Жүн мықтылығы (беріктігі) (талшықтың да үзілуге қарсы тұру қабілеті) мықты маталар дайындауда өте маңызды



Дата31.05.2020
өлшемі83 Kb.
#71837
Байланысты:
ТЕХН
ТЕХН, педиат нег 15 05, педиат нег 15 05, педиат нег 15 05, педиат нег 15 05, педиат нег 15 05

ЖАУАПТАР:

1. Жүннің сыртқы түріне, қасиетіне байланысты түрлері

Жүннің техникалық қасиеттеріне: ұзындығы,жуандығы, иректілігі, мықтылғы, серпінділігі,созылғыштығы,иілгіштігі, жылтырлығы және түсі. Жүннің осы қасиеттері жүн өнімдері мен оның сапасына тығыз байланысты.

Ұзындығы – жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Ұзындықты табиғи және түрлерге ажыратады. Табиғи жүн ұзындығын тұлымның табиғи жағдайында, яғни иректі түзетпей өлшейді. Нақты ұзындықты жүннің жеке, талшықтарын түзу, бірақ созбай өлшейді.

Жуандығы – жүн өнімдерінің сапасы ен жіп жуандығына көп дәрежеде әсер ететін, жүн қасиеттерінің ең маңыздысы жүн жуандығын жүннің көлденең кесіндісін диаметрмен өлшеу жолымен анықтайды және ол микрометрмен сипатталады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүндердің (биязы, биязылау) жуандығын нақтылайтын біріңғай жіктеу жүйесі қабылданған. Бұл жүйе бойанша бір текті жүндердің 13 негізгі класы бекітілген, оны немесе жүн сапасы деп атап, сандармен белгілеген:80,7,64,60,58,56,50,48,46,40,44,36,32. Әрбір сапаға белгілі бір жүн жуандығы сәйкес келеді.Жүн иректілігі беогілі бір мөлшерде шаш қынабы пішініне, байланысты. Түбіт өте ұсақ иректілігімен ерекшеленеді. Аралық талшықтың иректілігі неғұрлым, ірі болады. Қылшық толқынды иректілікпен сипатталады. Жалпақиректілік – доға биіктігінің өз негізінен кішіректігімен сипатталады. Кейбір жағдайларда осы доғалардың қатты созылғыштығынан иректілік көзге әзер білінеді, мұндай иректілік пішіні – толқынды немесе созылған – қылшық және ұяң жүндерге тән. Иректілігі жоқ жүн – тегіс деп, аталад. Иректілігі жоғары – доға биіктігі оның негізінен үлкен болады. Сонымен қатар иректіліктің қиыңқы, биік, ілмекті түрлері де кездеседі. Қысыңқы, биік иректілік түрлері жүннің сиректілігі мен солғылдық жағдайларымен тығыз байланысты.

Жүн мықтылығы (беріктігі) (талшықтың да үзілуге қарсы тұру қабілеті) - мықты маталар дайындауда өте маңызды.

Созылғыштығы – жүннің бұл қасиеті созғанда ұзындықтан да ұзарып, босатқанда бастапқы ұзындығына қайта келуімен сипатталады. Талшықтың нақты ұзындықтан ұзаруы жүн түріне байланысты 20-25 процент және одан да жоғары болады.

Серпінділігі – жүннің созғанда немесе қысқандағы қайтадан қалпына келу қабілеті, серпімді жүннің техникалық құндылығы болып, түкті (ворстық) маталарды (драп, сукна) өндіру және осындай маталардан тігілген кілемдердің бастапқыпішінін жоғалтпайтындығынмен сипатталады.

Жүнді кейін бастапқы қалпына келу жылдамдығын-иілгіштігі (эластичность) деп атайды.

Жүн түсіне байланысты:биязы және биязылау жүндерде-ақ, ал ұяң және қылшық жүндерде әр түрлі түсті болып келеді. Олар: ақ, қара, сары, сұр.Жүн түсі жүндегі қандай түс, басымдылығына байланысты. Өнеркәсіпте ақ түс бағалы болып саналады. Себебі, оны басқа түстерге бояу оңайға түседі.

Жүн жылтырлығы – жүн сәулесінің түсуіне байланысты жүн талшықтарының аз немесе көп мөлшерде жылтырауы. Бұл қасиет жүннің қабыршақты қабатының құрылымы мен жүн иректілігіне байланысты. Жүн жылтырлығы:өте күшті, орташа, жібек тәрізді және шыны тәрізді болуы мүмкін. Жүн жылтырлығы жоқ жүн – күңгірт деп аталады

Жүн сыртқы түріне, қасиетіне жəне түзілуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:


-түбіт жүн (мамық) – ең жіңішке, жүн талшығын айтамыз;

-мамық (түбіт) жүн өте бағалы, сол себепті оны жоғары сапалы бұйымдарды алуда қолданады;

-қылшықты талшық – аз иректелген, 3 қабаттан тұрады;

-өтпелі талшық – бұл талшық түрі 3 қабаттан тұрады, бірақ өзекті қабаты тұтас болмайды, қалыңдығы 30-50 мкм;

-өлі талшық – дөрек талшықтан құралған өзекті талшығы өте күшті дамыған талшық, бірақ əлсіз, сынғыш болып келеді жəне боялмайды.

Жүннің қасиетіне жəне сипаттамалық белгілеріне байланысты оның қолданылуымен жүн бұйымдарын өңдеу кезінде белгіленуін жүннің түрі дейміз. Белгіленуіне байланысты жүн 5 түрге бөлінеді: табиғи, қылшықты, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық..


2.Жүннің қасиеттері, дайындау технологиясы

Жүннің қасиеттері:

1. Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған бұйымдар жылы болады.

2 . Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшыққа қарағанда жүннің салмағы жеңіл.

3 . Күннің ультракүлгін сәулесін өткізеді.

4 . Талшықтары иілгіш , серпімді , созылғыш болады.

5 . Бояуды бойына жақсы сіңіреді.

6 . Шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті бар.

7 . Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүннен артық.



















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет