Жобаның мақсаты мен міндеттері



Дата05.08.2020
өлшемі13,93 Kb.
#76234
Байланысты:
Рух жанг


Облыстың барлық білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыс жүйесіне «Руханият бастауы – көркем-эстетикалық тәрбие» тақырыбындағы жобаны енгізу бастау алды.

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

- оқушыларды эстетикалық көзқарысы қалыптасқан, эстетикалық мәдениетті меңгерген саналы тұлға етіп тәрбиелеу;

- әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге деген көзқарасына, түсінік-құлықтарына игі әсер ету;

- қоғамды, табиғатты, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту;

- эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;

- баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу.

Жобаның бағыттары:

1. «Руханият-ізгілік бастауы» (оқушылар мен педагогтар үшін)

2 «Көркем-эстетика-рухани байлықтың қайнары» (барлық жоба қатысушылар үшін)

3.«Ата-баба өнері-балаға мұра» (ата-аналар үшін)

Тәрбие шараларын өткізу формалары: акциялар, зияткерлік ойындар, флешмобтар, фестивальдер, экскурсиялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, танымдық кештер,т.б.

«Руханият-ізгілік бастауы» бағытының мақсаты:

Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, туған жерді, елді сүюге, ана тілін және мемлекеттік тілді, тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге бағдарлау. Мектеп оқушысының рухани қорын, мәдени-эстетикалық деңгейін кеңейтуге халық ауыз әдебиетінің үлгілері, музыка, музыкалық аспаптар мен қолөнер түрлері де көптеп әсер етеді. Сұлулық негізі – табиғат жаратылысымен, адам мен табиғат, өнер құралдары арасындағы байланыспен сабақтастырылады.

Ұсынылатын үлгі тақырыптар:

1. «Әнім сенсің, туған жер!» шығармашылық байқау

2. «Мың бұрала билеген» конкурс;

3. «Ауыз әдебиетінде халық тарихы сыр шертеді»;

4. «Өнерімді еліме арнаймын» фестиваль;

5. «Мен - музыкантпын» байқау;

6. «Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап жүр қазақтың кең даласын» (Шәмші әндерінен байқау)

«Көркем-эстетика - рухани байлықтың қайнары» бағытының мақсаты:

Білім беру ұйымдарындағы көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмелердің қызметін жандандыру. Оқушылар мен жастар бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік, көркем мәдениет, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыру.

Ұсынылатын үлгі тақырыптар:

1. «Өлке тарихы өскелең ұрпаққа аманат» (мұражайлар мен тарихи орындарға саяхат)

2. Қолданбалы өнерлердің түрлерімен және олардың технологиясымен танысу

3. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» шығармашылық байқау

4. «Алтын қазына» қолөнершілер фестивалі

5. «Сәулеткерлік – бабалар мұрасы»

6. «Өнер - мәдениеттің айнасы»

«Ата-баба өнері - балаға мұра» бағытының мақсаты:

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, коммуникативтік дағдыларды дамыту, ұлттық әдет-ғұрып пен дәстүрлер, патриоттық тәрбие негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту; өз отбасының, тегінің және тарихына танымдық қызығушылық тудыру.

Ұсынылатын үлгі тақырыптар:

1. «Талаптың міндім тұлпарына» (конкурс)

2. «Жырымен әлдилеген, Ақжайығын» Атырауға арналған әндер байқауы

3. Зергерлік кәсіп иелерімен кездесу токшоуы

4. Жергілікті ақын, жазушы, композитор, суретшілер еңбектерін насихаттау

5. «Дизайнерлік өнер - қазақ тарихында» токшоу



6. Үздік үйірме жұмысы (байқау)

Жобаны іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмелер жұмысы жандандырылады, оқушылар мен педагогтардың арасында көркем-эстетикалық бағыттағы тәрбие-танымдық жұмыстар көптеп жүргізіледі, іс-шараларға ата-аналардың қатысуы белсендіріледі, ұлттық әдет-ғұрып пен дәстүрлер негізінде отбасылық құндылықтар нығаяды деп күтілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет