Жүйесінің негізгі ұйытқысы /дөңгелек үстел/ Мақсаты



Дата26.01.2023
өлшемі29,62 Kb.
#166511
Байланысты:
docx1538507230
2 5190762500303361851, 1 !15-БЖБ Қазақстан тарихы 6-сын қаз, sikca-sorulan-sorular, Аминдер.Амин қышқылдары, 3BE840B3-8663-48BD-A1BE-ADCD9BD9AFF0, 3 сағ ЖМБ төм 11 кл

Тақырыбы:«Бала,ұстаз және ата -ана тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы»
жүйесінің негізгі ұйытқысы» /дөңгелек үстел/
Мақсаты: Мұғалім ата -ана оқушы арасындағы қарым -қатынасты нығайту. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екені, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым- қатынасты жақсарту. Отбасы тәрбиесіндегі ата -ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
Әдістері: дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.
Көрнекілігі: Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер, слайд-презентация.
Барысы:
1. Кіріспе. Тілек шығарданы
2. Ой қозғау
3.Баяндама «Бала -отбасымен бақытты»
4. Жағдаяттар
6. Рефлексия:
7. Қорытынды
1. Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде «Бала,ұстаз және ата ана тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы » атты 7-10 сынып ата-аналарының қатысуымен өткелі отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! 
Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата -ана. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата- бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.Қазір барлықтарыңызды ортаға шеңберге шақырамын.
Тренинг: «Тілек шығарданы»
Отбасы ұшқан жанұя жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы ошағымыздың, түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
2. Ой қозғау
- Ата-аналарға арналған сұрақ
Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
- Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым- қатынаста ата -ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
- Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
3. Баяндама «Бала -отбасымен бақытты»
4. Бейнебаян : «Әке мен бала »
5. Жағдаяттар
Ата-аналарға
Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Тоқсандық қортынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс әрекетіңіз?

Ұстаздарға


1.Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу керек?
2.Оқушы өзінің біліміне қанағатсыз, болашақта сол материалды түсініп кетуіне сенбейді. Ол сізге былай деп сұрақ қояды: «Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп жауап беру керек.
3.Болашақта журналист болғысы келетін оқушы физика сабағында «Бұл пән менің болашақ мамандығыма қажеті жоқ» деп кітап , дәптерін сөмкесіне жинастырып қойды.Сіздің әрекетіңіз…
4.Математика сабағында күрделі есепті Алмас ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырын берілген есептерді шығарып отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір кезде мұғалім сезіктеніп, оның есепті өзі емес ұялы телефон арқылы шығарып отырғанын байқайды.Сіздің әрекетіңіз?
Оқушыларға
1.Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?
2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі.Сенің әрекетің?
3.Үйде ешкім жоқ.Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң қалдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің?
4.Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарыңмен қосыла жедіңде, даладағы ойынға қарай жүгірдің.
Сен нені ұмыттың?
6.Рефлекция.
Қортынды: Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет