Жылнама Ххххххххххххххххххххххххххххххх Қажымға М.Әуезовтен



бет1/2
Дата13.11.2016
өлшемі383,36 Kb.
#1669
  1   2
Жылнама

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Қажымға М.Әуезовтен:
«... Жолдас Қажым! Қазақ әдебиет тарихының екінші томына арнап жазған Махамбет, Шернияз, Ыбырай турасындағы еңбектеріңіз, жалпы алғанда, жаңа томның көрнекті, ірі бөлімдерінің бірі боп бағаланады. Көлем жағынан да, сапа жағынан да томға елеулі еңбек қосқан автордың алдыңғы қатардағы бірі деп бағалаймыз. Еткен еңбегіңізді осылай өз салмағымен, орнымен атаудың үстіне, енді осы бөлімдер және де армансыз бола түсу үшін әр тақырып туралы бірнеше тілек-талаптар айтпақшымыз», –.

Қажым:«Біз Мұқаңның қайтыс болғанын Москваға бір станция қалғанда естідік. Суық хабар жай түскендей әсер етті.Ол кісіні осынша тез, ойламаған жерден қайтыс болады деп кім ойлаған! Көре алмай қалғаныма бір қайғырсам, өз қолымнан топырақ сала алмағаныма екі қайғырып, қазір маған әдебиетіміздің бір босағасы үңірейіп қалғандай, дел-салмын. Өлді деуге тіл барып, көңіл сенуі мүмкін емес тәрізді. Уланған іш, қамыққан көңіл, қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге тоғысады да, түнде – ұйқыны, күндіз – күлкіні сиретіп, мең-зең етеді. Ол мәңгі тірі, артына өлмес еңбек қалдырды, арманы жоқ қой деп, өзімді жұбатпақ боламын. Бірақ ол сықылды зор талант әлі де өмір сүріңкіресе, көптеген асыл еңбектер бермес пе еді? Мұхаңның өліміне қайғырмаған жан болмас. Сол қатты қайғырушының бірі – мен. Басқаларға көңіл айтып, тірілердің өмірі ұзақ болуына тілектеспін. Жолдастарға сәлем айт. Қажым. 30.УІ – 61 ж.»,– деп хат жазыпты.

Иә, «Уланған іш, қамыққан көңіл, қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге тоғыспай, түнде – ұйқыны, күндіз – күлкіні сиретіп, мең-зең етпеуі» үшін Мұхтар Әуезовтің «өмір сүріңкірегені» Қажым Жұмалиев үшін ғана емес, ұлт үшінде дұрыс болатын еді. Бірақ ол үшін көзі тірісінде күйкі тірлікпен күн кешпеуі керек еді. Ондай тыныштықты оған кім берді, тіпті, Осыны жазып отырған \қажымның өзі тыныштық берді ме? «Тірілердің өмірінің ұзақ болуына тілектестік» білдірмей, Әуезовтің бір аяғын төрге, бір аяғын түрмеге басқызып қойды емес пе?!.. Ендеше... Жә, жоғарыдағы хаттағы көңіл толқуын шынға балайық. Мазасызданса – мазасызданатындай, «күндіз – күлкіні, түнде – ұйқыны сирететіндей»
хххххххххххххххххх
«Келесі жылы Мұхаң бізге абайтану дейтін пәннен дәріс оқуы тиіс еді. Тағдырдың тәлкегімен ол кісі Москва университетіне лекция оқитын бопты. Саяси қателері үшін тұтқынға алынатынын біліп қалып, Москваға тартып тұрыпты Мұхаң. Александар Фадеевтің көмегімен пәле-жаладан құтылып МГУ-де қала беріпті. Біз екі жылдай өз сүйікті ұстаздарымызды көре алмай жүрдік...», –

«Күз. Жылдар өтті. «Мүмкін бір күндері бұл пәннен Мұхаң өзі кеп лекция оқыр әлі», –– деп қарап тұр Ханғали ағамыз. Айтқанындай Мұхаң КазМУ-ге қайта оралды. Асыл ұстаз Абай туалы лекциясын бізге біртүрлі көңілсіз оқыды. Анау бір жылғы шабыт оты Мұхтар ағаның бойынан көрінбей кетті...», –

ххххххххххххххххххх
«Социалистік Қазақстан» газетінің 273-санында тілші М.Балақаевтың «Көркем әдебиеттің тілі жайында » деген мақаласы шықты. Онда: М.Әуезов өзінің жазу мәнерінде қазақ тілінің заңдылықтарын сақтамайды, оның қалыптасқан құрылымын бұзады – дей келіп: «Тағы да көркем әдебиет тілі туралы» деген атпен жауап жазды. «Жазушылар бұл ретте көп елеулі ойлар айтатың еңбекшінің өзі болғандықтан, көп шешуші пікірлерді де айта алады. Сондықтан да талай мамандармен қатар қазақ жазушы, ақындарымыздың осы жауапты жайға ат салысуын тосамыз», – деп әңгімені пікір алысу мәнерінде екенін емеуірін ете аяқтайды.

.. Алайда бұл пікір алысу емес, М.Әуезовке жасалған соңғы шабуылдың, ақырғы атылған оқтың бірі еді. Өйткені, 1953 жылдың 9 желтоқсаны 1953 жылдың ақпаны емес еді. С.Бәйішевтің, Қ.Жұмалиевтің, С.Нұрышевтің, С.Кеңесбаевтың, Н.Сауранбаевтің, Қ.Жармағамбетовтің және С.Мұқановтың Мұхтар Әуезовті басына қорлайтын күндері өтіп бара жатқан болатын. Ендігі жалтақтаудың кезегі соларға келген. Алайда академиктердің жаны сірі келетін болса керек, С.Бәйішев пен С,Кеңесбаев, Н.Сауранбаев даңқ тұғырынан түскен жоқ, ар алдындағы арылуды да қажет деп таппады. Өйткені олардың сүйенген арқалығын, тіреген табалдырығын, басыңқы бетін де қалың талыс табанды есік қалқалап тұратын. Керісінше, С.Бәйішев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев М.Әуезовтің алпыс жасқа толған мерейтойында оны «шабыттана» марапаттады.
ххххххххххххххххххх

Ал Қ.Жұмалиев М.Әуезов қайтыс болған соң досы Сәйділ Талжановқа:

«Біз Мұқаңның қайтыс болғанын Москваға бір станция қалғанда естідік. Суық хабар жай түскендей әсер етті.Ол кісіні осынша тез, ойламаған жерден қайтыс болады деп кім ойлаған! Көре алмай қалғаныма бір қайғырсам, өз қолымнан топырақ сала алмағаныма екі қайғырып, қазір маған әдебиетіміздің бір босағасы үңірейіп қалғандай, дел-салмын. Өлді деуге тіл барып, көңіл сенуі мүмкін емес тәрізді. Уланған іш, қамыққан көңіл, қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге тоғысады да, түнде – ұйқыны, күндіз – күлкіні сиретіп, мең-зең етеді. Ол мәңгі тірі, артына өлмес еңбек қалдырды, арманы жоқ қой деп, өзімді жұбатпақ боламын. Бірақ ол сықылды зор талант әлі де өмір сүріңкіресе, көптеген асыл еңбектер бермес пе еді? Мұхаңның өліміне қайғырмаған жан болмас. Сол қатты қайғырушының бірі – мен. Басқаларға көңіл айтып, тірілердің өмірі ұзақ болуына тілектеспін. Жолдастарға сәлем айт. Қажым. 30.УІ – 61 ж.»,– деп хат жазыпты.

Иә, «Уланған іш, қамыққан көңіл, қайғылы хал, көзге іркілген жас, ойлаған сайын бір жерге тоғыспай, түнде – ұйқыны, күндіз – күлкіні сиретіп, мең-зең етпеуі» үшін Мұхтар Әуезовтің «өмір сүріңкірегені» Қажым Жұмалиев үшін ғана емес, ұлт үшінде дұрыс болатын еді. Бірақ ол үшін көзі тірісінде күйкі тірлікпен күн кешпеуі керек еді. Ондай тыныштықты оған кім берді, тіпті, Осыны жазып отырған \қажымның өзі тыныштық берді ме? «Тірілердің өмірінің ұзақ болуына тілектестік» білдірмей, Әуезовтің бір аяғын төрге, бір аяғын түрмеге басқызып қойды емес пе?!.. Ендеше... Жә, жоғарыдағы хаттағы көңіл толқуын шынға балайық. Мазасызданса – мазасызданатындай, «күндіз – күлкіні, түнде – ұйқыны сирететіндей»
ххххххххххххххххххххххххх
Мүмкін бізге жақсылық, жаңалықтарды арқалай келген Пономаренкомен өзіңіз кездесіп, сөйлескен де боларсыз. Сондықтан менің хатым жүйрік хабаршы емес, мимарат сәлемші ғана. Басының сырты қандай тақыр болса, іші де сондай тақыр Жұмабай келгелі, ол көтерген маймылдар әлсірей бастағаны біздің аңқауымыз әдеміленіп келеді. Думан тойды Пономаренко ала келді. Ғабиден депутат болады дегенде бір тойлап едік, сайланып қайтқанын тағы қуаныш еттік. Пленум өтті. Адам сияқты адам шын адамның сөзін айтты. Жазушыларға ілтипат, мейірім көрсетті. Нұрышев сияқты қоқырсықтар кіруге тесік таппай бұғып отырды. Жаңадан соғылатын жақсы үйдің проектісін жасау, соғылатын орнын таңдау да бізге жақсы ермек. Біз бұрын халықтың махаббатына ғана сүйенуші ек қой. Енді ақылды ел басқарушыларды дасезе бастайтын сияқтымыз. Енді бұзықтар жалтақтай бастаған көрінеді. Тамаша емес, қомпиған, тікендеген, әкіреңдеген Шұжықұлының өзін көрсеңіз еді. Майлаған қасықтай жылп – жылп етеді...

Мұха, мен Абай комиссиясының секретары ем ғой. Оның бірінші мәжілісі өтті. Жетім қыздың тойындай қып өткізгісі келгендердің де тені болатын емес. Тағы да Пономаренко жолдас араласып құлаш – жарқын қосыла бастады. Қаржы мол жіберілетін болды. Абайға памятник салу, оған арналған пленумға қонақтар шақыру, оларға сый – сияпат жасау, Мәскеуде де тәуір өткізу, банкеттер өткізу, түгел жоспарлануда. Тойдағы баяндамашы сіз боларсыз. Сондықтан да осы бастан жақсы әзірлеуіңіз керек, бар білгеніңіз, барша берілгеніңіз түгел салынсын....

Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин.

Ғылымдағы идеясыздық пен бисаясаттыққа жол берілмесін
Тіл және әдебиет институты және оның ғылыми қызметкерлері өткен дәуірдің материалдарына, әсіресе бұл материалдарды жинаушыларға сын көзімен қарау дегенді мүлде қойған. Ескі мұраларға осындай бипартиялық көзбен қарау салдарынан, жиналған материалдардың бәрі халық шығармасы деп танылған, ал материал жинаушылардың бәрі халық ақыны деп есептелген. Институттың халық ақыны деп жүрген адамдарының бірі Шәкір Әбенов ХІХ ғасырдың ақыны Дулаттың барлық өлеңдерін жазып берген; сөз ырғағының бәрі қазіргі заманға сәйкес келетіндігіне қарағанда, бұл өлеңдердің Дулаттікі екендігі өте күмәнді. Немесе, ХХ ғасырдың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туысы Шаймерден Торайғыров Сұлтанмахмұттың өлеңдерін өз қолымен қайта өңдеп, буржуазиялық-ұлтшылдық сарындағы шығармаларын қазіргі заманға сәйкестірген; осының нәтижесінде Сұлтанмахмұт Торайғыров ешбір қайшылығы жоқ, социалистік реализм бағытындағы таза совет ақыны болып шыға келген.

Тіл және әдебиет институтының ескі мұраларға арналған материалдарының бәрінде де қазақ халқының өткендегі тұрмысы дәріптеледі, қанаушы таптардың өкілдері, хандар, билер мақталады; қазақ халқының бүкіл тарихы сыңаржақ көрсетіледі, қазақ ауылдарындағы тап күресі бүркеліп қалады. Институтың ғылыми қызметкерлері қазақтың феодалдық-рулық құрлысының тарихымен әуестеніп, соның сарынына түсіп кеткен. Институтың ғылыми қызметкерлерінің жеке еңбектерінде, сонымен қатар баспаға дайындалған «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында қазақтың түрлі хандарының – Абылай, Кенесарының басқаларының заты асыл, данышпан адамдар еді деп дәріптейтін ертегілер, өтірік-аяң сөздер бар. Соқыр сенімдегі надан адамдардың біркезде ойдан шығарған осындай жалған ертегілерін институтың ғылыми қызметкерлері халық шығармасының үлгісі деп таныған.

ҚК (б)П Орталық Комитеті өзінің қаулысында былай деп жазды: Тіл және әдебиет институтының еңбектерінде, бірсыпыра ғылыми қызметкерлердің диссертацияларында «әдебиетті қоғамның материялық тұрмыс жағдайларынан ажыратушылық бар, қазақ ауылдарындағы тап күресін бекерге шығару немесе бүркемелеу бар, бұрынғы феодалдық-рулық құрлысты дәріптеушілік бар. Революциядан бұрынғы ақындардың ауызша шығармаларын, билердің шешендік сөздерін талдағанда олардың шығармаларының әлеуметтік мәні мүлде ашық көрсетілмеген... Тарихта белгілі феодалдар – Кеңгірбай, Қараменде, Шорман жән басқалар сияқты бұқара халықтың жаулары – халықтан шыққан данышпандар, халықтың қорғаушылары еді деп мақталады».

Қазақстандағы көрнекті тіл мамандарының бірі Кеңесбаев жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Қазақстанның тіл мамандарының алдында тұрған... кезекті міндет – ертедегі тіл мамандарының – туркологтардың зерттеулерін қорыту... Түріктердің жазба мұраларын зерттеу жөніндегі түркологтардың бағалы еңбектері қазақ тілінің тарихын жасаудың негізі болуға тиіс» (астын сызған біз). Қазақстанның әдебиетшісі Әуезов жолдас та өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері» туралы баяндамасында тегінде осыны айтты.

Әрине, әдебиет пен тіл тарихын зерттеуге, арғы замандағы түрік тұқымдарының әдебиет тарих мен тіл тарихын зерттеулеріне ешкім де қарсы емес, бірақ біз Кеңесбаев жолдас пен Әуезов жолдасқа мынадай сұрақ қояр едік: қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің негізгі мәселелері осы ма, қазіргі тұрмысымыздың өте қажетті, кезекті міндеті осы ма? Бұл жолдас мынадай даусыз фактыны елемей отыр: қазақтың жазба әдебиеті, қазақтың мемлекеттік әдеби тілі шынында Ұлы ОктябрьСоциалистік революциясынан кейін туып, өркендеді.

Қоңыратбаевтың диссертациясы идеясыздықтың, бисаясаттықтың, бипартиялықтың үлгісі болып табылады. Қоңыратбаев жолдас өзінің еңбегінде көрнеу саяси қателер жіберген. Ол марксистік методологияны қолданудың орнына, бір кездерде буржуазияшыл ұлтшылдардың қатарында болып, солардың идеологиясын насихаттаған кейбір совет әдебиетшілернің теріс, қате, зиянды пікірлерін қолдаған, саяси сезім дегеннен айырылғандықтан, автор буржуазиялық-ұлтшылдық былықтарды тарихқа енгізуге тырысқан. Сонсын, өзінің еңбегінде автор адамзат тарихының қоғамында болған өндірістік қатынастардың негізгі түрлерін шатастырып, қазақ өмірінде «бақташылар қоғамы», «көшпелі қоғам», «бектік қоғам» және осы сияқты ерекше қоғамдар болған деп былжырайды.

Тіл және әдебиет институтында ғылыми кадрлардың мамандығын арттыру ісі жолға қойылмаған. Институтың қызметкерлерлігіне немесе аспираттығына кездейсоқ адамдар алынған. Институттағы ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың жалпы білім дәрежесі төмен, олардың бірде-бірі большевизм теориясы мен тарихын шындап үйреніп жүрген жоқ. Бекбергенов, Тәжібаев, Тұрысбекова, Нұрмағамбетова және басқалар сияқты көп аспиранттар марксизм-ленинизм негіздері мен ағымдағы саясат жөнінен әліп-би мәселелерді де айыра алмайды.

Филология ғылымдарының кандидаттары Шалабаев, Қоңыратбаев, Нұртазин сияқты институттың бірсыпыра басты қызметкерлері Сталин жолдастың шығармаларының бір томымен де таныс емес.

Осындай ғылымдардың бірі Ә. Маметова өзінің «Қазақтың шешен билерінің сөздері» деген диссертациялық еңбегінде халық мұңын қорғаған бір бидің сөзі еді деп мынаны айтады:

«Ауыл құты – бәйбіше, ру құты – ақсақал, аймақ құты – би, ұлт құты - хан».

Институттың басшылары мен аппоненттер Маметова жолдастың еңбегін мақтағанда осы былығын көре тұрып мақтады ма екен! Өзінің тарихи дамуында талай заманды артта қалдырып, Советтік Отанымыздың саясында өсіп өркендеген қазақ халқының керегі – бұрынғының әдет-ғұрпы мен салт-санасы емес, бүгінгі күннің тіршілік мұқтажы екендігі. Тіл және әдебиет институтындағы жолдастарға түсінікті емес пе екен!»


«Аямадым жүректі жараладым,

кәдесіне жастардың жарайын деп»

11.06.1951 ж.

Менің көзім анық жеткен бір жай: көбісі Абайды қолшоқпар етіп, өзінің дүшпандарын мұқату үшін пайдаланбақ. Абайды сондайдың құрбаны етпек. Бірақ Абай олардың бәрінен жоғары тұрғандықтан да, қара тақтаға жазып қаралағысы келгендерімен көнбейді, тазарып шыға береді. Бұл жолғы айтыстан да соны көрдік. Мұхтар Әуезовты мұқату үшін Нұрышовтар қанша әрекет жасады, оны қолдаушылар да аз болған жоқ. Бірақ Абайдың жырын жырлаушылар көп екен.
Кино сирек көрсетіледі
Сәбит Мұқанов
Осы қаулыға байлансты 1944 жылы 9 желтоқсанда жазушылар одағында өткен жиналыстағы баяндамасында Татариядағы «Едіге жыры» мен Ш.Накиннің «Едіге» пьессасын сынай келіп, қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты игерудегі ұлтшылдық көрініске көшеді. С.Мұқановтың бұл банядамасының қолжазба нұсқасы архив сөресінде қалғандықтан да, тақырыпқа қатысты жерлерінен барынша толық үзінділер келтіреміз: С.Мұқанов «...Біз орыс халқын өзіміздің аға туысқанымыз ретінде есептейміз. Сондықтан да БКП(б)ОК-нің қаулысын біздің одағымыздың халықтарының қасиетті мүддесі ретінде қабылдаймыз және одақтың басқа да жазушыларын осындай зиянды қателіктерден дер кезінде сақтандырған шара деп қабылдаймыз.

Едіге бейнесін көрсетуде біздің қазақ әдебиетімізде де қателіктер бар. Өткен жылы жазушы жолдас Қажым Жұмалиев «Едіге» атты пьесса жазды. Бұл пьессан жазушылар оддағы мен өнер комитеті қолдады. БКП(б)ОК-нің аталған қаулысы бұл пьессаға қолдау көрсетудің қате екендігін ашып берді.

Жолдас Қажым Жұмалиев өзінің «Едігесін» жазуда өте жақсы мақсатты жетекшілікке алды. Жазушының мақсаты: тамыры сонау ХІV басталатын қазақ пен орыс халықтарының достығын көрсету, олардың сол дәуірдегі ынтымағын бейнелеуге ұмтылу және орыс пен қазақ халықтарының бұл достығын неміс басқыншыларына қарсы күресін ашу болып табылады. Қажым Жұмалиев өзінің осындай жақсы ниетін жүзеге асыру барысында мынадай тарихи және саяси қателіктер жіберді:

  1. Оның бірінші қателігі Алтын Орданы қазақ ордасы ретінде көрсету. Ол қазақ ордасы емес, қазақ жерін жаулап алған және оларды құлдықтың құрсауында ұстаған Монғол-Татар ордасы.

  2. Тарихтағы Едіге қазақ батыры емес Алтын Орданың батыры.

  3. Алтын Орда мемлекеті орыс халқын ешқашанда жаудан қорғаған жоқ, керсінше орыс халқын құлдықта ұстаған мемлекет.

  4. Орыстар немістердің тефтон орденін Алтын Орданың көмегімег жеңген жоқ, олар (орыстар) өздернің күшімен ит-немістерді жеңді. Бұл шайқаста орыстарды басқарған Едіге емес Александр Невский басшылық еткен болатын.

Қажым өзінің Едіге» атты пьессасында Едігені тарихи шындыққа қарам-қайшы орыстардың одақтасы мен қорғаушысы етіп суреттейді. Оның образын осындай жақсы мақсатта көрсетуі – саяси қателік.

Жазушылар одағы мен өнер комитеті бұл пьессаны қолдау арқылы саяси қателік жіберген. Қажым Жұмалиев бұл саяси қателігін Әлкей Марғұлан да қайталады. Жолдас Марғұлан Едіге мен Алтын Орданы мадақтап мақала жазды. Мұндай көзқарастармен аянбай күресу қажет, олардың қайталануына жол беруге болмайды.

«Едіге батыр» туралы қазақ эпосы туралы да айта кетейік. Бұл эпосты осыдан 103 жыл бұрын қазақтың белгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов Жұмағұл ақынның аузынан жазып алған және оны өзі орыс тіліне аударды. Эпостың мазмұны Алтын Орданы мақтауға емес Алтын Орданың қолдау туралы да емес, керсінше оған қарсы күресі мен оны құлатуға ұмтылған құлшынысты баяндайды. Бұл эпоста халық жағына шыққан Едіге Алтын Ордаға қарсы күреседі. Қазақ халқының Алтын Ордаға қарсы күресін себептерін мен 1939 жылы жарық көрген «Батырлар жырының» І томдығында ашып көрсеткен болатынмын. Бұл арада оны қайталап жатпаймын. Бұл эпоста Едіге халық мүддесін қорғайды және Алтын Орда мен Тоқтамыс ханның қарсыласы ретінде көрсетіледі! Мен дәл қазір эпостағы Едіге тарихи тұлға ма, әлде халық қиялының жемісі ме, оны нақты айта алмаймын. Бұл мәселе тер төгіп зерттеуді қажет етеді.

Ұлы Отан соғысын бейнелеуде жіберілген татар әдебиетшілерінің ұлтшылдық қателікері қаулыда мынадай дерекпен аталып өткен: татардың бір жазушысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі біздің ақ финдермен күресімізді көрсетуге арналған пьесса жазыпты. Пьессада біздің халқымыз жеңіске жеткен бұл майданда тек татарлар ғана көрсетіліпті. Пьессадағы 23 кейіпкердің 22 татар. Ал онда жалғыз ғана орыс бар. Ал ондағы жалғыз орыстың өзі сатқын болып шыққан.

Ұлы Отан соғысын бұлай көрсету әрине дұрыс емес. Бұл соғыста татар халқы және біздің одағымыздың өзге де туысқан халықтары өзінің кеңестік отанын шын жүрегімен қорғады. Дұшпанмен күресте бар күш-қуатын, бар ақыл-ойын жұмсады. Бұл шындық және татар мен өзге де туысқан халықтардың арасынан кеңес одағының батыры атағын ие болған даңықты ерлердің де шыққаны шындық. Алайда, соған қарамастан соғыстың негізгі ауыртпашылығының ұлы орыс халқына түскеннін көрсетпеу, әрине, қателік!...».

Осыдан кейін Сәбит Мұқанов өзінің баяндамасында ауыз әдебиеті мұраларына тоқтала келіп, үйреншікті және қалауына қолайлы автор – Мұхтар Әуезовке көшеді.

Сәбит Мұқанов: «… Мен өзінің бүгінгі баяндамамдағы фольклор туралы мәселеге қатысты пікірімде Мұхтар Әуезов пен Леонид Сергеевич Соблевтің орыс тілінде жазылған және «Литература и исскуство» журналының 1939 тамыз және сентябрь айларындағы сандарында жарияланған «Эпос және фольклор» атты еңбегіне тоқталғым келеді. Сол Москваданшығатын «Литературный критик» журналының № 10-11 сандарында жарық көрді. Кейінгі басылым нұссқасының алдыңғысынан айырмашылығы сол, мұнда біраз көркем шығармалардан мысалдар келтірілген.

Бұл еңбектің жағымды жағы мұнда өзге де халықтар сияқты қазақ халқында да фольклордың бар екендігі көрсетілгендігі, өзге халықтардың фольклоры сияқты қазақ халқының фольклорының да әртүрлі сыпатта дамығандығының дәлелденебаяндалуы. Бұл сыпаттар аталған авторлардың ғана сіңірген еңбегі емес. Қазақ фольклорына қатысты мұндай ойлар оларға дейін де Радлов, Потанин және басқалар айтқан болатын. Әуезов пен Соблев жолдастар өздерінің бірігіп жазған еңбектерінде алдыңғыларға қарағанда фольклор туралы біршама кең пікір білдірген. Бірақ мәселе, осы талдаулардың қалай жүргізілгендігінде.

Алайда бұл сұраққа жауап бермес бұрын фольклордың қалай дүниеге келу тарихына қысқаша да болса толқталып өткен жөн деп есептеймін. Бұл менің сіздердің алдарыңызда өзімнің білімпаздығымды көрсету емес, фольклорды зерттеу барысындағы қателіктерді естеріңізге сала отырып, осы қателіктерді түзетуге көмектесуден туған ұмтылыс болып табылады... ».

Бұдан кейін фольклор мен оның шығу тарихына байланысты, фольклор мен көркем әдебиеттің ара қатынасына және фольклордың таптық тегіне қатысты ұзақ толғай келіп, қайтадан Әуезов пен Соблевке қарай ойысады.

Сәбит Мұқанов: «Біздің аға -бауырымыз болып саналатын орыс халқының фольклорын зерттеуде олар марксизмнің әдіс-тәсілдеріне сүйенді. Қазақ фольклорын зерттеу барысында Әуезов пен Соблев жолдастар осы тәсілге сүйенді ме, жоқ па? Бұл мәселеге тоқталмас бұрын Әуезовжолдас пен Соблев жолдастың арасындағы айырмашылықты ажырата кеткім келеді. » Леонид Соблев жолдас өзінің қазақ әдебиетінің досы екенін іспен көрсетті. Өзінің қазақ халқына, оның мәдениетіне және оның әдеби мамандарына деген шынайы ықыласына біздің көзімізді жеткізді. Қазақ халқының мемлекеттігін, оның мәдениетін,соның ішінде бізің бүкіл кеңес одағының халқына таныстыру ісіне ол үлкен еңбек сіңірді. Мұның бәрі де дұрыс, алайда қазақ фольклорының нәзік мәселелерін түсінуде Соблевті Әуезовпен қатар қоя алмаймыз. Егерде біз қазақ фольклоры саласында Әуезов білгеннің жүзден бірін ғана біледі десек бұл Л. С. Соблевтің беделін түсіргендік емес, өйткені біздің фольклорлық мұраларымыздың жүзден бірі ғана орыс тіліне аударылды десек, қателеспейміз. Соблев жолдас қазақ тілін білмейді. Ол қазақ фольклорының орыс тіліне аударылған бөлімін ғана біледі. Осыған оарй қазақ халқының мұқым фольклоры туралы нақты пікір білдіруі өте қиынға соғады.

Ал Әуезовтің жағдайы мүлдем басқа. Ол қазақ фольклорын Соблев жолдас сияқты орыс тіліне аударылған материалдардың деңгейінде ғана емес, Әуезов қазақ фольклорын қазақ фольклористтердің көбінен жақсы біледі, қазақ фольклорының қайнарынан тікелей сусындай алады. Сондықтан да Әуезовтің кемшіліктері мен қателіктері материалдармен жеткіліксіз таныстығынан туындап отыр деп ешкімде айта алмайды. Сондықтан да Әуезовтің қателігі материал мен тілді білмеуінен туындап отырған жоқ, керсінше оның қателіктері материалды зерттеу кезінде біздің заманымыздың талабынан туындап отырған маркстік әдісті қолданбауынан туындап отыр. Фольклор материалдарын игеру жөнінен Әуезов пен Соблев жолдастардың арасында үлкен айырмашылық бар екенін жоғарыда айтып өтсек те, «Эпос және фольклор» атты аталған очеркте екеуінің қолы қатар қойылғандықтан бұл мәселе жөніндегі бұдан кейінгі пікірімізде олардың фамилияларын қатар атаймыз. Әуезов пен Соблев жолдастар журналдың 24 бетін алған, яғни 52 бағанға берілген көлемді очеркінде қазақ фольклорда баяндалатын тап тартысы туралы бір ауыз сөз айтылмаған, егерде журналдың 92 бетінде: қазақ фольклоры социалистік мәдениет тұсында ғана лайықты баға алды, өзге тілге аударылып, бүкіл әлемге белгілі болды. (қазақ тілінен орыс тіліне аударылу арқылы) – деген аудармашының ескертпесін есепке алмасақ, бұл очеректе кім жазғаны туралы деректі кеңес тарихшыларының білуіне қиынға соғар еді. Бұл очеректі басқа біреу жазды деп те жорамалдауға болатын еді. Өйткені очеректе фольклорға қатысты маркистік көзқарас жөнінде ештеңе айтылмаған, автордың өздері де марксизмге жүгінбеген. Егер де осы очеректегі талдауларға сенсек, авторлар талдап отырған фольклорлық мұралардың түрлері тап тартысынан тыс жағдайда өмірге келген, өткен дәуірдегі қазақтардың өмірі біржақты және романтикалық таңғажайып күйде өткен.

Өмірде шынымен де осылай болып па еді?

Әрине олай емес, олай болуы мүмкін де емес. Өйткені барлық ұлттардың тарихы тап күресінің тарихы. Демек, қазақтарихы да – тап күресінің тарихы болып есептеледі. Егерде барлық ұлттардың фольклоры тап тартысының айнасы болса, онда қазақ фольклоры да т ап тартысының айнасы болып табылады. Бірнеше мысал келтірейік:

Құдандалық жырлыры атты 1 – 13 тарауда Әуезов пен Соблевжолдастар төмендегідей жолдарда жалпылама және ешқандай мағынасыз тіркестермен баяндап өте шыққан: «Қалың мал, көп әйел алу, теңіне ұзатпау, бесік құда болу, әмеңгерлік сияқты салт-дәстүрлер нәтижесінде әйелдер қиын жағдайға тап болды». Әуезов пен Соблев жолдастар байлардың қалың малды қоздырушы дерт екенін, қазақ әйелдерінің бақытсыздығының басты себебі болып табылатындығын және олардың көп әйел алатындығын осы таптан шыққан кәрі шалдардың қалың мал беріп жас қызға үйленетіндігі туралы бір ауыз сөз айтпайды. Очректің авторлары жар-жар, сыңсу, беташар сияқты халықтың өзі шығарған жырларды әйелдер өздеріне көрсетіліп отырған қорлыққа ішкі қарсылығын білдіреді.

2. Ертегілерде еңбекші халықтың қанаушы тапқа деген көзқарасы мен қарым-қатынасы Алдар көсе, Жиренше, Тазша т.б. кейіпкерлердің ісі арқылы білдіріледі. Олардың аты аталған ертегілердің барлығында да байлар мен билер, хандар мазақ етіледі. Халыққа қасірет әкелетін қанауды, зорлықты, өктемдікті аяусыз сынайды және оларға тән зұлымдықты әшкерелейді. Әуезов пен Соблев жолдастар ертегіге тән мұндай ерекшелік туралы үндемейді. Тек олардың мазмұндарын сыдыртып қана баяндап өтеді. Тек Алдаркөсеге келенде ғана «әлеуметтік» маңызы бар, «нағыз халықтық» деген сөздерді үстірт қолданады. Олар шынайы халықтық кейіпкердің тегі мен алғышарттарына өздерінің зерттеулерінде тоқталмайды.

3. Таптық қайшылықтардың ашық көрінетін фольклорлық жанрдың бірі мақалдар мен мәтелдер болып табылады. Мысалы: «Бай мен бай құда болса – арасында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса – арасында дорба жүреді, бай мен кедей құда болса – зорға жүреді». Тағы бір мақалды алайық. Мысалы: «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», сондай-ақ: «Аузы сасық болса да байдың ұлы сөйлесін». Тағы да бір мысал келтірейік: «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда». Тағы да: «Байдың әйелі өлсе төсегі жаңғырады, кедейдің әйелші өлсе басы қаңғырады», «Байға мал қайғы, кедейге жан қайғы». Осыдан асырып таптық қайшылық туралы айту мүмкін бе? Әуезов пен Соблев жолдастар бұл мәселені де айналып өтеді.

4. Батырлар жырында отанды қорғау желісімен қоса таптар арасындағы қайшылық та жүріп отырады. «Қамбар батыр» дастанында таптар күресі тікелей бейнеленеді. Дастан бойынша, Қамбар ең алдымен «тоқсан үйлі тобырдың» батыры. «Ер Тағын» дастанында ханның ит тілеуі мен Тарғынның жоғары адамгершілігі баяндалады. Өзге дастандарда да тап қайшылығы ұмыт қалмаған. Әуезов пен Соболев жолдастар бұл мәселені де ашып көрсетпейді.

5. Айтыс өнері – таптық қайшылық пен таптық күрес ерекше көзге түсетін фольклор жанрының бірі. Айтымтың маңызы туралы баспасөз бетінде өзімнің ойымды тиянақты түрде баяндағанмын, сондықтан да бұл арада қайталап жатпаймын. Әуезов пен Соболев жолдастар бұл жанрға өзге жанрлар сияқты романтикалық көзқараспен ғана қараған.

Қысқасын айтқанда, қайталап айтсам, егерде Әуезов пен Соболев жолдастардың пікіріне сенетін болсақ, онда қазақ фольклоры таптық күрестен дербес, одан тыс жағдайда қалыптасқан. Бұл жолды орыс фольклористикасы осыдан жүз жыл бұрын басынан өткергенін мен өзімнің баяндамамның басында айтқаг болатынмын.

Қазақ фольклорын Қазақ фольклорын Қазақ фольклорын талдау барысында Әуезов пен Соболев жолдастар марксизмнің деңгейі түгілі сыншыл реализмның деңгейіне де көтеріле алмаған. Соболевпен бірге жұмыс істеген Әуезов жолдас мұны оған ескертуі тиіс еді...»,– деп олардың еңбегіне «маркстік сыншыл реализм» тұрғысынан баға береді.

Өзінің әлеуметшіл сыншыл көзқарасын дәлелдеуге келгенде, өзін Мұхтар Әуезовтің орынды ұстазы дәрежесінде сезінетін Сәбит Мұқанов, бұл арада әдеби көзқарасы мүлдем басқа деңгейде қалыптасқан Л.Соболевті де қосақ арасына қыстырып жіберді. Ал қазақ әдебиеттанушыларына келгенде онша именбестен тіпті еркін көсілді. Қиыннан қиыстырып, оларды Әуезовке әкеп көгендеу С.Мұқановқа онша қиындыққа соқпайтын.

С.Мұқанов: «... Ал Исмайылов жолдастың қазақ фольклоры туралы зерттеуі Әуезов пен Соболев жолдастардың очеркінің конспектісі ғана. Тек Есмағамбет Исмайылов жолдастың жанынан қосқаны « ақындар қанаушыларды сынағанә деген бір ауыз сөз ғана. Есмағамбет Исмайылов жолдас фольклордың өзге жанрлары жөнінде неге осындай тұжырымдар жасамайды? Мектеп бағдарламасы өте жауапты құжат. Біздің қазақ мектептерінің оқушылары, әсіресе жоғары сынып оқушылары Исмайыловтың фольклор туралы бағдарламасын пайдаланса, онда Әуезов пен Соболев жолдастардың теориялық материалдарына сүйенген болар еді, мәселенің шиі сонда шықпай ма?

Шыққанда да ши емес, тікен болып шығар еді! Фольклор тарихына қатысты зерттеулерінде ғана емес, жазба әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі еңбектерінде де Әуезов жолдас марксизммен онша жанаса бермейді. 1934 жылы құрастырған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің хрестоматиясында Әуезов өткен дәуірді үнсіз айналып өтіп, Махамбетті, Шортамбайды, Шерниязды, тағы да басқа ХІХ ғасырдағы барлық ақындарды кіріктіріп, «феодальдық таптың жыршылары» деп жариялап, әдебиеттің бір жағалауынан екінші жағалауына барып соқтыққан. Мұндай бояманың орынсыз екендігі туралы кезінде баспасөз бетінде айтқан болатынбыз, оны қазір қайталап жатпаймын.

Соңғы жылдары Мұхтар Әуезов жолдас ХІХ ғасырдағы ақындардың ішінде Абаймен көбірек айналысып жүр. Әділдіктен аттап кетуге болмайды, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, М.Әуезовтің Абай туралы көркем шығармалары біздің кеңес әдебиетіне қосылған бағалы үлес болып табылады.

Мен бұл жолы тек Мұхтар Әуезов жазған Абайдың өмірбаянына ғана тоқталып өтемін. Бұл өмірбаян 1940 жылы жарық көрген Абайдың ІІ томдық шығармалар жинағында басылды. Бұл еңбекте кездесетін М.Әуезовтің кемшілктері мыналар:

1. Абайдың өмірі мен шығармашылық қайраткерлігі біте қайнасып өткен замандағы экономикалық және саяси алғы шарттар қамтылмаған. Бұл алғышарттарды анықтамайынша маркстіккөзқарас тұрғысынан ақынды тану мүмкін емес.

2. М.Әуезов жазған өмірбаяннан біз алдына үлкен ұлттық мақсат қойған алып Абайды көре алмаймыз, керісінше, жігітіекпен күрескен, бірде жеңген, бірде одан жеңілген Айдос табының ру жетекшісін көреміз.

3.Әр ұлтты қанаушы және қаналушы тап бар. Қазақта да мұндай таптың барын Абай жақсы түсінген, ол езуші тапқа қарсы күрес жариялай отырып, оларды қанушылардан қорғады:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын, – дейді Абай.

Ол өзгенің еңбегін иемдену арқылы байыған, адаммен емес, малмен дос болған тоғышар, әрекетсіз байларды:

Мал жияды мақтанып, білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке;

ххх

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар, –

деп сыпаттайды.

Осы арқылы ол қанау арқылы байыған байлардың байлығының баянсыздығын баяндайды. Мұндай байларды «шошқа» дей отырып, нағыз адамды еңбекшілердің ортасынан табады, өзі де еңбекшілердің жыршысына айналады.М.Әуезовтің жазған өмірбаянында Абайдың осындай халықшыл демократизмі жөнінде ештеңе айтылмайды.

4. Абайдың өзімен замандас қазақ ақындарынан озып кетіп, Еуропаның

Классиктерімен қатар тұруының бір себебі, оның орыс әдебиетімен сусындауы. Өмірбаянда бұл мәселеге жауап берілмеген.

Кезінде Абайдың өмірбаянын құрастырған тұсында бұл кемшілктердің барлығы М.Әуезов жолдасқа атап көрсетіліп, түзету ұсынылған болатын. Оның бір түзетуін Абабй комиссиясы қабылдамаған болатын. Ол қазір де соны түзету үстінде. Өңделген соңғы нұсқадан айтылған сынның қаншалықты орындалғанын байқауға болады. Алайда әдебиет тарихын жазуда жіберген Мұхтар Әуезовтің ең басты қателігін үнсіз айналып өтуге болмайды. Оның әсіре әлеуметшілдіктен қаншама алшақтап кеткенін білмеймін, бірақ та диалектикалық материализммен қаруланған маркстік әлеуметшілдіктен ат тонын ала қашып жүргені анық, бір сөзбен айтқанда, таптық қарама-қайшылық, таптық күрес деген т.б. сөздерді әдебиет тарихы жөніндегі бір де бір еңбегінде атап кқрген емес. Бұл кемшіліктерді атай отырып М.Әуезов жолдасты әдебиет тарихын жазу майданынан қуып шығу керек деген ойдан аулақпын. Әрине, қазақ әдебиеті пайда болғаннан бергі оның тарихы туралы барлық деректерді жақсы білетіні даусыз, алайда өзінің білімдарлығына маркстік социологияны қоса қолданса, онда ол қазақ кеңес әдебиетінің тарихын жасауда үлкен үлес қосқан болар еді.

Мен өзімнің баяндамамдағы М.Әуезов жолдастың кемшіліктерін көрсетуге арналған тұсын аяқтай келе, енді басқа жолдастардың қателігіне тоқталмақпын»,– дегенімен де араға төрт-бес бет салып барып М.Әуезовті басқа қырынан алып, қайыра шүйіледі.

Бұған қарағанда М.Әуезовтің ұлтшылдығы әшкерелеуге арнайы баяндама жасауға Орталық партия комитеті мен бақылау комиссиясынан тікелей пәрменді тапсырма алған сияқты, яғни, Қажым Жұмалиевті «уақытша алмастырған» іспетті. Өйткені баяндамасының келесі тұсында баспада теріліп, түптелсе де көпшілікке таралмаған, атаусыз қалып келе жатқан «Қилы заман» тарихи әфсанасына барынша кең тоқталады.

С.Мұқанов: «Біздің қатарымызда кеңес әдебиетінің кадры болып саналатын, бірақ саяси ала арқанын аттаған жазушылар да бар, ондай жазушылардың біздің кеңестік шындыққа қарсы келетін шығармалары да бар. Олардың ала арқанды аттағандығын жасырып қалуға болмайды, олардың бізг жат туындыларын талқылаудың да қажеттігі жоқ.

Мысал үшін Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» хикаятын алайық. Есмағамбет Исмайылов жолдас өзінің оқулықтарға жасаған бағдарламасында осы «Қилы заманды» «кеңес повестерінің» қатарына жатқызады. Бұл дұрыс па? Әрине, қателік!

Дегенмен де, «Қилы заман» көркем жазылған повесть, бірақ ол шығарма буржуазиялық-ұлтшылдық рухында жазылған. Бұл туындыда автордың ауылдағы таптық тартысты жасырып қалғанын айтпағанның өзінде, онда қазақтарды орысқа қарсы қою сарыны басым суреттелген. 175 беттен тұратын кітаптың өн бойында автор орыстарды тек жаман жағынан және жаман адамдарды бейнелеу арқылы көрсетеді. Мұндай шығармаларды ұлттар достығы ыстық ықыласпен насихатталып жатұан кезде оушыларға: «Осыны оқы» – деп тапсырма беруге бола ма? Әрине, болмайды. Есмағамбет Исмайылов жолдас, «Қилы заман» сияқты бір қатар шығармаларға, міне, осындай орынсыз жомарттық көрсетіп отыр.

3. Е. Исмайылов жолдастың «Бағдарламасындағы» қосымша құралды оқуға ұсынған тапсырысы өте қызық. Мысалы, ол 1944 жылғы оқу құралынды Абайдың шығармаларын түсіндіре келіп, Бөжеевтің «Абайдың аудармалары» атты мақаласын оқуды ұсынады, ал Бөжеевтің өзі болса 1941 жылы саяси тұрғыдан қуғындалған болатын. Мұндай қажетсіз, орынсыз ұсыныстар Есмағамбет Исмайылов жолдастың «Бағдарламасынан» біраз орын алған.

Есмағамбет Исмайылов туралы өз ойларымды қорытындылай келе айтарым, ол әдебиет тарихы жөніндегі өзінің көзқарасын білдіргенде үнемі оған таптық тұрғыдан келу қажеттігін баса көрсетіп отырады. Алайда әдеби зерттеулерінде оның өзі осы талапты орындамайды: жап-жақсы ойды дамытып келе жатады да, аяқ астынан жолдан жаңылысып, марксизмге қатысы жоқ быламыққа марксизмді қосып араластырып жібереді. Есмағамбет Исмайылов жолдас кеңестік тәрбие алды, кеңес мектебінен білім алды, соған қарамастан (шатасады да жүреді), оның бұл дағдысы жақсылыққа әкелмейді. Бір мезгілде барлық тап атаулыға жақсы көрініп, бір мезгілде бәріне бірдей жақсы атануға болмайды. Егерде марксизмге жүгінгің келсе, онда бұл идеяны қабылдамайтындардың жанын ауыртасың. Өйткені, марксизм-ленинизм дегеніміз әлдебір жекелеген өзімшілдіктің жиынтығы емес, ол – еңбекші халықтың еншісі, ол – еңбекші халықтың идеологиясы» (сонда, №264 ).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет