ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» Мамандығы: 0302000 «Медбике ісі»



Дата15.09.2017
өлшемі253,99 Kb.
#32607
түріЖұмыс бағдарламасы







ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы



044-39/15-46

11 беттің

-беті


«Психология негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қоғамдық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ТжКББФ деканы

________Отыншиев М. А

«_______»______________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар»
Мамандығы: 0302000 «Медбике ісі»
Біліктілігі : 0302033 « Жалпы практикадағы медбике»

Курс : 2
Семестр: 3-4
Сағат саны: 72


Шымкент -2013 ж


Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2013 ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды.


«____» _________ 2013 ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент ______ К.Б. Кемелбеков
Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.
«____»_________2013 ж. №___ хаттама
Әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Н.Р.Джуманкулова

Дайындаған оқытушы:Тілепбаева А.К.



Бағдарлама:

1.Алғы сөз.

Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге,заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған,жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп,тұжырымдалып,ғылыми пәнге арналады. Қазіргі таңда психология пәнінің мақсаты психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрыдан түсіндіру болып табылады. Психология ғылым ретінде тек психика құбылыстарын зерттеп,анықтауға,бейімдеуге болмайды,сонымен қатар оның мағынасын ашып,жинақтап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып, психикалық құбылыстарды, процестерді анықтап, оларды алдын ала болжайды.



«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсының оқытылу мақсаты:

Оқытудағы басты мақсат студенттерге психология,педагогикалық ғылымның өз ғасыр дәрежесіне сәйкес жетістіктерінің жалпы сұрақтарын беру.Адам психикасын терең түсініп,жақсы меңгеру үшін керекті факторларды ерекшелеп,белгілеу.



«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсының міндеттері:

Студентерден адамның қоршаған ортаны сезінуінің,қабылдауының,түйсінуінің,оны көз алдына келтіруінің (елестету)анализін құру,психологияның пайда болу тарихының беріктілігін көрсету. Студенттерге танымдық эмоционалдық еріктік процестерінің жеке адамды зерттеу өрісінде(орта)пайда болуын,сонымен қатар оның дербес психологиялық өзгешіліктерін құру(көрсету).



І.2. «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсы бойынша студент білуі қажет:

-Психология ғылымының негізгі заңдылықтарын;

-Психофизиология білімінің ерекшелігін;

-Адамның іс әрекет психологиясын;

-Танымдық процестерді;

-Жеке адамның қалыптасу заңдылығын;

-Адамдардың ара қатынасын;

-Психология тарихы мен әлеуметтену ғылымын;

-Жас тұлғаларды тәрбиелеудегі психология ғылымының мәнін аша білу;

-Адамның орталық нерв жүйесінде болатын құбылыстарды анықтай білу;

-Адам мен анатомия физиологиялық жан жақтылығын білу;

-Жалпы жантану және педагогика пәнін зерттей отырып,болашақ медицинада алатын орнын білу.



Тақырыптық жоспар (теория)

3-семестр



Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Тәжірибе

Сағат саны

1

Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері

1

1

2

Психика түсінігі мен психикалық үрдістер туралы ұғым. Психиканың даму кезеңдері.

1

1

3

Сезіну, қабылдау

1

1

4

Ұсыну, елестету

1

1

5

Ес және назар. Ес жіктемесін анықтау, ес ерекшеліктері және механизмдері.

1

1

6

Назар түсінігі, назар ерекшеліктері және түрлері. Бағытталған рефлекс.

1

1

7

Ойлау және сөйлеу. Парасат

1

1

8

Зерде түсінігі, жалпы зерделік қабілеттер

1

1

9

Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы

1

1

10

Психикалық үрдіс бұзылыстары бар емделушілер күтімі бойынша медицина қызметкерінің әрекет тактикасы.

1

1

11

Психологиялық сана тұжырымдамасы.Сана-сезім

1

1

12

Сана бұзылысы.

1

1

13

Эмоциялық үрдістер мен жағдай

1

1

14

Эмоция мен сезімнің функционалдық айырмашылықтары.

1

1

15

Жігер. Жігерлік үрдістер

1

1

16

Пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы күш жігерін нығайту.

1

1

17

Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы

1

1

18

Жігер бұзылысы туралы жалпы түсінік

1

1







18/

18

4 -семестр

1

Тұлғаның психологиялық құрылымы.

1

1

2

Қабілеті, талабы. Темперамент.

1

1

3

Әрекеті туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез.

1

1

4

Мінез, мінез акцентуациясы. Психопатия.

1

1

5

Тұлғаның қалыптасуы және дамуы.


1

1

6

Тұлғаның қорғаныс механизмдері

1

1

7

Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік.

1

1

8

Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы.

1

1

9

Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі

1

1

10

Коммуникация түрлері

1

1

11

Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары.

1

1

12

Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері.

1

1

13

Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар.

1

1

14

Жанжалдар және оларды шешу жолдары.

1

1

15

Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі.

1

1

16

Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар

1

1

17

Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу

1

1

18

Еңбек әрекеті нәтижесіндегі қызығушылықты арттыру, жеке кәсіптік мүмкіндіктерді бағалау.


1

1







18

18




Барлығы

36

36














Тақырыптық жоспар (тәжірибе)

3-семестр



Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Тәжірибе

Сағат саны

1

Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері

1

1

2

Психика түсінігі мен психикалық үрдістер туралы ұғым. Психиканың даму кезеңдері.

1

1

3

Сезіну, қабылдау

1

1

4

Ұсыну, елестету

1

1

5

Ес және назар. Ес жіктемесін анықтау, ес ерекшеліктері және механизмдері.

1

1

6

Назар түсінігі, назар ерекшеліктері және түрлері. Бағытталған рефлекс.

1

1

7

Ойлау және сөйлеу. Парасат

1

1

8

Зерде түсінігі, жалпы зерделік қабілеттер

1

1

9

Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы

1

1

10

Психикалық үрдіс бұзылыстары бар емделушілер күтімі бойынша медицина қызметкерінің әрекет тактикасы.

1

1

11

Психологиялық сана тұжырымдамасы.Сана-сезім

1

1

12

Сана бұзылысы.

1

1

13

Эмоциялық үрдістер мен жағдай

1

1

14

Эмоция мен сезімнің функционалдық айырмашылықтары.

1

1

15

Жігер. Жігерлік үрдістер

1

1

16

Пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы күш жігерін нығайту.

1

1

17

Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы

1

1

18

Жігер бұзылысы туралы жалпы түсінік

1

1







18/

18

4 -семестр

1

Тұлғаның психологиялық құрылымы.

1

1

2

Қабілеті, талабы. Темперамент.

1

1

3

Әрекеті туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез.

1

1

4

Мінез, мінез акцентуациясы. Психопатия.

1

1

5

Тұлғаның қалыптасуы және дамуы.


1

1

6

Тұлғаның қорғаныс механизмдері

1

1

7

Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік.

1

1

8

Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы.

1

1

9

Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі

1

1

10

Коммуникация түрлері

1

1

11

Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары.

1

1

12

Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері.

1

1

13

Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар.

1

1

14

Жанжалдар және оларды шешу жолдары.

1

1

15

Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі.

1

1

16

Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар

1

1

17

Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу

1

1

18

Еңбек әрекеті нәтижесіндегі қызығушылықты арттыру, жеке кәсіптік мүмкіндіктерді бағалау.


1

1







18

18




Барлығы

36

36














3.Пәннің мазмұны

Тақырып 1.1 Психологияның міндеттері мен мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Оқу ақпараты. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Психологияның даму кезеңдері. Психологияның объектісі, мәні мен міндеттері. Психология бағыттары. Психология салалары. Психика түсінігі мен психикалық үрдістер туралы ұғым. Психиканың даму кезеңдері. Психорлогиядағы зерттеу әдістері –тесті, сұрау, сауалнама, сынақ, әрекет ету нәтижелерін талдау. Психодиагностика.
Бөлім 2. Танымдық психикалық үрдістер.

Тақырып 2.1 Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету.
Оқу ақпараты. Сезінуді қалыптастыру механизмдері, анықтау, сезіну түрлері. Қабылдаудың негізгі сипаттамасы. Қабылдау механизмдері, қабылдау ерекшеліктері. Ұсыну және елестету өзгешелігі. Елестету механизмдері, Елестету түрлері. Елестетуді дамыту.

Тақырып 2.2 Ес және назар.

Оқу ақпараты. Ес жіктемесін анықтау, ес ерекшеліктері және механизмдері. Назар түсінігі, назар ерекшеліктері және түрлері. Бағытталған рефлекс.

Тақырып 2.3 Ойлау және назар. Зерде.
Оқу ақпараты. Ойлау түрлері мен нысандары. Сөз, сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу қызметтері. Зерде түсінігі, жалпы зерделік қабілеттер.
Тақырып 2.4 Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы.
Оқу ақпараты. Сезіну, қабылдау, ес, назар, ойлау және зерде бұзылыстары. Сөз бұзылысы. Психикалық үрдіс бұзлыстары бар емделушілер күтімі бойынша медицина қызметкерінің әрекет тактикасы.
Бөлім 3. Сана, сана-сезім.

Тақырып3.1 Сананың психологиялық тұжырымдамасы. Сана-сезім.
Оқу ақпараты. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде. Сана түрлері және қызметтері. Жеке және қоғамдық сана. Сана-сезім, оның ерекшеліктері. Сана, парықсыздық және санасыздық. Сана бұзылысы.
Бөлім 4. Эмоциялық және жігерлік үрдістер.

Тақырып 4.1 Эмоциялық үрдістер және жағдайлар.
Оқу ақпараты. Эмоция психикалық жағдай ретінде. Эмоциялық жағдайлар жіктемесі. Эмоция теориясы. Эмоция мен сезімнің функционалдық айырмашылықтары. Эмоция және мінез-құлық.
Тақырып 4.2 Жігер. Жігерлік үрдіс кезеңдері.

Оқу ақпараты. Жігер, жігерлік үрдіс қызметтері, жігерлік күш түсінігі. Жігерлік үрдіс кезеңдері. Пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы күш жігерін нығайту.

Тақырып 4.3 Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу. Эмоциялық жігер саласының бұзылысы.
Оқу ақпараты. Г.Селье күйзелісі туралы ілім. Күйзелістік жағдай сипаттамасы, қызметтері. Күйзеліспен күрес әдістемесі: аутогендік жаттығу, бұлшық ет релаксациясы, медитация, тыныс алу гимнастикасы. Күзелістік жағдайлардың алдын алу мақсатында (арттерапия, музыкотерапия, би терапиясы, аромотерапия) замануи бағыттарды қолдану. Эмоциялық бұзылыстар туралы жалпы түсінік: апатия, эйфория, дисфория, депрессия, мания. Жігер бұзылысы туралы жалпы түсінік; гипобулия, гипербулия, абулия, негатизм, клептомания, мутизм. Эмоциялық-жігер бұзылысы бар емделушілер күтімі бойынша медицина қызметкерінің әрекет ету тактикасы.
Бөлім 5. Тұлға психологиясы. Тұлға ерекшеліктері.

Тақырып 5.1 Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, темпераменті, қабілеті.

Оқу ақпараты. Психологиядағы тұлға түсінігі. Тұлға құрылымы. Қабілеті мен табиғи қабілеті. Темпераменті. Гиппократ бойынша, И.П. Павлов бойынша темперамент жіктемесі. Темперамент ерекшеліктері. Темперамент және әрекет.

Тақырып 5.2 Әрекеттер туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез.

Оқу ақпараты. Әрекет етудің жалпы психологиялық ерекшеліктері. Әрекеттің құрылымдық бөліктері: қажеттілік, дәлелдік, мақсат, әрекет, операциялар. Қажеттілік, қажеттілік жіктемесі. Маслоу мотивациялық теориясы. Тұлға бағыттылығы, бағыттылық нысандары; тілек, қызығушылық, иделдар, көзқарас, сендіру. Тұлғаның талаптануы, өзін-өзі бағалауы. Мінез, мінез акцентуациясы. Психопатия.

Тақырып 5.3 Тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Тұлғаның қорғаныс механизмдері.

Оқу ақпараты. Дамудың басты категориялары. Тұлғаны жас кезеңдеріне қалыптастыру: сәбилік, ерте, балалық, мектепке дейінгі, кіші мектептік жас, жеткіншектік, ерте жастық , егделік, қарттық. Қалыптасқан тұлға межелері. Мінез-құлық девиациясы. Тұлғаның қорғаныс механизмдерінің қызметтері және түрлері. (ығыстыру, мойындамау, проекция, реакциялар, рационализация, сублимация және т.б. ).
Бөлім 6. Медицина қызметкерінің кәсіптік қызметіндегі коммуникативтік үрдіс сипаттамасы.

Тақырып 6.1 Коммуникативтік үрдіс, коммуникативтік дағдылар туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби қызметіндегі коммуникативтік дағдылар маңызы.
Оқу ақпараты: Коммуникативтік үрдістің негізгі элементтері, оны зерделеу парадигмасы. Коммуникативтік үрдіс тиімділігіне әсер ететін факторлар. «Коммуникативтік дағдылар» түсінігін анықтау. Коммуникациялар жіктемесі. Коммуникация түрлері. Тұлғаішілік, тұлғааралық, топтық, коммуникациялардың көпшілік қызметтері: ақпараттық-ойлау, тұлғааралық, мәтіндік. Коммуникация түрлері- жазба, ауызша, визуальді және т.б. Коммуникативтік баръер түсінігі. Кері байланыс механизмі. Интерактивтік қатынас құрылымы. Адамның адамды қабылдау механизмі. Медицина қызметкері жұмысындағы коммуникативтік дағдылар маңызы.
Тақырып 6.2 Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі.
Оқу ақпараты: Коммуникативтік құзыреттілік туралы түсінік. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

Тақырып 6.3 Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері. Көшбасылық.



Оқу ақпараты: Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары. Вербальдық қарым-қатынас: дауыс, интонация, артикуляция. Вербальдық емес қарым-қатынас: визуалдық байланыс, дене қимылы, дене қалпы. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері көмегімен медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністікті орнату, белсенді және енжар тыңдаушы дағдыларын алу. Көшбасылық түсінігі, көшбасылар. Типтері, көшбасылықтағы гендерлік айырмашылық. Медицина қызметкерінің көшбасылық қасиеттері.
Тақырып 6.4 Топтағы тұлғааралық өзара қарым-қатынастар. Жанжалдар және оларды шешу жолдары.



Оқу ақпараты: Топтар әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде. Топтың негізгі сипаттамасы және түсінігі. Топтар жіктемесі. Қызметтік өзара қарым-қатынастар, субординация қағидалары. Шағын топтардағы психологиялық үрдістер: шешімдер қабылдау, топтық қысым, жанжалдар. Жанжалдар формуласы, жанжалдар сигналы. Жанжалдық әсер етулер стратегиясы. Жанжалдарды басқару.
Бөлім 7 Еңбек әрекеті психологиясы.
Тақырып 7.1 Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі. Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар.

Оқу ақпараты: Маман үлгісі. Кәсіпкерлік және оның құрамдас факторлары : кәсіптік білім мен дағдылар, клиникалық ойлау, психологиялық құзыреттілік. Ұйымдық дағдылар, кәсіби әдептілік. Кәсіпкерлік деңгейі. Кәсіпкерлікті қалыптастыру. Кәсіпкерлікке барар жолдағы бөгеттер. « Кәсіпке жарамдылық», «кәсіптік құзыреттілік» түсінігі. Кәсіптік бейімделу. Мейірбикенің психологиялық құзыреттілігінің құрамдастары. Медицина қызметкерінің қоғамдағы рөлі және жауапкершілігі. Медицина қызметкері тұлғасына психологиялық талаптар. Өзіндік ерекшеліктердің кәсіби қызметтегі тиімділікке әсері. Медицина қызметкерінің психикалық бұзылысы: созылмалы шаршау синдромы, кәсіби тозу синдромы.

Тақырып 7.2 Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу.

Оқу ақпараты: өз өмірін жоспарлауда таймменеджментті қолдану, өзіндік менеджмент. Өзіндік өсу. Кәсіби қызмет тиімділігі, мансаптық өсу. Қызметкерлер мотивациясын басқарудың жалпы қағидалары. Еңбек әрекеті нәтижесіндегі қызығушылықты арттыру, жеке кәсіптік мүмкіндіктерді бағалау.


4.Оқу әдістемелік жабдықталуы.

4.1.Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3.Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4.С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5.Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

6.Жарикбаев К.Б. История казахской психологии (на казахском языке). – Алматы:Изд-во «Казахстан». 1996.

7.Намазбаева Ж.И. Жалпы психология.- Алматы, 2004.-334 б.



Қосымша

1.Немов Р.С. «Психология» Издательство М., ВЛАДОС, 2001г.

2.Рогов И.Е. «Общая психология» Издательство М., ВЛАДОС, 2001г.

3.Тертель А.А. «Психология в вопросах и ответах», Издательство М., «Проспект», 2009г.

4.Островская И.В. «Психология. Учебник для медицинских училищ и колледжей». М., «ГЭОТАР-Медиа», 2006г.

5.Полянцева О.И. «Психология для средних медицинских учреждений. Среднее профессиональное образование». Ростов-на-Дону, «Феникс», 2004г.

6. Маслоу А. Мотивация и личность. М 1995г.
4.2.Көрнекілік құралдар және ОТҚ

1.Компьютерлер

2.Плакаттар

3.Интерактивті тақта

4.Электронды оқулық

5.Кестелер


4.3.Тест тапсырмалары (220 тест тапсырмасы қосымша беріледі):

1. Психологияның заты мен міндеттері-25 тест тапсырма;

2. Танымдық психикалық үрдістер-32 тапсырма;

3. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері-25 тапсырма;

4. Тұлға және жеке адам- 45 тапсырма;

5. Қарым қатынас психологиясы-38 тапсырма;



6. Тұлғааралық қақтығыстар-16 тапсырма;

7. Кәсіби деңгей-18 тапсырма;
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет