Жылдарға арналған аймақтық көптілділікті дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат Мемлекет басшысы «100 нақты қадам»



Дата07.04.2017
өлшемі45,05 Kb.
#13493
Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде

2016-2019 жылдарға арналған аймақтық көптілділікті дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы

ақпарат

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының 79-ыншы қадамында білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу керектігін, бүгінгі жас буынның білімі бәсекеге қабілетті болып, шет тілін меңгеруі тиіс екендігіне тоқталды. Елімізде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға айрықша назар аударылуда.

Облыс әкімі Д. Ахметовтың тапсырмасы бойынша ШҚО білім басқармасымен 2016-2019 жылдарға арналған көптілділікті дамыту Аймақтық бағдарламасы құрылды.Бағдарламаның негізгі мақсаты қажетті ұйымдық, әдістемелік, педагогикалық және қаржылық жағдайды құру болып табылады. Бағдарлама тілді үйретудегі мәселелерді жоюды қарастырылған және үш тілді еркін меңгеруге мүмкіндік береді. 

​ Аймақтық бағдарлама үш кезеңде жүзеге асырылатын болады.

2016 жылдың қаңтарында білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кеңесінде мектеп директорлары ШҚО 2016-2019 жылдарға арналған көптілділікті дамыту Аймақтық бағдарламасымен таныстырылды.

Көптілділікті дамыту Аймақтық кешенді бағдарламасының негізінде 2016-2019 жылдарға бағытталған аудандық іс-шара жоспары құрылды. Казақ, орыс және ағылшын тілдерінің мғалімдерінен Ассоциация құрылды. Ассоциация құрамына аудандық пәндер бірлестіктерінің жетекшілері енді.

Мектеп директорларының, гуманитарлық бағыттағы пәндер бірлестіктерінің жетекшілерінің, ағылшын, қазақ, орыс тілі пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Көптілділік жағдайында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту» аудандық семинары өткізілді. Қатысушылар қазіргі мектеп көптілділік жағдайында көптілді оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. "Мектеп ортасында көптілділікті ұйымдастыру: даму үрдістері мен жай-күйі", "Көптілділік- қазіргі уақытта білім беру дискурсында қолданылуы: өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыптарында баяндамалар ұсынылды.



Көптілділік сұрақтары қарастырылған семинардың негізгі шарты- әлемдік білім кеңістігіне кірігу.

Аудандық жоспарға сәйкес 2016 жылдың қаңтарында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің базасында орыс және ағылшын тілдері пәндері мұғалімдеріне арналып 63 педагогтың қатысуымен бинарлық семинар ұйымдастырылды. Семинар Кембридж бағдарламасымен деңгейлік курстардан өткен, оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолданатын, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-тәжірибесін көрсетуді мақсат етті.

2016 жылдың 18 ақпанында Октябрь мектеп-балабақша кешенінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне " Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында үштілділік жағдайындағы пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер" тақырыбына ұйымдастырылған семинар-практикумда 42 маман шығармашылықпен жұмыс істейтін 3 педагог шеберлік сыныптар, коучингтер көрсетті.

2016 жылыдң 1 сәуірінде Қ.Аухадиев атындағы мектепте аудандық әдістемелік бірлестігінің Кеңесінде 35 орыс тілі және әдебиеті маманына Әезов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.А. Камзина «Орыс және ағылшын тілдері морфологиялық жүйелерінің технологиясы» тақырыбына баяндама оқыды. Сонымен қатар қазақ, ағылшын тілдері пәндері секциясында 59 педагогқа сабақ кескіндері, шеберлік сыныптар, коучингтер көрсетілді. Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар берілді.

Ж.Болғанбаев атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 29 сәуірінде жас мамандарға арналған оқыту семинарына 29 жас мұғалімдер қатысып, әдістемелік көмек алды.

2016 жылдың 6-8 маусымы аралығында 1-4,5-9,10-11 сынып мұғалімдері санатынан 48 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кембридж оқулықтарының бағдарламасымен оқытудың мазмұны мен әдістері туралы семинарға қатысты. Алдағы жұмыс барысында үш тілді меңгерген 5-8 сынып оқушылары арасында  2 кезеңнен тұратын «Тіл шебері» байқауы, «Менің үздік сабағым» ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған оқыту семинары, «Бастауыш сыныптан ағылшын тілін оқытудың тиімділігі» тақырыбына шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.



Барлық білім беру мекемелерінің жеке жоспарларына сәйкес кештер, апталықтар, кіріктірілген ашық сабақтар,сыныптан тыс шаралар, оқушылар арасында ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа оқу байқауы өткізілді. 

Көптілділікті дамытуға аудан мектептерінде тілдерді сапалы оқытуға араналған жабдықталған лингафонды- мультимедиялы пән кабинеттері бар. Кабинеттерде сабақтар, коучингтер, мектептер арасында тәжірибе алмасу, кіріктірілген сабақтар үлгісін әзірлеу жүргізіледі. Тақырыптық қабырға стендтері, кабинеттің жұмыс кестесі, құжаттар үштілділік проекциясында жоспарланған. Сыныптан тыс жұмыстар үштілділікті қамтиды. Вестибюль қабырғалары мен дәліздегі стендтердегі мағлұматтар ауыспалы ақпаратпен толықтырылып отырады. Апталық пәндер үйірмелері жүргізілуде: ағылшын, қазақ және орыс тілдері пәндері. Мұғалімдер өз пәндері бойынша ағылшын тілінің терминологиясымен танысуда. Биология, химия, география, информатика пәндері мұғалімдерін үштілділік терминологиясын енгізу мақсатында тілдер бойынша кәсіптік қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарланды. .

2016 жылдың ақпан -наурыз айларында орыс мектебіндегі қазақ тілінің 38 мұғалімі, қазақ мектебіндегі орыс тілінің 40 мұғалімі Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ҚазТест және РусТест тапсырып, кіріс диагностикасынан өтті. Ағылшын тілінің 54 мұғалімі аудан орталығында тілді меңгеру және даярлық деңгейін анықтау мақсатында кіріс диагностикасын тапсырды.

2016 жылдың 27 маусымынан 4 кезеңде 42 орыс тілінің және 37 қазақ тілінің маманы көптілділік курстарынан өтеді деп жоспарлануда.



Ауызекі ағылшын тілі тәжірибесін және мұғалімдердің сабақ беру әдісін жетілдіру үшін Өскемен, Семей және Зайсан қалаларындағы оқыту орталықтарына 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аудан мектептерінің ағылшын пәні мұғалімдері Британияның Қазақстандағы білім бағдарламалары кеңесімен және Назарбаев Университетінің бағдарламасымен ұйымдастырылатын курстарға барады.

2016-2017 оқу жылында ауданның барлық мектептерінде 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылатын болады. Қазіргі күні 1-11 сыныптарға 12 581 975 теңгеге 8 378 дана Кембридж оқулықтары сатылып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет