Кеңестік геолог-көмірші, геология-минералогия ғылымдарының докторы. 1881 жылы 6 тамызда (18 тамыз) Орлов губерниясының Крома қаласында дүниеге келген. 1958 жылы 26 шілдеде Мәскеуде қайтыс болды



Дата11.09.2017
өлшемі122,73 Kb.
#32010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті -

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы

А.А. ГАПЕЕВ – ГЕОЛОГ-ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Қарағанды 2016

Гапеев Александр Александрович кеңестік геолог-көмірші, геология-минералогия ғылымдарының докторы. 1881 жылы 6 тамызда (18 тамыз) Орлов губерниясының Крома қаласында дүниеге келген. 1958 жылы 26 шілдеде Мәскеуде қайтыс болды. Сталин сыйлығының лауреаты.

Анасы мұғалім, әкесі қызметкер. Тас көмір кен орындарының геологиясы саласының маманы; геология-минералогия ғылымдарының докторы (1934), профессор (1920).

1910 жылы ол Санкт-Петербург тау-кен институтын үздік бағамен бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Геологиялық комитетте штаттан тыс геолог болып жұмыс істейді. 1908 жылдан бастап Л.И. Лутугиннің басшылығымен Донбасс көмір кен орындарын зерттеу жұмыстарымен айналысады. 1914-1919 жылдары Кузбасты зерттеп, соңғысын Ресейдің ең ірі көмір бассейні ретінде анықтаған.

1920 жылдан бастап профессор және 1923 жылдан бастап Орал тау-кен институтының директоры. 1926 жылдан бастап Мәскеу тау-кен академиясының профессоры, содан кейін 1930 жылдан 1948 жылға дейін Мәскеу тау-кен институтының және 1948-1954 жылдары Мәскеу геологиялық барлау институтының профессоры болады.

Донбасс, Кузбасс, Екібастұз, Сахалин, Қарағанды, Орал, Ертіс маңы көмір кен орындарының геологиялық құрылымын зерделеу және өнеркәсіптік бағалау бойынша негізгі жұмыстар. Көмірді және қатты пайдалы қазбалар қорларын жіктеу бойынша еңбектердің авторы. 1930-1938 жылдары оның басшылығымен жүргізілген барлау жұмыстары Қарағандыны КСРО-ның үшінші көмір базасы орнына жылжытты. 81 баспа ғылыми жұмыс авторы.



Қазақстан геологтары А.А. Гапеевті үлкен ғалым ретінде, геолог-кеншілер мектебінің тәлімгер ұстаздарының бірі ретінде еске алады: «Мен туа біткен педагогпын. Мен осы іске деген махаббатты анамнан мұра етіп алған болуым керек, - дейтін Александр Александрович. 13 жасымнан бастап оқумен айналыстым, осы арқылы нан тауып жедім, студенттік жылдарда негізгі табыс – сабақ қой». Александр Александрович Гапеев туа біткен ұстаз болатын. Ол еліміздегі көпшілігін жаяу аралап шыққан көмір кен орындары туралы тыңдаушыларға айтары мол болатын, ал Донецк, Кузнецк және Қарағанды ​​геологиясын зерттеулерге көп жылын арнайды. Оның дәрістері мазмұны бойынша терең және нысаны бойынша жарқын, үнемі толық аудиторияны жинайтын оқиға болатын. Ал дәрістен кейін қызығушылық танытқан студенттер профессорды қоршап, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоятын, ол олардың қызығушылығын қанағаттандыруға тырысатын.

Өзінің сан қырлы қызметінде, РКФСР Мемлекеттік жоспарында, өндірістік күштерді зерделеу бойынша бюрода, тас көмір өнеркәсібі бойынша ғылыми-техникалық кеңесте, конгресте, съездерде және конференцияларда сөйлеген сөздерінде А.А. Гапеев ел экономикасын жедел дамыту үшін геологиялық қызмет етуге басым қарауды талап етті. Ол «көптеген нашар немесе мүлдем зерттелмеген аудандарды бағалауды жеделдету үшін геология-барлау жұмыстарына орасан зор құлаш сермеу керек, осылай құлаш сермемесе ауыр индустрияның даму қарқыны кідіретініне» көзі жетті.

Александр Гапеев студенттік кезінен, өз отанының ұлы патриоты болды. Көп уақытын, ынтасын қоғамдық жұмыстарға арнады. Свердловскте 1920-1923 жылдары жұмыс істегенде, ол Қалалық кеңестің және Оралжоспардың мүшесі ретінде қаланың қоғамдық жұмыстарына қатысады, Жоғары партия мектебінің және Мұғалімдер курстарының дәріскері ретінде елімізде социализм құрылысы, өңірдің өндірістік күштерін дамыту туралы дәрістер оқиды.

Сол жылдары, әсіресе, геологтар табысты жұмыс істеді. Күн сайын Қарағанды көмір бассейнінде жер қойнауының зор байлығы туралы жаңа мәліметтер келіп жатты. Үнемі байыпты, салмақты Александр Александрович осындай күндері ерекше көңілді және қуанышты болатын. Ол осы қаһарлы далалы өлкені шын жүректен жаксы көрді, оның үлкен болашағына сенді. Тас көмірдің үлкен ашық қорлары осының айғағы болды. Оның айналасына жұмыскерлер бірнеше рет жиналатын, олардың арасында қазақтар болды және Александр Александрович оларға даланың жер қойнауында қандай шексіз байлығы ашылғаны және осы өңірдегі өмірдің қалай түрленетіні туралы айтатын.

Қазақтармен кездескен кездерді, олардың айқын жүздерін, олардың қонақ жайлылықтарын, қарапайым тұрмысын, киіз үйлерін, малдарын ұмыту мүмкін емес! Александр Александрович оларға ерекше жылы қабақ танытатын, аралас орыс-қазақ тілінде олармен әңгімелесетін, қара көз балаларға мейіріммен қарайтын.

Бірнеше адам Ескі қаладан Михайловкаға келе жатқанда кенеттен шаң көтеріліп, дауыл соғады, оны жергілікті халық әзілмен «қарағанды жаңбыры» деп атайтын. Құмды дауыл жерді басып алады. Қараңғы болып кетеді, бәрі ығы-жығы. Желдің ысқырығы, адамдардың айқай-шуы, түйелердің боздағаны, - осының бәрі қорқынышты әсер берді. Шаң, құм, тіпті тас бетті ұрғылап, киімнің ішіне өтіп кетті. Барлығы дөңгелене отырып, көздері мен ауыздарын қолдарымен жапты. Бәрінің естері шығып, тіпті үрейленіп кетті. Тек Александр Александрович қана өзін байыпты ұстап, желдің шуылынан басым естілуі үшін қатты дауыстап сөйлеп әзілдеп те қояды, құм боранды басу, тоқтату үшін не істеу керектігін айтты. Ал осы жолы бізді «Қарағанды көмір» тресінің басшысы K.O. Горбачев іздеуге жіберген машина құтқарып қалды.

Қарағанды даласы геологтарды ми қайнатар ыстығымен шарпыса, бірде шаңды желімен боратса, бірде сабалаған жаңбырын төгіп жіберетін, ал кейде өзінің керемет бояулары мен інжіл пейзаждарын төгілдіріп тұратын. Демалыстың осындай бақытты сәттерінде Гапеев жасыл шөпте, оның ерекше жусан иісін иіскеп, аспанның шексіз көгіне шомылып, қиял қанатына мініп жатқанды, немесе кешқұрым уақытта шоқылардың бірінен Сарыарқаның алыс жоталарының мөлдір көгін көзбен шолу жасағанды жақсы көретін. Дегенмен, дала қандай тамаша! Кең даланың бойында қаншама кеңістік, поэзия, жеңіл мұң және жарқын арман жатыр десеңізші! Осындай бақытты сәттерде поэзиялық өлең жолдары туындайтын, оларды Александр Гапеев өзінің жол кітабына жазып отыратын. 1935 жылдың 12 тамызында жазған өлеңдерінің бірі «Қарағанды даласы» деп аталады.

Безбрежная ширь! Необъятный простор!

Колышется зелень, как пышный ковер.

Столбы вдоль дороги стоят частоколом-

Людская помеха широким просторам,

Под небом высоко летят журавли,

И сопки, как в дымке, синеют вдали.

Дорога то вьется игриво змеей,

То вдаль убегает прямою стрелой.

От быстрого хода машины ветрит,

И будто навстречу окрестность бежит.

Поселок и сопки, и скошенный луг

Бегут и стога, и стада, и пастух.

И только собака с заливчатым лаем

Бежит не навстречу, а взапуски с нами.

Слабеет все голос, отрывисто лает,

Собачий лишь долг свой она выполняет.

Вот снова в степи закачалась машина,

И стелется снова без края равнина.

Убогая нива пуста уж, без хлеба...

Дорога, равнина и синее небо.

Қарағанды бассейні көмір қоры бойынша Қазақстандағы ең ірі кен орны және КСРО-да ең ірілерінің бірі болып табылады. Қарағанды бассейні теміржол арқылы – Қарсақбай, Қоңырат және Магнитогорск ірі металлургия комбинаттарымен байланысқан.

1937 жылы Халықаралық геологиялық конгресс сессиясында, профессор Александр Гапеев Қарағанды ​​бассейнінде геологтардың үлкен тобының зерттеу нәтижелері туралы баяндады. Ол Қарағанды ​​бассейнінің көмір қоры 52,6 млрд тоннаны құрайтынын жариялады. «Қарағанды ​​көмірінің сапасы және Оралға қатысты геофизикалық орны және Қазақстанның ірі мыс-рудалы және темір-рудалы кен орындары арасында болуы – осының бәрі Қарағандыны КСРО-ның ірі индустриялық орталығы етеді және Солтүстік-шығыс Қазақстанда шын мәнінде үлкен және маңызды өнеркәсіптік аймақ құрады» - деді А. Гапеев.

1941 жылы А.А. Гапеев Мәскеу тау-кен институтының ұжымымен бірге Қарағандыға көшірілді. Мұнда Гапеев педагогикалық қызметімен қатар үлкен ғылыми және қоғамдық жұмыстар жүргізді. Соғыс жылдары Донбасты уақытша басып алуына байланысты, Қарағандының, әсіресе кокстелген көміріне сұраныс күрт арта түсті. Қарағанды ​​шахталарында көмір өндіруді барынша арттыру мақсатында барлық резервтерді жұмылдыру үшін Мәскеу тау-кен институтының профессорлық-оқытушылар құрамы қатыстырылды. Осы үлкен жұмысты қорғаныс мұқтаждығы үшін Орал, Батыс Сібір және Қазақстан ресурстарын жұмылдыру бойынша КСРО Ғылым академиясы құрған комиссия бақылауы жүзеге асырды. Тау-кен-техникалық мәселелердің кең шеңбері, оның ішінде геологиялық барлау жұмыстары бойынша мамандар тобы құрылды. Профессор А.А. Гапеев геологтартар тобын басқарды, оның құрамына геологтар В.Л. Афанасьев (бригадирдің орынбасару), И.Д. Храмов, П.С. Андреев, Н.В. Тележников, В.К. Упоров, Д.Н. Бурцев, З.П. Семенов енді. Геологтардың осы тобы 1944-1945 жылдарға арналған геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды барлау және көлемін негізде үшін жаңа шахталар салу, учаскелер таңдау үшін шахта қорларын бағалау, алқаптарын анықтау бойынша үлкен жұмыс жасады. Байытусыз кокстеу үшін көмір қорын анықтау бойынша іс-шараларды әзірлеуге баса назар аударылды. «Новый» қабаты бойынша өндірісты арттыру, осыған орай қуаты 1,1 метр және күлділігі 10%-дан кем қабаттың үстіңгі қатпарын жеке шығару, «Верхняя Марианна» қабатының ортаншы және төменгі қаттарын жеке өңдеу ұсынылды. Сонымен қатар КЖ, КО және К маркалы көмірден шихта дайындау, осыған орай КЖ маркалы көмір бар «Метровый» және «Вышесредний» қаттарын әзірлеу ұсынылды. 1944 -1945 жылдары 31 шахтаның құрылысы үшін алқаптар әзірленді. Жергілікті өнеркәсіп, темір жол мұқтаждықтары үшін энергетикалық көмірге арта түскен қажеттілікті көмірді ашық тәсілмен өндіру есебінен қанағаттандыру ұсынылды. Сонымен қатар Федоровкадағы сұр көмір және Қушоқы кен орындарының тас көмірін игеруді жеделдету бойынша ұсыныстар болды. Соғыс жылдары ішінде барлығы 23 шахта және 3 көмір қимасы пайдалануға тапсырылды. Саран учаскесін игеру басталды, онда жобалау қуаты әрқайсысы 30 мың тонна көмір болатын 5 шахта салынды. 1945 жылы Қарағанды шахтерлері 11,2 млн тонна көмір өндірді, бұл 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары болды. Ал бұл еңбек жетістіктеріне профессор А.А. Гапеев белгілі бір үлес қосты. Сол соғыс жылдары ол көмір сапасына, олардың кокстелгіштігіне және байығыштығына ерекше назар аударды. 1942 жылы, А.А. Гапеевтің басшылығымен химиялық және петрографиялық сипаттамалардан басқа олардың кокстелгіштігі мен байығыштығы келтірілген Қарағанды көмір қабатының көміріне жіктеу жасалды. Көмір өндіруді арттыруға және оның сапасын көтеруге бағытталған жемісті еңбегі үшін Гапеев «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» Медалімен марапатталды.

А.А. Гапеев біздің социалистік қоғамымыздың көмір байлығын дамыту ісіне күш-жігерін аямаған көрнекті ғалым, әрі геологтардың тамаша саңлақтар тобын тәрбиелеп шығарған педагог ретінде Кеңес елінің кең геологиялық қауымдастығының сипатиясын жеңіп алды. Еліміздің көмір бассейндері мен кен орындарын барлау және зерттеу бойынша, сонымен қатар жас мамандар – геологтар даярлау бойынша көп жылдық жемісті еңбегі үшін А.А. Гапеев Ленин орденіне және Еңбек Қызыл Ту орденіне лайықталды.

Көмір кен орындары арасында өз өмірінің үлкен бөлігін арнаған Қарағандыға А.А. Гапеев ерекше назар аударды. Тіпті қатты ауырып жатқанда А.А. Гапеев Қарағанды геологтарымен тығыз байланысты үзбеді.

Гапеевтің Қарағандыға осынша терең бауыр басуы түсінікті, себебі ол осы қуатты көмір басейнін маңызы бойынша ашты. 1948 жылы оған Қарағанды көмір бассейнінде кокстелетін көмірдің жаңа учаскелерін ашқаны үшін КСРО Мемлекеттік (Сталин) сыйлығы берілді.

Қарағанды көмір бассейні - Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Ауданы 3600 мың км2. Өнеркәсіптік орталықтар - Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай қалалары. Барланған көмір қоры 7,84 млрд. тонна, алдын ала бағаланғандары - 5 млрд. тонна (1984); көбінесе 600 м тереңдікке дейін, жеке алаңдарда 800-900 м дейін есептелген. Болжамдық ресурстары 1800 метр тереңдікке дейін 32 млрд. тоннаға бағаланады. Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің бар екені 1833 жылы белгілі болған, көмір өндіру 1854 ж. бастап жүзеге асырылып келеді, ауқымды геологиялық зерттеулер 1920 жылдан бері А.А. Гапеевтің жетекшілігімен, бассейнді жоспарлы түрде игеру 1930 жылдан басталды. Сұр көмір 1940-65 жылдарда шығарылды, барлығы 64,7 млн. тонна өндірілген; ашық өндіруге (карта) жарамды көмірдің 595 млн. т барланды.

Геоқұрылымдық тұрғыдан Қарағанды көмір бассейні ені 30-60 км болатын созылымдылығы 120 км ендік бағдарланған аттас синклинорий құрамына енеді. Оңтүстігі мен батысында - жарылым аймақтарымен, солтүстігі мен шығысында өнімді тас-көмір түзілімдерінің эрозиялы кесігімен шектелген. Синклинорий құрылысы асимметриялы: солтүстік және шығыс қанаттары жазық (10-20 °), оңтүстігі - тік, Жалайыр аймағы қаусырмасының жүйесімен қатты бұзылған. Батысында өнімді түзілімдер ірі Тентек жарылымымен кесілген. Қарағанды көмір бассейнінің ауданы Майқұдықтың және Алабастың көлденең көтерілуінен Жоғарысоқыр, Қарағанды және Шерубай– екіншілік қатпарлылықпен және көптеген жарылымдық бұзылулармен күрделенген Нұра (Тентек, Дубов, және басқа мульдарлар) болып бөлінген. Тектоникалық бұзылу қарқындылығы бассейнді шектейтін жарылымдарға қарай бағыт бойынша және көлденең көтерілген жерге жақын артады.

Ол сондай-ақ, Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Солтүстік Сахалин, Кавказ, Орал және Орталық Азия көмір кен орындарын зерттеді. 1924 жылы Богословский сұр көмір кен орнының төменгі қабаттарын барлау қажеттігіне және осында ашық жұмыстарды қолдану мүмкіндігіне ерекше назар аударды. Александр Александровичтің КСРО-ның барлық аудандарында көмір кен орындарын өнеркәсіптік бағалау бойынша жұмысы, сонымен қатар, көмірді және қатты пайдалы қазбаларды жіктеу бойынша еңбектерінің маңызы зор.



Профессор А.А. Гапеевтің болжамдары толық расталды. Қарағанды бассейнінің өте қолайлы географиялық орналасуы Қазақстан, Орал және Орталық Азия өнеркәсібі және теміржолдарын көмірмен жабдықтау бойынша жедел дамуды және кең песпективаларды қамтамасыз етті. Гапеев елу төрт жыл бұрын үмітпен қараған жер адам танымастай өзгерді. Көмірдің ондаған миллион тоннасы, шойын, болат, мыс өзендерін Орталық Қазақстан береді. Өткен жылдар ішінде Қарағанды бассейнінде шамамен екі миллиард тонна көмір, ал Қазақстанда төрт миллардтан астам көмір өндірілді. Бүгінгі Қарағанды – бұл тек қана ірі өнеркәсіптік орталық емес, сондай-ақ, университеттері, институттары, ғылыми-зерттеу мекемелері, театрлары бар ірі мәдени және ғылыми орталық.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет