ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады.
Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында акын онымен бірге болды — ал мұндай акын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.
Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның аңыз болған қайнары Әбілхаяттан мәңгі суын татқан жыршы үшін мүшел ғасырлармен өлшенеді. Өзінің еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне алған ақынның есімін біздің әділетті совет халқы аса қастерлейді. Абайдың қайтыс болғанына елу жыл толғанын атап өте отырып, біз ақынның уақыт сынынан мүдірмей өткен ұмытылмас, қымбатты және ұлы мұрасын еске аламыз.
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Мысалы, сүйікті қызы Тоғжанға арналған өлеңдерінің тек бастапқы жолдары ғана белгілі, жас Абайдың ақын қыз Қуандықпен айтысуының ауызша мазмұны ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу, сызу нашар дамыған болғандықтан бізде Абайдың жас кездегі өлеңдерін сақтаған, онын, өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ. Егер халық поэзияны терең қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары: «Құдайға шүкір, біздің рудан бір де ақын, бір де бақсы шыққан жоқ» деп күпінетін. Поэзияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлеңдерін жақсы достарының атынан таратқан.
Ру таластарының қым-қуыт дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей, әділ үкім шығарып отырды. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрды.
Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады. Ол енді тағдырын өзі белгілей алатын болады. Абай, ең алдымен, орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары, негізінен, кедей рулардан шыкқан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болады. Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классикалық әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оқи бастайды.
Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады. Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек 1886 жылы, қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қояды.
Отыз жастарға келгенде Абай феодалдық-рулық ортадан біржола түңіледі. Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың халық үшін өте ауырға соғатынын анық көреді.
Нағыз акын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады.
Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар — революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын куушылар еді. Солардың бірі Е. П. Михаэлис — Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған.
Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалык жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін тұңғыш таратушылар да, халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жақтаушылары да солар болды. Біз Михаэлистің көптеген еңбектерін және Леонтьевтің «Обычное право у киргизов» деген көлемді зерттеуін білеміз. Орыстың демократиялық интеллигенциясының бұл өкілдері халықты ағартуды царизмге қарсы күрестің манызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінін мұрасымен таныстыру — олар үшін, әрине, маңызды міндет болды.
Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің калың еңбекші бұкарасына жеткізуге тырысты. XIX ғасырдағы азаттық идеяларға толы орыстың классикалық әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес дауысы Сибирьде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі.
Ал, Абай болса қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы — орыс және қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді.
Ұлы ақын-ағартушы халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды Өзінің өлеңдерінде ол қазақ халқына орыс халқын патша отаршылдарынан айыра білуді көрсетуге тырысты.
Тура тілді кісіні дейміз орыс, Жиреніп, жылмандықты демес бұрыс. Жылпылдақтап айрылып, сенісе алмай Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс. Сенімі жоқ серменде сырды бұзды. Анық таза көрмейміз—досымызды Қылт етпеге кеңілдің кешуі жок, Жүрегінде жатады өкпе сызы. Дос асықтың болмайды бетендігі Қосылған босаспайды жүрек жігі.
Орыс халқының рухани мәдениетінін, нағыз бағалылықтарын тауып, таныған шақта Абайдың ой өрісі мейлінше кеңейеді. Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедрин мен Лев Толстойдың құштар ардақтаушысы болады. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлендеріне («Сегіз аяқ», «Алты аяқ», т. б.) арналған еді. Ол өзінің «Евгений Онегиннен» жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887—89 жылдарда Пушкин есімі және оның геройлары Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалык поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадыр тұтатын кісі болады. Оған тіпті алыс жерлерден ақындар, музыканттар, жыршылар келеді. Даңқты Біржан, соқыр ақын Ажар, Қуандық, Сара және басқалар оның өлеңдерін бүкіл кең далаға таратады.
Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия сияқты жас таланттар, ақындар, жыршылар Абайдың төңірегіне топталады. Олардын кейбіреулері Абайдан үлгі алып, өздігінен білімін көтереді, орыс әдебиетін оқып үйренеді, тарихи, романтикалық және салт поэмаларын жазады.
Абайдың маңына теқ қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшыраған (көбіне татар жастары), азат ойлы адамдары да келеді. Сибирьдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жаткан кавказдыктар Абай аулында айлап жатып қонақ болады, Абайдың ауылы бірте-бірте Шығыстың прогресшіл ойдағы, алдынғы қатарлы адамдары келетін орталыққа айналады.
Абайдың талантын бағалаушылардың саны жыл сайын молая береді. Тек Абайдың өз өлендерін ғана емес, сонымен бірге оның достарынын да шығармаларын ел ішінде көшіріп алып, жаттап, әнге қосып айтады. Батыс және орыс жазушыларының Абай оқыған романдарының мазмұнын тыңдаушы — ертекшілер ауызша түрде бүкіл далаға таратады. Орыс халқынын Ұлы Петр туралы ертегісі, Лермонтовтын. поэмалары, Лессаждың «Хромой бес», тіпті Дюманың «Үш мушкетер», «Генрих Наварский» сияқты шығармалары (соңғыларын Абай орысша аудармасынан оқыған) шығыстың «Шаһнама», «Ләйлі — Мәжнүн», «Кероғлы» сияқты поэмалары далаға осылайша келген.
Абай өзінің балаларын орыс мектебінде оқытады. Әбдірахман деген баласы Петербургтағы Михайлов артиллерия училищесін бітірген. Ал Ақылбай, Мағауия сияқты балалары әкесінің жолын куып, ақын болады. Ақылбай «Дағыстан» атты сюжеттік романтикалық поэма жазады. Мағауия шығармаларының ішіндегі ең тәуірі — Абайдың ақыл-кеңесімен жазылған, құлдың қожасы плантатормен күресін суреттейтін «Медғат— Қасым» поэмасы (Поэманың оқиғасы Нилдің жағасында болған).
Абайдық және оның достарының ақындық, ағартушылық және әлеуметтік қызметі феодалдық ауылдың ескілігіне, рушыл даугерлерге, халықты қанаушыларға және соларға сүйенген царизмге қарсы бағытталады
Абайдың енбектері, оның әлеуметтік қызметі және үстем тапқа өшпенділігі, царизмнің сенімді жалдаптары дала феодалдарының ызасын келтірді. Олар білімді, кайсар ақын ту еткен идеяларға және акынның өзіне қарсы лас, зұлымдық тартыс жүргізді. Абайдың бұл жаулары чиновниктермен, билеуші таптын интеллигенциясымен бірлесе отырып қимылдады.
Абай царизм үшін қауіпті адам қатарына, Далалык өлкенің генерал-губернаторына дейін жетеді. Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтІк тәртіптің әшкерелеушісі болған ақынды приставтар, уряднйктер, болыстар үнемі аңдуға алады.
Бірақ ақынның жаулары халықтың Абайға деген сүйіспеншілігінен қаймықты, сондықтан да олар акынға қарсы ашық қимыл жасай алмады. Олар тартыстың не бір опасыз турлерін пайдаланды. Ру басыларының бірі, Абайдың қас жауы — Оразбай өз маңына даланың Абайға қарсы азулыларының барлығын топтайды. Олар ақынның достарын қудалады, ал Абайдың үстінен губернаторға, уезд бастықтарына, патша соттарына айыптау арыздар, домалақ хаттар жолдады, ақынның өз басын «ақ патшаның жауы», «бүлікшіл», «әкелер мен ата-ба-балардың әдет-ғұрпын, салт-жоралғысын бұзушы» деп кіналады. Осындай арыздардың салдарынан бірде Абайдың аулына Семей қаласы полицмейстрінің өзі жанына жандармдар отрядын ертіп келіп, тінту жасайды. Ал, 1897 жылы билеушілердің көрінеу-көзге демеуімен феодалдар Абайға қарсы опасыз қастандық жасайды.
Семейдің губернаторы да Абайға талай рет көзін тікті. Бірақ ақынның ез халқы арасындағы беделінен каймығып, ол Абайды жер ауып келген достарынан айырумен, олардың тығыз байланысын үзумен ғана шектелді.
Бірақ Абайды халықтан бөліп алуға болмайтын еді. Тіпті алыстағы уездерден көптеген адамдар Абайды іздеп келіп, ақыл-кеңес сұрайтын. Ру арасындағы үлкен-үлкен дау-тартыстарда ел ең әділ би Абайдың үкіміне, соның төрелігіне құлақ асатын. Мысалы, Қек-тұма, Қарамола, Балқыбек съездерінде Абай әділетті үкім айтып, қалың халық бұқарасының мүддесін қорға йды.
Абайдың әлеуметтік қызметі мен акындық шығармалары дала жастарының арасында, әсіресе, белгілі болды. Көптеген жиындарда, ойын-тойда, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өленін айтатын. Абайдың өз аулының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлендері мен поэмаларының, нақыл сездерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мысалы, Әсия, Уәсила, Рахила сияқты және басқа да қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге дейін сақталған.
Даланың атқамінерлері мен байлары Абайдың даңқы халық арасына кең тарағанын көре алмай, ақынды және оның достарын куғынға ұшыратқанын жоғарыда айттық. Олар Абайдың жақындарын, тіпті туған ағасы Тәкежанды да ақынға қарсы жауықтырады өсек-аяң, өтірік-жаламен достарын Абайдан алыстатады, сөйтіп ақын жүрегін терең жаралайды.
Өшпенділік пен кастандықтың осындай түнек ауырлығында жүрген Абайға орыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық, халықтық-демократиялық ой-пікірінің таңдаулы дәстүрлерінде тәрбиеленген, өз ісінің болашақ мұрагері, талантты баласы Әбдірахманның өлімі аса ауыр қайғы болып тиеді. Петербургте оқып жүрген кезінде-ақ туберкулезге шалдыққан Әбдірахман Верный қаласында дала артиллериясының поручигі болып, аз уақыт қана қызмет істейді. Ол 1895 жылы, 27 жасында қайтыс болады. Оның өліміне арнап Абай кептеген әсерлі өлеңдер шығарады. Бұл өлеңдерде ол өзінің баласынан ғана емес, сонымен бірге үміткер досынан, мұрагерінен айрылған әкенің, халық бақыты үшін күрескердің кайғысын білдіреді.
Топас, дөрекі жауларының куғынына _ ұшыраған, ауыр тартыс қалжыратқан Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ, тағдыр оны тағы да қатты соққылайды: Абайдың екінші баласы, талантты ақын Мағауия қайтыс болады.
Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы-касіретінен бой жаза алмайды, Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жаска қарағанда, өзінің туған даласында ақын қайтыс болады.
Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген қыстағының жанына қойылады.
Абайдың өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби Мұрасы соңғы жолы үлкен-үлкен екі том болып басылды. Ақынның көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектері енді, тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты болып көрініп отыр. Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақталған ақындық мүрасына терең бойлаған Абай сол мөлдір бұлақтан құнарлы нәр алып, өз поэзиясын молықтыра білді. Қазақ халқына ол кезде жете таныс бола қоймаған тәжік, азербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классикалық поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Бірақ қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі, оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл европалык мәдениетке), ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факты еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай, жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркейе берді.
Абай, қазақ халқы әлі менгеріп жетпеген мәдениеттерге бойұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчест-волық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттык, халықтық ақын.
Абайдың сексенінші жылдардағы өлеңдерінің көпшілігі қазақ қоғамының тағдырына арналды. Сонымен қатар, ақын халқынын бүкіл рухани қатынасын терең керкемдік-сыншылдықпен қайта қарап, өзінің ақындық жаңа программасын ұсынды.
Бұл шығармаларында Абай калың бұкараға жақын келеді. Алайда оның поэзиясының халық творчествосынан зор айырмасы барын дәл осы тұста айқын көреміз. Абай бірде-бір өлең жолында халық творчествосының қалыптасқан дәстүрлі сөз жүйесі мен акындык ой бітімін қаз калпында ала салмайды. Абай ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Ең алдымен, бұл шығармалардан ақынның ескілік әдет, билеуші феодалдардың азғындық мінездері, қараңғылық, дау-жанжал жайлаған еңбекші бұқара мұқтаждық пен жоқшылыкта өмір сүрген сол кездегі қазақ ауылының қоғамдық қалпына бітіспес көзқарасы айқын көрінеді. Абайдың көптеген өлеңдерінде («Қартайдық, кайғы ойладық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Күлембайға», «Кежекбайға»,тағы басқалар) надандық, дәукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бишаралығы өлтіре сыналады. Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама моральдық тереңдікпен айтылады,
Шығыс әйелдерінің халық поэмалары мен тұрмыс-салт жырларында суреттелетін қайғылы, бақытсыз халі Абай творчествосында жаңа мағынаға ие болады. Өз поэзиясында Абай әйелдің жан-жүйесін көрсетеді, ал бұл жөнінде бұрынғы поэмалар мен жырларда аз айтылатын да, әйелдің қасіретті тағдырына сырттай ғана баса көңіл бөлінетін. Абай сүйген адамын өзі қалаған әйелдің махаббаты қаншалықты жан тебірен-терлік, кіршіксіз таза, терең болатынын, оның қиыншылықпен қолы жеткен бакыты үшін күресте қажырлы, берік екенін көрсетеді. Абай қазақ әйелін, ананы семьяның тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын, даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, оның адал, тамаша жанының тұтастығын мадақтайды. Қалыңмалға, көп қатын алушылыққа, әйелді күндікте ұстаушылыққа жан-тәнімен қарсы шыға отырып, ақын әйелдің қоғамда тең праволы болуы үшін күреседі.
Абай бұрынғы ауылдың ғасырлар бойғы ескіліктерін, енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге, ақылы бар, бойында күші бар адамға қажетті қасиет ретінде еңбекті сүюшілікті жырлайды.
Ол өзіне дейінгі дидактикалық, уағыз поэзиясының канондарын бұзды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең— сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» атты өлеңдеріндегі өзінің акындық программасында Бұқар жырау, Шортанбай, Дулаттарды қатал сынап, олардың поэзиясын «құрау-жамау» деп атайды. Абай оларды жас ұрпаққа рухани азық бермей, халықтың қоғамды қайта құру күресіне зиянын тигізгені үшін еткен, құлдық заманды жырлап, дәріпте-гені үшін айыптайды. Абай жана поэзияның биік мақсаты, міндеті — халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалықка шақыру деп біледі. Халықтың еңбек етіп, өз правосы үшін күресуі ғана дала кедейіне тәуелсіздік әпереді, білімге, аянбай оқуға ұмтылу ғана жас ұрпақтың қолын жақсы өмірге жеткізеді.
Оқуға шақыруды Абай жалаң уағызбен айтпады. Абайдың бүкіл поэзиясы, оның жаңа лебізді, орамды өлеңінің, өмірлік қуатқа толы образдарының күші қазақ қоғамын ескірген идеялар мен сезімдер шеңберінен шығарды, ауыл еңбекшілерінің ортасынан шыққан адамдардың басын катырған мұсылман медреселерінің схоластикасы мен балдыр-батпақтарын аяусыз шенеді.
Абай Шығыс поэзиясына, Таяу Шығыстың бұрынғы және сол тұстағы мәдениетіне келгенде де өзіндік бетің сақтай білді. Ол тұпнұсқа арқылы (ішінара шағатай тіліндегі аудармасы арқылы) араб-иранның бүкіл батырлық-діни эпосын, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Фзули сияқты классиктерін білді. Жас шағында ол қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін тұңғыш рет енгізіп және сол классиктердің ақындық лексикасынан алынған көптеген араб-парсы сөздерін енгізіп, әлгі ақындарға өзі де еліктеген еді. Кейін, халық творчествосынан искусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай шығыс әдебиетінен халық шығармалары — «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық эпосын жоғары бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнама», «Ләйлі — Мәжнүн», «Көроғлы» поэмалары ел арасына кең таралды.
Таяу Шығыс мәдениетін, тарихын зерттей жүріп, Абай Табари, Рабгузи, Рашид эддин, Бабур, Абулғазы-Баһадур хан және басқаларының еңбектерімен танысты, сондай-ақ шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман правосы негіздерін де білді. Абай Таяу Шығыстың ежелгі мәдениеті ғана емес, сонымен бірге өз заманындағы мәдениетімен де жақсы таныс болатын. Ол татардың тұңғыш ағартушыларының да еңбектерін білетін.
Жаңа туып келе жаткан ең бір кертартпа діни-саяси ағым панисламизм мен пантуркизмге Абай сол жылдардың өзінде-ақ дұрыс баға бере білген еді, бұл ағымды қазақ молдалары, қожалары, дала феодалдары жанын сала қолдайтын. Бұл бағытқа қарсы. Абай өз халкы мәдени прогреске орыс халкының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды — бұл ретте ол өмірінін, ақырына дейін дәйекті, табанды болды. Ол панисламизм пен пантуркизмді шығыс халықтарының ғасырлар бойғы окшаулығы мен мешеулігін тапжылтпай, нығайта түсетін топас фанатизм деп есептеді.
Ұлтының және діни нанымдарының өзгешелігіне қарамастан барлық халықтардың бейбіт, тату тұруына негізделген ағарту үшін нағыз жалынды күрескер Абайдың көзқарастары мейлінше кең, әрі батыл, еркін болды. Әлеуметтік және мәдени өмірдін барлық мәселелерін езілген бұқараның тұрғысынан қараған ойлы, дана художник Абай — қазіргі күнде өзінің «ғажайып» жамылғысынан айрылып, халықаралық имиериализмге жалданған, буржуазияшыл-кертартпалық ұлтшылдық мәнін әшкере еткен панисламистік және пантуркистік идеялардың залалды әсерін сол кездің өзінде-ақ алдын-ала көре білді.
Өзінің творчествосында Абай осы жалған «Шығыстың оянумен» бірге бір қадам да басқан жоқ. Абайдың ақындық мұрасына, әсіресе махаббат жайындағы өлеңдерінде, лирикалық толғануларында, «Масғұт» атты философиялық-моралистік поэмасында Шығыс классиктерінің әсері шүбәсіз екенін көреміз. Бірақ ол Шығыс поэзиясы классиктерінің кезінде болашакқа бет бұрған, дамып, жаңа бір нәрсеге айналуға мүмкіндігі бар табыстарына ғана мұрагерлік етті. Абай шығармаларындағы идеялық-көркемдік мазмұнның реализмі, сезім шынайылығы, өмірді терең бойлап сезіну, адам қатынастары мен дүниені нақтылы түрде қабылдау — дәстүрлі шығыс поэзиясының жаңа өмір мен жаңа ұмтылуларды бойына сыйғыза алмай, әлдеқашан тозған сипаттарына мүлдем қарама-қарсы, өзгеше.
Тіпті, Абайдың өз діни нанымдары мен ішкі сенімдерін бейнелейтін өлеңдері де мұсылман діңінің кітаби догмаларынан мүлдем басқа. Айқын сыншыл ойды жақтаған Абай, көбіне исламның ресми түрде уағыздалған догмаларын тікелей жокқа шығарып отырады. Ол үшін дін — тек адамның жеке басының моральдык жетілуінің құралы ғана. Молдалар мен фанатиктерге, ислам мен схоластиканы таратушыларға, құраншыларға арналғаң өлеңдерінде ақын оларды «мал құмар көңілі бек соқыр, бүркіттен кем бе жем жесі?» деп аяусыз ажуа етеді.
Алайда Абайдың үнемі дәйекті бола бермегенін атап еткен жөн. Молдалар мен ишандардың діни фанатизмін, екіжүзділігін, пайдакүнемділігін сынай отырып, Абай бірсыпыра өлеңдерінде, әсіресе, «Қара сөздерінде» дінді жақтады. Дидактикалық өлеңдеріндегі насихатының бірқатарын Абай ислам заңдарымен дәлелдеді. Ол діннің негіздерінің өзін мақұлдамайтын саналы, дәйекті философиялық материализм дәрежесіне көтеріле алма-ды.
Оның көзқарасындағы осындай әлсіздіктің бір себебі сол — феодалдардың халық бұқарасын адам айтқысыз қанап отырғанын әшкерелей, жек көре тұра, Абай сол қанаудың таптык езгісін әбден түсініп жетпеді. Оның бүкіл өмірі өткен кішкене өнердің көшпелі тұрмыс жағдайы мәдени-экономикалық факторлардың тарихи маңызын жете бағалауға мүмкіндік бермеді. Бұл мәселелерге орыстың ұлы революцияшыл-демократтары сияқты ықылас қоюшылықты және экономикалық укладты өзгерту күресін түсінушілікті оның творчествосынан таба алмаймыз. Оның ағартушылық сипаты басым еді де, келешекке деген үмітін қазақ халқының сол замандағы оку-білімге тезірек жуықтауына, гуманистік идеяларды кең тарату идеяларына артты, ол мұның қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді.
Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолын өтті. Пушкин, Лермонтов, Крыловтардан бастаған ол алпысыншы, жетпісінші жылдар әдебиетімен де танысты, тек ақындарды ғана құрметтемей, Лев Толстой, Салтыков-Щедрин сиякты ұлы прозаиктерді де түсінді. Орысша аудармалар арқылы Абай Гете мен Байронды, Батыс Европаның басқа да классиктерін білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі замандардағы әдебиетпен де танысты. Акынның достарының айтуы бойынша Абай Батыс философиясымен де қызықсынған көрінеді (мысалы, Спиноза мен Спенсерді окығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны мәлім). Алайда оның философиядан алған білімі белгілі бір жүйеге түспеген еді. Маркс және оның ғылымы туралы ол білмеген болса керек.
Абайдың орыс классиктеріне творчестволык жолмен келуі ақын қызметінің әрбір жаңа кезеңінде жанаша болып отырады. Крыловты аударғанда, Абай онын, мысал моралін қазақ ұғымы мен түсінігіне сәйкестендіре, кейде өзгертіп, өзгеше бір нақыл сөз түріне келтірді. Бірақ «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Жалау», «Демон» үзінділерін алсақ, Лермонтовтан аударылған өлеңдерінің ішінде өзінің дәлдігі мен шеберлігі жағынан күн бүгінге дейін бұлардан асқан аударма жоқ.
Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар. «Евгений Онегин» үзінділері аудармадан гөрі, Пушкин романын шабыттана әңгімелеуге ұксайды. Бұл ретте Абай Шығыс поэзиясында ертеден калыптасқан «нәзира» үлгісін қолданып, өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жанаша баяндайды. Мысалы, біз «Ләйлі мен Мәжнүн», «Фархад пен Шырын» және «Александр Македонский» (Ескендір) туралы поэмалардың сюжеттерін ертедегі тәжік, азербайжан, өзбек классигі Навоиға ұқсап, Александр (Ескекдір) мен Аристотельді осы қайталау планында жырлайды. Ұлы мұраны еркін акындык баяндаудың осы мәнерін Абай «Евгений Онегинге» де қолданған. Татьяна мен Онегин образдарының биік поэтикалығына, шыиайылығына ғажап қалған Абай олардың тарихын баяндайды, олардың ұлы қастерлі сүйіспеншілігінің бағалылығын баса көрсетеді және оны қазақ жастарының ұғымына жақындатады. Абай версиясында «Евгений Онегин» эпистолярлық роман түріне ие болған.
Татьяна мен Онегиннің сүйіспеншілік хаттарына мелодиялар шығарып, оларды ақындардың репертуарына енгізген, сөйтіп бұл есімдердің ел арасында кеңінен белгілі болғаны соншалық — дала жастарынын сүйіспеншілік хаттары солардың сөздерінен басталып отырған.
Қазақ әдебиетінін өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды, бірақ оның орыс әдебиетімеи байланысы мұнымен ғана тамамдалмайды. Бұл мәдениет пен көркемдік дәстүрлердің аса күшті ықпалын Абайдың өз творчествосынан іздеу керек. Мысалы, Пушкинді Абай басқа орыс классиктерінен гөрі сиректеу аударған. Солай бола тұрса да, оның орыс акынымен байланысы өз творчествосында әрі терен, әрі айқын көрінді. Онын лирикалық ойға шомуларында, табиғат суретін реалистікпен беруінде, махаббат иесі әйелдін жүрегін терең түсінуінде, әлеуметтік сарындардың адамгершілік үнінде Пушкиннің көптеген сипат белгілері бар.
Пушкиннің және дүние жүзінің ақындық мәдениетімен іштей терең байланысу ғана Абайдың жылдың төрт мезгілІ туралы өлеңдерін, лирикалық өлеңдері мен ақындық толғаныстарын, ақын қызметі. жайындағы өлеңдерін, Александр Македонский мен Аристотель туралы поэманы жазуына мүмкіндік берді.
Ақынға арналған өлеңінде Абай ақынды қоршаған ұятсыз-арсыз, енжар ортаға оның тәуелсіздігін, шыншылдығын, ер тұлғасын, шабытты ойының шиыршық атып шаркұруын қарама-қарсы қояды. Абай өзінің поэзиялық көзқарастарында Пушкинмен осылайша туысып жатады. Абай көркем проза жазбаған, бірак болыстарды,чиновниктерді, билерді, атқамінерлерді өлтіре сынап, мысқылдаған сатиралық елеңдерінде ол Салтыков-Щедринге көркемдік жағынан да, саяси жағынан да жақын.
Шәкірттерге арнаған бір өлеңінде Абай Салтыков-Щедринді халыққа зорлық-зомбылық көрсетушілердің дәлме-дәл суреттерін берген жазушы ретінде атайды.
Өкінішке қарай Абайдың Герценді, Белинскийді. Чернышевскийді және Добролюбовты қаншалықты білгендігі және қалай кабылдағаны туралы мәселе осы уақытқа дейін өте аз зерттелген. Тек жоғарыда аталған революцияшыл-демократтардың жолын куушылар Абайдың жақын достары болғаны және оның өз халқының азат, өнер-білімді болуын мақсат еткен арманына ортақтасқаны ғана белгілі. Бұл проблемамен тек Қазақстанның ғалымдары ғана шұғылданып қоймауы керек, өйткені, орыстың демократиялык интеллиген-циясының күресі ұлт аймақтарында, патша колониясынын, ұлттық ақындарының ой-пікіріне қалай әсер еткенін түсіну үшін мұның үлкен мәні бар. Крыловты, Пушкин мен Лермонтовты аударғанда Абай алдына тек көркемдік қана мақсат койды ма? Бұл алпысыншы жылдағылар программасының шінара жүзеге асуы, Чернышевскийдің халық бұқарасын тарихи жемісті, нағыз азат етуші білімдермен ағарту туралы ойларының жүзеге асуы емес пе?
Біз заманымызда ұлы ақын мүрасы қалай меңгерілуде, Абай өмірі мен творчествосын зерттей отырып, советтік ғылым өзінің алдына кандай проблемалар қояды деген мәселеге токтап өту қажет.
Қай халыктың болса да дүниежүзілік мәдениетке берген озат нәрсесінің бәріне үлкен ықыласпен қарайтын біздің советтік әдебиеттану ғылымымыздың социалистік мәні Абайдың ақындық мұрасын жан-жақты зерттеу, оның творчествосын, өзін Қазақстан мен Совет одағында ғана емес, сонымен бірге шетелдерге де кең насихаттау фактісінен айкын көрінеді.
1909 жылы Кәкітай Ысқаков Абайдың таңдамалы шығармаларын тұңғыш рет басып шығарады. Бұл кітапқа ақын өлеңдерінің үштен екісі ғана енді және онда ғылыми түсініктер берілмеді. Кәкітай жазған шағын алғысөзде Абайдың өмірбаяны жәйлі қысқа мәлімет және оның творчествосы мен көзқарасы туралы тым жалпылама ғана пікір болды. Бұдан кейін ақын шығармаларының Ташкент пен Қазандағы екі баспасы Кәкітай баспасын қайталады. Октябрьге дейін Абайды зерттеудің нәтижесі осындай болды.
Ал қазір ше?
Абай жайында жазылған енбектердің библиографиялық көрсеткішінің өзінде-ақ қалың кітап боларлық жұмыстардың аттары аталады; мұнда стиль мен тілдің проблемаларын Абай творчествосының идеялық мазмұны, оның өмірбаяны туралы проблемаларды, көптеген басқа мәселелерді қозғайтын ғылыми енбектер де, мақалалар да бар.
Алайда, бұл көрсеткіш "те Абай жайындағы еңбектерді, әсіресе соңғы жылдарда қазақ, орыс жазушылары мен ғалымдары, тарихшылар, педагогтер, журналистер жазған мақалаларды толык қамти алмайды
Абай есімі оку программаларына енгізілген, оған оқулықтан орын берілген, шығармаларының бірқатар нұсқалары хрестоматияларға кіргізілген.
Ол туралы пьеса, кинофильмдер жасалды. Осындай ортақ зор енбектің арқасында Абай бүкіл совет халқына тіпті жақын болып алды. Ол туралы Москваның, басқа қалалардын көптеген оқушылар конференцияларында айтылады, мектеп оқушылары жазбаша шығарма жазады. Қазақстан ғана емес, Москвада, Ле-нинградта, Бакуде және басқа қалаларда студенттер диплом жұмыстарын жазады, онын творчествосының әр саласынан диссертациялар жазылуда.
Бұл салада көп істер істелді. Сондықтан да ақынның мұрасын, оның өмірі мен дәуірін онан әрі зерттеудің проблемаларын еске түсірудің маңызы зор. Бұл пробле-малардың ішінен ең алдымен ақынның өмірбаянын терең зерттеу проблемасын айтуға болады.
Абай өмірбаянын «биографизмнің» тар шеңберінен шығару керек. Оның творчестволық және өмірлік жолын реформадан кейінгі дәуір шындығының нактылы жағдайлары белгіледі. Бұл жағдай жазушының жаңа типін туғызды. Алтынсарин де, Абай да осындай жазушылар болды, олар өздері туып өскен феодалдык ортадан қол үзіп, феодализмнің кертартпа негіздеріне қарсы шаруалар наразылығын білдірушілерге айналды.
Абай творчествосының халықтығын зерттеу — айрықша маңызды міндеттердің бірі. Өткендегі еңбектерде бұл проблеманы дұрыс шешуге қазақ әдебиеті «бірыңғай ағынмен» дамыды деген аса қате түсінік кедергі жасады. «Бірынғай ағын теориясы» рухында жазылған зерттеулерде Абай өзінің тағдыры мен творчествосын байланыстырған ортадан — қазақтың реформадан кейінгі дәуірдегі шаруалардан оқшау алынды.
Мақалалардың көпшілігінде Абайдың халықтығы ақыннын, қайдағы бір мұрат-мақсатқа ұмтылуы ретінде көрсетілді, ол мұрат-мақсаттың өзі накты тарихи сипаттарсыз, қайшылықтарсыз көрсетілді, асылына келгенде, марксизмнің «еңбекшілер бұқарасының тарихын, халықтар тарихын» ескеру керек деген қағидасы еленілмеді.
Жазушы өз дәуірімен байланысты, оның халықтығы — тарихи әрі дамып отыратын категория. Лениннің Чернышевскийге, Герцен меи Толстойға, Горькийге берген бағасында бұл мейлінше терең әрі тамаша ашылған.
Абайдың тікелей халықтығы — халықты езушілерді қаналушы бұқараның тұрғысынан әшкерелеуінде Бұл ретте ол халыктың ауыз әдебиетіндегі накыл сөздерді, мәтелдерді, тілдегі. метафораларды, халық юморының тәсілдері мен құралдарын пайдаланады. Ол ауыл кедейін, қазақ әйелін, қарапайым адамдардың бейбіт еңбегін жақтайды, надан әкелердін содырлы мінез-кұлыктарының кесірі тиетін жас ұрпақты жактайды. Бұл — тікелей халықтык белгілер. Шығармаларын өз халқының тілінде жаза отырып, акын халық ойы мен арманын неғұрлым өткір, терең, нәзік түрде жеткізу үшін бұл тілді байытып, дамытады. Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты.
Осыдан келіп Абай халықтығынын. екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды. Оның творчествосында көрінген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның өлмес өшпес лирикалық туындылары, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударушы және насихаттаушы ретіндегі ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары айрықша бағалы қазына. Бұл шығармаларда Абай халық тағдыры, халықты езушіліктен құтқару амалдары туралы тікелей айтпайды, бірақ та Абай мұрасының бұл саласы да терен, халықтық болып табылады.
Бүкіл дүние жүзінін алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетінің манызды элементтерін қамтыған Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтерді. Абайдың халықтығы мынада: ол өз халқыньщ рухани көзі болып, алысты көре білді, халық үшін ойлап, халық үшін сезіне жүріп, оның тарихи келешегін көрсетіп берді.
Абай реформадан кейінгі дәуірдегі қазақ шаруаларының әлеуметтік тарихи тәжірибесін дұрыс бейнелеп, түйіндеп көрсетті. Бұл жәйт оның творчествосын «енбекші бұқара тарихының», озат қоғамдық ой тарихының фақтісі етті.
Зерттеушілер Абай творчествосы мен орыс әдебиетінің байланысы туралы аса маңызды бір проблема жөнінде аса көп жұмыс жүргізуге тиіс. Біздегі жұмыстардың бәріне ортақ кемшілік — бұл мәселенің тар көлемде қойылуында. Зерттеушілердін назары ең алдымен Абайдын Крыловтан, Пушкин мен Лермонтовтан аударған аудармаларына ауды: Абайдың Белинскийге, Герценге, Чернышевскийге, Некрасовка, Салтыков-Щедринге қатынас жайындағы мәселе күиі бүгінге дейін қаралған да емес.
Бұлардың үстіне, Абайдың орыс әдебиетіне катынасы жайындағы мәселе Абайдын бүкіл орыс мәдениеті мен философиясына, эстетикасы мен публицистикасына қатынасы жайындағы мәселеден бөлек қаралып жүр.
Бірсыпыра еңбектерде Абайдың орыс мәдениетіне келген жолы туралы мәселе оның достарымен тікелей байланыс жасауы шеңберінда ғана айтылады, мұның өзінде, әлгі дос дегендері —
Достарыңызбен бөлісу: |