Жетелейді бір арман



Дата26.08.2020
өлшемі14,99 Kb.
#77038
Байланысты:
ЖЕТЕЛЕЙДІ БІР АРМАН


ЖЕТЕЛЕЙДІ БІР АРМАН

Кез-келген адамның ойында ойлаған ой-армандары болады. Ойлау барысында, адам баласы әрине өзінің өмірлік кәсібіне байланысты да армандайды, оны жүзеге асыру үшін талпынады. Сол армандайтын кәсіп егелерінің ерекшесі- мұғалім және оның арманы деп ойлаймын. Себебі, мұғалім өзгелер сияқты өзі үшін ғана емес, шәкірттері үшін де тілекші болады.

«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»- демекші, өз карьерамды жасау тұрғысынан кемшіліксіз болды деп айта алмаймын, алайда өз-өзіме көңілім толады. Бірақ әлі де өзімді мәнсап жолында жетілдіргім келеді, жетілдіретініме сенемін де, шәкірттерімнің де жарқын жетістіктерге жетулерін қалаймын.

Әрине, өмір болған соң, кәсіби жолыңда жеңілу де, жеңіс те болады. Бірақ ол жағдайлар менің еңсемді түсірген емес, керісінше, мені моральды тұрғыдан шыңдай түскенін білемін. Мұғалім болған кезімнен бастап, қол жеткізген жетістіктерім аз деп айта алмаймын, себебі менің шәкірттерімнің жетістіктері оған дәлел. Олар әрдайым қарапайым оқу үлгерімі, үлгісі, шығармашылық көрсеткіштерінің жоғары болуы арқылы менің еңбегімнің жемісін көрсетеді.



Осы орайда, мына нәрсеге тоқталып өткім келеді, «мұғалім», «оқытушы», «ұстаз» деген түсінікте үлкен мағына бар екендігін көпшілік жете түсіне бермейді. Сонымен, жаңа өмірге қадам басқан, ұлт болашағы болып табылатын жеткіншектердің болашақта толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей жауапты адамның бірі- ол мұғалім. Үлкен өмір мен кішкентай адамның арасын жалғастырушы «алтын көпір». Оның алтын болу себебі, оның білім алушыға сіңірген еңбегінің шексіздігінде. Мен бұл түсінікті, ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибе үдерісінде қалыптастырдым. Сондықтан мен өз мамандығымды сүйемін және мені осы салада алға жетелейтін жалғыз арман ол- үздік шәкірттердің тәрбиеленуіне ат салыса беруім екендігін білемін және мен осылайша билік ұстар азамат пен азаматшалардың өсуіне үлесімді қосып, елім алдындағы азаматтық міндетімді мүлтіксіз орындап жатырмын деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет