Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру салалары : Таным



Дата12.03.2018
өлшемі49,72 Kb.
#38986
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру салалары : Таным

Бөлімі : ҚМҰҚ,Қоршаған орта,Құрастыру.

Тақырыбы: Дара қыз саяхат шақырады.

Мақсаты:Ертегі желісі арқылы балалардың қызығушылығын арттыру, танымдық деңгейін көтеру.

БМ: Қазақтың ұлттық киімдерімен,тағамдары туралы білімдерін кеңейту,есеп шығаруға және түлкіні құрастыруға үйрету.

ДМ: Ойлау қабілеттерін дамыту.

ТМ: Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: слайд,түрлі-түсті қағаздар,қаламдер.

Қостілділік компонент: Дара-Даша, маймыл-обезьяна,түлкі-лиса.

Қызметтің

кезеңдері



Тәрбиеші іс-әрекеттері


Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық

Достығымыз жарассын

Еліміз тыныш болсын

Аспанымыз ашық болсын

Деніміз сау болсын

Көк туымыз биік болсын.


Әуен қойылады,Дара қыз қонаққа келеді.

Балалар шаттық шеңберін айтады.



Ұйымдастыру

іздестіру




-Сәлеметсіңдер ме! балалар. Мен атым-Дара.Мен сендерге балабақшаға келе жатқанда карта тауып алдым.Егер біз осы картамен жүрсек біз қазына тауып аламыз.

-Сендер менімен саяхатқа шыққыларын келе ме?

-Ол жақта бізді көп кедергілер мен тапсырмалар күтіп тұр.

-Сендер тапсырмаларды орындауды жақсы көресіңдер ме?

Тәрбиеші: -Қане картаны көрейік. Бұл картада балалар сендерге қазынаға баратын жолды көрсетіпті.



1-тапсырма

С-әріпінен, А-әріне дейін,-А әрінен Н-әріпіне,одан Д-әріпіне жүріп одан, Ы-әріпіне одан өтіп,Н әріпіне өтіндер қандай сөз шықты?

Сондай затты тауып алыңдар?

Сандықтың ішінен 1 ден -10 дейін сандар шығады.



«Көршісін тап» ойыны

Сандарды алып балалар алып рет-ретімен тұрады.

Қадыр Мырза-Алидің санамағын айтайық.

Бір дегенім-бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім-елім

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім-ақыл,

Тыңдағанын мақұл.

Жеті деген-жалау

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім-

Тоғыз дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан

Қорға соны ботам.



2-тапсырма:

Тәрбиеші: Дара сенің сөмкенде не бар?

Дара: Менің сөмкемде сиқырлы қастерлі қалам бар

(Сиқырлы қалам балаларға сұрақ қояды).

-Қазақтың дәстүрлі тағамдарын атаңдар?

Жарайсыңдар балалар!

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі

-Осы қазақтың дәстүрлі тағамдарын қалай жасайды?

-Ал қазақтың ұлттық киімдерін кім біледі?



3-тапсырма:

-Балалар ,Даша саяхатқа шыққанда үнемі оған кім кедерді жасап жүреді білесіңдер ме?

Түлкі бізде қандай?

Оригами,ұшбұрыш пішіндерден, сол түлкіні құрастырайық.



4-тапсырма:

(көзге жаттығу)

Балалар картада бізге соңғы жолды көрсетіп тұр.

Осы залдың ішінде маймыл суретін тауып алып көздерінің қиығымен қарап,қолмен көрсетіңдер.

Сол маймылдың қолдағы затта қазына жатқанын айтады.

Тәрбиеші маймылдың қолындағы хатты алып оқиды.

Балалар сендер қазынаға жол таптыңдар. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Тапсырмаларды жақсы орындадындар. Жарайсыңдар.


-ия


-
-ия

Сандық

Балалар

Қадыр Мырза-Алидің санамағын айтады.

Балалар сиқырлы қаламды көріп,таң қалады.

Қымыз,сары май,бауырсақ,тары, ірімшік


Балалар мұқият тыңдайды.

Түлкі кедергі жасап жүреді.

Түлкі қу,ол барлығын алдайды.


Рефлексивті

түзетушілік




Іс-әрекетті қортындылау

Қоштасу рәсімі

Біздің топтың ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар жанға

Тек жақсылық ойлаймыз.


Балалар қоштасу рәсімін айтады.



Күтілетін нәтиже :

Нені біледі: Қазақтың ұлттық тағамдары мен киімдерін біледі. Есеп шығаруды біледі.



Қандай түсініктерді игереді: Ертегі кейіпкерлеріменде саяхат шығуға болатынын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Оригами арқылы түлкі жасауды менгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет