Жумабаева Гулнар Садыққызы №8 қазақ гимназиясы «Саз өнері» курсының бағдарламасы



Дата23.05.2017
өлшемі150 Kb.
#16676
түріБағдарламасы
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
«ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Келісілді Бекітемін

Қарағанды облысы білім беруді Жезқазған қаласының білім

дамытудың оқу- әдістемелік бөлімінің басшысы

орталығының директоры ____________ Е.Қ.Көшербаев

__________ Г.Ш.Қожахметова «____» ______________2015 ж

«____» ______________2015 ж

6-сыныптарға арналған



«Саз өнері»

таңдау курсының бағдарламасы

Құрастырушы: Музыка пәні мұғалімі:

Жумабаева Гульнар Садыковна



«Саз өнері» курсының
бағдарламасы
5- сынып оқушыларына арналған

Құрастырған: музыка пәнінің мұғалімі

Жумабаева Гулнар Садыққызы

8 қазақ гимназиясы


«Саз өнері» курсының бағдарламасы

5-сыныптар үшін

(Барлығы – 34 сағат)

Түсінік хат
Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы» бойынша өскелең ұрпақты мектеп қабырғасынан-ақ болашақ кәсібіне бейімдеу мақсатында еңбекке ынталы, барлық іс-әрекетте асқан белсенділік таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу үшін қосымша білім беретін, алдағы уақытта өзі таңдаған мамандығына бағыт беретін тәсілдер жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға тәрбиелеу. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Оқу тәрбие барысында мектепте негізгі оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайта табыстырумен қатар және меңгерту болып табылады. Музыка өнері әрбір оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани-мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.

Балалар мен жас жеткіншектерді ұлттық тәрбиеге бейімдеу арқылы халқымыздың этно мәдениетін бойына сіңіріп өсуін қамтамасыз ету басты міндет.Қазіргі тандағы ұлттық сана қалыптастырудағы үлкен проблемалардың бірі осы. Қазақ жастарының батыстың өрескел әдеті мен музыкасына деген құлдық санасының дамуына салғырт қарауға болмайды. Қазақ күйлері мен әндерін үйрету арқылы баланың санасына ұлттық өнерімізді қалыптастырған абзал. Оқу процессі барысындағы негізгі проблемалардың бірі - «Балалар мен жеткіншектер сарайында» белгіленген жоспар бойынша бір топта 12,15 бала болуы мүмкін еместігі белгілі болып отыр. Сондықтан бір топта 6-8 бала болу керектігіне көз жеткіздік. «Балалар мен жеткіншектер сарайында» Қарағанды облысының білім беру депортаменті Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының білікті мамандары мен кең есе отырып, Республикалық баспалардан шыққан методикалық оқулықтарды пайдаланып үш жылдық мерзімге арналған «Саз өнері» атты арнайы авторлық бағдарлама жасалды. Бұл жобаның музыкалық мектептердің бағдарламасынан айырмашылығы, «Балалар мен жеткіншектер сарайында» оқыту әдісі күйлер мен әуендерді есту арқылы үйретумен қатар баланың музыкалық сауаты да ашылады. Үйренемін деп келген балалардың бірде бірі назардан тыс қалмайды,қабілеті нашарлау балалар жеке топтарға бөлініп оқытылады. Қабілеті жоғары балалар бөлек топқа бөлініп назардан тыс қалмайды,қабілеті нашарлау балалар жеке топтарға бөлініп оқытылады. Қабілеті жоғары балалар бөлек топқа бөлініп «Саз өнері» ұлт аспаптар орестіріне мүше болып өз шеберлігін ұштай түседі. Оркестр мен бірге Республикалық, облыстық,халықаралық конкурстарға қатысып, жеке орындаушылық мүмкіншіліктерін дамытуға жаңа жолдар ашылады.



Өзектілігі: «Саз өнері» авторлық бағдарламасын іске асыру арқылы балалар мен жас өспірімдерді едәуір көп қамту. Басты міндеті атадан-балаға мирас болып келе жатқан музыканы есту арқылы үйрену әдісін дамыту. Осындай бағдарлама Абдухамид Райымбергеновтың басшылығы мен алматы қаласындағы «Көкіл» деген дарын мектебінде жүзеге асырылуда. Райымбергеновтың әдістемесін еліміздің біраз мектекптері негізге алып сәтті пайдаланып жүр. Ал біздің ұсынып отырған бағдарламамыздың өзектілігі-ұлттық төл өнеріміздің дамуына және домбырада, тағы басқа ұлттық аспаптарда тез арада ойнап үйреніп,оны толық менгеріп шығуына мүмкіндік жасайды.
Курстың мақсаты:


Үйірмеге қатысушы әр бір оқушы өз қабілетіне қарай үйретілген аспаптар ойнап үйренуін қамтамасыз ету,Ұлтымыздың салт-дәстүрін,мәдени мұрамызды оқушының бойына сіңіру. Оқушыға күй құдіретін сезігуіне ықпал ету. Батыс музыкасына еліктеген құлдық санадан аластату. Қазақ халқының этно-мәдениетін, фольклорын бойына сіңіру.
Міндеттері: Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату .
- Қазақ халқының музыкалық аспаптарын жете меңгеріп,«Саз өнері» ұлт аспаптар оркестірін құру.

- Халықаралық, Республикалық, обылыстық өнер сайыстарына оқушыларды дайындау.

- Оқушыны отан сүйгіш патриот етіп тәрбиелеу.

- Мәдениетті, ұстамды, дарынды өнерлі тұлға етіп тәрбиелеу.

- Шебер орындаушы,әнші,күйші, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеу.

- Домбыра үйірмесі, ұлт аспаптар оркестрмен жұмыс жасайтын ұстаздарға пікірлік әдістемесін ұсыну.


Күтілетін нәтиже: эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл-күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Сабақта оқушылар ән және аспаптық мәдениетті меңгере отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады

Оқушылар курста алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға, өзбеттерімен домбыра тартуға, білім қорларын молайтуға, музыка оқулықтарымен жұмыс жасауға үйренеді.

Ойы ұшқыр интеллектісі жоғары білімді болуы.

Музыкалық шығармаларды өз бетімен сараптай алуы, күйшілік өнері шебер қалыптасқан болуы керек.




Мазмұндық бөлім

Аптасына 1-сағат-барлығы-34 сағат

Кіріспе: Оқушыларды қабылдау.


  1. модуль. Домбыраның құрылысымен танысу (6 сағат)

Домбыраны қалай ұстау керек. Домбыраның құлақ күйін келтіруді үйрену. Домбыраның қағыстары. Оң қолдың жаттығулары. Сол қолдың жаттығулары. Ән-күй –шежіре.

  1. модуль.Оркестрді басқарудың ғылыми негіздері (6 сағат)

Жүйелілік.Теория мен практиканың бірлігі. Саналылық пен белсенділік. Көрнекіліктік. Түсініктілік мен шамаға лайықтылық.Оркестр дайындығындағы жұмыс түрлері мен оның методикалық әдіс тәсілдері.

  1. модуль.Нота сауаты (10 сағат)

Музыка дыбыстарының жазылуы.Такт,өлшем. Пауза (музыкалық тыныс).Нүктелі ноталар. Тон,жарты тон және альтерация. Интервальдар. Мажорлық гаммалар. Позиция мен аппликатура. Екпін белгілері. Динамикалық шартты белгілер.

  1. модуль. Домбыра техникасын өсіретін жаттығулар (11 сағат)

Арпеджиоларды тарту. Этюдтерді тарту. Халық күйлері «Кеңес» күйі. «Келіншек» қүйі. А. Жұбанов «Би» күйі. Халық әндері «Еркем-ай» «Бүлдірген» «Қоғалы -ай». «Қошақаным» «Қарағым-ай». « Анашым менің».

Әдістемелік бөлім


  1. модуль. Домбыраның құрылысымен танысу




Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны

Уақыты

теория

практика

Кіріспе

1

Оқушыларды қабылдау




Достық қарым-қатынас

танысу

Диалогтық бөлім

2
3
4
5

6

7



Домбыраны қалай ұстау керек Домбыраның құлақ күйін келтіру

Домбыраның қағыстары

Оң қол жаттығулары

Сол қол жаттығулары

Ән-күй-шежіре





Домбыраны ұстау дағдысы

Қағыс түрлеріне жаттығу

Әнді нотамен орындау; б)түрлі көрнекіліктер пайдалану; в)ырғақтық қимылдар жасау


Қағыс түрлерімен танысу

қолды ырғақпен шапалақтап ұру, арқылы меңгертіледі



Қорытындылау бөлімі

8

Домбыра пернесіндегі пернелерді дәл басып үйрену








Техникалық жаттығулар


Демонстрациялар: музыка өнері, көркем шығарма, музыкалық тәрбие, эстетикалық талғам, мәдени деңгей, екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем.

Пән аралық байланыс: музыка 5- сынып

Оқушы нені білуге тиіс: музыканы өнермен ұштастыру

Оқушы игеретін біліктер: Берілген тапсырманы домбырада ойнап көрсету


2 - модуль. Оркестрді басқарудың ғылыми негіздері

Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны

Уақы

ты


теория

практика

Кіріспе

1

Жүйелілік







Түсіндіру

Диалогтық бөлім

2
3
4

5
6


Теория мен практиканың бірлігі Саналылық пен белсенділік

Көрнекілік

Түсініктілік пен шамаға дайықтылық

Оркестр дайындығындағы жұмыс түрлері мен методикалық әдіс -тәсілдері






Тест тапсырмасы

Күйді нотамен орындау; б) түрлі көрнекіліктер пайдалану; в) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен шапалақтап ұру) арқылы меңгертіледі.

Оқушы рефераты


Түсіндіру



Қорытындылау бөлімі

7

Тест сынақтары











Демонстрациялар: Музыкалық сауатын тексеру: а) музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау; ә) музыка-дидактикалы ойындар ұйымдастыру; б) тиімді әдісті таңдап ала білу;
Пән аралық байланыс: музыкалық терминдер

Оқушы нені білуге тиіс: музыкалық терминдердің мазмұнын ажырата білу

Оқушы игеретін біліктер: теория жүзінде білімдерін жетілдіру.

Пән аралық байланыс: Әдебиет теориясы, жаратылыстану, 9 сынып

Оқушы нені білуге тиіс: Шығармадағы әрбір деталь, әрбір эпизодқа талдау жасауды меңгеру

Оқушы игеретін біліктер: Лирикалық шығармаларға кешенді талдау жасауға үйренеді, өзігінен өлең шығаруға бейімделеді.

3 - модуль.Нота сауаты



Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны

Уақыты

теория

практика

Кіріспе

1

Музыка дыбыстарының жазылуы







Сұрақ-жауап

Баяндау


Диалогтық бөлім

2
3

4
5


6

7
8


9

Пауза (музыкалық тыныс). Нүктелі ноталар.

Тон,жарты тон және альтерация. Интервальдар. Мажорлық гаммалар. Позиция мен аппликатура.

Екпін белгілері. Динамикалық шартты белгілер.





а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем, т.б.)

музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;


Қорытындылау бөлімі

11

Тест сұрақтары







Шығармашылық жұмыс


Демонстрациялар: музыкалық талдау презентация,

Пәнаралықбайланыс:Музыка Оқушы игеретін біліктер: музыкалық сауатынын ашу
4 - модуль.Домбыра техникасын өсіретін жаттығулар



Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны

Уақыты

Теория

практика

Кіріспе

1

Арпеджиоларды тарту.




оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру.

Лекция,практика өзіндік жұмыс

Диалогтық бөлім

2

3

4



5

6

7



8

9

10



Халық күйлері «Кеңес» күйі. «Этюдтерді тарту Халық әндері «Еркем-ай» «Бүлдірген» «Қоғалы -ай». «Қошақаным» «Қарағым-ай». «Анашым менің». Келіншек» қүйі тарту.




шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-терме, ұлттық өнерге баулу, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптастыру сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізу

Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілетін дамыту


Қорытындылау бөлімі

11

Домбырада жеке және топқа қосылып ойнауға дағдылану




Шеберлік тәсілі

Шебер ойнау тәсілін меңгеру


Демонстрациялар музыкалық сауатын ашу. Аспапта ойнау шеберліктерін шыңдау

Пән аралық байланыс: музыка теориясы

Оқушы нені білуге тиіс: музыкалық шығарманы талдауды меңгеру

Оқушы игеретін біліктер: Оқушылар жұптық және топтық ,жеке жұмыстар жүргізеді, Домбыра аспабының әрбір үйдің қастерлі мүлкіне айналуына қол жеткізеді.Мәдениет тану өнертану, мамандықтарына бейімделеді.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

- Музыкалық аспаптарды тембр арқылы ажырата білу

- Домбыраны шебер ойнап үйрену

- Музыкалық сауатын арттыру

- Ұлттық өнерімізді дамыту бағытындағы мамандықтарға бейімдеу

- Ұлттық аспаптарымызды танып білуге, құрметтеуге үйрету

- Жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру.

Диагностикалық құралдар

Оқушылардың білімдерін бағалауға арналған диагностикалық құралдар:



  1. Кіру сауалнамасы, шығу сауалнамасы

  2. Аспап меңгерудегі жаттығу жұмыстары

  3. Шығармашылық жұмыстар

  4. Сынақ тапсырмалары

  5. Жеке жаттығулар ойнау

  6. Реферат жазу

  7. Жоба қорғау.


Бұл жұмыстар төмендегі критерийлер бойынша бағаланады.
А) Оқушының аспапты меңгеруі

Ә) Күйлердің шығу тарихының мазмұнын игеру

Б) Нота сауатының орындалуы

В) тест тапсырмасы

Г)Берілген тапсырманы аспаптап ойнап көрсету
Критерийлер ″5″ балдық жүйемен бағаланады.


Әдебиеттер тізімі:
1. Тастанов Х. «Домбырадан сабақ беру методикасы» Алматы «Жазушы» 1970.

2. Л, Хамиди. Б,, Ғизатов. «Домбыра үйрену мектебі» Алматы, «Өнер» 1983

3 .М, Әубәкіров, «Қазақ халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар» Алматы «Мектеп» 1969

4. Т, Мерғалиев, «Домбыра сазы» Алматы, 1972

5. К, Мерембаев, «Домбыраға арналған педагоикалық репертуар» Алматы, «Өнер» 1987

6. А, Жайымов, «Домбыра ойнау өнері» Алматы, 1989

7. А, Райымбергенов, С, Аманова «Күй қайнары» Алматы. «Өнер» 1990

8 .Ө, Спанов «Оқушылардың халық аспаптар оркестріне арналған бағдарлама» Алматы. 1989



  1. Ө, Спанов «Оқушылардың халық аспаптар оркестрі» Алматы. 1988

Каталог: uploads -> doc -> 0b3f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b3f -> Сабақ Африка- біріктіріп қайталау сабағы
0b3f -> Сабақтың тақырыбы: Кальций. Кальцийдің қосылыстары. Сабақтың мақсаты
0b3f -> Химия пәні бойынша тест тапсырмалары. Заттардың қайсысы жай затқа жатады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет