Калыкова Бибинур Кадыровна Бұланды ауданы «№5 Макин орта мектебінің» мм физика пәні мұғалімі



бет1/2
Дата03.02.2017
өлшемі0,75 Mb.
#8606
  1   2
Калыкова Бибинур Кадыровна

Бұланды ауданы «№5 Макин орта мектебінің» ММ

физика пәні мұғалімі


Заттың агрегаттық күйі. Қатты денелердің балқу және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы.

(Жаңа білім беру жеті модулі бойынша сабақ әзірлемелері)


Түсінік

Жоба тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің оқушы белсенділігін арттыруға әсері»

Өзектілігі:    Бүгінгі  мемлекет  алдындағы  басты  міндет – білім  беру  жүйесін  жаңарту болып  отыр. Қазіргі  білім беру  саласында  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше  сауатты, жан-жақты   маман  болуы  мүмкін  емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Ал курс барысында республиканың әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады. Физика пәнін оқытудағы білім беру жүйесін жаңарту тәсілін қолдан арқылы оқыту процесін өзгертуге, өзін-өзі тану, өзін өзі дамыту, өз ойын ортаға салып дәлелдей білу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мәселе: Қазіргі білім беру жүйесінде жай ғана сабақ беріп қана қоймай, жаңа білім беру тәсілдерін пайдалану, дұрыс қодану мәселесі туындайды.

Мақсаты: Физика сабақтарында жеті модульді қолданудың негізгі міндеті - мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіріу мен бағалауға көмектесу. қазіргі оқушылардың сапалы білім алуы жай ғана сабақ түсіндіріп сұрақ-жауап арқылы тексеру ғана емес, жаңа қазіргі заманға сай сабақтар құрастырып-өткізу және оқушылардың шығармашылықпен өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Мақсаты:

Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Мен осы модульдерді сабағымда толық қолдануға тырыстым.(мұғалімге арналған нұсқаулық 12-бет)



Міндеттері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің оқушы белсенділігін арттыруға әсерін зерттеу;

  2. физика сабағындағы білім беру жүйесінің жаңарту тәсілінің маңызын теориялық және практикалық жағынан зерттеу;

  3. физика сабақтарындағы білім беру жүйесінің жаңарту тәсілін молайту және оны толықтыру.

Жаңашылдығы:

Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның, ноутбуктардың, электронды оқулықтардың көмегімен сабақта танымдық, шығармашылыққа арналған тапсырмалардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру болды.

Танымды жаттығулардың барысы мынандай өлшемдермен анықталды:

- интеллектуалдық деңгейі;

- оқу ісі әрекеті субъектісінің қалыптасуының мазмұны;

- іс-әрекетінің еркінділік деңгейі;

- эммоционалдық орталық;

- жеке-әлеуметтік даму деңгейі.

Дамытатын танымдық жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементnері арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденген. Сонымен өнімді оқыту әдістемесінің негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тіл дамыту жолын табу - ол ақпараттық технологияларды сабақта қолдана отырып, оқушының әдебиеттік оқуға деген қызығушылығын ояту.

Дамытушы ойындарды оқушылар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады.

Интерактивті тақтамен өткен сабақтардағы тапсырмаларды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де, балаларды білімді игеріп, оны басқа да практикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады.

Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет, қабілеттерін дамыту. Дамытудың негізгі факторы :білім, ептілік, дағдының дәрежелері.

Соған қоса маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі.

Мұғалімнің рөлі дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы.

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесшісі.

Жоба нәтижесі: Физика сабақтарында интерактивті тақтаның, электрондық оқулықтардың, интернет желісін мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады.

- уақыт үнемделеді;

- сабақтың сапасы көтеріледі;

- оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады;

-оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Сабақтың атауы

Тақырыбы:

Сілтеме

8 сынып физика және астрономия авторлары: Р.Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева (әдістемелік нұсқау)

слайдтар, сабақ жоспары



Жалпы мақсаты


1. Заттың агрегаттық күйлері және қасиеттері туралы, балқу, қатаю процестері, осы процестер кезіндегі температураның өзгеруі туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, сөйлеу арқылы ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Міндеттер


1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;

2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;

3. Өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

4. Қайталау сабағынан белгілі бір ой қорытындылар жасау;



Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау


Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

Жаңа тақырып сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, презентация, әдістемелік құралдар, тест тапсырмалары, бағалау парағы, балауыз, спирт, су, колбалар, штативтер, мұз, семантикалық карта.

Күтілетін нәтиже

1. Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы, қатаюы және температурасы туралы түсініктерін нығайту;

2. Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.

3. Өтілген білімнің өмірде бар екендігін, оны біз пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген сабаққа үлкен қызығушылық тудыру.


Ұйымдастыру

кезеңі

-Сәлемдесу;

3 топқа оқушылар топтасады. (түрлі түсті қағаздарды таратып, түстер бойынша оқушыларды үш топқа бөлем). 5 мин



Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.



1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Оқушылардан үйде берілген тапсырманың орындалу барысын сұрайды.

1.Тұсаукесер бойынша топ оқушылары сабаққа дайын екенін айтады.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 30 мин

1.Өтілген тақырып бойынша оқушылардың өздерінің дайындап келген тұсаукесерін талдату;

2.Әр топқа тест тапсырмалары таратылады, топтар сұрақтарға жауап берулері керек;

3. Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушыларына тапқызу;

4. Топ оқушыларының жұмысын бағалаушыларға бағалату;




1. Оқушылар өз топтарында флипчартарды толтырып кезек-кезек қорғайды.

2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді.



3.Топ оқушыларын бағалаушылар бағалайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Флипчарт толтыру. Үш топқа үш минут уақыт беріледі.

ТҰЖЫРЫМ:

Зат үш күйде болады: қатты, сұйық және газ тәрізді. Бұл күйлерді агрегаттық күйлер деп атайды.

Бір заттың өзі жағдайларға байланысты әртүрлі агрегаттық күйде бола алады.

Заттың молекулалары қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерде бірдей болады.



Заттың әр түрлі күйлері молекулалардың орналасуымен, қозғалыс сипатымен және өзара әрекеттесуімен ғана анықталады

Бекіту 15 мин

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Слайд ашылып, әр топқа жекелей тапсырмалар ұсынылады.

Слайдтар көрсету. №9 ,10,11.

Табиғаттағы фазалық аусым:

судың табиғаттағы аусымы



№ 13-17

Тапсырмалардың жауабын анықтайды.



Оқушылар бағалайды.

Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет