Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық профилактикасы мен олардың



Дата22.01.2020
өлшемі20,53 Kb.
#56338
Байланысты:
Мобильді топ жұмыс жоспары
сабаққа ену
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық профилактикасы мен олардың

қадағалаусыз және панасыз қалуы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу іс-шаралары бойынша

ЖОСПАР
Іс-шара жоспарының мақсаты:

- кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ олардың жыныстық тиіспеушілігіне байланысты қылмыс санын азайту

- қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды анықтап, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу




Проблемалық мәселе

Шешуге бағытталған іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі мен түрі

Орындалуы туралы ақпарат

1

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық санының артуы

  1. 1. Барлық білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, кәмелетке толмағандарға қатысты қалмыстарды алдын алу мақсатында мобильдік топтар құру

  2. 2. Мобильдік топтардың Ережесін, топ қызметінің алгоритмін әзірлеу;

  3. 3. Топ құру туралы білім беру мекемелеріне тапсырма жолдау;

  4. 4. Топ қызметіне қатаң бақылау жүргізуді

Аудандық білім бөлімі, мектеп директорлары

1. Түнгі мезгілде ата-анасының немесе сенімді өкілінің қадағалауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында (компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, парктер мен скверлер, көшелер, аулалар мен басқа да қоғамдық орындарда) рейдтік іс-шаралар жүргізу.

2. Тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтап, ата-аналарымен өздеріне жүктелген міндеттері мен жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3.Әр білім беру ұйымына жеке жинақтау папкаларын жүргізу (онда, білім беру ұйымына қатысты барлық мәлімет, оқушылар туралы, олардың тәртібі, үлгерімі, отбасы мен қоршаған ортасы туралы және т.б. мәлімет болу керек);

4. Мобильдік топтармен атқарылған жұмыстар туралы әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-ден кешіктірмей ақпарат жолдау (кестеге сәйкес)



1



2

Теріс қылық пен қатыгездіктің жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы

1. Білім беру ұйымдарындағы және жасөспірімдер арасында беделді (афторитет) тұлғаны анықтап, олармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізуді (қылмыстық жауапкершіліктерін түсіндіру);

2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік мекемелермен өз қарауларына алу тәжірибесін жандандыру (подшевство тәжірибесін қолдану)



Мобильдік топ, мектеп директорлары

1. Атқарылған жұмыстар мен нәтижелер туралы әр айдың 20-на ақпарат жолдауды.




3

Қиын жағдайға ұшыраған отбасылармен жұмыс

1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиядан, жергілікті полиция қызметінен және мектептерден қиын жағдайға ұшыраған немесе тәртібі қиын балалар тізімін алдырып бірыңғай тізім жасақтауды.

2. Қиын жағдайға ұшыраған және тәртібі қиын балаларды анықтау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында автоматтандырылған деректер базасын жасақтау мәселесін қарастырып, тиісті ұсынымдар беруді.

3.Мектеп оқушыларының арасында анкеталау жүргізу арқылы сабаққа жиі келмейтін балалар мен тәртібі қиын балаларды анықтап, жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу.

4. Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ата-анасының және заңды өкілінің қадағалауынсыз, панасыз қалған балаларды анықтап, жаңа тізім қалыптастырып, тізімге сәйкес, тиісті әлеуметтік оңалту шараларының қолданылуын қамтамасыз ету қажет. (педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшілермен, ауыл әкімімен, ауыл тұрғандарымен әңгімелесу жүргізу арқылы қиын жағдайға ұшырауы мүмкін отбасыларды анықтау арқылы тиісті анықтау жұмыстарын жүргізу қажет)

5. Ішкі істер органдарынан және денсаулық сақтау мекемелерінен мәлімет алдыру арқылы алкогольдік ішімдікке құмар, наркологиялық және психиатриялық есепте тұратын тұлғаларды анықтап, олардың отбасыларындағы балаларды анықтап әңгімелесу жүргізу (оқудағы үлгеріміне, дене жарақат алумен айланысты денсаулық сақтау ұйымына жүгінгендігі немесе жүгінбегендігін анықтап, жүгінген жағдайда себебін анықтау үшін құқық қорғау органдарына хабарлағандығына және тиісті шешім қабылдануына назар аудару қажет)


Мобильдік топ, білім бөлімі, мектеп директорлары

1. Қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды анықтау жұмыстарының нәтижесін әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-ден кешіктірмей ақпарат жолдауды

2. Автоматтандырылған деректер қорын әзірлеуге қажетті қаражат бөлу жөнінде ақпаратты ақпан айының 20-нан кешіктірмей жолдауды, одан әрі аптаның әр сейсенбі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат жолдауды.






4

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекет деректерін алдын алу мақсатындағы іс-шаралар

1.Білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог, педагог және әлеуметтік педагогтардың жұмысын саралау (өздері жүргізген жазбалар мен журналдарды зерделеу қажет)

2.Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық қылмыстарының басым бөлігі жұмыссыздармен жасалуына байланысты халықты жұмыспен қамту бағытында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыстарды жандандырып, тиімділігін арттыру.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың басым бөлігі өз үйлерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қадағалауынсыз қалдырылған мерзімінде орын алуына байланысты, мектепке дейінгі тәрбиені алу үшін бала бақшаға немесе мектеп жанындағы орталықтарға балалардың орналастырылуына талдау жүргізу қажет;


Мобильдік топ, білім бөлімі, мектеп директорлары

1.Педагог-психолог қызметкерлерінің жұмысының тиімділігіне баға беру, нәтижесін ақпан айының 28-не дейін хабарлау, одан әрі үнемі бақылауда ұстау;

2.Халықтың жұмыспен қамтылу жағдайына саралау жүргізіп, нәтижесін наурыз айының 7-не дейін хабарлау.






5

Кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстары

1.Балалардың бос уақытын, оның ішінде жаз айларында, тиімді өткізуге тиісті шаралар көруді (жазғы лагерлерге балаларды жолдау заңдылығына баға беру, спорттық, ойын-сауық іс-шараларына қатысуларында формальдылыққа жол бермеу қажет).

2. Ойындық спорт түрлерінен аулалық, мектеп ішілік, аудандық және қалалық сайыстар ұйымдастыру.

3. Жас натуралистер қозғалысын жандандыру.

4. Жастарды жаппай спортқа баулу мақсатында әйгілі спортшылармен кездесулер ұйымдастыру.



Мобильдік топ, мектеп директорлары

Атқарылған жұмыстар туралы әр айдың 20-нан кешіктірмей ақпарат жолдау




6

Халық арасында насихат жұмыстарын жүргізу

1.БАҚ арқылы және кездесулер мен әңгімелесу арқылы және нақты мысалдарды сипаттау арқылы халық арасында кеңінен насихат жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету.

2. Телеарналардан бала тәрбиесіне арналған бағдарламалардың көрсетілуін, бағдарламаға бала тәрбиесімен айналысатын мамандарды қатыстыру, халықты қызықтыратын сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру.

3.Жасөспірімдер мен жастардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу, олардың бақылаусыз қалуын болдырмау мақсатында ата-аналар мен жасөспірімдерге профилактикалық маңызы бар, жыныстық тиіспеушілікті насихаттайтын арнайы бейнеролик дайындап, БАҚ арқылы халық назарына жеткізу.

4. Жасөспірімдерді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар көзделген мобильдік қосымшалар әзірлеу.



Мобильдік топ, білім бөлімі, мектеп директорлары

Арнайы бейне роликтерді облыстық телеарналарда және әлеуметтік желілерде көрсетілуін қамтамасы ету




7

Үйлестіру жұмысы

1.Атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпараттарға зерделеу жүргізу.

2. Жоспардың орындалуы барысында пайда болған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды;



3. Осы саладағы жұмыстарды және нормативті құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау.




Проблемалық мәселелер бойынша шалғай ауылдық округтерге шығу арқылы жүргізілген зерделеу нәтижелері жөнінде анықтамалар түзу, проблеманы шешу жолдары жөнінде наурыздың 31-нен кешіктірмей ұсынымдар беру





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет