«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі0,59 Mb.
#23652
  1   2
«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«№10 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ






Жезқазған 2012 ж



Адам - мемлекеттің басты капиталы. Елбасы дәстүрлі халыққа Жолдауында адам капиталының маңызын ерекше атап өтеді. Халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік тұрғыда толыққанды қамтылуы - мемлекет үшін маңызды мәселе. Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясында «мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Расында, мемлекеттің басты міндеті - әрбір адамға бағыт-бағдар көрсетіп, адам ресурстарын дамыту. Осы ретте ел азаматтарының әрбіріне мамандық таңдауда да бағыт көрсету маңыздырақ.

Халқымызда «бұған жеткен де, жетпеген де арманда» деген сөз жиі ауызға алынушы еді. Жаңа ғасырдың табалдырығынан аттап тұрып, осы бір қарапайым, бірақ мәні терең сөзді қайталауға тура келді.

Шүкір, қойдай жуас, жылқы мінезді болып саналатыцн пейілі даласының кеңдігінен аумай қалған қонақжайлықты құт деп қанына сіңірген әншейінде жеріміз кең ғой деп бытырап жүре беретін, қажет кезінде бір тудың астына біріге алатын Қазақ Ұлты да XXI ғасырдың күнпарағын ашты.

Қазақтың атақты жырауы Жамбыл Жабаев: «Ең басты байлық – халықтың денсаулығы», - деген екен. Жасыратыны жоқ, Қазақстанда медицинаны реформалау мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама кеш қолға алынғаны өз алдына әлі тау-тау болып қордаланған проблемалардан арыла алмай, тиісті дәрежеде жүзеге аспай жатыр. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында «денсаулық сақтау ісінің халықаралық стандартына емдеу мен медициналық қызмет көрсетудің жаңа технолгиялары мен қазіргі заманғы әдістеріне жүйелі түрде көшуді, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді даярлауға маңызды өзгерістер енгізуді» тапсырма ретінде атап көрсеткен болатын.

Міне, елбасының осындай сарабдал саясатынан кейін медицинамызда жаңа леп, жаңа серпін, жаңа күш пайда бола бастады.

Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне қарай таңдап алады. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, көштен қалмаудың қамын жасайды. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өз бейімділігін таңдау қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «осы өмірдегі менің орным қандай?» «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызы бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Осы орайда мен өзім таңдаған дәрігерлік мамандығы жөнінде айтқым келеді.

Сырқат жанға келеді де халін сұрап ізетпен,

Инесімен шипа құяр сәл – пәл ғана тыз еткен.

Аңдып тұрған азуы алты қарыс ажалдан

Сырқаттанған байғұстарды күні – түні күзеткен,– дей келе

медицинаның негізін қалаған Әбу Әли-ибн Синаның (Авиценна), Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының, сонымен бірге қиын - қыстау кезеңдерде осы салада аянбай еңбек еткен Халел Досмұхамедов пен Нәзипа Құлжанова сияқты халқын жанындай сүйген аға - апаларымыздың жолын қуғым келеді. Ақ халатты абзал жандардың атқаратын істері қиын да, қызықты екенін түсінемін. Науқастардың оларға үміттене қараған жүздерін көргенде өміріне араша түскім келеді. Ол үшін жақсы оқып, бірыңғай ұлттық тестен жоғары баға алу керек.

Акдемик Төрегелді Шарманов , атақты хирург Мұхтар Әлиев, көз ауруларын емдейтін дәрігер Мәдина Құралова, рак ауруына қарсы дәрі ойлап тапқан жерлесіміз Серғазы Әдекенов еңбектерін мақтанышпен айта аламын. Серғазы Әдекенов ойлап тапқан «Арглабин» дәрісін дүниежүзінде бес мемлекет сатып алады.

Полигонның құрбаны болған, тумысынан екі қолы жоқ жерлесіміз Кәріпбек Күйіков пен «Сәт» триосы сияқты жаны жайсаң, жүрегі жаралы жандардың дерттеріне бірден - бір шипа болатын ем жолдарын ойлап тапқым келеді.

Келешекте «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келіп теориялық білімімді практикамен ұштастырып, еңбек етіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленсем деймін. Тек осы бағытта шектеліп қалмай, алған тәжірибемді ұштап, үлкен клиника ашсам деп армандаймын. Бұл клиниканы әжем Дәметкеннің құрметіне «Дәметкен ана» деп атағым келеді. Себебі әрбір адам дертіне дауа іздеп, жазыламын деп үміттенеді, дәмеленеді. Ол кісінің өте ашық, көңілді, орыс – қазаққа бірдей болғанын, саңқылдыған әсем күлкісі мен ашық – жарқын мінезін, қайрымдылығы мен қарапайымдылығын ауыл адамдары жыр қылып айтады. Дүкеніне ренжіп, қиналып келген адам өзінің қалай көңілденіп, күлгенін байқамай қалады екен. Сондай қасиетті адамның немересі екенімді мақтан ете отырып, өзімнің алған білімімді ел игілігіне жұмсағым келеді.

Жолың болсын бара ғой, айналайын,

Айналайын, қорғаушым қарғадайым !

Кәсібіңе мен сенің басыңды иіп,

Басымды ием несіне арланайын...

деп қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали жырлағандай өзімнің сыныптас құрбыларым мен достарыма өмірлік мамандық таңдау жолында адаспай дұрыс жол табуына шын жүрегіммен тілектестігімді білдіремін.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай мектеп қабырғасынан түлегелі отырған жас өрендердің егемендігіміздің баянды болып, ел мүддесін қорғауға үлес қосатын азаматтар болатынына сенімім зор.


Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыларды бейіндік оқытуға дайындау,тұлғалық және кәсиби өзін-өзі анықтауда көмек  көрсету.



Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау қызығущылықтарын, бейіндерін және икемдерін анықтау.

  2. Оқушылардың тұлғалық және дінің-мағыналығын өзіндік анықтау, өзіндік дамуы міндеттерін шешуде сүйемелдеу.

  3. Тұлғалық дамуда кездесетін келеңсіз факторларды анықтау, оларды уақытында жеңу.

  4. Әлеуметтендіру мәселелерін шешуде ата-аналарымен, мұғалімімен, құрбыларымен үйлесімді қарым-қатынасты құруға көмектесу.

  5. Жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды таңдауға бағытталған  танымдық және кәсібилік қызметтің әртүрлі ортадағы практикалық тәжірибесін қалыптастыру.

  6. Оқу –тәрбие үрдісінің психологиялық сараптамасы және бейіндік оқытудың сапасын көтеруде негізделген практикалық ұсыныстар құру.

  7. Оқушыны білімдік үрдісте өзгеру динамикасының өзгеруін анықтауда психологиялық сүйемелдеу.

  8. Оқушыда оң оқу мотивациясын қалыптастыру.

  9. Ата-аналар мен мұғалімдерге психологиялық мәселелерді шешуде  кеңестік көмек көрсету.

  10. Мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары арасында психолгиялық сауаттылыққа үйрету.

Кәсіби өзін табу бағдарына әсер ететін факторлар

  • Мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

  • Бейімділік, ынта, қызығушылық;

  • Қабілет, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

  • Ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;

  • Ата-ана мен отбасының көзқарасы;

  • Құрбы-достарының көзқарасы;

  • Мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы

Психологиялық зерттеулер

  • Айзенк әдісімен оқушы темпераментін;

  • Голланд әдісімен кәсіби-тұлғалық типін;

  • Климов әдісімен кәсіби бейімділігін;

  • Голомштокпен түрлі қызмет аясындағы негізгі қызығушылық бағытын;

  • Оқушылардың табиғи бейінмділіктерін анықтау;

  • Мамандық туралы хабардарлығын;

  • Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық дәрежесін анықтау.

  • Қосымша тренингтер.

ТЕМПЕРАМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ

Респонденттің аты-жөні

________________________________________________________ «___»__________2012ж

Нұсқау: Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп көп ойланбай жауап берулері керек.

1







Айналадағы шу мен әбігершілікті ұнатасың ба?

2







Сені қолдайтын достарыңды қажет етесің бе?

3







Сенен бірнәрсе сұрағанда бірден жауап табасың ба?

4







Сен кейде ашулы және абыржулы боласың ба?

5







Көңіл-күйің жиі өзгере ме?

6







Саған басқа балалармен кездескеннен гөрі, өзің жалғыз болғанды ұнатасың ба?

7







Әр-түрлі ойлар саған ұйықтауға кедергі келтіре ме?

8







Сен саған айтқандай ойлайсың ба?

9







Біреуге қалжыңдауды ұнатасың ба?

10







Ешқандай себептерсіз саған кейде көңілсіз болды ма?

11







Сен өте көңілді адаммын деп айта аласың ба?

12







Мектепте сен тәртіп бұздың ба?

13







Көп нәрсе сені ашуландыра ма?

14







Тез жасалатын жұмыстар ұнай ма?

15







Болайын деп, бірақ жақсы аяқталған қорқынышты оқиғаларға ренжисің бе?

16







Кез-келген құпияны саған сенуге бола ма?

17







Көңілсіз топты жандандырып жібере аласыз ба?

18







Еш себептерсіз сенің жүрегің соға ма?

19







Сенің жұмысыңа және өзіңе сын айтқанда тез абыржисыз ба?

20







Сен біреумен достасқың келгенде езің бірінші болып бастайсың ба?

21







Сен өтірік айтып кәрдің бе?

22







Достарыңа қызықты әңгімелер айтып. қалжыңдадың ба?

23







Еш себептерсіз өзіңді шаршап сезіндің бе?

24







Алдымен сабақтарыңды жасап, сосын ойнайсың ба?

25







Сенің барлықтарыңа көңілің тола ма және көңілдісің бе?

26







Сен тез өкпелейсің бе?

27







Басқа балалармен сөйлескенді, ойнауды жақсы көресің бе?

28







Шаруашылықта сенен туысқандарың көмек сұраса орындайсың ба?

29







Сенің басыңның катты айналатын кездері бола ма?

30







Біреуді ыңғайсыз жағдайға қалдыруды ұнатасыз ба?

31







Сен бір нәрсе жалықтырғанын жиі сезесің бе?

32







Сен кейде мақтағанды жақсы көресің бе?

33







Басқа адамдар тобында сен жиі үндемей отырасың ба?

34







Қобалжыған кезде орныңда отырып қалатын кездер бола ма?

35







Сен тез шешім қабылдайсың ба?

36







Мұғалім жоқ жерде, сыныпта сен шуылдайсың ба?

37







Саған қорқынышты түстер жиі кіре ме?

38







Сен достарыңның арасында барлығын ұмытып, көңілдене аласың ба?

39







Сені тез ренжітуге бола ма?

40







Біреу туралы жаман айтып көрдің бе?

41







Сен өзіңді аңқаумын дел айта аласың ба?

42







Сен ыңғайсыз жағдайға түсіп, сосын көп ойлайсың ба?

43







Саған берген нәрселердің бәрін жейсің бе?

44







Сенен бір нәрсені сұраса, «жоқ» деп жауап беру қиын ба?

45







Қонаққа жиі баруды ұнатасың ба?

46







Өмір сүргің келмейтін кездер бола ма?

47







Ата-анаңмен дөрекі болған кездер бар ма?

48







Сен шулы және көңілді ойындарды жақсы көресің бе?

49







Сені көңілді адам деп айтуға бола ма?

50







Сабақ жасап отырғанда жиі көңілің басқа жаққа ауа ма?

51







Жалпы отырыстарда өзің қатынасқаннан гөрі, отырып, қарағанды ұнатасың ба?

52







Әр-түрлі ойлардың әсерінен саған ұйықтау қиын ба?

53







Сен жоспарлаған жұмыстьі өзің істейтініңе сенімдісің бе?

54







Сен өзіңді жиі жалғызбын деп сезінесің бе?

55







Бөтен адамдармен бірінші болып сөйлесуге ұяласың ба?

56







Кеш болса да бір нәрсені істеуге шешім қабылдайсың ба?

57







Егер саған біреу айқайласа, сен де айқайлайсың ба?

58







Ешқандай себептерсіз сен өзіңді өте көңілді немесе көңілсіз сезінесің бе?

59







Шырша тойында, қонақтарда, ертеңгіліктерде нағыз рахат алу мүмкін бе?

60







Бір нәрсені ойланбай істегеннен кейін сен жиі уайымдайсың ба?

Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> «Көптілді оқытуды дамыту»
oysywuou -> Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы Мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері Жалпы мақсаты
igguggim -> Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Сабақтың мақсаты
igguggim -> Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік
oysywuou -> Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»
oysywuou -> Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет