«жеке тектік қҰжаттар»



Дата31.12.2019
өлшемі27,52 Kb.
#54607
« ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАР»
Қазіргі уақытта қоғамда қазақ халқының тарихына, оның ертедегі және кейінгі өткен белестеріне деген терең қызығушылық, Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекеттер қатарында өзінің орын алуына, әлемдегі дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік әперген қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына, ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан жеке тұлғалардың өмірін зерттеуге деген қызығушылықты да арттырып отыр.

Қазақстан Республикасы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес Ұлттық архив қорының жасақтау көзінің бірі жеке тектік құжаттар болып табылады.

Жеке тектік қорлар бір адамның өмірі мен қызметін жан-жақты бейнелейтін құжаттардан құралады. Бұл құжаттар, республика өмірінің әр кезеңінен хабарларды беріп қана қоймай, сол уақыттағы нақты оқиғалардың мәнін ашады. Қор жасаушылар өздерінің жеке қорын бірнеше жылдар бойы құрастырғанда, тек қызметтеріне қатысты құжаттарды ғана емес, сонымен бірге өз шығармашылығында пайдаланған, Қазақстанның және басқа елдердің тарихтарына қатысты басқа да қызықты құжаттарды жинақтайды. Осылардың кейбіреулері ешқашан жарияланбаған құжаттар болуы мүмкін. Бұл қорлар мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың мұрағаттық қорларын ерекше және едәуір мазмұнды ақпаратпен толтырылады . Қазақстанның қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдерінен, соның ішінде әдебиеті мен өнерінен, мәдениетінен мағлұмат беретін жеке тектік құжаттарды – халықтың баға жетпес рухани қазынасы деп айтуымызға болады. Осындай қазыналарды болашақ ұрпақтардың игілігіне айналдыру біздің мақсатымыз.

Қор құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу - оның дәл есепке алынуын және ғылыми-тәжірибелік мақсатта қолданылуын қамтамасыз етеді.

Жеке тектік қор құраушылардың құжаттары негізінен биографиялық құжаттардан, қызметтік, қоғамдық және шығармашылық құжаттардан қалыптасады. Қор жасаушының съездер, симпозиумдар, конференциялар жұмыстарына қатысқаны туралы құжаттарды сипаттағанда олардың өткізілгені уақыты мен құжаттардың түрлерінен тұрады. Қор жасаушының КСРО Жоғары Кеңесіне, Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне, жергілікті Халық депутаттары кеңесіне депутат кеңесіне депутат ретінде, әр түрлі қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысқанына аса ерекше мән беріледі.

Сонымен қатар, жеке тектік қор құраушылардың өмірін, оның қоғамдағы орнын, тарихымен оның ғылыми тұрғыдан қарағанда құндылығын, мазмұнының маңыздылығын, сирек кездесетіндігін, түпнұсқалығына және т.б.жақтарына мән беру керек.

Жеке қордың негізін мынадай құжаттар құрайды: Қор иесінің шығармашылық құжаттары (қолжазбалары), хат алмасулары, өмірбаяндық құжаттары, қолтаңбамен сыйға берілген құжаттары, жинақтаған құжаттары, мүліктік-шаруашылық және тұрмыстық сипаттағы құжаттары, фотоқұжаттары және отбасы мүшелеріне қатысты құжаттары .

Жеке қорды жасаушылар әр түрлі кәсіппен айналысқан адамдар. Олардың өмір жолдары кез-келген адам біле бермейтін, тарихтың бір парағы. Бұл парақтар жеке адамның өмірі мен қызметі барысында жеке тұлға болып қалыптасуы жолында жинақталған құжаттардың түпдеректері болып келеді. Ал ол құжаттар әр қоғамның дамуынан сыр шертетін тарихымыздың бір бөлігі болып табылады.

Архив қызметкерлерінің басты міндеті - жеке тектік қор иелері құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға өткізгеннен кейін құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Болашақ ұрпаққа елімізге, республикаға, облысымызға еңбегі сіңген аға-апкелеріміздің өшпес өнегелерін таныстырып, жеткізу біздің басты міндетіміз.

Казір біздің архивте 135 қор, 25628 іс бар. Сонымен қатар Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Әбдікеримов Қанаділ ағаның жеке қор құжаттыры сақталуда. Жеке адамдардың құжаттары мемлекеттік органдардың құжаттарына қарағанда, өткен кезеңнің сырын, жай-жапсарын тереңірек, айқынырақ көрсететін сияқты.

Казір іргелі мекеменің бірі болып отырған архивтің облыс өміріндегі алатын орны айырқша десек, асыра айтқандық емес. Көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар архив ісіне белсене араласып, оған мән бере қараса, архив мекемелермен тығыз байланыс жасап тұрса, одан пайда көрмесе, ұтылмасы мәлім.

«Алматы облысының мемлекеттік архиві»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Райымбек филиалының директоры

У.Солтангазиева
«Райымбек газет» № 14(80) басылым 22.04. 2017ж.

Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу.
Қазақстан Республикасы Президенті 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Тәуелсіз Қазақстанда алғаш болып қабылданған заңдардың бірі 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Биылғы 31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы дата. Бұл жылы ашаршылық оқиғаларының болғандығына 80 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 75 жыл толып отыр.

1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

2004 жылы (8 басылым), 2011 жылдары (9 басылым) Арыс баспасынан «Азалы кітап» жарық көрді. Бұл кітапта Алматы облысы бойынша сол нәубат жылдары жапа шеккен боздақтардың тізімі берілген. Кітапқа біздің Нарынқол, Кегендік жерлестеріміздің де есімдері енген. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, солақай саясаттың құрбандарын атап өтпекпіз. Олар:

Айдаров Амирбек – 1906 жылы нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы. 31.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД уштігімен айыпталды. 09.07.1967 жылы Алматы облыстық сотының анықтамасымен ақталған.

Айнакулов Иса – 1889 жылы Нарынқол ауданы Какпак ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. «Динамо» колхозында колхозшы. 07.03.1942 жылы НКВД СССР ерекше айыптау кеңесінің, УК РСФСР к ВМН 19-58-8, 10, 11 ст. бойынша айыпталды.22.08.1958 жылы Алматы облыстық сотының қаулысымен ақталған.

Айнакулов Омиртай – 1898 жылы Нарынқол ауданы Какпак ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. «Динамо» колхозында колхозшы. 07.03.1942 жылы НКВД СССР ерекше айыптау кеңесінің, УК РСФСР к ВМН 19-58-8, 10, 11 ст. бойынша айыпталды.22.08.1958 жылы Алматы облыстық сотының қаулысымен ақталған.

Айнакулов Дигарбек – 1877 жылы Нарынқол ауданы Какпак ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. «Динамо» колхозында қойшы. 07.03.1942 жылы НКВД СССР ерекше айыптау кеңесінің, УК РСФСР к ВМН 19-58-8, 10, 11 ст. бойынша айыпталды.22.08.1958 жылы Алматы облыстық сотының қаулысымен ақталған.

Акчайбеков Наби – 1900 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы.02.09.1938 жылы НКВД СССР ерекше айыптау кеңесінің, УК РСФСР 58-2 ст. бойынша атылды. Каз.ССР Прокуратурасының қортындысы бойынша 30.09.1990 жылы ақталған.

Алексенко Антон Васильевич – 1913 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты украйын. Колхозшы. 04.09.1937 жылы Алматы облысының УНКВД уштігімен айыпталды. 08.04.1960 жылы Алматы облыстық сотының қортындысымен ақталған.

Алимбеков Каимсултан – 1893 жылы Нарынқол ауданы Есек-Аткан ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. «Ленин» атындаға колхозда колхозшы. 02.09.1938 жылы НКВД мен СССР Прокуратурасының комиссиясымен айыпталған. 29.06.1959 жылы ВС Каз ССР –ның анықтамасымен ақталған.

Аманжолов Иса – 1902 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Комиссар эскадрона 48-го казакского горно- кавалерского полка. 09.03.1938 жылы ВКВС СССР қаулысымен айыпталған. 13.03.1958 жылы ВКВС СССР ақталған.

Анарбеков Батыжан – 1893 жылы Нарынқол ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. СНК уполномзаг. 14.10.1938 жылы Алматы облысының УНКВД уштігімен айыпталды. 14.10.1958 жылы ВТ ТуркВО (Туркістанның әскери округінің, әскери трибуналы) ақталған.

Арынбаев-Байпаков Чолан – 1894 жылы Нарынқол ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қытайда тұрған. 15.09.1938 жылы сотталды. 22.12.1938 жылы атылды. 03.12.1998 жылы КР Жоғарғы әскери прокуратурасының қортындысымен ақталған.

Асылбеков Рахимбай – 1898 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы.13.12.1938 жылы УНКВД үштігімен айыпталған. 28.03.1958 жылы Алматы облыстық сотының қаулысымен ақталған.

Байпаков Джетпысбай – 1975 жылы Кеген ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. «Сталин» атындағы колхозда үста. 15.02.1938 жылы УНКВД үштігімен айыпталған. 11.05.1989 жылы Алматы облысының прокуратурасымен ақталған.

Байпаков Манап – 1894 жылы Нарынқол ауданы «Курамыс» атындағы колхозда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Алматы облысының дайындау конторының басшысы. 07.03.1938 жылы ВКВС СССР қаулысымен айыпталған. 27.05.1958 жылы ВКВС СССР қаулысымен ақталған.

Байпаков Акче – 1897 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Малшы.10.12.1937 жылы УНКВД үштігімен айыпталып. 10.12.1937 жылы УК РСФСР к ВМН ст. 58-10,11 атылған.

Бактияров Сарбас – 1874 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Молда. 14.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 14.04.1989 жылы Алматы облысының прокуратурасымен ақталды.

Батешев Дуйсек – 1889 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Күзетші. 15.02.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 15.02.1938 жылы РСФСР к ВМН ст. 58-10 атылған. 15.05.1989 жылы Алматы облысының прокуратурасының қортындысымен ақталған.

Бахтыбаев Абдукаш – 1887 жылы Нарынқол ауданы «Мирзоян» ат.колхозда дүниеге келген. Ұлты қазақ. 21.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 16.01.1959 жылы Алматы облысының сотымен ақталды.

Беласаров Мухаметгалий – 1900 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Алматы қаласында турған. Алматы облсотында топ басшысы. 15.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды.06.04.1957 жылы Алматы облсотының анықтамасымен ақталды.

Белобородов Яков Анисимович – 1881 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Уйғыр ауданы Подгорный ауылында турған. Ұлты орыс. Колхозшы. 05.10.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 28.10.1960 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Бельгибаев Малке – 1888 жылы Нарынқол ауданныда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы. 02.09.1938 жылы НКВД комиссиясымен айыпталған. 25.12.1959 жылы КазССР СК по УД ВС анықтамасымен ақталды.

Бердавлетов Сатимбай – 1895 жылы Алматы облысы Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Көктал ауылында тұрған, аудандық жер бөлімінде бастық. 31.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталып 58 статья бойынша атылған. 13.10.1958 жылы Талдықорған облсотымен ақталды.

Бозымбаев Макабай – 1888 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Диханшы. 15.02.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 28.03.1958 жылы Алматы облысының облсотымен ақталды.

Болабеков Нурбек – 1896 жылы Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Аудандық білім басқармасының бастығы. 25.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 31.01.1958 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Важнин Евфграф Матвеевич – 1896 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұлты орыс. Қызметкер.07.04.1933 жылы 58-7 ст. атылған.27.09.1994 жылы КР Бас прокуроырының қортынысымен ақталды.

Вяткин Иван Антонович -1866 жылы Кеген ауданы Джаланаш ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс. Диханшы. 27.01.1921 жылы атылған. 27.03.1998 жылы КР Бас прокуронының қортындысымен ақталды.

Глебов Георгий Александрович – 1905 жылы Джаланаш ауылында дүниеге келген. 29.03.1932 атылған. 31.10.1990 жылы КазССР прокурорының қортындысы бойынша ақталды.

Грибановский Георгий Петрович – 1909 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс. Байланыс торабында қызметкер. 03.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 15.11.1963 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Грибановский Георгий Петрович – 1890 жылы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келген.Ұлты орыс. Кетмен аулында байланыс торабының бастығы. 03.02.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 04.04.1989 жылы ТКО прокурорының қортындысымен ақталды.

Далибаев Джунуспай – 1899 жылы Алматы облысы Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Сарыжаз ауылында заготовщик. 31.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 24.08.1957 жылы Алматы облсотының қаулысымен ақталды.

Дауылбаев Канапия - 1887 жылы Нарынқол аулында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Шаруа. 21.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталып, атылған. 05,10,1957 жылы Алматы облсотының анықтамасымен ақталды.

Дауылбаеы Канат – 1887 жылы Нарынқол аулында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Жұмыс орны белгісіз. 21.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды . 12.10.1957 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Деев Николай Алексанрович – 1899 жығы. Ұлты қазақ. Нарынқол ауылында старатель золтоприисков. 18.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 27.11.1959 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Десятков Гавриил Егорович – 1909 жылғы. Ұлты орыс.Колхозшы. 03.11.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 25.03.1960 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Десятков Михаил Михайлович – 1895 жылғы. Ұлты орыс.Диханшы. 03.02.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 06.06 1959 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Джасыбаев Аскерей - 1889 жылғы. Ұлты қазақ. Нарынқол ауылында колхозшы. 15.02.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды.14.02. 1958 жылы Алматы облсотының қаулысымен ақталды.

Джиенбаев Жумабай – 1882 жылы Нарынқол аулы Какпак ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы. 07.03.1942 жылы НКВД СССР 58-8 ст, 10,11 т. бойынша айыпталды. 22.08.1958 жылы Алматы облсотының қаулысымен ақталды.

Дукембаев Байдала – 1898 жылы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Кеген райисполкомда председательдың орынбасары. 04.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 11.04. 1958 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Калугин Александр Александрович – 1883 жылыКеген ауданында дүниеге келген. Ұлты орыс. Жұмыскер. 07.04.1933 жылы жазаланып атылған. 24.09.1994 жылы КР Бас прокурорының қортындысымен ақталды.

Камеков (Конеков) Келеке – 1880 жылғы. Ұлты қазақ Нарынқол ауылыда жұмыс орны белгісіз. 10.12.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 25.05. 1957 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Койчибеков Алдаберген – 1885 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Шаруа. 31.12.1937 жылы айыпталып атылған. 13.06.1958 жылы Алматы облсотымен ақталған.

Конкожаев Кокой - 1899 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Үлты қазақ. Жүргізуші. 15.02.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталып. 20.03.1938 жылы атылды. 06.10.1959 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Кошаганов Утеген – 1896 жылы Кеген ауданында дүниеге келген.Ұлты қазақ. Күзетші. 15.02.1938 жылы айыпталып атылған. 10.05.1989 жылы КазССР прокуратурасының анықтамасымен ақталды.

Малаев Бейсембай – 1886 жылы Тегісітік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Колхозшы. 07.03.1942 жылы айыпталып атылған. 22.0.81958 жылы Алматы облсотымен ақталды.

Манкеев Курман –Али - 1908 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Әскери қызметкер. 31.01.1943 жылы айыпталып, 01.0.2.1943 жылы атылды. 28.08.1997 жылы КР Бас прокурорының қортындысы бойынша ақталды.

Машко Николай Алексеевич – 1868 жылы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 30.01.1921 жылы айыпталып атылған. 10.0.41997 жылы КР Бас прокурорының анықтамасымен ақталған.

Медведев Петр Иванович – 1889 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс. Байланыс торабының бастығы. 22.0.51921 жылы айыпталып атылған. 20.09.1990 жылы Талдықорған облсотымен ақталды.

Мужиков Ешен – 1907 жылғы. Ұлты қазақ. Нарынқол ауданында инспектор. 14.09.1938 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 28.04.1989 жылы Алматы облысы прокурорымен ақталды.

Мысаев Биузак - 1896 жылғы. Ұлты қазақ. Нарынқол ауданында диханшы. 10.10.1937 жылы Алматы облысының УНКВД үштігімен айыпталды. 13.06.1958 жылы Алматы облсотының қаулысымен ақталды.

Рахимбаев Саудан - 1913 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Табельщик. 14.10.1938 жылы айыпталып. 20.10.1938 жылы атылған. 08.0.41960 жылы Алматы облсотының анықтамасымен ақталды.

Саурамбаев Тургумбек - 1906 жылы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Сатушы. 15.02.1938 жылы айыпталып, 20.0.31938 жылы атылған. 12.05.1989 жыл КазССР прокурорының қортындысымен ақталды.

Усембаев Тастамбай – 1899 жылғы. Ұлты қазақ. Нарықол ауылында қызметкер. 14.10.1938 жылы айыпталып, 05.11.1938 жылы атылған. 12.06.1958 жылы ВТ ТуркВО анықтамасымен ақталды.

Шакантаев Байдибек - 1897 жылы Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Әскери қызметкер. 05.03.1943 жылы айыпталып атылған. 15.10.1999 жылы КР ӘБП анықтамасымен ақталды.

Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, «Өз тарихымызды білмей, біз үшін болашақ жоқ»- деп ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

Солтангазиева Улжалгас Сахариевна

«Алматы облысының мемлекеттік архиві»

КММ Райымбек филиалының директоры
«Райымбек» газеті № 19(85) басылым 27.05. 2017ж.
«Латын әліпбиіне көшу өркениетке бағытталғын қадам»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Енді міне Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығыда жарыққа шықты.

Елбасымыздың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 10 міндетің ішіндегі Жетінші міндетінде Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасауды аттап өтті.

Алматы облысының мемлекеттік архивінің бастамасымен кәзіргі таңда «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Райымбек филиалы 4 жобамен жұмыс атқаруда,

« Архивтер сөйлейді», «Тарихи тұлға», «Тарих шежіресі», «Электронды архив». Осы жобалардың бірі «Архивтер сөйлейді» жобасы аясында Алматы облысы бойынша архив мекемелерінде латын әліпбиімен жазылған 1928-1941 жылдар аралығындағы құжаттар бар, соның ішінде «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлкеттік мекемесі Райымбек филиалында 1936-1939 жылдардағы 4 қор, 69 іс, 6649 парақ сақталуда.

Жазуымыздың көне тарихына көз жүгіртсек, VI-VII ғасырларда пайда болған Көк түріктің жазуы адамзаттың ең көне жазудың типі еді. V-XV ғасырларда түркі тілі Евразиядағы қарым қатынас тілі болды. Мысалы Алтын Орда мемлекетінде ресми жазбалар мен дипломатиялық құжаттар негізінен түрік тілінде жүргізілді.

Х ғасырдан бастап ХХ ғасырға дейін яғни, 900 жыл бойы Қазақстан территориясында араб графикасы қолданып келді. Ол терреторияны мекендеген тайпалардың ислам дінін қабалдауымен тығыз байланыста болды.

ХХ ғасырдың басындағы түрік халықтарына Батыстың ықпалы арта түсті, Батыс елдерінің мәдениетімен таныстығы артты. Түрік халықтарының ішінде ең бірінші Түрік және Әзірбайжан латын әліпбиіне өтті.

1917 жылы Қазан революциясы орнаған соң Жаңа совет үкіметінің идеологтары, әсіресе В.И.Ленин мен Л.Троцкий бүкіләлемдік революцияның орнату үшін латиницаға өтуін дұрыс көрді. А.Луначарский орыс тілін латиницаға көшіру жобасын жасады. Бірақ бұл жоба орыс славян тілінің жанашыры орыс ғалымдары, интеллигенция өкілдерінің қарсы шығуымен бірге, Сталин жолдастың саяси шешімімен жүзеге аспай қалды.

Осы тұста 1926 ж Баку қаласында Түркі тілінің мамандары, түрколог ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосқан конгресс болып өтті. Қазақстаннан конгреске Ахмет Байтұрсынұлы, Нәзір Төреқұлов, Телжан Шонанұлы қатысты. Конгресте «Біртұтас түрік алфавиті» жобасы талқыланды. Татарстанның ғалымы Ғалымжан Шараф пен Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасы яғни қолданыста жүрген «төте жазу» жобасын жақтады, себебі Татарстан мен Қазақстанда араб жазуы халық арасында кеңінен қолданысқа енгізілген болатын.

Оларға қарсы публист, дипломат, қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комиссияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады. «Түрік алфавитін латиницаға көшіру», «Латын алфавитінің КСРО-ның түркі тілдес халықтар арасындағы таралу туралы» мақалаларында араб жазуының не типографияға, не жазу машинкасына ыңғайлы еместігін қадап тұрып айтты және елді бірден латын жазуына көшірмейміз, екі жазу да параллель жүре береді, латын жазуын ең бірінші Комсомолдар мен мұғалімдер оқып үйренеді - деді.

«Арабшылар» мен жаңа латын жазуына көшейік деуші «латыншылар» арасындағы қызу пікірталастар сол кездегі Қазақ елінің астанасы Қызылорда қаласында жүрді.

Ақыры 14.12.1928 жылы Қазақстан орталық атқару комитетінің IV сессиясында 29 таңбаға негізделген Қазақ латын алфавитін қабылдады. Сол кездегі СССР басшылығының, комунистік партияның саяси көзқарасына сәйкес тек қазақ емес башқұрт, құмық, қарашай, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, якут сияқты Түркі халықтарын латын жазуына көшіру ұйғарылды. Сол себепті 7 август 1929 ж СССР Орталық атқару комитеті Президиумы және Халық комиссарлар кеңесі «Біртұтас түрік алфавитін» қабылдау туралы қаулы қабылдады.

Бірақ 30 жылдардың соңында Сталин жаппай қуғын сүргін саясатын жүргізгенін білеміз. Латын әліпбиін енгізуге қатысқан қазақ зиялылары пантүркист, панисламист, шпион, контрреволюционер, троцкист деп айыпталды. Сталин енді бүкіл елді орыстандыру саясатына басымдылық берді. 1938 жылы Орталық комитетінің «Ұлттық республикалар мен облыстарды орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қаулысы осыған дәлел.

1940 жылы 10 қарашада Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 5- ші сессиясында кириллица графикасы негізіндегі Қазақ алфавиті қабылданды, оны белгілі түрколог, профессор Сәрсен Аманжолов жасады. Қәзіргі кезге дейін пайдаланып келе жатрмыз.

Көп жылдардан соң біз тағы да қайта айналып Латын графикасын қабылдадық. Президент Н.Назарбаев айтқандай: Біз латынға өтпейміз, біз латынға ораламыз. Бұл сөздер тарихи шындық. Лингвист ғалымдардың айтуынша идеальный алфавит деген нәрсе жоқ, барлық тілдер уақыт өте келе фонетикалық өзгерістерге ұшырайды, тілдік коды оптимизацияға ұшырайды, халықаралық терминдермен толыға түседі.

Қорытынды ретінде, Қазақстанда 20-ншы жылдары латын жазуын енгізуге еңбек сіңірген Нәзір Төреқұловтың сөзімен бітіргіміз келеді.

«Бір орында жалпайып қозғалмай отыра берген бала жүруді үйрене ала ма? Осы сөзге қарсы келушілер де бар ма? Жақын келешек біздің бұл жолымыздың дұрыстығын көрсетеді» - деп айтқан еді Нәзір Төреқұлов.



Солтангазиева Улжалгас Сахариқызы

«Алматы облысының мемлекеттік архиві»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Райымбек филиалының директоры
«Хантәңірі» газеті № 10(8002) басылым 02.02. 2018ж.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл

Елбасы заң үстемдігін адамның меншік құқығымен,кәсіпкерлік қызметімен,түптеп келгенде мемлекеттің экономикалық дамуымен тікелей байланыстырып отыр. Өйткені адамның конституциялық құқықтарының ішінде адам үшін ең маңыздысы ол жеке меншік құқығы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабының 3-ші тармағы,26 баптың 1-3 тармақтары) және соған негізделген әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігі (26-шы баптың 4-ші тармағы). Бұл құқықтардың қазақстандық құқықтық жүйеге ғана емес,кез келген басқа елдердегі құқықтық жүйелерге де маңыздылығы - адамның бостандығы, оның межесі ретінде адамның құқығы, тек қана адам өндіріс құралдарына меншіктену құқығы болғанда ғана (тіпті ол меншік сол адамның жұмыс күшіне ғана болса да) орын алып жүзеге асырылады.

Конституциялық құндылықтар, Ата заңымыздың идеялары мен ережелері Республика Президентінің саяси-құқықтық шешімдерінде-мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында,бірінші кезекте, «Қазақстан -2030» статегиясында және оны іске асыру мақсатында қабылданған «Қазақстан-2050» статегиясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында,Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында (1996 жыл) Ел бірлігі доктринасында (2010 жыл) және басқада бірқатар тұжырымдамаларда және мемлекеттік бағдарламаларда кешенді түрде іске асырылады.Республика Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» Ұлттық патриоттық идеясы Конституциясының Кіріспесінде және «Жалпы Ережелер» деп аталатын 1 Бөлімінде бекітілген құндылықтар мен идеяларды байытып,дамыта түсетін тағдыршешті идея болып табылады. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары органдарының актілері қабылдануда, оларды іске асыру қоғамның және конституциялықтың және конституциялық заңдылық режимінің ұйымдастырушылық -құқықтық,экономикалық, идеологиялық, қаржылық, материалдық және басқада компоненттерін нығайту бойынша бүкіл мемлекеттік аппараттың күштерін жұмылдыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жиырма жыл тиімді жұмыс істеуі конституциялық бақылау институтының таңдап алынған үлгісінің дұрыстығын растады. Сонымен бірге қоғамның және мемлекеттің құрылымдық өзгерістерінің маңызды реттеушісі ретінде Конституцияның рөлін күшейте отырып,кониституциялық бақылауды жүзеге асыру бойынша қызметтің мәні обьективті түрде өсе түсті. Конституциялық Кеңестің құзыреті кеңейтілді («Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-3 Заңы) , заңдарға ( Конституциялық Кеңес туралы, Кониституциялық заң,Қылмыстық,Қылмыстық процестік кодекстер,Азаматтық іс жүргізу кодексі,Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс), сондай-ақ заңнамаға және заң жобалау жұмыстарына мониторинг жүргізу рәсімдерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және Негізгі заңның 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Осы ережелер мен кепілдіктер аталған кодекстердің жаңа редакцияларында да көзделген. Қабылданған ұйымдастырушылық шаралармен қоса ол адамның конституциялық құқықтарының қорғалуы және Конституциялық Кеңестің шешімдері мен ұсынымдарының орындалуы дәрежесін арттыруға ықпал етеді.

Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімдер Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын,ережелерін және нормаларын іске асыруға бағытталған.Конституцияның 1-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасы өзін адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген бөлігінде,Қазақстан мемлекеттің мүмкіншілігіне қарай отырып,өзінің азаматтарына игілікті өмір сүру үшін жағдай жасау және жеке адамның еркін дамуы арқылы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға міндеттеме алатын мемлекет ретінде дамуға ниет танытады дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан тарихында тұнғыш рет 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңды бекітті. Заңда құжаттарды мемлекеттік есебі, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақталуға тапсырылуы басты назарға алынған.

Заң талаптарына сәйкес мұрағат құжаттарының еңселі ғимаратта, кең де, жарық бөлмелерде орналасуы қажет. Алайда , 1997 жылы бұрынғы Нарынқол, Кеген аудандарының құжаттарын біріктіріп , қайта құрылған Райымбек филиалының ғимараты болмады. Бірнеше ғимараттқа көшіп-қонуға тура келді. Құжаттарды тар бөлмелерге орналастырылған сәттерді де бастан кешірдік.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғалы бері Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 245 «Алматы облысындағы мұрағаттардың жұмысы және іс жүргізу жағдайы туралы» қаулысы негізінде Алматы облысындағы мекемелердің мұрағаттармен құжаттама жұмысына үлкен көңіл бөлініп соның нәтижесінде біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы» № 1144 жарлығына сәйкес Алматы облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай филиал мұрағатшысы К.Нүптекеева «Үздік мұрағатшы-2011» байқауының бас жүлдегері атанды. «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Райымбек филиалы 2014 жылы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұлда болса Тәуелсіз Отанымыздың шапағаты деп білеміз. Міне, осынау жайлы да жарық, жаңа ғимарат біздің жұмысымызға бар мүмкіндік туғызып отыр. Екі қабаттан тұратын қазіргі мұрағат ғимараты барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр маманның жұмыс бөлмесі бар. Мемлекет тарапынан жасалынып отырған осындай қамқорлыққа ісімізбен жауап беру үшін еңбектеніп келеміз. Күн сайын түрлі өтініштермен келетін келетін адамдарға өз міндетімізге сай үлгілі қызмет етеміз. Олардың көңілдерінен шығуға тырысамыз. Өйткені, мемлекеттік мұрағат – халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетуга арналған.

Қазіргі таңда филиалдың Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңы негізінде 41 Ұлттық мұрағат қорын толықтыру және әлеуетті толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу,ведомостволық мұрағаттар жұмысы бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Жақын және алыс шет елдер мен Қазақстан,Алматы облысы аумағы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түсетін әлеуметтік-құқықтық/еңбек өтілімін,еңбек ақысын,марапатталағанын,мүліктік құқығын т.б. растайтын/ тақырыптық сұранымдарды, тақырыптық топтамаларды орындайды.

Қазақстан Республикасының таяу кезеңдегі конституциялық дамуының векторлары Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» Ұлттық патриоттық идеясының мән-мазмұнына қарай айқындалады. Оны жүзеге асырудың жолдары президенттік бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру: заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет құру арқылы айқындалған. Соған орай Елбасымыз Н.Назарбаев бес институциональдық 100 нақты қадам бағытын алға тарты. Ұжым болып бұл маңызды құжатты қолдап, қуаттап отырмыз.



Таяу күннен кейін Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл шын мәнінде біздің көңілімізге қуаныш ұялатып, жаңа да жақсы істерге шақырады. Тәуелсіз Отанымыз Мәңгілік Ел болудың көшінде. Елбасымыз алға қойған міндеттердің басты бағыты-дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Еліміз аман, бейбіт те берекелі заман болса, бұл биіктерден де көрінетініміз сөзсіз.

 

Мұрағатшы К.Нүптекеева
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет