«Жүз жыл жырлаған- жамбыл» 1-ж



Дата30.01.2022
өлшемі15,73 Kb.
#116146
Байланысты:
Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала

Тәрбие сағаты «Жүз жыл жырлаған- Жамбыл»

1-ж: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көп ансаған бүгін жеттің,

Далада жасасанда ғасыр Жамбыл.

Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-ж: Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманында жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жүз жыл жырлаған- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



1-ж: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махабатына махабатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр.

Тақпақ:

2-ж: Халық поэзиясының алабы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

1-ж: Ол «Көрұғы», «Мұңлық-Зарлық», «Шаһнама», «Қыз-Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Тақпақ:



2-ж: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.

1-ж: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайындан өленді қолма қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.

Көрініс: Сүйнібай ақынның Жамбылға домбырасын тарту етуі.

2-ж: Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыске ақын, «Халық поэзиясының алабы», «Жамбыл-менің жәй атым, халық-менің шын атым» деген ұлы тұлға.

Тақпақ:


1-ж: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.

Мұхтар Әуезов Жамбыл- ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет- бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де, ақыны деген.



2-ж: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халық қолына беру-біздің әрқайсымыздын азаматтық болышымыз»-деген екен, Сәкен Сейфуллин.

1-ж: Ал Ілияс Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ, жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден анқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға барғандай әсер аласын деген.

2-ж: Сәбит Мұқанов Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген.

1-ж: Жамбыл айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеде көтерілді. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Айкүміспен, Шашубаймен айтысты көпке жақсы мәлім.

2-ж: 1941-1945 жылдар бәздәі Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер- зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.

1-ж: Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарыменде кездесті. Өз домбырасын Нұрғис Тілендиевке бере тұрып: «Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осының көзінің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге паш ет» деп, батасын береді.

2-ж: Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті. Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

Тақпақ:

1-ж: Жамбыл- өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан түтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең- жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады.

2-ж: Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, Жамбыл рухына бас иді.

Ән: Назерке хор



1-ж: Осымен қадірменді қонақтар «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар салып тамашалағандарыңыз үшін Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет