Үйірме жұмысы «Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалар»



Дата23.08.2017
өлшемі99,91 Kb.
#25460
ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ

«Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалар»


Н. Островский атындағы

№4 Күршім орта мектебінің

бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Сманжина Жадыра Нұрланқызы

ТҮСІНІК ХАТ

Әрбір бала ерекше және дарынды – ол іске асып бітпеген мүмкіншіліктер әлемі. Мұғалім мақсаты да баланың шығармашылық қабілетін жетілдіруіне мүмкіндік жасап, дарынын дамыту. Бала кезінде бәрі сурет салады. Көргенін қағаз бетіне түсіргісі келеді. Бірақ, ол бәрінде бірдей жақсы шыға бермейді, өйткені неден бастап салу керектігін және нені қолдану керек екенін білу қажет. Сурет салу баланың кеңістіктік ойлау, елестету қабілетін, эстетикалық талғамын дамытады, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Барлығы да бала кезден басталады. Бір нәрсені білу және оны жасауға деген ұмтылыс кішкентай адамның бойында болатын құбылыс. Баланың абстрактілі, логикалық және эмоционалды ойлау, көңіл бөлу, бақылау және елестету қабілеттері дұрыс бағытта дамыған жағдайда тәрбие процесінің оң нәтижесін көруге болады.

Оқушылардың басым бөлігінің бейнелеу өнері пәніне деген қызығушылықтары жоғары, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының. Күнделікті сабақта оқушы тақырыпқа сай материалдарды меңгерумен шектеледі. Ал үйірме жұмысы осы материалдарды тереңдете меңгертуге, көркемдік білім беруге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін тереңдетуге көмектеседі. Өйткені үйірме жұмысында дәстүрлі емес бейнелеу техникаларын қолдануға мүмкіндік болады.

Үйірмеге қатысатын балалар – ерекше қабілеті бар және бейнелеу өнеріне, жалпы өнерге деген қызығушылығы жоғары балалар. Егер балаға бейнелеу сауаттылығын үйретпесек, өсе келе ол өз суреттерінің шындыққа жанаспайтындығын түсінеді. Өз-өзіне деген сенімсіздік пайда болып, сурет салуды тоқтатуы мүмкін. Сондықтан, мұғалімге тек қана баланың қызығушылығын арттырып қана қоймай, сурет салудың жаңа әдіс-тәсілдерін , техникаларын үйрете отырып, шығармашылық дағдыларын дамытуы қажет.

Аппликация, оригами техникаларымен жұмыс істеуде балалар қағаздан құрастыру жұмыстарын, әр түрлі заттарды, құстарды, жануарларды, өсімдіктерді жасап, коллаж техникасымен қолданбалы қолөнер бағытында әр турлі жұмыс істеу арқылы ептілік қабілетін, саусақпен сурет салу, монотипия техникаларында бояу түстерінің, жылы және суық, жақын және қарама-қарсы түстердің бір-бірімен қатынасын байқау арқылы эстетикалық талғамын дамытуға болады. Ал, еркін тақырып бойынша балалардың қызығушылығын тудыратын басқа да қызықты техникалар - құммен сурет салу, тұзбен сурет салу, энкаустика техникасы (балауыз борлармен сурет салу), желіммен сурет салу техникалары баланың ой-қиялын дамытуға көмек беретін құрал деп білуге болады.

Мүсін өнері тақырыбымен жұмыс істеу кезінде мүсін жасау үшін қажетті материалдармен танысып, соның ішінде қол жетімді материал (оригинат) қолдану арқылы гипстан әр түрлі көлемді заттарды шығару баланың қызығушылығын арттыратыны белгілі. Сондықтан оларды қызықтыру мақсатында әр түрлі ойыншықтардың, заттардың, қуыршықтардың бет-әлпетінің мүсінін жасауға үйрету керек.

Көктем, жаз айларында ауыл көрінісін, пейзаж салуда табиғат аясына шығып сурет салу (плэнер) - балалардың шабытын шыңдап, сұлулықты көре білу қабілеттерін арттырады. Көру арқылы есте сақтау мен бақылағыштық қасиеттерін дамытады.

Үйірме жұмысын қорытындылау кезінде жыл көлемінде жазған, жасаған жұмыстарын қойып көрме ұйымдастыру – баланың өз-өзіне деген, өзінің қабілетіне деген сенімділігін, ата-ананың бала шығармашылығына көңіл бөлуін арттырады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ.

Үйірме жұмысының мақсаты:


  • Оқушыға әр нәрсенің құрылысын дұрыс айқындап бейнелеу, заттың көлемі, пішінін дәл беруге оқыту және әдіс-тәсілдерін игерту, көркемдік білім беру, бейнелеу сауаттылығын арттыру;

  • Оқушылардың көркемдік білімін жүйелі түрде дамыту, практикалық тапсырмалар арқылы бейнелік ойлау, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, байқағыштық және есте сақтау қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды ынталылыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, дербестікке тәрбиелеу;

Үйірме жұмысының міндеттері:

  • Көркемдік бағытқа деген оқушы бойындағы қызығушылықты ояту, бейнелеу өнерінің түрлерімен, бейнелеу құралдарымен және онымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру,алған білім –білік, дағдыларын бекіту және оларды қолдану аясының кеңдігін көрсете білу;

  • Бейнелеу техникаларының көптүрлілігін талдай білу, оқушылар үшін қол жетімді техникаларды таңдай отырып, баланың сурет салуы үшін тиімділігін анықтау;

  • Эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Үйірме жұмысының мазмұны бойынша бірінші тарау оқушыларға бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орнын анықтап, олардың көңіл-күйлерін, сезімдерін оятуға, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарастарын дамытуға мүмкіндік беретін, ары қарай практикалық жұмыс істеулеріне қызығушылықтарын арттыруға көмек беретін тарау ретінде алынып отыр. Үйірменің негізгі бөлімінде оқушылар сурет салу кезеңіне өтеді. Бұл жерде олар түстану ерекшеліктерін танып, түстік қатынастарды анықтап, сызық түрлерімен танысып, әр түрлі бұйымдар жасау арқылы ептілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алып, бейнелеудің дәстүрлі емес әр түрлі техникаларын үйреніп, қызығушылықтары артады. Бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары – құммен, тұзбен, желіммен сурет салу, энкаустика техникасы (балауыз борлармен сурет салу). Бұл техникаларды үйрену оқушылар үшін қызықты болары сөзсіз. Құммен сурет салу баланың ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттыруға көмектесетін терапия деп те атауға болады. Сонымен қатар тұзбен сурет салу да осыған ұқсас техника, сондықтан құммен сурет салуды меңгерген бала үшін бұл техникамен жұмыс істеу оңайға түседі. Жыл бойы орындаған жұмыстарының нәтижесін шығару үшін ұйымдастырылатын көрмеде осы техникамен орындалған жұмыстарды фотосуретке түсіріп алып, қоюға болады. Желіммен және балауыз борлармен сурет салу баланың ізденімпаздық қасиетін дамытады, шабытын шыңдайды. Жыл соңында оқушылардың жыл бойы орындаған жұмыстарының қорытындысы негізінде, мектеп оқушыларының алдында және ата-аналардың қатысуымен өтетін көрме ұйымдастыру - баланың өзіне деген сенімділігін арттыратыны анық.

Оқушы дайындығына қойылатын негізгі талаптар:

Үйірме жұмысына қатысу қорытындысы бойынша оқушы меңгеруге тиісті:



  • Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орнын анықтай алуы;

  • Әр нәрсенің құрылысын айқындай алуы, заттың көлемі мен пішінін дәл бере білуі;

  • Санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге айналдыра білуі;

  • Әр түрлі дәстүрлі емес техникаларды меңгере білуі;

  • Дәстүрлі емес техника түрлерін өзі ойлап таба білуі;

  • Қоршаған орта, табиғаттан әсемдікті коре білуі;

  • Кәсіби суретшілердің туындыларын түсініп, сауатты көрермен бола білуі;

  • Қандай да бір нәтижеге жетуге тырысуы, ұмтыла білуі;

  • Бейнелеу өнеріне қажетті құралдармен жабдықталуы;

Үйірме жұмысын ұйымдастыратын мұғалімге қойылатын негізгі талаптар:

  • Өз пәніне деген қызығушылықтың болуы;

  • Теориялық білімі;

  • Оқушылармен жұмысты ұйымдастыра білуі және қызықтыра білуі;

  • Компьютерлік сауаттылығы, АКТ қолдана білуі;

  • Оқыту процесін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдердің көптүрлілігі;

«Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалар» үйірмесінің

ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Барлығы 34 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың негізгі мақсаты

Сағат саны

Сабақ барысындағы жұмыс түрлері

Оқыту нәтижесі

Кіріспе әңгіме-сабақ (1сағат)

Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орны

Оқушылар-дың көңіл-күйлерін, сезімдерін ояту, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарастарын дамыту



  1. «Сурет арқылы мінезді анықтау» тесті

  2. Адам және өнер туралы презентация көру

  3. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орны туралы пікірталас өткізу

  4. Үйге тапсырма «Әсемдікті мен қалай көре білемін?» тақырыбында әңгіме құрастырып келу

Бейнелеу өнерінінің адам өміріндегі орнын біледі, түсінеді.

Түстану ерекшеліктері (5 сағат)

Монотипия

Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Монотипия-ны  дұрыс жасай білуге үйрету




  1. Түстану ғылымы (колористика) туралы түсіндірме жүргізу

  2. Монотипия туралы бейнефильм көрсету.

  3. Акварель бояуын қолдана отырып монотипия техникасын үйрету.

Монтипия техникасын үйренеді, түстерді бір-бірінен ажырата біледі

Саусақпен сурет салу

Қылқалам орнына саусақты пайдалана отырып сурет салуға үйрету



  1. Иллюстрациялар көрсету

  2. Саусақпен сурет салу техникасын үйрету

  3. Үйге тапсырма. Пуантилизм

Пуантилизм тәсілін және саусақпен сурет салуды үйренеді.

Күзгі табиғатты бейнелеу

Палитрада белсенді жұмыс істеу барысында әр түрлі реңктерді алу дағдыларын, түспен жүмыс істеу дағдыларын дамыту.



  1. Күзгі табиғат бейнеленген белгілі суретшілер туындыларын көрсету

  2. Түс туралы түсінік жұмысын жүргізу

  3. Түрлі реңктерге толы кескіндемелік композиция жасау («Күзгі табиғат» тақырыбында)

Түспен жұмыс істеу шеберліктер артады, күзгі табиғат көрінісін бейнелейді.

Сурет – бейнелеу негізі (6 сағат)

Сызық түрлері

Сызық түрлерін үйрету. Баланың сызық туралы ойын дамыту



  1. Сызық түрлерімен таныстыру

  2. Жаттығу жұмысын орындау

  3. Геометриялық денелерді салу жолдары мен штрихтау тәсілін үйрету

  4. Үйге тапсырма. Шардың суретін салып, оны штрихтау

Сызық түрлерін және штрихтау тәсілін үйренеді.

Портрет

Байқағыштық пен көріп есте сақтау қабілетін дамыту. Адам бет әлпетін түсінуді үйрету.



  1. Портрет салу жолдары көрсетілген бейнефильм көрсету

  2. Адам бетінің бөліктері туралы түсінік беру, оларды шрихтау жолдарын үйрету

  3. «Менің анам» тақырыбында портрет салу

Адам бетінің бөліктері туралы, оларды салу жолдары туралы түсінік алады.

Еркін тақырып (10 сағат)

Құммен сурет салу

Құммен сурет салуға үйрете отырып, шығармашы-лық ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту



  1. Құммен сурет салу туралы бейнефильмдер көру

  2. Әр түрлі композициялар жасау

Құммен сурет салу техникасын үйренеді

Тұзбен сурет салу

Шығармашылық ойлауды, материалды сезінуді, түрлі материалдармен жұмыс істеу машықтарын дамыту



  1. Тұзбен сурет салу техникасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу

  2. Әр түрлі композициялар жасау

Тұзбен сурет салу техникасын үйренеді

Желіммен сурет салу

Желіммен сурет салу техникасына үйрету, ізденімпаз-дық қасиеттерін дамыту



  1. Желіммен сурет салу туралы бейнефильмдер көрсету

  2. Желіммен сурет салу техникасы туралы түсінік бере отырып оқушыларды үйрету

  3. Қыздың бет әлпетін салу

Желіммен сурет салу техникасын үйренеді, ізденімпаз-дық қасиеттері дамиды.

Энкаустика

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балауыз борлармен жұмыс істеу техникасын үйрету



  1. Техникалық қауіпсіздк ережелерімен таныстыру

  2. Энкаустика техникасымен жұмыс жасау үшін керекті құрал- жабдықтармен таныстыру

  3. Пейзаж салу

Энкаустика техникасын үйренеді

Мүсін өнері (6 сағат)

Ермексаз-бен жұмыс












Әр түрлі бұйымдар-ды мүсіндеу












Қолөнер (4 сағат)

Аппликация












Оригами












Коллаж












Плэнер (2 сағат)

Табиғат аясында сурет салу












Каталог: uploads -> doc -> 0f2b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f2b -> Сабақ нөмірі: № Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі Оқытушы аты-жөні
0f2b -> Тәрбие сағаты 2-а сыныбы 23. 10. 2015 Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»
0f2b -> Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет