айтады. Оның біріншісі-сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес процестері жатады. Ұлы ойшылдың еңбектерінде жеткіншектер психикасының қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде де пікірлер көп.Баланың өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады деген.

Виктор Пекилис өзінің «Тәубеге келу»-атты еңбегінде былай деп жазған. «Менің зерделілік қасиетімнің бір белгісі-еске алғыштығым. Өзімнің еске түсіргіштігіме сенсем ғана жадымда сақтай аламын, қағазға түссе сақталады ғой деп сенсем болды-есімнен шығып кетеді, енді қайтіп не жазғанымды жадыма түсіре алмай қоямын».

Эдгар По «Егер бірдеңені тез ұмытқыңыз келсе, соны жаза салыңыз» деп тауып айтқан сияқты.Ой еңбегі адамдары осы ақылды қолданса жақсы болар еді, өйткені қазіргі көл-көсір ақпарат «мұхиты» жадымыздағыны «шайып» кетуі мүмкін, соның үшін қажеті шамалы нәрселерді ұмыта алатын болуымыз керек деген.

Жүсіпбек Аймауытовтың психология саласында жазған төл еңбегі «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (Мәскеу 1926) ерекше назар аудартады. Мұнда автор ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы жеткіншектер мен жасөспірімдердің мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген.

Зерттеудің басты мақсаты жеткіншектер мен жасөспірімдерге мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу. Автор мамандықтың жаманы жоқ, мұның кез келгеніне икемдік қажет, бұл жай күнелтудің жолы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлікті қажет ететінін айтады.

Қазіргі психология ғылымында адамның жеке тұлғасын қалыптастыруға арналған көптеген психологиялық-әлеуметтік жаттықтырулар/тренингтер/ жинақталған. Олар адамның творчестволық қарым-қатынастық, іскерлік қабілеттерін дамытуға байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Сондай психологиялық жаттықтыруларды қазақ мектептері практикасында қолданудың маңызы зор. Психологиялық ойындар мен жаттықтырулар, әсіресе, жасөспірімдермен жүргізілетін оқу-тәрбиелік әрекет те аса тиімді.

Өз тәжірибеме сүйенсем, орта буында төмендегідей баланың қиялын, елесін шарықтатып, есте сақтау қабілетінің дамып, ақыл ойының дамуын жоғарылататын бірнеше ойын жаттығуларын ұсынамын.

«ҚИЯЛШЫЛДАР» Ойынға бірнеше адам қатыса алады. Әр ойыншы кезекпен таңқаларлық оқиғалар айтады. Кім осындай бес оқиға айтса, сол жеңіске жетеді. Бірақ тыңдаушылар әрқайсына «мүмкін емес» деп таңқалатындай болуы керек. \ Мәселен: ............................................................................................................................\

«ОЙНАЙЫҚ ТА , ОЙЛАЙЫҚ»

өздік

ойыл уық



ай ерік


уат ел

үйке


Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған. Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қою.

«ҚҰПИЯ СӨЗ»

Е З К Д С М Ң Б Н

І Т Ө


Тапсырма: Құпия сөзді шешсеңдер, еңбекке қатысты мақал оқисыңдар.

Міне, осындай жаттығуларды орындаған баланың ақыл ойының жетілері сөзсіз.



Қазіргі шығарылып жатқан ұлттық оқыту-тәрбиелеу тұжырымдамалары мен бағдарламалары, психологиялық және ғылымдағы жүйелілік, тұтастық тұрғыдағы жан-жақтылық еліміздің білім ордасынан шығатын түлектердің болашағын жақсартуда жүйелі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет