«Жыл оқушысы 2016» V қалалық байқаудың ақтық мәресі



бет1/2
Дата20.07.2020
өлшемі23,74 Kb.
#63446
  1   2



«Жыл оқушысы - 2016»

V қалалық байқаудың ақтық мәресі
2016 жылғы 19 мамыр күні Балалар мен жасөспірімдер сарайында «Жыл оқушысы - 2016» V қалалық байқаудың ақтық мәресі болып өтті.

Бұл байқау Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының білім бөлімі бекіткен "Дарынды балалар" жобасының құрамдас бөлігі, яғни оқушылардың білім деңгейін арттыру үшін, білімнің әр саласы бойынша шығармашылық және зерттеу жұмыстарына тарту, жеке тұлғалық қабілеттердің жаңа деңгейін қалыптастыру, болашақтағы қоғамның зиялы қауымын - талантты және қызығушылықтары жоғары оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетуге жағдай жасау.

Биылғы жылы байқауға Қарағанды қаласының мектептерінен 188 оқушы қатысты.Екі кезеңнің қорытындысы - эссе жазу, шешендік шеберлік таныту, сондай-ақ үшінші сырттай кезеңнің - оқушы жетістігінің портфолиосын сараптау нәтижесінде ақтық кезеңге қатысатын 28 оқушы анықталды.Төртінші кезең Қарағанды қаласы білім бөлімінің сайтында жүргізілген on-line дауыс беру болды. Байқаудың бұл кезеңі байқауға қатысушылардың қала, облыс, республика көлемінде қатар-құрбыларының арасында белгілі болуы үшін және байқауға жарнама ретінде, оқушылардың өз мектептері мен қаламыздың үздік оқушылары екендігін жариялау мақсатында өткізіледі. Сәуірдің 11мен 20 аралығында білім бөлімінің сайтында оn-line дауыс беру жүйесі бойынша біздің финалистерге 73 мың адам дауыс берген..

Байқаудың ақтық кезеңінде қатысушылар өздерін әр қырынан көрсете білді. Көрермендерге өздерінің әуес істері мен қызығушылықтары туралы әңгімелеп берді. Әрбір қатысушының көрсетілімі сыныптастарының, ата-аналары мен мұғалімдерінің көмектері арқасында қызықты, керемет және ерекше болды!



28 оқушы қатысқан ақтық мәреде 6,7,8,9,10 және 11-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылдың үздік оқушылары анықталды.

6-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылғы үздік оқушы атағын

№ 50 НОМ оқушысы Вечканова Виктория жеңіп алды.

7-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылғы үздік оқушы атағын

№ 93 гимназия оқушысы Туребекова Амина жеңіп алды.

8-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылғы үздік оқушы атағын

№ 92 гимназия оқушысы Жаннатұлы Алихан жеңіп алды.

9-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылғы үздік оқушы атағын

№ 85 ЖББОМ оқушысы Пикалова Ксения жеңіп алды.

10-сынып оқушыларының арасынан 2016 жылғы үздік оқушы атағын

№ 9 гимназия оқушысы Петров Артем жеңіп алды.

11-сынып оқушыларының арасынан «Жыл оқушысы-2016» атағына

№ 53 мектеп-лицейдің оқушысы Қайратов Арман ие болды.

11-сынып оқушыларының арасынан «Жыл оқушысы-2016» атағын

№ 23 ЖББОМ оқушысы Нам Ангелина иеленді.
Нам Ангелина мен Қайратов Арман Қарағанды қаласының барлық мектеп бітіруші түлектерінің атынан Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты ісшарада құттықтау сөз айту құқығына ие болды.

Байқаудың барлық жеңімпаздары ленталармен, дипломдармен және планшеттік компьютерлермен марапатталды. Қайратов Арман мен Нам Ангелина сыйлыққа бейнекамера алды.

Байқаудың әрбір финалисті диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қарағанды қаласының білім бөлімі барлық қатысушыларға,ата-аналарға, білім ұйымдарына,жанкүйерлерге байқауға белсене атсалысқандары үшін алғыс білдіреді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Және «Жыл оқушысы – 2017» байқауына қатысуға шақырамыз.



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет