Жемқорлық түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі23,77 Kb.
#94164
  1   2
Байланысты:
сыбайлас карсы срс


Жемқорлық түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері
Жемқорлық – көп қырлы, күрделі құбылыс. Оның таралуына, дамуына көптеген себептер (детерминаттар) бар және олар мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты. Детерминант латын тілінен аударғанда «анықтаушы» немесе «себепкер» деп аударылады. Қылмыстылықпен күресу тиімді болу үшін ең алдымен сол қылмысты туғызатын , соған себепкер болатын себептерді анықтау керек.
Жалпы алғанда көптеген заң және арнаулы әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықтың себептері ретінде келесі жағдайлар аталады:
1. тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң актілерінің болмауы немесе олардың тиімсіздігі;
2. Сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдардың қызметінің тиімсіздігі;
3. Халықтың құқықтық санасының төмен болуы, ал ол төмен болса сыбайлас жемқорлықтың өсіп өркендеуіне жол береді.
ТМД соның ішінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа әкелетін келесі себептер бар:
1.Сыбайлас жемқорлығының кадрлық базасы реттеушілік шенеуніктер санының өсуі;
2. Көлеңкелі экономиканың кең дамуы және соның нәтижесінде заңсыз үлкен пайда көру;
3. Шенеуніктер аппараты мен бизнес құрылымдары арасындағы кадрлық алмасуының көбеюі;
4. Белгілі бір іс - әрекетке рұқсат етумен байланысты мемлекеттік қызмет сферасының үлкен болуы.
5. Бюрократиялық процедураларының күрделілігі;
Басқа демократиялық елдермен салыстырғанда бюрократиялық аппараттың үлкен мүмкіншіліктерінің болуы, яғни мемлекеттің басқа сфераға қол сұғу мүмкіншіліктерінің көп болуы.
Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д. ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.
XIII ғасырда парақорлық туралы мағұлматтарды орыс халқының шежірелерінде де көптеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған. Оның немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді.
А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді.
1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6 — бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген.
I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді. I Петр парақор, сұғанақтық және бопсалаушыларға ықпал жасаумен мемлекеттік қызмет істерінде тәртіп жүргізуге тырысты. Алайда, қолданған шаралар оң нәтижені бермеді. Парақорлықтың және қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың алдын алу мақсатында, I Петр мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметті өтудің жаңа тәртібін енгізді. Жаңа тәртіпке сәйкес, олар бұл қызметте екі жылдан артық бола алмайды. Егерде қала тұрғындары осы лауазымды тұлға өзінің міндеттерін орындауды жалғастырсын деп жазбаша түрде өтініш жазса, көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
Қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың қауіпті нысаны — парақорлықтың таралғанын ескере отырып, I Петр 1713 жылы 23 тамыздағы Жарлығымен пара алумен қатар, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген. «Осындай ұқсас құбылыстың алдын алу үшін ақша алғандармен, ақша бергендерді аямай қамшымен дүре соғады және әйелдері мен балаларын Азов каторгасына жібереді, және барлық қалаларға, селоларға былай жариялау керек «Кімде-кім осылай алдағы уақытта тағы жасаса, оны аямай, өлім жазасына кеседі» деп Жарлықта жарияланған .
Мемлекеттің билік және басқару органдарының лауазымды тұлғалары қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асырғаны үшін қаталырақ жаза қарастырылған, бұл жаңа Жарлықта көрсетілген. I Петр 1714 жылы 24 желтоқсанда шыққан Жарлыққа қызметін теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асыруға көмектескені үшін және осы қылмыстардың жасалғаны туралы айтпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізген.
Алайда, парақорлық үшін қылмыстық құқықтық санкцияның күшейтілуі және парақорлық жөнінде айтпағаны үшін жауапкершілік туралы норманы енгізуі, мемлекеттік қызметтің жеке түрлерін өтудің өзгеру тәртібі, фискалдық кеңес институтын енгізілуі мемлекеттік органдар қызметінде елеулі өзгерістер берген жоқ. Параны беру және алу жалғастырылды. Тіптен 1713 жылы енгізілген нормативтік акті де өзгертілмеді. Ол акт бойынша пара алған шенеунік туралы айтқан тұлғаға сол адамның жылжитын және жылжымайтын мүлкі берілген, егер оны лайықты азамат жасаса, онда оған сол адамның лауазымы берілген. В.О. Ключевский I Петрдің басқару кезеңін сипаттап, былай деген «I Петр кезеңінде парақорлықпен күрес бұрын болмаған мөлшерге жетті .





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет