Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Қисық түйіндерін Shape сайманымен редактрлеу



бет35/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84

Қисық түйіндерін Shape сайманымен редактрлеу


Түйіндерді редактрлеу әр түрлі операцияларды орындауды білдіреді, соның ішінде жаңа түйіндерді қосу, қажет емес түйіндерді жою, түзу сызықтарды қисыққа түрлендіру және керісінше, түйіндердің орнын алмастыру және олардың бақылау нүктелерін манипуляциялау және т.б.

Барлық келтірілген операциялар Shape сайманының көмегімен орындалады, басқарушы элементтер қасиеттер панелінде көрініп тұрады (125- сурет), атап айтқанда:



125-сурет
Add Node (S) батырмасы сіз тышқанмен шерткен жерде жаңа түйін жасайды;

Delete Node (S) батырмасы белгіленген түйіндерді жояды;

Join two Nodes екі түйінді біреуге біріктіреді;

Break Curve белгіленген түйіндегі пішінді үзеді;

Convert Curve to Line белгіленген түйінге жақын орналасқан қисықты түзу сызыққа түрлендіреді;

Convert Line to Curve белгіленген түйіннің қасындағы түзу сызықты қисыққа түрлендіреді;

Make Node a Cusp Convert батырмасы белгіленген түйінді сүйірлену түйініне түрлендіру;

Make Node Smooth – белгіленген түйінді тегіс түйінге немесе созылу түйініне түрлендіреді;

Make Node Symmetrical батырмасы белгіленген түйінді симметриялық түрге түрлендіреді;

Reverse Curve Direction пішіннің жасалу бағытын өзгертеді;

Extend Curve to Close батырмасы түзу сызықтың белгіленген екі шеткі түйіндерін біріктіреді;

Extract Sub path батырмасы – белгіленген түйінді пішінді бөледі;

Auto Close Curve батырмасы түзу сызықтың соңғы түйіндерін автоматты түрде тұйықтайды;

Stretch and Scale Nodes батырмасы белгіленген түйіндерді жылжыту және масштабтау режимдерін орнатады;

Rotate and Skew Nodes батырмасы таңдап алынған түйіндерді бұруға, еңкейтуге мүмкіндік береді;

Align Nodes батырмасы белгіленген түйіндерді түралайды;

Elastic Mode батырмасы – икемді қисық режимін қосады;

Select All Nodes батырмасы – бір мезгілде барлық түйіндерді белгілейді;

Curve Smoothness батырмасы белгіленген түйін қасындағы пішінді тегістеу деңгейін реттейді.


Бір немесе бірнеше түйіндерді белгілеу


Түйінде редакциялау үшін оны алдымен белгілеп алу қажет. Әдетте, бұл үшін Shape сайманын пайдаланады. Алдымен көрсетілген сайманмен қисықтың өзін, сонан кейін таңдалынған түйінді белгілейсіз. Бірнеше түйінді бір мезгілде белгілеу үшін Shift пернесін басулы күйде әрқайсысын кезекпен шертіңіз немесе белгіленетін түйіндердің ішінде пунктирлі рамканы созыңыз (126- сурет). Барлық түйіндерді бірден ерекшелеу үшін

Edit Select Nodes (Түзету Бәрін ерекшелеу Түйіндер) командаларын орындаймыз. Барлық түйіндерден ерекшелеуді алып тастау үшін, қисықтан тыс жерде, сурет салу терезесінің кез-келген нүктесінде шертіңіз. Түйіндер мен объектілерді, олардың жасалу ретімен ерекшелеу үшін, Tab пернесін басыңыз.

Shift + Tab пернелерін басу, түйіндер немесе объектілерді, олардың жасалуының кері ретімен ерекшелейді.



Түзу сызықты қисыққа тікелей және кері түрлендіру


Түзу сызықта бақылау нүктелері болмайды (127-сурет). Мұндай сызыққа бақылау нүктелерін қосу үшін, түзу сызықты қисыққа түрлендіру қажет. Ол үшін түзуді ерекшелеңіз немесе объектіні Shape (Форма) сайманымен ерекшелеңіз, сонан соң қасиеттер панеліндегі (128-сурет) Convert Line to Curve (Түзуді қисыққа түрлендіру) батырмасын шертіңіз. Түрленгеннен кейін түзудің бөлігінде екі жаққа бақылау нүктелері пайда болады (129- сурет).

126-сурет 127-сурет





128-сурет 129-сурет
Егер бізге кері операция қажет болса, яғни қисықты түзу сызыққа түрлендіру үшін Convert Curve to Line (Қисықты түзуге түрлендіру) (130-сурет) пиктограммасын пайдаланыңыз. Бақылау нүктелері жоғалып, қисық сызық түзуге айналады (131-сурет).


130-сурет 131-сурет


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет