Жазбаша қосу және азайту. 2-сынып,математика қазақша ашық сабақ



Дата28.01.2018
өлшемі22,7 Kb.
#34727
Жазбаша қосу және азайту. 2-сынып,математика қазақша ашық сабақ

Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту Мақсаттары: Білімділік: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту. Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ. Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері, тест. Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану. Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушыларды сабаққа бағыттау. - Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Психологиялық дайындық Амансың ба, күн! Амансың ба, дос! Амансың ба, шеңбер әнге қос! Амансың ба, ғасыр! Амансың ба, әлем! Баршаға амандық сәлем! ІІ. Кіріспе Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз. «Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз. Ендеше, «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңдер! ІІІ. Жаңа сабақ №1 Ондық бірлік 2 7 2 7 + 3 6 3 6 6 3 №2 Ондық бірлік 6 3 6 3 - 2 7 2 7 3 6 «Мыс қақпа» тапсырмасы 25 62 38 77 36 84 + - + - + - 37 37 39 39 48 36 Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады. Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып, Математика қызықты тоймайтұғын. «Темір қақпа» тапсырмасы Ұзындықтары 5 см, 7 см, 4 см, 6 см кесінділер сыз. Осы кесінділердің қайсыларының айырмасы 2 см болады? Қайсыларының қосындысы 1 дм 1 см болады? Тексер. АВ == 5 см 1 дм, 1 см == ………… ДС == 7 см 2 см == …………. ЕК == 4 см МО == 6 см «Темір қақпа» ашылады. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік Жеткізеді сендерді Математика сырына. Сергіту сәті Оқушылар аналар мерекесіне арнап ән айтады. 2 – 3 оқушы тақпақ айтады. «Күміс қақпа» тапсырмасы А) Ш: Домбыра тартты – 3 Ә) Ән салды -7 Ән салды – 7 Б) Би биледі – 6 Би биледі – 6 Ш: 3+7+6==16 Ш: 7+6==13 Ж: Барлығы – 16 адам Ж: Барлығы – 13немере «Күміс қақпа» ашылады. Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан Математикаға орын берсең басыңнан. Барлық ғылым саған үйір болады Досың болар табылатын қасыңнан. «Алтын қақпа» тапсырмасы «Ойлан, тап!» А) 7+6==13 және 2+3==5 теңдіктерін пайдаоанып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады? Осындай қосынды жаз. 73 37 36 + + + 26 52 27 Ә) 13-7==6 және 5-2==3 теңдіктерін пайдаланып, қандай екі таңбалы санмен азайту амалын орындауға болады? Осындай айырма жаз. 72 72 - - 65 62 «Алтын сандық» тапсырмасы Шығармашылық есеп. 5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған. 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болады? «Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады. Жалынды жастық желкені, Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз! Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше білімді болуға тырысайық! ІҮ. Жаңа сабақты бекіту Тест 1. 25 а) 43 ә) 41 б) 42 + 18 2. 43 а) 26 ә) 25 б) 27 + 18 3. 40 та неше ондық бар? а) 3 онд ә) 6 онд б) 4 онд 4. 56 да неше ондық, неше бірлік бар? а) 6 онд 5 бірл ә) 5 онд 6 бірл б) 5 онд 5 бірл 5. Таба нан – 8, тоқаш – 12, барлығы – ? а) 18 ә) 19 б) 20 Ү. Қорытындылау, оқушыларды бағалау - Көктемде алғашқы шығатын гүлдерді атаңдар. - Бәйшешек, жауқазын, сарғалдақ. Ендеше балаларды төмендегіше бағалаймын. «5» – жауқазын «4» – бәйшешек Бәрекелді, балалар! Бәріңе бестік баға бар. Азамат боп өсіңдер Ел қадірін бағалар. ҮІ. Үйге тапсырма 25 73 39 53 + - + - 48 48 17 17 Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Математика 2 – сынып «Атамұра» 2009. Бастауыш мектеп 2008. 03 Бастауыш мектеп 2008. 09 
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет