Жоспары Кіріспе Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік және технологиясы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті құрастыру Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



бет1/5
Дата01.05.2020
өлшемі20,77 Kb.
#65286
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жеңіл өнеркәсіп
1 желтоксан сценарийі2019, Тәрбие сағаты

Жоспары

Кіріспе


1.Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік және технологиясы

2.Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті құрастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды. Жаңа киім моделін орындау суретші, модельер, конструктор, технолог мамандарының шығармашылық еңбегінің туындысы. Киім кешек ұғымы адамдардың уақытша  және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық  туралы бір ұғымды бейнелейтін модельімен тығыз байланыста болады. Адамзат  қоғамы дамыған сайын бұл көзқаратар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып  отырады. Адамның киімге деген талғамы  әр қашан жоғары болған. Әсіресе  қазіргі экономиканың дамуына байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және жалпы өркениеттік дамуына  байланысты киім негізгі адам қажеттілігі  ғана емес, сонымен қатар сәндік функциясын атқара бастады. Киімге, матасына, оның сапасына қойылатын талаптар жылдан жылға жоғарылай береді. Киімнің  әр түрлі ассортиментіне деген сұраныстың жоғарылау жағдайында, әсіресе шағын өндірістер, ательелер адамдары жақсы киініп қоймай ,сонымен қатар басқалардан ерекшеленгісі келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет