Жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»


Алынған үлгілердің ортақ активтілігін анықтау



бет11/13
Дата20.05.2020
өлшемі470.85 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Алынған үлгілердің ортақ активтілігін анықтау

Зертханаға жеткізілген су үлгісінен 0,5л алып, оны таза, алдын ала өлшенген

фарфор кеселерге үлестермен құяды және құрғақ қалдық қалғанша су буы моншасында буландырады. Қалдықты 2 сағат бойы 105 температуралы құрғатқыш шкафта тұрақты салмақ алғанша кептіреді. Кесенің салмағын тағы да өлшейді және салмақтардың айырмасы бойынша 1л суға келетін құрғақ қалдық мөлшерін есептейді. Содан кейін құрғақ қалдықты сол кеседе аздап үйкейді және одан аналитикалық таразыда өлшейді, оның нысанадағы қалыңдығы 5-8мг/см2 аспауы шарт (жұқа қабаттағы активтілікті анықтау).

Егер суды буландырғаннан кейін алынған құрғақ қалдық айтарлықтай көп болса және нысанаға 3г-нан аз емес құрғақ қалдық алатын болсақ, онда активтілікті қалың қабаттық әдіс бойынша анықтайды. Бұл аналитикалық таразымен өлшем жүргізуді талап етпейді.

Су құрамында 10-7кюри/л және одан да жоғары радиоактивтік заттар

концентрациясы болған жағдайда активтілік зерттелетін судың (1,0-2,0мл) тура

анықталынған көлемінде анықталады. Судың бұл көлемін нысанаға қойып инфрақызыл сәуле астында құрғатады және есептегіш құрылғымен өлшейді. Алынған нәтижелер бойынша судың активтілігі кюри/л-мен есептелінеді.

Зертханаға жеткізілген фито-, зоопланктон және балықтан салмағы 10 г-нан

болатын үлгілер алынады. Алынған үлгілерді ұсақтап кептіргіш шкафта 105С

температурада кептіреді, содан соң муфельді пеште 400С температурада күлге

айналдырады, эксикалаторда суытып, күл салмағын анықтау үшін өлшем жүргізеді. Алынған күл мөлшеріне қарай ныманаға жұқа немесе қалың қабатпен жағып, құрылғыда активтіоік өлшемін жүргізеді. Ары қарай үлгілердің активтілігі кюри/кг-мен есептелінеді. Берілген суқойманың табиғи радиоактивтік фоны көрсеткіштерінен табылған өлшемдер артық болса және ластану қандай изотоптардан болғаны анық болса, онда судың -активтілігі жинағының радиометриялық анықтау нәтижесінің практикалық мағынасы болады.

Әдетте судың табиғи радиоактивтілігі 5·10-11 кюри/л-ден аспайды. Бұдан басқа

жағдайлардың барлығында судағы изотоптардың сәйкестілігін тексеру қажет. Судың айтарлықтай активтілігі болған жағдайда сәйкестікті тексеру физикалық әдістермен жүргізіледі, ал аз мөлшердегі активтілікте – жоғары радиотоксикалылығы бар изотоптар (Sr90+Y90, Cs137 және т.б.) бар-жоғын анықтау үшін радиохимиялық анализ жүргіледі.

Берілген су көзін пайдалану мүмкіндігі жөніндегі қорытынды санитарлы-

топографиялық тексеру материалдары жиынтығы бағасы негізінде судың радиометриялық және радиохимиялық зерттеулері және мүмкін жинақталу коэффициенттерін ескергендегі су қоймасының биомассасы негізінде беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет