ЖҰмыс бағдарламасы пәні: медициналық биология және генетика пән коды: mbmg 1201 Мамандығы: 051101 «Мейрбике ісі»



Дата25.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#12398
түріЖұмыс бағдарламасы



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 9.10.07ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні:

Қайта қаралды:

Бет ден





«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор

Профессор Айнабекова Б.А.

__________________

« 9 » қазан 2007ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәні: МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Пән коды: MBMG 1201
Мамандығы: 051101 - «Мейрбике ісі»
Сағат көлемі – 90 (2 кредит)

Курсы: 1

Семестр: 2 Емтихан: 2 семестр

Дәрістер: 10 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 20 сағат

ОЖСӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Барлығы – 90 сағат (2 кредит)
Астана – 2007

Жұмыс бағдарламасы ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-на кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік секциясында бекітіліп басылымға ұсынылған 051101 - «Мейрбике ісі» мамандығы бойынша, «медициналық биология және генетика» пәні бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Хаттама №11 «14» маусым 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының гистология курсымен биология, радиобиология кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ 1 хаттама «4» қыркүйек 2007 ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Мамбетпаева Б.С.

Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының қазақ бөлімі пән-әдістемелік комиссиясында талқыланған

№ 1 хаттама « 7 » қыркүйек 2007 ж.

ПӘК төрағасы м.ғ.к.,доцент.___________________ Е.Ә.Даленов.

Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының

Оқу- әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ 1 хаттама « 7 » қыркүйек 2007 ж.

ОӘК төрайымы

м.ғ.д., профессор ____________________ Б.А. Айнабекова

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Медициналық биология және генетика - медициналық білім беру іргетасының маңызды, түпкілікті пәндерінің бірі болып саналады. Биология ғылымдарының жетістіктері мен жаңалықтары медико-биологиялық және клиникалық пәндердің дамуы мен ілгеруінде маңызды роль атқарады.

Бағдарламаға сәйкес теориялық және тәжірибелік курстарды оқыту адам тіршілігінің биологиялық негіздерін оқып үйренуге бағытталған. Әсіресе, адам денсаулығы, денсаулық сақтау тәжірибесі үшін қызықты биологиялық құбылыстарды оқып- үйренуге басты көңіл аударылған. Бағдарламада тіршіліктің барлық деңгейлерінде байқалатын түпкілікті әмбебап биологиялық заңдылықтар туралы жалпы түсініктер бейнеленген.

Бағдарлама студенттердің тек қана теориялық білімдерін қалыптастырып қана қоймай, сол сияқты белгілі бір практикалық дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыруды да көздейді. Ол үшін заманауи микроскопиялық техникалар арқылы әртүрлі биологиялық нысандарының құбылысын зерттеу, адамдардың белгілерінің тұқым қуалаушылығының түрліше типтері мен түрлерін өз беттерінше талдау, хромосомалық және генеалогиялық талдау әдістерін үйрену және игерулер қарастырылған. Сонымен қатар, адамдардың тұқым қуалайтын, паразитарлық, трансмиссивтік ауруларының пайда болу себептерін, оларды анықтау, алдын алу әдістерін игеру де көзделген.

Бағдарлама биохимия, гистология, физиология, микробиология т.б. пәндерді оқып үйренуге теориялық негіз бола алады және студенттердің клиникалық ойлау негіздерін қалыптастырады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзалар тіршілігінің биологиялық негіздері туралы студенттердің заманауи білімдерін қалыптастыру және оларды медико- биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге қолдану.



2.3 Міндеттері:

- тіршіліктің құрылымдық деңгейлері және тіршіліктің түпкілікті қасиеттері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

- тұтас ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайларда қызмет етуіндегі молекулалық- генетикалық және жасушалық тетіктердің ролін дұрыс түсінуді қалыптастыру;

- кең таралған тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету.

- паразитология, экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық – биология қырлары (аспектілері) туралы мағлұматтар беру;

- тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен электрондық деректер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.



2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуге міндетті:

- тіршіліктің құрылым деңгейлерін және тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін;

- прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылысын;

- жасушаның бөліну үрдісін және оның реттелу тетіктерін;

- жынысты және жыныссыз көбейюдің биологиялық мәнін;

- ағзалардың жеке дамуының генетикалық негіздерін;

- биологиялық ақпараттың жүзеге асу үрдісін;

- гендердің өзара әрекеттесуі, генокөшірмелер мен фенокөшірмелердің медициналық маңызын;

- адамдардың гендік және хромосомалық ауруларын, олардың пайда болу себептерін анықтау, емдеу және алдын алу әдістерін;

- паразитизімнің биологиялық негіздерін, паразиттік ауруларды анықтау және олардың алдын алу әдістерін;

- экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық биологиялық

қырларын (аспектілерін) қолдана білуге;

- әр түрлі биологиялық объектілерді микроскоп арқылы зерттеуді;

- уақытша микропрепараттарды жасай білуді;

- эукариоттық жасушаларды танып білу және олардың негізгі құрылымын ажыратуды;

- митоз және мейоз фазаларын ажыратуды;

- ұрпақтарда физиологиялық және патологиялық белгілердің байқалу ықтималдығын болжауды;

- арнайы терминдерді, анықтама материалдары, электрондық деректер базасын пайдалана білуді;
Дағдыларды игеруге:

- әр түрлі биологиялық нысандарды микроскоп арқылы зерттеу;

- тұқым қуалайтын патологиялардың ұрпақтарда байқалу қауібін болжау үшін адамдар шежіресін құрастыру;

- адам кариотипін талдау;



- адам үшін инвазиялық паразиттердің даму сатыларын ажырату.
2.5 Реквизитке дейінгі: орта мектептің жалпы биологиясы және химиясы;

2.6 Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология, физиология, микробиология, клиникалық медицинаға кіріспе.
2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары



Дәрістердің тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

Кредит № 1

1

Кіріспе. Тіршіліктің құрылым деңгейлері. Тіршіліктің түпкілікті қасиеттері. Жасушалар түрлері, құрылысы

Жалпылама

1

2

Жасушаның молекулалық биологиясы. Нуклин қышқылдары және ақуыздар - жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымдары.

Жалпылама

1

3

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылық ақпараттың кодталау принциптері және жүзеге асу жолдары.

Жалпылама

1

4

Жалпы генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың жалпы заңдылықтары.

Жалпылама

1

5

Медициналық генетика негіздері. Гендік және хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын патологияларды анықтау және алдын алу әдістері.

Жалпылама

1

Кредит №2

6

Онтогенез. Эмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық негіздері.

Жалпылама

1

7

Мүшелер жүйесінің эволюциясы. Адамның мүшелер жүйесінің филогенетикалық ақаулықтары.

Жалпылама

1

8

Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері, биологиялық қырлары (аспектілері)

Жалпылама

1

9

Адам эколгиясының негіздері . Медициналық – биологиялық қырлары (аспектілері)

Мәселелі

1

10

Адам және биосфера

Мәселелі

1




БАРЛЫҒЫ : 10 сағат












Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

Кредит № 1

1

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының жалпы құрылымы

Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

2

Ақуыздар биосинезі. Транскрипция. Трансляция.

Семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

1

3

Жасуша бөлінуі. Жасуша циклі. Митоз. Хромосомалардың құрылысы

Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

4

Адам кариотипі

Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

5

Мейоз

Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

6

Жалпы генетика негіздері. Мендель заңдары. Адамдарда моногендік тұқым қуалау.

ситуациялық есептерді шығару

1

7

Гендердің өзара әрекеттесуі

ситуациялық есептерді шығару

1

8

Адамдар генетикасын зерттеу әдістері. Генеалогиялық әдіс.

ситуациялық есептерді шығару

1

9

Адамдар гендік және хромосомалық аурулары

Семинар

1

10

Тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу әдістері

Шағын топтармен жұмыс істеу, ситуациялық есептер

1

Кредит № 2

11

Эмбриональдық даму. Дамудың генетикалық және жасушалық негіздері



Семинар

1

12

Постэмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Регенерация

Семинар

1

13

Тері, қаңқа және нерв жүйелерінің эволюциясы

Семинар

1

14

Қан айналым, тынысалу және асқорыту жүйелерінің эволюциясы

Семинар

1

15

Зәр шығару және жыныс жүйелерінің эволюциясы

Семинар

1

16

Қарапайымдылар. Саркодалылар, инфузориялар – адам паразиттері

Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

17

Талшықтылар, споралылар – адам паразиттері

Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

18

Жалпақ құрттар. Сорғыштар – адам паразиттері

Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

19

Таспа құрттар – адам паразиттері

Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

20

Жұмыр құрттар – геогельминттер адам паразиттері

Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1




БАРЛЫҒЫ : 20 сағат











Оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыс істеуіне арналған тақырыптар

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

2


Кредит № 1

Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

Кейбір практикалық сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1
1


  • Эукариоттардың құрылысы, қызметтері



  • ДНҚ репарациясы

3

4


  • Ген белсенділігінің реттелуі.

  • Жасуша бөлінуінің реттелуі. Апоптоз

Кейбір практикалық сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1

1


5
6

  • Цитогенетика негіздері., Кариотип. Адам кариотипі.

  • Гаметогенез. Сперматогенез. Овогенез. Жыныс жасушалары

Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1
1

7

8


  • Аралық бақылау.


  • Молекулалық генетика негіздері. Ген, жіктелуі және қасиеттері

Аралық бақылауларды тапсыру

Кейбір практикалық сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру



1

1


9

10


  • Тіркес тұқым қуалау. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

  • Адам генетикасын зерттеу әдістері

Кейбір практикалық сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, рефераттар, баяндамалар дайындау, тест тапсыру

1

1


11
12


  • Медициналық генетикалық кеңес беру.

  • Өзгергіштік. Фенотиптік, генотиптік өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік, оның адам генетикасындағы маңызы

оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру



1
1

13

14


  • Адамзаттың генетикалық полиморфизмі және орта факторлары әсерлері салдарынан туындайтын ауруларға (мультифакторлы) бейімділігі.

  • Адам популяциясындағы генетикалық жүк

рефераттар дайындау, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру




1

1


15

16


  • Аралық бақылау



Аралық бақылауларды тапсыру
рефераттар дайындау

1

1


Кредит № 2.




17

18


  • Онтогенез және филогенез. Биогенетикалық заң. Ұрық ұқсастығы заңы.

  • Рекапитуляциялар, филоэмбриогенездер, ценогенездер

Кейбір практикалық сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1

1


19

20


  • Эндокриндік жүйе эволюциясы.

  • Антропогенез




Макропрепараттарды оқып-үйрену, рефераттар дайындау

1

1


21

22



  • Аралық бақылау.



  • Қарапайымдылар. Споралылар- адам паразиттері

Аралық бақылауларды тапсыру

Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру



1

1


23

24


  • Таспа – құрттар. Эхинококк, альвеококк, ергежейлі цепень – адам паразиттері.

  • Жұмыр құрттар - биогельминттер

Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, макропрепараттарды оқып-үйрену тест тапсыру

1

1


25

26


  • Аралық бақылау.



  • Кенелердің трансмиссивтік аурулар қоздырғыштарын таратудағы ролі

Аралық бақылауларды тапсыру

Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру



1

1


27

28


  • Насекомдардың эктопаразит ретіндегі және трансмиссивтік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы ролі.

  • Адамдардың экотиптері




Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру, реферат дайындау

1

1


29

30


  • Аралық бақылау.



  • Қорытынды кеңес беру

Аралық бақылауларды тапсыру

оқытушыдан кеңес алу



1

1





БАРЛЫҒЫ : 30 сағат











Өзіндік жұмыстың тақырыптары

өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1


Кредит № 1

Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу


3


Жасуша органоидтары, құрылысы қызметтері. Жасуша циклі, қазіргі күйі.

2

РНҚ түрлері, құрылысы, таралуы, қызметтері.

Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу, тест тапсырмаларын орындау

3

3

Жыныс генетикасы.


Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу, тест тапсырмаларын орындау, ситуациялық есептерді шығару

3

4

  • Адам хромосомаларының генетикалық карталары.




Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу, рефераттар дайындау және қорғау

3

5

Заманауи молекулалық - генетикалық әдістер.

Әдебиеттермен жұмыс істеу, глоссария, ауруларды анықтау (диагностика) және олардың алдын алу алгоритмдерін құрастыру, тест тапсырмаларын орындау

3

6

Адам популяцияларындағы некелесу құрамы.
Кредит №2

Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу

3

7

  • Эмбрионалдық дамудың қиын кезеңдері

Рефераттар дайындау және қорғау




8

  • Тератогендік факторлар. Тератогенез.



Әдебиеттермен жұмыс істеу тест тапсырмаларын орындау

3




9

  • Экологияға тәуелді адам аурулары.

Деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу

3

10

  • Адам нәсілдері. Жіктелуі .

Деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу

3






БАРЛЫҒЫ : 30 сағат







2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері.

- Лекциялар: шолу және проблемалық лекциялар

- Практикалық сабақтар: микроскопия, микро- және макропрепараттармен жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шығару, семинарлар, мультимедиялық деректер базалары, компьютерлік модельдер және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шағын топтармен жұмыс істеу: медициналық жағдайларды талдау және талқылау.

- Оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыс істеуі (ОБСӨЖ):

Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып – үйрену, кейбір тақырыптарды өзбетінше микроскоп арқылы зерттеу, макропрепараттарды оқып – үйрену, рефераттар, баяндамалар дайындау, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру, аралық бақылауларды (коллоквиум) тапсыру.



- Студенттердің өзбетінше жұмыс істеуі (СӨЖ):

Әдебиеттермен, деректердің электрондық базаларымен жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шығару; глоссория, ауруларды анықтау (диагностика) және олардың алдын алу алгоритмдерін құрастыру, тест тапсырмаларын орындау, рефераттар, баяндамалар, тесттерді т.б. құрастыру, дайындау және қорғау.



2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

- Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша, ауызша сұрақтар, ситуациялық есептерді шығару, орындалған тапсырмалар қорытындыларын дұрыс толтыру (альбом), шағын топтарда жұмыс істегенде өзін - өзі және топтың басқа мүшелерінің білімін бағалау.

- Аралық бақылау: коллоквиум

- Қорытынды бақылау: емтихан.

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Биология. Оқулық / В.Н. Ярыгин редакциясында, 1-2 кітаптар, 2004 ж.

2. Қазымбет П.К. , Мироедова Э.П. Биология. Мед. вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І – ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007 жж.

3. Медициналық биология және генетика. / Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.



Қосымша оқулықтар:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттерне арналған оқу құралы (В.П. Иванов , Л.А. Гребенник, А.И. Кириленко), Курск 2003ж

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н. Барышников, / М, 2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері. / Мед. оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М, 2004).

Қазақ тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Е.Ө. Қуандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

2. П.Қ. Қызымбет, Л. Аманжолова , Қ. Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

3. Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004



Қосымша әдебиеттер:

1. Стамбеков Е.Ж. Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

2. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ : С Әміреев; А. Жаханов, Құдайбергенұлы. Алматы Кітап, 2005

3. Генетика. Оқу құралы / Р. 1 Берсімбаев Қ.Қ. Мухаметжанов, Алматы, Қазақ Ұлттық университеті; 2002.



Ағылшынша оқулық:

1. J.H. Postlethwait, J.L. Hopson, R.C. Veres. Biology. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992.

3. Mange E.J. Mange A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,



4. T.A. Brown. Genetics a molecular approach. -Chapman and Hall, 1990.
Каталог: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> biology-umkd -> sd-1
sd-1 -> Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
biology-umkd -> Биология кафедрасы
biology-umkd -> Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»
biology-umkd -> Конденсор қандай рөл атқарады
biology-umkd -> Лекции 18 (часов) Практические (семинарские) занятия 54 (часов) / Астана 2012
biology-umkd -> Кафедра биологии с курсом радиобиологии и радиационной медицины
biology-umkd -> Биология кафедрасы
biology-umkd -> Радиобиологи
biology-umkd -> Лекции 36 (часов) Практические (семинарские) занятия 72 (часов) срс 54 (часов) Астана 2012г


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет