Жумабаева Айжаркын Полатовна, «№4 Абай атындағы мектеп-гимназиясы»



Дата08.09.2017
өлшемі56,34 Kb.
#31086
Жумабаева Айжаркын Полатовна,

«№4 Абай атындағы мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Абай қайдан келді деп ойлайсың?

-Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?

-Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма?

-Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құнанбайға сипаттама бер. Абайға мінездеме бер. Олардан өзіңе қандай жақсы қасиет алдың? Үлестірмелі қима қағаздар арқылы өткен тақырыптардан сұрақтарға жауап беру.

№1-билет. 1. Шешендік сөздер дегеніміз не?

2. Өнер алды қызыл.......

№2-билет.1. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

2.Еңбек түбі-...........

№3-билет.1. Монолог пен диалогтың айырмашылығы неде?

2.Бірлік болмай, тірлік.........

№4-билет.1.Әдеби ертегілер дегеніміз не?

2.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның................

№5-билет. 1.Ертегілердің түрлері?

2.Ашу дұшпан ақыл дос, Ақылыңа.............

№6-билет. 1. Мысал дегеніміз не?

2. Отан оттан да............


ІҮ. Жаңа сабақ:

Кіріспе. 1. 3-кластың «Ана тілінен» Шоқан Уәлиханов туралы білетіндерін сұрау. (Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы. 1835 – 1865. Омбыда кадет корпусында оқыған, өзі зерек, ақылды). 2. Шоқанның өзінің айтқан сөзін оқыту. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». 3. Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 – 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.



Абылай хан – өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.Тізбектей оқу.

Сөзжұмбақ шешу:




А






















Б



















Ы

























Л







А






















Й










1.Халық ауыз әдебиеті

Қалай Жеткізілген?


2.Тау басынан ағатын

мөлдір су?


3.Қазақ жастаына арнап
ең алғаш мектеп ашты?
4.Иісі аңқып тұратын өсімдік?

5.Ел ордамыз?

6.Бір затқа қарасам егізімді көрем?

Сөздік жұмыс.

Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап. Қоңтайшы – жоңғар ханы. Ақ киізге көтеру – қазақтар хан сайлаған кезде, оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын. Тәңірі – құдай, Алла Тағала. Тәбәрік – естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік. Дәрмені – қуаты, күші.Дәптермен жұмыс.
Ү.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру: Сынып 3-топқа бөлінеді.

1-топ: Білімділер

2-топ: Зеректер

3-топ: Алғырлар

«Сыйлықтар» ойыны.

Сыйлықтар арқасына жасырылған сұрақтарға жауап беру(Қуыршақ, машина,тікұшақ,көбелек,торғай т.б үлестірмелер) Қай топ сұрақтарға толық, әрі дұрыс жауап берсе, сыйлық көп жинаған болса, сол топ жеңімпаз атанады. Жеңген топқа «алтын жүлде», қалған екі топқа «күміс жүлде» беріледі.

-Абылай ханның шын есімі?

-Абылайды ел не үшін әруақты санады?

-Жоңғар елінің онтайшысы кім?

- Абылай несімен көзге түседі?

-Абылай қай жылы таққа отырады?

-Абылай хан қай қалада жерленген?

-1774ж Абылай хан қай ұлын таққа отырғызады?
ҮІ.Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Қане қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп-жүзіп алайық.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі сабағымыздан не үйрендік, кім туралы білдік?

-Абылай не үшін сабалақ атанған білеміз бе?-Абылайдың таққа отырғанын көре алмаған қай ел?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, әңгімелеу.

ІХ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай, мадақтай отырып әділ бағалау.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет