Жылдарға Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің дамуының кешенді жоспары



Дата08.06.2018
өлшемі0,84 Mb.
#41513
2018-2020- жылдарға Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің

ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ





2018 жыл

1. Кіріспе
Дмитриевка ауылы аудан орталығынан 10 км , облыс орталығынан – 220 км қашықтықта орналасқан. Орталығы Дмитриевка ауылдық округі болып табылады. Тұрғындар саны 1401 адамды құрайды (Бородулиха ауданы халық санынығ 10,7%), қазақтар – 704 адам., орыстар – 543 адам., басқа ұлт өкілдері – 154 адам.

2017 жылмен салыстырғанда барлығы 10 адамға өсті. Ауылдың жалпы аумағы 9102 га құрайды. Дмитриевка ауылынан 12 км қашықтықта 100 адамдай тұрғыны бар Боровое ауылы орналасқан. Ауылдың экономикалық мәліметтері Дмитриевка ауылымен тығыз байланысты, өйткені мұнда шағын кәсіпкерлік объектілері, техникалық қызмет көрсету станциясы, жанар май құю станциялары, сүт қабылдау пункті орналасқан.

Ауыл арқылы ауылды облыс және аудан орталықтарымен, одан басқа облыс аудандары, Қазақстан Республикасының облыстары және жақын шетелдермен байланыстырылатын республикалық маңызды «РФ – Семей шекарасы» трассасы өтеді.

Ауылдың экономикалық мамандандырылуы ауыл шаруашылығы, ет, сүт кәсіпорны болып табылады. Одан да басқа сүт өнімдері кәсіпорны дамып келеді.

Дмитриевка ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы жоғары деңгейде. Дмитриевка ауылында дәрігерлік амбулатория , 2017 жылы амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. 240 орынды мектеп бар, 2017 жылы терезе, еден , жылу беру құрылғыларын айырбастау жүргізілді, балаларды мектеп алды білім берумен 100% қамтылған, мәдениет үйі, ауылдық кітапханалар орналасқан.

Дмитриевка ауылдық округі дамыған инфрақұрылымдық кешеніне ие. Өйткені орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және су тарату жүйелері қызмет көрсетеді. Округ аумағында инфрақұрылымдық компания филиалдары орналасқан, атап айтқанда «Қазпочта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, ҚазГидроМет.



2. Талдау

2. 1. Ауыл шаруашылығы.

Ауыл округінің дамуы үшін негізгі бағыты және экономикалық мамандандырылуы ауыл шаруашылығы болып табылады. Округ аумағында 20 ауылшаруашылық құрылымдары орналасқан. Жалпы ауылшаруашылық алқаптары 14 мың 861 гектар жерді құрайлы.

Ауылдық округте егін шаруашылығы саласында майлы дақылдар (күнбағыс), дәнді дақылдар өнімі жақсы дамыған. 2017 жылы ауылдық округте күнбағыс өнімін жинау 325,3 тоннаны құрады.

Ауылдық округтің агрокәсіптік кешені үшін маңызды дәнді дақылдар өндірісі болып табылады, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 703,2 тонна астық жиналды.


№1 кесте


Көрсеткіштер атауы

2015

2016

2017

2017/2015,%

Дәнді азық

232,2

414,2

703,2

302,8

күнбағыс

189,1

410,4

325,3

172,0

Одан басқа ауылдық округтің даму бағытының бірі болып еттті сүтті мал шаруашылығы болып табылады. 2017 жылы аудан тұрғындарынан сүт өнімдерін қабылдайтын «Фермер 1962» АКК КК пункті ашылды.

Алайда ет өнімдерін шектейтін факторының төмен пайдалылығы болып табылады. (ет өнімдерін төменгі бағамен қабылдау, азықтың қымбаттылығы).Осыған байланыста Дмитриевка ауылдық округі Бородулиха ауданында ет өнімдерін өндіру көлемі бойынша 1,0 %.құрайды.
№2 кесте

Көрсеткіштер атауы

2015

2016

2017

2017/2015,%

Тірі салмақтағы ет, тонна

23,1

27,5

33,8

146,3

Сүт, тонна

21

27

31,8

151,4

Жұмыртқа, тонна

314

412,4

515,9

164,3



2.2. Кәсіпкерлік.

Дмитриевка ауылдық округі бойынша шағын бизнес саласы бойынша 8 ЖК тіркелген, онда барлығы 16 адам жұмыс істейді. Өз қызметтерін тұрғындарға 7 дүкен,кафе - кәуәп сату орны, дөңгелек жөндеу цехы, ЖЖМ, газ құйып беру станциясы қызмет көрсетеді. Шаштараз қызмет көрсету орны ашылады. Атап айтқанда шағын бизнес ауылдық округ тұрғындарының базалық қажеттілілігін жабады.



2.3. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету

Дмитриевка ауылдық округі бойынша әлеуметтік инфрақұрылым сыни және шұғыл жағдайы, қалыпты жағдайда. Әлеуметтік – тұрмыстық және әлеуметтік – мәдени инфрақұрылым бір деңгейдегі қалыпты жағдайда дамып келеді, қала инфрақұрылымының деңгейінен алғанда, ауылдық мекендер үшін төмен болып маңыздалады. Округте тұрақты демографиялық динамика, 2018 жылғы тұрғындар саны 2017 жылмен салыстырғанды өзгерген жоқ.


Білім

Ауылдық округте орыс тілінде білім беретін Киров атындағы орта мектеп бар. Мектепте барлығы 112 оқушы білім алады. Мұғалімдер құрамы толық қамтылған. 2017 жылы мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді, атап айтқанда терезе және есік айырбастау, еден айырбастау , қабырғаларын түзеу, жылу беру құрылғысын жөндеу жұмыстары барлығы 25 млн 383 мың 555 теңгеге. Мектепте білім орыс тілінде жүргізілетін болғандықтан, қазақ тілді балалар аудандық орталықтағы Бородулиха ауылындағы қазақ мектебінде оқытылады. Сондықтан күрделі мәселе болып табылады.


Мектеп алды білім беру

Ауылдық округте мектеп алды білім беру шағын орталық арқылы жүргізіледі. Барлығы шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде. Онда балалар 3 жастан бастап қабылданады. Мектеп алды білім берумен ауылдық округте 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%. толық қамтылған.


Денсаулық сақтау

Округте Дмитриевка ауылында дәрігерлік амбулатория және Боровое ауылында фельдшерлік пункт қызмет атқарады. Онда әрбір округ тұрғындары сапалы медициналық көмек алады. 2017 жылы Дмитриевка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға бөлінген 12 млн теңгеге «ПромЭлектроСвязь» ЖШС мердігерлерімен күрделі жөндеу жүргізді.


Спорттық инфрақұрылым

Спорттық инфрақұрылым осал дамыған, Дмитриевка ауылында спорт алаңы мектеп базасында бар. Мектеп ішінде волейбол, баскетбол, футбол секциялары жұмыс істейді. 2017 жылы футбол командасы құрылған, біркелкі форма сатып алынды, команда ауданның барлық футбол матчтарына қатысады, жақсы нәтижелер көрсетеді. Округте үнемі спорттық іс – шаралар өткізіледі, атап айтқанда «Веселые старты», шаңғы жарыстары. Округ спортсмендері облыс деңгейінде орындар алады. Күрделі мәселе болып шағын футбол және алаң, спорт инструкторы, «Қазақша күрес» секциясын қайта жаңарту болып отыр.


Мәдениет

Одан басқа мәдениет саласы инфрақұрылымы да осал дамыған болып тұр. Дмитриевка ауылында ауылдық клуб орналасқан. Онда «Хуторянка» этно мәдени орталығы, «Құрдастар» музыкалық орталығы, «Хорошее настроение» музыкалық тобы жүмыс істейді. Ауылдық клубта көркемөнерпаздар үйірмесі, тоқыма үйірмелері де жұмыс істейді. Музыкалық ұжымдар аудандық, облыстық іс – шараларға қатысады. Клуб ішінде әртүрлі сұхбат, кездесу, көрмелер өткізетін ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Мәселе музыкалық аппараттың ескіріп кеткенінен жаңарту керек.


Бос уақыт

Округте бос уақыт инфрақұрылымы дамымаған. Ауылдық клубта жастар және тұрғындар үшін би кеші, кеш, тақырыптық кештер өткізіледі. Округте кафе жоқ. Округ тұрғындары демалу орындарына аудандық орталыққа (7 км) немесе Семей қаласына (57 км) қатынайды. Жазғы мезгілде Подборный ауылдық округіндегі Михайловка көліне барып демалады. Демалу саласын ұйымдастыру маңызды болашақ болып табылады. Ауылдық округтің транзиттік орналасуы, дамуы республикалық трассада демалушыларға қызмет көрсету үшін кафелер ашу. Одан басқа Дмитриевка ауылының ауылдық клубында кинотеатр ашу маңызды мәселе.


Тұрғын үй

Ауылдық округтегі тұрғын үйлер жеке пешпен жылытатын тұрғын үйлер. Орталықтандырылған су құбырымен 85 % астама тұрғындар қамтамасыз етілген, қалғандарында құдықтар. Ауылдық округте жаңа түрғын үйлер тұрғызылмайды. Құрылыс деңгейі ауданмен салыстырғанда төмен. Дмитриевка ауылында үй иелері белгісіз иесіз үйлер бар. Келешекте осы тұрғын үйлерді әкімшілік меншігіне, ведомствалық жаратуға алуға мүмкіндіктер бар, ары қарай құжаттары сотқа тапсырылған.


Жұмыспен қамту

Ауылдық округте жұмыссыздық төменгі деңгейде. 2017 жылы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 5 адам. Статистика бойынша өзін – өзі жұмыспен қамтушылар саны 2016 адам. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы өзін – өзі жұмыспен қамтушылар саны төмендеген. Округте барлығы жұмыс істейтіндер 581 адам. Басым көпшілігі аудан орталығында жұмыс істейді. Ауылдық округте жұмыспен қамту жұмыссыздарға қолдау көрсету, оларды жұмыспен қамту, оқыту «Жол картасы жұмыспен қамту» бағдарламасы және жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі. Мәселе ресми түрде жұмысқа орналаспау, немесе өте төмен жалақымен жұмыс істеу болып табылады.


Тұрғындарға қызмет көрсету

Дмитриевка ауылдық округі әкімі аппаратымен 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулер: 284- жеке қосалқы шаруашылығы бары жөніндегі анықтама және 2 сауда саттықты қажет етпейтін жер учаскелерін ұсыну туралы.Негізгі қызмет көрсетулер Бородулиха ауданында орналасқан тұрғындарға қызмет көрсету орталығында жүргізіледі. Тұрғындардың қызмет көрсету алуына кедергі жоқ.


Осал топтарға қызмет көрсету

Округ аумағында 204 зейнеткер, 2 чернобыльдық, 3 ауған соғысына қатысқан,дар тұрады. Тұрмысы аз қамтамасыз етілген тұрғындарға көмек көрсетіледі. 2017 жылы АӘК алушылар болған жоқ. Әлеуметтік жұмысшылар саны – 5 адам. Олар барлығы 28 жалғызбасты зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмеккке 4 отбасы рәсімделген. 2017 жылы барлығы 11 отбасы балалар жәрдемақысына құжат өткізді. Қоғамдық орындарда мүгедектерге арналған пандустар орналасқан.





:Басым бағыттары

Осал бағыттары

Білім

 Дмитриевка ауылының мектебіне жөндеу жүргізілді

 Бала туу және көші қон есебінен оқушылар саны өсті

 Орта және бастауыш мұғалімдерінің кәсіптілігін көтеру жүйесі ұйымдастырылған

 Әлеуметтік инфрақүрылымды дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламалары

 Мектеп алды жасындағы балаларды 100% қамту


 Денсаулық сақтау

 Ауылдық округ ауылдарына медициналық қызмет көрсету қолжетімділігі 100%

Спорт, мәдениет және демалу

 Ауылдық округ тұрғындарын спортпен шұғылдану қолжетімділігі

 Тұрғындардың дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануының жоғары қажеттілігі

 Ауылдық округте жоғары деңгейдегі көрсеткіштері бар командалар




Білім

 Жас мамандарға әдеуметтік – мәдени және тұрмыстық жағадай туғызылмаған

 Денсаулық сақтау

 Ескі медициналық құралдар

Спорт, мәдениет және демалу

Тұрғындардың қажеттілігін және спорт, мәдениет саласын дамуының жеткіліксіздігі





2.3. Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Дмитриевка ауылында орталықтандырылған су құбырына барлығы 85% тұрғын үй су тартты. (су тұрғын үйлерге тартылған). Қалған тұрғын үйлер де құдықтар бар, олар да сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры жүйелері қанағаттанарлық жағдайда, өйткені 2015 жылы су құбыры жүйелеріне қайта жөндеу жүргізілді. Ауыз су сапасы ауыл тұрғындарының және санитарлық – эпидемиологиялық талаптарына сәйкес. Боровое ауылында су құбыры станциясы бар, барлық тұрғындар сумен қамтамасыз етілген.



Электрмен қамтамасыз ету

Дмитриевка ауылдық округі толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілген. Округ тұрғындарын электр жүйесімен қамтамасыз ету барысында кедергілер жоқ. Одан басқа Дмитриевка ауылдық округтің элекрмен қамтамасыз етілуіне аудандық орталықта округтен 7 км қашықтықта орналасқан ШҚПЭК АҚ офисі мен техникалық базасы бағандағы аварияларды дер кезінде жөндеу барысында ешқандай кедергі жоқ. Округтегі басты мәселе көше жарықтандыруды толық қамтамасыз етпеген, орталық көше толығымен жарықтандырылады.



Жылумен қамтамасыз ету

Ауылдық округте орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жоқ. Тұрғындар жеке пеш жағуды пайдаланады. Үлкен пештер Киров атындағы орта мектебінде. Қалған әлеуметтік объектілер электрмен жылытылады.



Қоқыс шығару

Дмитриевка ауылында тұрмыстық қатты заттарды көму полигоны бар. Жыл сайын жергілікті қауымдастық қаражаты есебінен ТҚЗ орнын тазарту жүргізіледі.



Байланыс және интернет

Дмитриевка ауылдық округінде телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ету жоғары деңгейде. Телекоммуникация қызмет көрсету қолжетімділігі стационарлық байланыс арқылы оптикалық талшықтық байланыс желісімен , мобильді байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.



Көлік қолжетімділігі
Дмитриевка ауылы республикалық маңызды «РФ – Семей шекарасы» автомобиль жолдарында орналасқан. Сондықтан аудандық және облыстық көлік қолжетімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Орта есеппен алғанда ауыл ортасынан 1 сағатта бір автобус өтеді.

Жарықтандыру
Дмитриевка ауылында толығымен Киров көшесі. Мира көшесі жартылай, орта мектеп аумағы жарықтандырылған.

Экология.
Ауылдық округте экологиялық жағдай қолайлы- тарихи ластану көздері жоқ.

Негізгі мәселелер:
1.Толық емес жарықтандырылған көшелер

2. Ішкікенттік жол жағдайы

3. Қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды қаржыландырмаған салдарынан электр шаруашылығының жоғары деңгейдегі тозуы

Даму бағытының келешегі:
1.Гагарина, Мира көшелеріне көше жарықтандыру шамдарын құру

2.Ішкікенттік жолдарды жөндеу

Ауылдық округтің келешекте даму бағыты ауыл экономикасын дамыту, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуі сапасын көтеру есебінен және қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады. Тұрғындарды және бизнеске тарту үшін, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру үшін ауылдық округтің әлеуметтік – инфрақұрылымдық кешенін дамыту қажет. Осы бағыттарды шешу үшін бірнеше мақсаттар және ауылдық округті дамытудың басым бағыттары құрылған.

3. Стратегиялық бөлімі

3.1 Кіріспе

Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері барлық қазіргі заманға сәйкес технологиялармен қамтамасыз етілген, мамандар штаты толық, мектеп алды балалармен жүз пайыз қамтылған, одан басқа қоса атқаратын пәндер жоқ. Оқушылар үш тілде оқытылады, қосымша сабақтар ұйымдастырылған. Мәдени іс – шаралар барлық қажеттіліктерді қамтиды, жергілікті салт дәстүр және мәдениетті сақтайды. Өмір сапасын және бизнес үшін қолайлы мүмкіндігін жақсарту үшін ауылдан жастарды кетпеуге және жаңа тұрғындарды тарту болып табылады.

Энергиямен қамтамасыз ету сенімді, тұрғындардың 100% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған, бұрылма жол қауіпсіздікті арттырады. Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жаңаша және жақында орналасқан.
3.2. Мақсаттар және басым бағыттар
3.2.1. Дмитриевка ауылдық округінің экономикасының ары қарай өсуі жоғары өнеркәсіптік агрокәсіптік кешен, өңдеу кәсіпорындары, шағын және орта бизнес, туризм дамуы арқылы.

№ 1 стратегиялық мақсат , ауылщаруашылық тиімділігін арттыру, шағын және орта бизнес үлесін көтеру, ондағы жұмыс істейтіндердің санын арттыру арқылы.

Ауылдық округ әкімшілігі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау қызмет көрсету шегін, жер учаскелерін беру, мемлекеттік қолдауды бағдарламалары бойынша қаржыландыруға көмек көрсету, жеке инвестияцияларды тарту болып табылады.
3.2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

Ауылдық округте мәдениет, спорт және туризмді қолдау бірінші кезекте материалды – техникалық базаны жақсартуға, ауылдық округтегі әлеуметтік қызмет көрсету сапасын көтеру үшін жобаны қолдауға бағытталған. Басым бағыт осал топтарды қорғауға жатады – жастар, мүгедектер, қиын жасөспірімдерге.


3.2.3. Инженерлік- көліктік инфрақұрылым

Стратегиялық мақсат: тұрғындардың өмір сүруге қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету және коммерциялық қызметті жүзеге асыру.

Мақсатты жүзеге асыру ауылдық округтегі елді мекендерді көркейту кешенді жайластыру деңгейі есебінен, ішкікенттік жолдарды қайта және күрделі жөндеуден өткізу, көше жарықтандыруды құру.

Аталған жұмыс фермерлер, жергілікті қауымдастық органы, белсенді тұрғындар қатысуымен жүргізілетін болады.

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің ары қарай дамуы, атап айтқанда ауыл тұрғындарын ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету.

Қоқыс жинау контейнерлерін құру, ары қарай тұрғындарды орталықтандырылған қоқыс жинауға тарту жұмыстары.

Мира және Гагарина көшелерінің ішкікенттік жолдарына жөндеу жүргізу округ тұрғындарының ұсыныстарымен жүргізіледі.

Көше жарықтандыруды құру округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін .


Іс – шаралар жоспары



Іс шара

Жүзеге асырылу мерзімі

Ықтимал қаржыландыру көзі

Жүзеге асыруға жауапты

Өнім индикаторы

Индикатор нәтижесі

Құрылған жұмыс орны саны

.

Ауылшаруашылық және шағын және орта бизнес дамуы

1

Малшаруашылық базасын құру

2018-2020

Жеке инвестициялар

«Валентина»

ш/қ


ІҚМ саны

Ет өндіру көлемінің өсуі

10

2

Асыл тұқымды бұқа сатып алу

2018-2020

Жеке инвестициялар

«Нива»

ш/қ


Ауылшаруашылық асыл тұқымды малдар саны

Округтегі мал басы санын жақсарту

5

3

Сүт өнімдерін өңдеу цехын құру (ірімшік, брынза)

2018-2020

Жеке инвестициялар

«ФҚ 1962»

Сүт өнімдерін шығару көлемі

Округтегі сүт өнімдерін нарыққа шығару үлесі

5

4

Құрылыс ангарлары

2018-2020

Жеке инвестициялар


«Валентина»

ш/қ


Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау

Ауылшаруашылық өнім сапасын жақсарту




5

а/ш техникаларының құрал жабыдқтарын жаңғырту

2018-2020

Жеке инвестициялар


«Восток» ш/қ,

«Камо» ш/қ,

«Валентина» ш/қ


А/ш жаңартылған тезникалар саны

Жалпы а/ш техникаларынан алғандағы жаңартылған техникалар саны үлесі




6

Қомақты ауылшаруашылық техникаларының элетр таразысын құру

2018-2020

Жеке инвестициялар


«Восток» ш/ қ

Жаңартыл

ған техника



Ауылшаруашылық дамуының қызметін жақсарту

2


Жол бойындағы сервисті дамыту

7

Сән салонын ашу

2018-2020

Жеке инвестициялар


ЖК Ступак

Сән салонымен қамтылғандардың саны

Сән салоны ашылғаннан округ тұрғындарының алған әсері

5

8

Ауылшаруашылық автобөлшектер дүкенін ашу

2018-2020

Жеке инвестициялар


ЖК Рыжкин

Дүкен құрылысы

Ауыл округі және аудан тұрғындарының қамтылған коиент саны

2

9

Ашық сауда алаңдарын құру

2018-2020

КСН спонсорлық көмек

Ауыл әкімі, ш/қ басшылары

Сауда алаңдарын құру

Жол юойындағы сервисті дамыту, тұрғындар

ды жұмыспен қамту



5


Ауылдық округте мәдениет, спорт және туризмді дамыту


10

Балалар алаңын құру

2018-2020

КСН спонсорлық көмек

Округ әкімі

Балалардың демалуын ұйымдас

тыру


Балалар демалуының сапасын жақсарту

2

11

Хоккей кортын құру

2018-2020

КСН спонсорлық көмек

Ауылдық округ әкімі, ш/қ басшылары

Жастар демалуына хоккей кортын құру

Округтегі спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау




Көркейту

12

Көше ұстау бойынша тұрғындар арасында конкурс ұйымдастыру

2018-2020

КСН

Округ әкімі

Округ тұрғындары

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту




13

Демалыс паркі үшін жер учаскесін қайта өңдеу

2018-2020

КСН

Ауыл

дық округ әкімі



Аумақтарды жақсарту, қолайлы жағдай туғызу

Тұрғындар үшін демалу үйымдас

тыру





14

Көше жарықтандыру құру үшін сметалық құжаттар әзірлеу

2018-2020

КСН

Округ әкімі, жеткізушілер

Сметалық құжаттар

Көше жарықтандыру құру жобасын әзірлеу




15

Көше жарықтандыруды құру

2018-2020

КСН

Округ әкімі, мердігер мекеме

сі


Құрылған көше жарықтандырудың өсуі

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту




16

Ішкікенттік жолдардың шұңқырлары жұмыстарының сметалық құжаттарын әзірлеу

2018-2020

КСН

Округ әкімі

Сметалық құжаттар

Ішкікенттік жолдардың төсеу жобасын әзірлеу




17

Ішкікенттік жолдардың шұңқырларын төсеу

2018-2020

КСН

Округ әкімі, мердігер мекеме

сі


Жол жағдайының жақсарған сапа үлесі

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту





18

Даңқ мемориалын кұрделі жөндеу

2018-2020

КСН

Округ әкімі


ҰОС даңқ мемориалын жаңарту

Жастарды патриоттық тірбиелеуге насихаттау




19

Орталықтандырылған қоқыс жинау жүйесін құру

2018-2020

КСН

Округ әкімі, мердігер мекеме

сі


Көркейтілген көшелер саны

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, көркейту







Округтегі сумен қамтамасыз етуді ары қарай дамыту

20

Су қоймасы мұнарасының автоматын айырбастау

2018-2020

КазСу

Шар


«КазСуШар»

АМПЖ


Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту

Коммуналды қызмет көрсету сапасын жақсарту




21

Боровое ауылында

ғы насос станциясын жөндеу



2018-2020

КазСу

Шар


«КазСуШар»

АМПЖ



Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту


Коммуналды қызмет көрсету сапасын жақсарту және

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту






Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет