Железин жалпы білім беру №2 орта мектебі 5 сынып Тыс сыныптан өткізілген



Дата15.09.2017
өлшемі57,56 Kb.
#32985
Железин жалпы білім беру №2 орта мектебі

5 сынып

Тыс сыныптан өткізілген

интеллектуалдық ойынның тақырыбы

«Сен қазақша білесің бе?»

Дайындаған:Г.Қ.Солтанова

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: "Сен қазақша білесің бе" сайысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, ребустар
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі "С ен қазақша білесің бе?" интепллектуалдық ойынды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайысымыз 9 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)
3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5. Жұмбақ сандық
6. "Жүйрік болсаң, шауып көр"
7. "Тапқыр болсаң, тауып көр"
8. "Мықты болсаң, тауып көр


Сайысқа 5 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)


2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)


3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)


4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)


5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)


6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)


7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)


8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)


10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
Каталог: uploads -> doc -> 01af
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01af -> Аяққапқа ою тігу I. Сабақтың тақырыбы: Аяққапқа ою тігу
01af -> Сабақ тақырыбы: Ризамын,туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет