Жұрнақ Жұрнақтың екі түрі бар: Сөз тудырушы жұрнақ. Сөз түрлендіруші жұрнақ



Дата05.12.2019
өлшемі20,42 Kb.
#53046
Байланысты:
Жұрнақтар
ЕрежелерҚазақ
Жұрнақ

Жұрнақтың екі түрі бар: 1.Сөз тудырушы жұрнақ. 2.Сөз түрлендіруші жұрнақ.



Ереже

Мысалы

1

Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді.

қой-шы, ән-ші, күй-ші, кітап-хана-шы аң-шы

2

Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді.

Үй+шік-үйшік , сандық+ша-сандықша , алаң+қай-алаңқай

Сөз түрлендіруші жұрнақтар



Ереже

Жұрнақ

Мысал

1

Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары

1)-ырақ,-ірек,-рақ,-рек

2)-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу

3)-ша,-ше,-қай,-шыл,-ғылт т.б.


Жасылырақ

Биіктеу



Ұзынша

2

Етістіктің жұрнақтары

-ыңқыра, -іңкіре

Алыңқыра ,беріңкіре

3

Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар

Төменде берілген .




Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар



Жұрнақ

Мысал

1

-еке,-ке,-қа,-а,-е

Атеке, ,исеке, (иса), жәке, (Жанат), Мұқа (Мұхтар)

2



Атай,әкей,жездей, шешей, әжей

3

-тай

Ағатай,апатай, әкетай, шешетай

4

-жан

Ағажан, атажан, апажан, Абайжан

5

-шақ,-шек:

Құлыншақ, ішішек,

6

-шық,-шік:

Қапшық, төбешік,

7

-ша,-ше:

Сандықша, күрекше

8

-ш,-ыш,-іш

Қалқаш, Нұрыш, (Нұртай)

9

-сымақ

Қорасымақ, таусымақ, бастықсымақ

10

-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-ң

Балақан, шешекей, Дәкен, (Дәріқұл)


Сөз тудырушы жұрнақ.

Есім сөздерден зат есім тудыратын негізгі жұрнақтар



Етістіктерден зат есім тудыратын негізгі жұрнақтар

1

-шы,-ші: қойшы, күйші,

1

-м,-ым,-ім: байлам, күзем,қысым

2

-шылық,-шілік: адамшылық, кеңшілік

2

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:ұрма, көрме, сүзбе, кеспе

3

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тық,-тік: балалық, адалдық, жолдастық,

3

-қы,-кі,- ғы,-гі: шалғы, тепкі, бұрғы,

4

-кер,-гер: айлакер, саудагер,

4

-с,ыс,-іс:талас, айтыс, жүріс

5

-кеш, -стан, -паз,-қой,-қор,-хана:

Шайхана, арызқой, арбакеш, жемқор



5

-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек: тарақ,күрек, қызық







6

-ыш,-іш:қуаныш, таяныш, өкініш.







7

-н,-ын,-ін: боран, жуын, түйін,







8

-у:сабау,жамау, көсеу, жасау,







9

-ынды,-інді: шайынды, үйінді, үгінді, жуынды







10

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш:сүзгіш, сыпырғыш, сызғыш,







11

-Уыш,-уіш: өлшеуіш, бастауыш.







12

-ыр,ір,-р,-ар,-ер: үңгір, шұқыр,



Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар

Етістіктерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар

1

-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті:

Су-лы, өнер-лі, сән-ді, дарын-ды, бақыт-ты, сәт-ті,т.б.



1

-ғақ,-гек,-қақ-кек,-ақ ,-ек: тырыс-қақ , тоң-ғақ, үр (і) к-ек

2

-сыз,-сіз: ой-сыз, ,ел-сіз, жан-сыз, т.б.

2

-ық,-ік,-қы,-к: сын-ық, біт-ік,

3

-ғы,-гі,-қы,-кі: сырт-қы, кеш-кі, түн-гі, жаз-ғы,

3

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: сен-гіш, айт-қыш,біл-гіш,

4

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік:

аудан-дық, өлке-лік, күз-дік, жаз-дық



4

-ғыр, -гір,-қыр,-кір: ұш-қыр, ал-ғыр, біл-гір, т.б.

5

-шыл,-шіл: ұйқы-шыл, үй-шіл,сыр-шыл.

5

-шақ,-шек: ұрын-шақ, жас-қан-шақ, сүрін-шек

6

-шаң,-шең: сөз-шең, ашу-шаң

6

-Ыңқы,- іңкі,-ңқы,-ңкі: көтер-іңкі, салбыра-ңқы,-шаш-ыңқы

7

-дай,-дей,-тай,-тей: үй-дей, ай-дай,ат-тай

7

-ынды,-інді, -нды,-нді: асы-ра-нды, түй-інді,

8

-кер,-гер,-қой,-қор,-паз (-ымпаз,-імпаз): айла-кер, шай-қор, әсем-паз,т.б.

8

-малы,-мелі,-балы,-белі,-палы,-пелі: көтер-мелі, жыл-жы-малы, көш-пелі

Ескерту:

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік жұрнағы зат есім де жасайды.

Салыстырыңдар: орман-дық (қандай?), адал-дық (не?)

сыз,-сіз: -дай,-дей,-тай,-тей: -шаң,-шең: жұрнақтары үстеуде де кездеседі.

Салыстырыңдар: тер-шең (жігіт) ,көйлек-шең (отырды)Зат есіммен тіркескенде сын есім, етістікпен тіркескенде үстеу қызметінде жұмсалады.

9

-ымды,-імді,-мды,-мді: шыда-мды, келіс-ісді, қон-ымды,

10

-аған,-еген: қаш-аған, сүз-еген, теб (п)-еген, қаб (п)-аған,

11

-улы,-улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы.

12

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: боя-ма, қыз-ба, ес-пе

(етістіктің болымсыз түрінде де кездеседі)




2.Туынды үстеулер-жұрнақ арқылы жасалған туынды үстеулер Мысалы: сонша+лық, құс+ша, қыран+дайын, күз+дей,бала+ша. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар:

1

-ша,-ше:

бала+ша қуанды, ескі-ше оқу, біздің-ше былай ғой, әзір+ше шыдай тұр

2

-лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей :

Киме-лей, кірді, со-лай, осы-лай, жаз, ақша-лай берді, екінші-лей қайталама, аю-дай ақырып, күз-дей жинады, астық-тай алды, желім-дей жабысып.

3

-дай,-дей,-тай,-тей:

Құстай сайрады, тотыдай таранды, аттай шапты,

Ескерту: -дай,-дей,-тай,-тей жұранқтары

1. Сан есімде де бар:сексен-дей адам, жетпіс-тей оқушы -есептік сан есімнен болжалдық сан есім жасаушы жұрнақ

2.Сын есімде де бар: жаз-дай әдемі, қыс-тай қаһарлы- есім сөзбен тіркесіп келіп сын есім, етістікпен тіркескенде үстеу болады: жаздай жадырады, қыстай дайындалды.


4

-дайын, дейін,-тайын,-тейін (құранды жұрнақ )

Бүркіт-тейін шүйілген, тоты-дайын таранған, түлкі-дейін қуланып, бұлақ-тайын сылдырап.

5

-ша - ма, -ша-лық

(құранды жұрнақ)



Сон-ша-ма , мұн-ша-ма, осын-ша-ма сөйледі, осын-ша-лық ,мұн-ша-лық сон-ша-лық қуанды.



Түбірге сіңісіп ,көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:

1

Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер

Кешке (кел) , бекерге ,текке, босқа, (жүрме), жөніне (кетті)

2

Жатыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер

Баяғыда (болыпты), аңдаусызда , әлгінде (сөйлеп қалды) алда,артта, келеді

3

Шығыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер

Етпетінен ,шалқасынан жатты, кеңінен әңгімелесті, әуелден,ежелден, баяғыдан таниды.

4

Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер

Жөнімен айт, кезекпен бар, шынымен ойлады, ретімен жүрді.

Есім сөздер мен еліктеу сөзден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:



Жұрнақ

Мысал



Жұрнақ

Мысал

1

-ла,-ле,-да,-де, -та:

Аяқта,ретте, өкпеле,

8

-ар,-ер,-р:

Жаңар, ескір

2

-лан,-лен,-тан,-тен:

Ойлан,үйлен,әдеттен,

9

-ал,-ел,-ыл,-іл,-л:

Жоғал,теңел, тарал

3

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес:

Көмектес, пікірлес, ырлас,

10

-ық,-кі:

Бірік,дәнік.

4

-лат,-лет, -дат,-дет:

Әндет, түнделет.

11

-сы,-сі,-ымсы,-імсі:

Үлкенсі, пысықсы

5

-а,-е:

Ата,деме, сына,

12

-сын,-сін:

Жатсын, көпсін,

6

-ай,-ей,-й:

Күшей, мұңай.

13

-сыра,-сіре:

Әлсіре,қансыра, жетімсіре

7

-қар,-кер,-ғар,-гер:

Басқар, ескер.

14

-ырай,-ірей:

Кішірей,бақырай,










15

-ыра,-іре:

Бұрқыра, күркіре, жарқыра


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет