Кәмелетке толмаған заң бұзушылардың алдын-алу белсенділік жұмысы



Дата07.02.2022
өлшемі17,18 Kb.
#86771
Байланысты:
Альфия эссе
1-БЛОК ПЕДАГОГИКА (1), 1-БЛОК ПЕДАГОГИКА (1), Альфия эссе, Альфия эссе, 1.?ëã³ë³ áà?äàðëàìà áîéûíøà 2-4 ñûíûï àðàëû?ûíäà áàñòàóûø ñûíûï

Кәмелетке толмаған заң бұзушылардың алдын-алу белсенділік жұмысы.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады. Яғни «Неке және отбасы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбектуралы»,«Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдар, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілерде жан-жақты негізделіп ашып көрсетілген.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен, жұмыс орындарын көбейтуге, баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты– білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Елбасы Үкіметке құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу, қылмыстық істерді тергеу кезіндегі кемшіліктерді жою, заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын құқық қорғау органдарының кешіктірмей және сапалы қарауын жолға қою мәселелеріне баса назар аударуды тапсыра отырып: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын», – деп атап өткен.
Шетелдік тәжірибелерге келетін болсақ, мысалы, Жапон елінде қазіргі уақытта профилактикалық бағыттағы әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың тармақталған желілері жұмыс істейді. Олардың ішінде ең белгілісі – Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсіп корпорацияларымен байланысы жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде Жапонияда «түрмеде отырғандар» көрсеткіші 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіш екендігі белгілі.
Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекетік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдардың өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Балалар мен жасөспірімдердің заң сыйлаушылық мінез-құлқын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ІІМ-нің бастамасымен жедел-профилактикалық іс-шаралар және ақциялар өткізуді ұлғайту және әртүрлі ұлт жастарының арасында болып жатқан және әлеуметтік қақтығыстардың катализаторы болуы мүмкін криминалдық оқиғаларды алдын алуды және қатаң қадағалауды жұмылдыруы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет