Жұмыс бағдарламасы «Металлургиялық үрдістер мен кешендер»



Дата19.02.2017
өлшемі240,8 Kb.
#10503
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/06


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

Жұмыс бағдарламаСЫ
«Металлургиялық үрдістер мен кешендер» пәнінің
050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Мамандық бойынша элективтік пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің

жұмыс бағдарламасын бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/08





БЕКІТЕМІН


ОI жөніндегі проректор

___________Н.Э. Пфейфер

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: аға оқытушы Байділдаева Г.Б.



«Металлургия» кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Металлургиялық үрдістер мен кешендер» пәні бойынша


050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген 20__ж. «____» _________, №_____хаттама
Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. «___»____________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________М.М. Сүйіндіков

(қолы)
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған «Металлургия, көлік және машина жасау» 20__ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Ж. Е. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _________ Т.Т. Тоқтағанов 20__ж. «____»_____________

(қолы) (күні)
Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБ бастығы __________А.А. Варакута 20__ж. «____»_____________

(қолы) (күні)


1 Пәннің міндеті және мақсаты




    1. Пәнді оқытудың мақсаты

– металлургиялық өнеркәсіптің өндірісінде, ғылыми және жобалау ұйымдарына мамандар дайындау; металлургиялық өндірісінде өндірістің бағдар зерттеу бөлімшелерінде жұмыс істейтін мамандықтарды дайындау үшін.




    1. Пәнді оқытудың міндеті

– металлургия өндіріс және оның қралатын үрдісінің үздіксіздігінің масштабы жайлы, металлургиялық өндіріс бойындағы технологияның өркендеуінің құрылымымен тенденция заңдылықтары жайлы, өндірістік конструкторлы жобалық және зерттеулік қайраткерлік үшін қажетті білім беру болып табылады.




    1. Пәнді оқу нәтижесінде тәлімгер білуі керек:

– металдар өндірудің бүгінгі дәрежесін, қолданатын жерлерін, тұтыну көрсеткішін, қасиетін, нарықты дамытудың тенденциясын;

– металлургиялық өндіріс және технологиялық бойдағы және кешендер компоновкасы жайлы толық көрініс;

– процестердің технико-экономикалық көрсеткіштері және режимдік параметрлерін, металлургиялық аппараттардың жұмыс істеуі мен құрылымдарын.




    1. Пәнді оқу нәтижесінде тәлімгер істей білуі керек:

– металлургиялық өнімнің сапасы мен түріне байланысты технологиялық үрдісті таңдап дәлелдеуді;

– негізгі технологиялық жабдықтардың жұмысы мен жағдайын қарастыруды;


  • технологиялық үрдістің жабдықтарын жобалап орналастыруды;

  • металлургия өндірісінің белгілі технологиялық үрдісін талдауды.


2 Пререквизиттер
Мамандыққа кіріспе, физика, химия, физикалық және коллоидті химия, математика, механика негізі.

3 Пәннің мазмұны


Пәннің тақырыптық

жоспары




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10





3.1 Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырып атауы

Сағат саны


Дәріс

Тәж

Зертх

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Кіріспе. Қазіргі кездегі технологияда металлургияның алатын орны

1







4





2

Негізгі металлургиялық үрдістер мен кешендер

2










4

3

Пайдалы қазбаларды байыту

5

2,5

4

4

4

4

Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған материалдар

2










3

5

Шойын металлургиясы

2










4

6

Болат өндірісі

2







6

6

7

Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы

1





3,5





4


8

Мыс өндірісі.

4






5

4

9

Алюминий өндірісі.

3







6

4

10

Мырыш өндірісі

2

5




5

3

11

Титан өндірісі

2







5

3

12

Магний өндірісі

2







5

3

13

Қорғасын өндірісі

2







5

3




Барлығы

30

7,5

7,5

45

45



3.2 Теоретикалық курстың мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны

Курстың тапсырмасымен мазмұны. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны. Теорияда және тәжірибеде металлургияның өркендеу тарихы. Қазақстандағы металл өндірісі. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған қажетті материалдар.



2-тақырып. Негізгі металлургиялық үрдістермен кешендер

Технологиялық сызықтармен кешендерді жобалаудың негізгі. Технологиялық сызықтардағы жабдықтарды компоновкалау. Сызық объектілеріннің арасындағы байланыс. Негізгі металлургиялық үрдістер.



3-тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту

Кен. Отын. Отын түрлерінің сипаттамасы. Кенді байыту әдістері және материалдарды металлургиялық үрдістерге дайындау туралы толық түсінік.

Ұсақтау және ұнтақтау, елеу және ұнтақтау. Кеңді күйдіру. Кеңді орташалау. Кеңді материалды іріктеу. Әртүрлі фабрикалардың технологиялық сүлбесінің мысалы.

4-тақырып. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған материалдар

Отын. Олардың қолдану аймағы және физико-химиялық және технологиялық құрамы.

Отқа төзімді материалдар. Отқа төзімді матариалдарды қолдану аймағы және физико-химиялық және технологиялық құрамы.

5-тақырып. Шойын металлургиясы

Шойын өндірісіне арналған шикі материалдар. Тотықсыздандыра балқытуға шикі материалдарды дайындау үрдісінің толық сипаттамасы. Домна пешіндегі физика-химиялық үрдіс. Домна пешінің жұмысын басқару және үрдістің техника-экономикалық көрсеткіштері.



6-тақырып. Болат өндірісі

Болат өндірісінің конвертерлі әдісі. Конвертерлі өндірістің бастапқы материалдары. Оттекті - конвертерлі өндірістің техника - экономикалық көрсеткіші.

Болаттың мартендік өндірісі. Мартен пешінің құрылысы. Мартен пешінде болатты балқытудың технологиясы. Мартендік балқытудың техника-экономикалық көрсеткіштері.

Доғалы электрпештерінде болат өндірісі. Доғалы электрпештерінің құрылғысы.

Негізгі доғалы электрпештерінде балқытудың технологиясы. Доғалы электрпештерінің жұмысының техника - экономикалық көрсеткіштері.

7-тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

Үздіксіз құю технологиясын жетілдіру. Ірі ДҮҚМ қондырғыларының сипаттамасы. Жарамды және сапалы дайындама алуға қондырғының конструктивті параметрлеріне технологияның әсері. Үздіксіз құюды илемдеумен біріктіру. Қатайып үлгермеген дайындамаларды жұмсақ қармау. Жылдам суыту. Дайындама сапасын бақылау, оларды илемдеуге дайыдау. Еңбекті қорғау және қоршаған орта. Үздіксіз құюдың соңғы үлгі жасалымдары. Көміртекті және легірленген болат маркалары және топтарының құю технологиясының ерекшеліктері.

8-тақырып. Мыс өндірісі

Түсті металдар өндірісі жайында ортақ мәліметтер. Түсті металдар алу әдістері. Шикі материалдарды дайындау және пирометаллургиялық әдіспен мыс алу. Концентраттарды күйдіру. Штейнге балқыту. Мысты тазалау.



9-тақырып. Алюминий өндірісі

Шикі материалдар және алюминий өндіру әдісі. Глинозем өндірісі.



10-тақырып. Мырыш өндірісі

Мырыш өндірісі. Мырыштың қасиеттері мен қолданылуы. Мырыш өндірісін дистилляциялаудың толық сұлбасы. Қара мырышты тазалауға арналған агрегаттар.



11-тақырып. Титан өндірісі

Шикі материалдар және титан өндіру әдісі.



12-тақырып. Магний өндірісі

Шикі материалдар және магний өндіру әдісі.



13-тақырып. Қорғасын өндірісі

Қорғасынның қолданылуы мен қасиеттері. Қорғасынды концентратты күйдіру сүлбесі. Қорғасынды агломератты қара қорғасынға шахталы балқыту. Қара қорғасынды тазарту.


3.3 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
3-тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

1- сабақ. Ұсақтау.

Кесектердің орташа диаметрі бойынша ұсақтаудың дәрежесін анықтау. Електің өнімділігін және електеудің әсерін анықтау.



2- сабақ. Кенді байыту әдістері. Байыту нәтижелерінің бағасы.

Темір кенін байытудың техникалық көрсеткіштерін анықтау. Магнетитті кенді байыту кезінде қалдықтағы және концентраттағы бос жыныстың мөлшерін анықтау.



10-тақырып. Мырыш өндірісі

3- сабақ. Концентраттардың рационалды құрамының есебі.

Мырыш концентраттарының рационалды құрамын есептеу.



4 - сабақ. Мырышты электролиздеу бойынша есептер

Катодты мырыштың құрамы мен шығымын есептеу. Ванна мен катодтың қажетті санын есептеу. Электролиттік цехқа келіп түсетін электролиттің көлемін есептеу.



5 - сабақ. Мырышты электролиздеу бойынша есептер

Ваннаның өнімділігін есептеу. Қолданылған электролиттің көлемін есептеу. Шламға өткен компоненттердің санын есептеу.



3.4 Зертханалық сабақтарының мазмұны
3 - тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

1- сабақ. Кен ұсақтарын кесектеу технологиясы.

Сабақтың мақсаты кен ұсақтарын шекемдеу режимін және алынған шекемтастардың қасиеттерін оқып үйрену.

Жұмыс туралы қысқаша теориялық мәліметтермен танысу, жұмысты әдістемеге сәйкес орындау, графиктерді, кестелерді құру, есептеулер, қорытындылар жасау.

7 - тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

2- сабақ. Өңсіз үлгіде құйма кесектердің қалыптасу үрдісін зерттеу.

Сабақтың мақсаты құйма кесектегі әртүрлі кристалдық аймақтардың үрдістің геометриялық ұқсастығын моделдеу арқылы жасау және оның металдың кристалдық құрылысына әсерін, сонымен қатар шөгу қуыстарының пайда болу механизімі мен физикалық біртексіздігінің дамуын көрсету.

Жұмыс туралы қысқаша теориялық мәліметтермен танысу, жұмысты әдістемеге сәйкес орындау, графиктерді, кестелерді құру, есептеулер, қорытындылар жасау.



3.5 ОСӨЖ мазмұны


1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны.

1-сабақ. Советтік және қазақстандық ғалымдары және олардың дүниежүзі металлургиясының дамуына қосқан үлестері. Металлургиялық өндірістер туралы ортақ мәліметтер. Қара және түсті металлургия зауыттарындағы металлургиялық өнімдердің әр түрлілігі.

3- тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

2- сабақ. Металлургиядағы байыту үрдістерінің әсерін талдау.

«Байытудың негізгі тәсілдері» тақырыбы бойынша жасалған хабарландыру негізінде, байыту тәсілдерінің салыстырмалы талдауын жасау.



6-тақырып. Болат өндірісі.

3- сабақ. Металлургиялық үрдістермен байланысты мәселелерді талдау.

Дәрістік сабақтарда, қосымша әдебиеттерден, интернеттен алынған мәліметтердің негізінде, металлургиялық үрдістердің проблемалары жайлы хабарландыру жасау.



8- тақырып. Мыс өндірісі

4-сабақ. Қазақстан Республикадағы «Казахмыс» корпорациясының жұмысын талдау.

«Казахмыс» корпорациясының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



9- тақырып. Алюминий өндірісі

5- сабақ. «Қазақстан Алюминиі» АҚ жұмысын талдау.

«Қазақстан Алюминиі» АҚ жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



10- тақырып. Мырыш өндірісі

6- сабақ. «Казмырыш» АҚ жұмысын талдау.

«Казмырыш» АҚ жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



11- тақырып. Титан өндірісі

7- сабақ. Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



12- тақырып. Магний өндірісі

8- сабақ. Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



13- тақырып. Қорғасын өндірісі

9- сабақ. Қорғасын-мырышты кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Қорғасын-мырышты кәсіп орындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.


3.6 СӨЖ мазмұны
2- тақырып. Негізгі металлургиялық үрдістермен кешендер.

1-тапсырма. Машиналар, агрегаттар және кешендердің үздіксіз және периодтты жұмысы. Таралатын және таралмайтын ағымдар желісі, ағындағы қорды жасау желісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 113-117; [15], 15-19 б.



3-тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

2-тапсырма. Отынды дайындау. Байыту туралы толық түсінік. Байытудың гравитациялық әдісі. Байытудың флотациялық әдісі. Магнитті байыту. Электрлі байыту.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 9-10 б.



4- тақырып. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған материалдар

3-тапсырма. Отқа төзімді материалдардың түрлері және классификациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 102-109; [5], 121-130 б.



5-тақырып. Шойын металлургиясы.

4-тапсырма. Шойын өндірісіне арналған шикізаттарды дайындау. Шойын және қождың құралуы. Кокстың жануы және домна газының құралуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 106-117; [5], 130-142 б.



6 -тақырып. Болат өндірісі.

5-тапсырма. Болат өндірісінің конвертерлі әдістерінің өркендеуі. Қарапайым мартендік үрдістің әртүрлілігі. Индукциялы пештерде болатты балқыту. Электрлі металлургияның арнай түрлері. Пештен тыс тазалау. Болаттың қышқылсыздануы және легірленуі. Темір қорыту өндірісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 119-128 б.



7-тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

6-тапсырма. Құю әдістерінің классификациясы. Негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері. ДҮҚМ түрлері және олардың құрылғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 497 б., 554 б; [16], 128 б.

8-тақырып. Мыс өндірісі

7- тапсырма. Мыс штейндерді конвертерлеу. Мысты тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.



9-тақырып. Алюминий өндірісі

8-тапсырма. Электролитикалық жолмен алюминий алу. Алюминийді тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.



10- тақырып. Мырыш өндірісі

9-тапсырма. Мырышты алудың гидрометаллургиялық әдісі. Концентраттарды күйдіруге (обжиг) арналған агрегаттар. Күйіндіні сілтілендіру сүлбесі. Мырыш электролизі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.



12- тақырып. Магний өндірісі

10-тапсырма. Магнийді электролиттік жолмен алу. Тетрохлоридті титанды магниймен тотықсыздандыру арқылы (губчатты) губка тәріздес титан өндіру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.



13- тақырып. Қорғасын өндірісі

11 тапсырма. Қорғасынды агломератты қара қорғасынға шахталы балқыту. Агломерат алатын қорғасынды концентратты күйдіруге арналған агрегаттар. Қара қорғасынды тазарту.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 136-185; [5], 174-182 б.



Мамандықтың

жұмыс бабындағы оқу



жоспарынан үзінді көшірме



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10




4 Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

Пәннің атауы «Металлургиялық үрдістер мен кешендер»


Оқу

формасы


Бақылау формасы

Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу

емт.

сын.

КЖ

Кж

ЕКЖ

Бақыл.

жұм.


барлығы

дәр

тәж

зер

СӨЖ

дәр

тәж

зер

СӨЖ

жал

ауд

СӨЖ

Күндізгі ЖОБ негізінде


5
















135

45

90


5 семестр

семестр

30

7,5

7,5

90















5 Әдебиет
5.1 Негізгі
1 Байдильдаева Г.Б. Металлургия меди и никеля: метод. указания к практич. занятиям для студ. металлургических специальностей. / сост. : Г.Б. Байдильдаева, З.Б. Каршигина, А.Ж. Таскарина. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 58 с.

2 Быков П.О. Разливка и кристаллизация: методические указания к лабораторным занятиям / Сост. П.О. Быков. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2008. – 26 с.

3 Валиев Х.Х. Металлургия свинца, цинка и сопутствующих металлов. Учебник / Х.Х. Валиев, Ю.П. Романтеев. – Алматы, 2000. – 441 с.

4 Воскобойников В.Г. Общая металлургия [Текст]: Учебник для вузов. 6-е изд., перераб. и доп. / В.Г. Воскобойников, В.А. Кудрин, А.М. Якушев. – М. : ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с.

5 Жукебаева Т.Ж. Металлургия: учебное пособие / Т.Ж. Жукебаева, М.К. Альжанов. – Караганда: КарГТУ, 2002. – 87 с.Муканов Д. Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития. – Алматы, 2005. – 290 с.

6 Коржова Р. В. Сырьевая база и обогащение руд. Учеб. пособие. В 2-ух частях: Ч.1 Руды и минералы. – М.: МИСиС, 2001.

Ч. 2 Технология обогащения руд. – М.: МИСиС, 2002.

7 Лузгин В.П., Казаков С.В. Металлургия стали. Внепечная обработка. Учебное пособие. – М.: МИСиС, 2003. – 47 с.

8 Николаев И.В. Металлургия легких металлов. Учебник / И.В. Николаев, В.И. Москвитин, Б.А. Фомин. – М. : Металлургия, 1997. – 432 с.

9 Сүлеймен Е.Б. Конвертерлік болат өндіру. Әдістемелік нұсқаулық / Е.Б. Сүлеймен, Э.Б. Ланевский. – Павлодар, 2005. – 360 б.

10 Таскарина А.Ж. Балқымаларды пештен тыс өңдеу. Пәннің оқуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар 050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған. Құрастырушылар: А.Ж. Таскарина, П.О. Быков – Павлодар : Кереку, 2008. – 40 б.

11 Уткин Н.И. Производство цветных металлов. – 2-е изд. – М. : Интермет Инжиниринг, 2004. – 442 с.

12 Худайбергенов Т.Е. Металлургия легких металлов: Учебник – Алматы, 2001. – 235 с.
5.2 Қосымша
13 Арсентьев П.П. Общая металлургия / П.П. Арсентьев, В.В. Яковлев, М.Г. Крашенинников, А.В. Зиновьев, И.П. Арсеньева. – М. : Металлургия, 1986. – 360 с.

14 Зверевич В,В., Перов В.А. Основы обогащения полезных ископаемых. – М. : Металлургия, 1985 – 480 с.

15 Красавцев Н.И. Металлургия чугуна. – М. : Металлургиздат, 1952. – 639 с.

16 Кнюппель Г. Раскисление и вакуумная обработка стали: Основы и технология ковшовой металлургии. – М.: Металлургия, 1984. – 413 с.

17 Лапицкий В.И. Металлургия стали / В.И. Лапицкий, Н.И. Ступарь, О.И. Легкоступ. – М. : Металлургиздат, 1963. – 327 с.

18 Машиностроение. Энциклопедия в 40 томах. Том IV-5 Машины и агрегаты металлургического производства. – М.: Машиностроение, 2004. –

912 с.

19 Машины и агрегаты металлургических заводов. Учебник в 3-х томах. – М. : Металлургия, 1976. – 1981 с.



20 Перов В.А., Андреев Е.Е., Биленко Л.Ф. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. – М.: Недра, 1990.

21 Севрюков Н.Н. Общая металлургия / Н.Н. Севрюков, Б.А. Кузьмин, Е.В. Челищев. – М. : Металлургия, 1976. – 568 с.

22 Троицкий И.А. Металлургия алюминия / И.А. Троицкий, В.А. Железнов. – М. : Металлургия, 1977. – 392 с.

23 Целиков А.И. Металлургические машины и агрегаты: настоящее и будущее. – М. : Металлургия, 1979 – 240 с.






Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет