Жобаның ақпараттық картасы Номинацияның атауы: «Оқу шаттығы»



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі1,21 Mb.
#21784
  1   2
Жобаның ақпараттық картасы

Номинацияның атауы: «Оқу шаттығы» әлеуметтік – педагогикалық жоба

Жобаның атауы: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру - білімге ашар жол»

Авторлары:Асанова Бактыгуль Ергалиевна, Мамай Ризабол

Теміртау қаласы № 9 мектеп-лицейі КММ бастауыш сынып мұғалімдері



Байланыс мәліметтері: baktyghul.asanova@mail.ru телефон- 87073038993

Ғылыми жетекшісі: Нургалиева Куралай Акназаровна

Жобаның географиясы: Теміртау қаласы Республика 73, № 9 мектеп-лицейі

Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын және оқырмандық сауаттылығын дамытуға бағыттылған инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

Міндеттері:

1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың оқырман қызығушылығын арттыру үшін оқыту тәсілінің тиімді әдістерін таңдап алу.

2.Бастауыш сынып оқушыларының түйінді құзіреттіліктерін дамыту, оқырмандық қызығушылығын ояту.

3. «Оқырман клубы» арқылы отбасылық оқуға ықпал жасау, ата- аналарға кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы екендігін жеткізу.

4.Оқырмандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді механизімдерін таңдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын жетілдіру.

Жоба туралы қысқаша ақпарат:

Жобаның ұзақтығы: 2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы ата-ана қоғамдастығы



І бөлім

Жобаның аты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру-білімге бастар жол.

Жобаға тартылған ұйым: «Теміртау қаласы №9 мектеп- лицейі» КММ

Жобаның жетекшісі: Асанова Бактыгуль Ергалиевна

Жобаның бағыттаушысы: Нургалиева Куралай Акнаразаровна

Жобаның орындаушылары:

Мамай Ризабол

Бабагулова Камшат

Әбдіқалиева Мөлдір Дастанқызы



Мерзімі: 2014-2015 оқу жылы

ІІ бөлім

Өзектілігі: Қазіргі кезде мектеп оқушыларының оқу қызығушылығының төмендеп кету себептері; Оқу дағдысының қалыптаспауы, жалпы білім жетістіктеріне әсер етуі.

1.Бұқаралық ақпарат құралдары ықпалының артуы;

2.Қоғамдық өмірдің күрт өзгеруі;

3.Ересектердің балалармен біріге оқу әрекет ұстанымының өзгеруі;

4.Оқу дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру жүйесінің жоқтығы;

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын жетілдіру, инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

Міндеттері:

1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың оқырмандық қызығушылығын арттыру үшін оқыту тәсілінің тиімді әдістерін, түрлерін, бағытын таңдап алу.

2. Әр түрлі әдістерді анықтау, оның бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін дамыту және оқу белсенділігін дамыту үшін қолдану.

3.«Оқырман клубы» арқылы ата- аналарға «кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы» екендігін жеткізу.



Жобаның мазмұны: Бізді толғандыратын мәселенің бірі, қазіргі оқушылар неге кітап оқуға құлықсыз, кітап оқисың ба?-деп сұрасаң басын салбыратып тұрып қалады,ал ұялы телефон бар ма?-десем басын көтереді де,интернетке қалай кіруді,ойын ойнауды,неше түрлі видео роликтерді көру туралы сайрайды. Осыдан кейін мені келешек ұрпақ ойландыра бастады.
Баланы қалай кітап оқуға баулу керек? - деген сұраққа жауап іздедім.
Осы тұста хакім Абайдың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл – тән құмары. Біреуі – білсем екен демекілік. Бұл – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Бастауыш сыныпқа 5-6 жастағы нағыз «Білсем екен» деп талпынып тұрған шағында келеді. Осы талпынысты дамыту да, өшіріп, құрту да сол саладағы маманның қолында дей келе. «Оқу шаттығы» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен төрт бағытта жұмыс жоспарын құрып әртүрлі іс-шаралар жүргіздік. Зерттеу барысында отбасылық оқудың рөлі бала оқуына, тәрбиесіне жалпы мәдинетіне қосар үлесі мол екеніне көзім жетті.Ал қазіргі ұрпақ ол құнды­лық­тардан яғни рухани қажеттіліктен материалдық қажеттілікке көбірек көңіл бөлуде. Мәселен жастардың материалдық жағдайында, күйбең тіршіліктен қолдарының босамауында.

Жастарды, балаларды кітап оқымайды дей­міз. Тіптен күнделікті тірлік қамымен жүр­ген ересек адамдар да кітап оқуды азайтты. Кейде ата-аналардың тарапынан «Ба­ламның ұялы телефоны болса, астында көлігі болса, пәтер алып берсем, қал­ға­нын өзі оқып алады»,– деген пікір­лер­ді жиі еститін болдық. Осылай жалғаса берсе, ұрпағымыздың болашағы не бол­мақ?


Сондықтан болар, қазіргі жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Қазіргі ғасыр – ақпарат ғасыры. Күнделікті ғаламтор арқылы алып отырған ақпараттар жастардың санасын еріксіз жаулап алып, оларды рухани ашаршылыққа ұшыратып отырған жоқ па? Осы тұрғыда жастарға балаларға тәуліктің бір уақытын кітап оқу­ға арнау дағдысын кішкентайынан қалып­тас­тыру керек. Демек, жастарды рухани байлыққа жетелеу отбасынан бастап оқытуды қолға алсақ адаспаған болар едік. «Оқу шаттығы» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен жүріп қаншама отбасы кітап оқуды уақыттың жоқтығы десе,екінші бір отбасы кітап қымбат, жастар интернет тұрғанда кітапты не істейміз деп қысқа қайырды. Әттең, кітап құдіретті қару екенін білсе. Баланы кітап құмарлығына қарай 2 топқа бөліп қарастыруға болады.

  • Туа бітті кітап құмарлық

  • Кітапқа ешқандай қызығушылығы жоқ.

Алдыңғы топтағы балаларды дамытып, жол сілтеп отыру қажет болса екінші топтағы балалармен жоспарлы түрде күрделі, жүйелі , жан-жақты жұмыс жүргізу қажет. Ұзақ жыл бастауыш сыныпта ұстаздық еткенде жинақтаған іс-тәжірибеме сүйене отырып, баланың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың жолдарын айқындап алдым.Оқыған мәтінмен жұмыс жүргізілетін жұмыс түрлерін жүзеге асырудың жолдарында қарастырдым.


І. Бастауыш сынып оқушыларының сабақ барысында оқырмандық және функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспары.



Сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Оқушылар саны

Уақыты

Жауаптылар

1.

Әр сабақтың алдында

5 минут іштей мәтіндер оқыту



3-4 сынып

92 оқушы


2014 қазан-2015мамыр

Джамалова Д,Хатпа Ж,

Дағыс Ж,Әбдіқалиева М,

Естекбаева З,Асанова Б, Мамай Р


2.

Математика сабағында сөз есептерді оқушыларға міндетті түрде дауыстап/оқытуға дағдыландыру

3-4 сынып

92 оқушы


2014 қазан-2015мамыр

Джамалова Д,Хатпа Ж,

Дағыс Ж,Әбдіқалиева М,

Естекбаева З, АсановаБ,Мамай Р


3.

Әдебиеттік оқу,қазақ тілі сабағында үй тапсырмасы ретінде оқып келген әңгіме – ертегілердің мазмұнын сұрау

3-4 сынып

92 оқушы


2014 қазан-2015мамыр

Джамалова Д,Хатпа Ж,

Дағыс Ж,Әбдіқалиева М,

Естекбаева З,Асанова Б,Мамай Р


4.

Оқыған шығармаларының ішіндегі ұнаған дәйек сөздер мен мақал- мәтелдерді жазып жүру

«Сөз маржаны»



3-4 сынып

92 оқушы


2014 қазан-2015мамыр

Джамалова Д, Хатпа Ж,

Дағыс Ж,Әбдіқалиева М,

Естекбаева З,АсановаБ,

Мамай Р



ІІ.Сыныптан тыс уақытта жүргізілген жұмыстар




Іс-шаралар тақырыбы

Оқушы саны

Жауаптылар

Қорытынды

Мерзімі

1

«Менің атым

Қожа»шығармасындағы Қожа бейнесі/4 сынып оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастыру/



44

Сынып жетекшілері

Асанова Б.Е

Искендерова Т

Джамалова Д.



Оқушылардың сөйлеу мәдениетін,тіл байлығын қалыптастыру
/әзірлеме/

желтоқсан

2

ІV мектепішілік оқу конференциясы /Бастауыш сынып оқушылары және ата-аналар

56

Бастауыш сынып мұғалімдері Асанова Б.Е

Естекбаева З.А



Оқушылардың есте сақтау қабілетін және естігендерін көркем жеткізіп жаза білуін байқау/әзірлеме/

желтоқсан

3

«Ертегілер елінде»фестивалі

(1-4 сыныптар)



92

Сынып жетекшілері

Оқушылардың оқыған ертегілерінің сахналық көрінісі

наурыз

4

«Менің достарым-оқырман»

/мектеп акт залы/



150

Сайлау Ғ

Әбдіқалиева М



Фото суреттер

ақпан

5

«Қызықты кітаптар» жинағынан «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік сайысын ұйымдастыру

/акт залы/



150

ИскендероваТ

Бабагулова К

Джамалова Д

Жамуратова К



Оқушылардың кітапқа қызығушылығын дамыту

қаңтар

6

«Кітапхана-білімпаздар мекені» кітапханаға саяхат 1-2 сынып /мектеп кітапханасы/

3-4 сынып қалалық кітапханаға саяхат



197

Сынып жетекшілері

Асанова Б.Е

Бабагулова К


а)кітапханада оқушыларды жаңкаа кітаптармен таныстыру

ә)20 мин үнсіз оқу



қазан

сәуір


7

«Кішкентай оқырмандар»

1-2 сынып



93

Асанова Б.Е

Жамуратова К

Солтанбек Р


Оқушыларды

өз ойын еркін жеткізуге бағыттау

/әзірлеме/


желтоқсан

сәуір


8

«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» / мектепішілік

мақал-мәтелдер сайысы/ 4 сыныптар



44

Білім бөлімі

№9 мектеп-лицейі



Оқушыларды есте сақтау,жаттау қабілетін арттыру /әзірлеме/

наурыз

9

«Кітап –білім бұлағы» атты эссе жазу байқауы 3- сынып оқушылары арасында

48

Асанова Б,

Естекбаева З,

Әбдіқалиева М

Султанова Ж



Оқушылардың тіл байлығын байқау

сәуір

10

Қалалық оқу күні «Кітап құмар,жас ұрпақ» 1-4 сыныптар

Әр мектеп

тен


Асанова Б,

Естекбаева З,

Жамуратова К,

Дағыс Ж,


Хавлахат Б

Оқушылардың есте сақтау,зерттеу арқылы қызығушылығын дамыту /әзірлеме/

наурыз

Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушының пән бойынша білімінің терең әрі сапалы болуына, оқу техникасының жоғарылауына мүмкіндік беру, жоғары нәтижеге ұмтылуын қалыптастыру, тұлғаның туа біткен қабілеттерінің ашылуына, алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға жағдай жасау. Біздің мектебіздің педагогикалық ұжымы осы прблемаларды шешу жолдарының бірі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу күндерін ұйымдастыру деп таптық. Мектеп-лицейімізде жылына екі рет «Оқу күнін»ұйымдастыру дәстүрге айналған. Оқу күнінде тек қана оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ сыныптың ата-аналары да қатыса отырып, өз балаларымен бірлесе кітап оқиды. Себебі оқу күні мектебіміздің барлық ата-аналары үшін ашық есік күні. Алғашқы рет оқушылардың оқитын әдебиеттерін мұғалімдер өздері таңдаса, екінші рет оқушы өзі таңдайды. Оқу күнін өткізу үшін алдымен сынып оқушылары мен сынып жетекшілері бірлесе отырып, оқылатын әдеби шығарманы таңдап алды.Әдеби шығарманы таңдау үшін балалармен ақылдаса отырып, мектебіміздің кітапханасымен байланыс жасайды. Нәтижесінде өздерін қызықтырған авторлар мен көркем әдебиеттерді оқиды. Бұл жерде балалардың жас ерекшелігіне де назар аударылды. Оқу сағатында әр сынып оқушылары топ - топқа бөліне отырып, өздерінің ережелерін анықтап алды.

Мысалы: 3«Б» сынып оқушыларының ережесі:



  • үнсіз оқу;

  • «Миға шабуыл» сұрақтарын ойластырады;

  • бір-біріне мазмұндайды;

  • әр топ кластер құрып, тобының презентациясын жасайды;

  • негізгі кейіпкерлер;

  • таңқалдырған кейіпкерлердің сезімдері, ойлары;

  • оқиғаның болған мекені;

  • тақырыптың негізгі ойы мен идеясы;

  • спикерлер қорғауы;

Барлық сынып оқушылары өздерінің таңдаған әдебиеттерін сыныпта оқып, талқылап біткен соң, мектебіміздің Акт залына «Ой шарлау галереясына» өздерінің пікірлерін қалдырады. Өздеріңіз көріп отырғандай біздің мектеп-лицейіміздің Оқу күндерінде оқылған әдебиеттер мен оқырмандардың санының жылдан жылға артуын байқауға болады.

ІІІ.Ата-аналармен жүргізілген іс- шаралардың жоспары



Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Қорытынды

1

Ата-аналармен сауалнама жүргізу

қазан

Естекбаева З

Бабагулова К

Хавлахат Б


Ата-аналардың кітап оқуға деген ынтасын тексеру

2

Ата-аналармен психологиялық тренинг өткізу

ақпан

Естекбаева З

Хавлахат Б



Ұсыным

3

«Біз бірге оқимыз» ата-аталар мен оқу сағатын ұйымдастыру

желтоқсан

Искендерова Т

Джамалова Д

Жамуратова К


Ата-аналармен оқушылардың арасында байланысты нығайту

4

«Тәрбиенің алтын ережелері» ата-аналарға арналған жинақтама кітапша

қаңтар

Дағыс Ж

Хавлахат Б

Естекбаева З


Әзірлеме

5

Кітап оқудан ата-аналар арасында сайыс өткізу

/сахналық қойылым/



наурыз

Асанова Б.Е

Дағыс Ж


Хавлахат Б

Жалпы ата-аналардың кітап оқуға деген қабілеттерін байқау

Отбасылық оқу «ойланғыш оқырманды» тәрбиелейді. Кітап оқудың негізі отбасында қаланады. Отбасылық оқуды ұйымдастыру арқылы өнегелі, рухани жан азығы бай, ұлттық санасы жоғары тұлға болып қалыптасуына жетелейді.

  • Бастауыш сынып оқушылары ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының таңдай отырып, қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. /әсіресе І сынып оқушылары/

  • Көркем шығармаларды оқуға балалар құмартып, қызыға бастады.

  • Жаттау арқылы олардың сөйлеу тілі және сөздік қоры дами бастады;

  • Жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті дами бастады;

  • Әдеби кейіпкерлердің жақсы әрекеттеріне сүйсіне отырып, сол кейіпкерлерді үлгі тұтады, жаманынан жиренеді және жаман әрекеттер неге, не себептен болды, яғни оларда жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік қалыптаса бастады.

  • Оқушылардың ой-өрісі, дүние танымын кеңейіп және оқырмандарды ақпараттық сауаттылығы арта бастады;

  • Топта жұмыс жасай отырып, әр оқушы өзінің ойын, пікірін достары арасында еркін айта білуге және ойын сауатты жетікезе білуге үйреніп, қалыптаса бастады.

  • Қазақ халқының тарихи, әдеби құндылықтарына, соның ішінде классикалық туындыларды оқуға деген қызығушылықтары ояна бастады;

Бұл біздің мектеп мұғалімдерінің оқушыларға рухани тәрбие берудегі түпкі мақсаттарымыздың бірі еді.

П
роблеманы шешудің екінші бір жолы мектебімізде отбасылық оқуды дәстүрге айналдыру деп шештік. Нәтижесінде 2013-2014 оқу жылынан бастап, кітапхана жанында «Ата-аналар оқырман клубы» ашылып жұмыс жасауда. Жыл сайын оқырман ата- аналар саны артып келеді. Үшінші жолы осы оқыған көркем әдебиеттерді ата-аналармен бірлесе отырып, көрініс қою, яғни нәтижесінде бастауыш сыныптарының оқушылары мен ата-аналары арасында «Ертегілер әлемінде» сахналық қойылым жасау дәстүрге айналып, әр сынып сенбі күні сайын өздерінің алдын-ала бекітілген кестеге сай сахналық көріністерін ортаға тарту етеді.



Каталог: uploads -> doc -> 05cd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05cd -> Сабақтың тақырыбы: Құстар. Сабақтың мақсаты: Құстар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру
05cd -> Сабақтың үлгісі: Аралас Сабақтың түрі: Қарап салу Сабақтың мақсаты
05cd -> СабақТЫҢ барысы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру "Жылы жүрек-ізгі тілек"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет