Кенащы орта мектебінің психологының 2016-2017 оқу жылының қорытынды жылдық есебі



бет1/11
Дата08.09.2017
өлшемі8,74 Mb.
#30074
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кенащы орта мектебінің психологының 2016-2017 оқу жылының қорытынды жылдық есебі
Жұмыстардың мақсаты:

Жеке тұлғаның білім алуы мен дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және балаларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:



1. Мектепте оқыту жүйесіндегі баланың психикалық дамуын және психо-педагогикалық дәрежесін жүйелі түрде қадағалау.

2. Диагностика жүргізу, оқушылардың танымдық процесіне және тұлғалық қарым-қатынасына түзету жұмыстарын жүргізу.


3. Оқушыларды мазасыздану, агрессия жағдайынан арылту мақсатындағы жұмыстарды жүргізу және олардың толеранттық сезімін тәрбиелеу.
4. Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту, оқу және тәрбие барысында пайда болған психо-педагогикалық мәселелерді бірге жұмыс жасау арқылы шешу.

Психологтың жұмысы төмендегідей бағытта жүргізілді:

            І  Психодиагностикалық

            ІІ Коррекциялық

            ІІІ Кеңес беру және психологиялық ағарту

            ІV Профилактика

Психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізіледі:

1.Балалардың мектепте оқуға зейінін дамыту.

Диагностикалық жұмыс бастауыш сыныпқа келген оқушылардың оқуға деген когнитивтік, мотивациялық және эмоционалдық дайындығын анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеудің нәтижесінде балалардың 2 %-ның мектепке дайындығы жақсы, 95%-орташа деңгейде, ал 3%-төмен деңгейді көрсетті. Балалар ата-аналар тарапынан дайын емес, кейбіреулері балабақшаға бармаған және психологиялық дайындықтан өтпеген.

 2.Ата-аналар диагностикасы.

Ата-аналардың мектеппен және мектептегі оқытуға байланысты қарым-

қатынасы балаларды оқытудағы маңызды факторлардың бірі болып есептеледі. Ата-аналар мектептегі баланы оқытудың қаншалықты маңызды екендігін түсінеді, бірақ кейбір ата-аналар баланың білім алуына, оқуына дұрыс көңіл бөлмей, селсоқ қарайды. Олар баланы оқыту және тәрбиелеу мәселесі мұғалімнің міндеті, анықтап айтқанда сынып жетекшісінің жеке міндеті деп есептейді.

3 Ақбұлақ ауылынан қатынайтын оқушыларды мектеп ортасына бейімдеу.

Диагностикалық жұмыстың мақсаты – 2-9 сыныптар аралығындағы Ақбұлақ ауылынан қатынайтын оқушыларды мектеп ортасына бейімдеу.

«Жаңадан келген» оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, өзіндік ерекшеліктері мен қабілеттерінің деңгейін үйрену. Жаңадан келген оқушылардың 98%-ы мектептегі және сыныптағы ортасына жақсы бейімделген.

Қыркүйек айы мен қаңтар айы аралығында мектебіміздің бастауыш буынмен атқарылған бірқатар жұмыстар легі мынадай: Бастауыш сыныптарымен беретін сауалнама мен тренингтер жүргізіліп, олардың сабақ үдерісінде ес және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған психокоррекциялық жаттығулар өткізілді . 1-4 сыныптары оқушылармен түрлі психологиялық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. 



1. Оқушылардың салған «Отбасы суреттері»

оқушыларға психологиядан балалардың отбасымен, қоршаған ортамен, туыстарымен, ата-анасымен қарым-қатынасының қандай екендігін анықтау мақсатында «Отбасы суреті», «Біздің ұстаз» және «Әлемде жоқ жануар» проективті сурет әдістемесі қолданылып, жүргізілді. Оқушыларға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарпынан зейіннің қажет ететіндігі анықталды.

2. Біздің ұстаз проективті суреттері



3. Оқушылардың «Әлемде жоқ жануарды» салған проективті суреттері



Әр айда бір рет апта аралықтарында бастауыш сыныптардың сабақ үдерістеріне қатысып, психологиялық бақылаулар жүргізілді.

Ал, орта буынға жүргізілген жұмыстар легіне келер болсақ, 5, 6, 7, 8,9-ші сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында тест жүргізілді. Сынып оқушыларының неліктен сабақ үдерісінде тыныш немесе шулы болып отыратындығы олардың мінез- құлықтарының әр түрлі тұрақты және тұрақсыз болып келетіндігімен түсіндіреледі. 

2016 жылдың қараша айының 31 күні «Арынды сақта бойжеткен ... » тақырыбымен 7,8,9 сынып қыз балаларымен дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарға аналық тәрбиенің мәнін ұғындыру, қыз баланың өзін мектеп қабырғасында ұстай білуі, қыздардың қазіргі таңда мәртебесі қандай деген сұрақтардың мәнін ашып, оқушыларға жеткізу мақсатында жүзеге асырылды.

Ал осы шара ертеңінде жоғары сынып ер балаларымен «Әке көрген оқ жонар...» тақырыбы аясында жалғасын тапты. Мұнда «үлгілі бала – қандай бала?, оқушының тәртібі қандай болуы керек?, мектеп қабырғасында, күнделікті өмірде сәлемдесу тәртібі туралы» мәселелер қарастырылды. Әңгіме барысында 8-9 сынып ұлдары өздерінің ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Психологиялық ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде оқушылардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты. Бұл жобаның жалғасы сынып сағаттарында жалғасын тапты.



Салауатты өмір салты

      2015-2016 оқу жылының ақпан айында 7,8,9- сынып оқушылары арасында «Мектептегі оқушылардың міндеті мен құқығы» атты сауалнама жүргізілді. Ондағы мақсат – оқушылардың өз құқықтарын қорғай білу деңгейін анықтау және құқық бұзушылықтың алдын алу.  Алынған сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі  бала құқықтары туралы конвенциямен таныс екендігін білдірген. Оқушылар мектеп алдындағы өз міндеттерін толық біледі.

      2015-2016 оқу жылының ақпан  айында жылдық жоспар бойынша бопсалаушылық  жұмыстарына байланысты 4,5-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмысы жүргізілді. Мақсаты: оқушылар арасында бопсалаушылықты анықтау және оның алдын алу. Зерттеу жұмысына 13 оқушы қатысты.  

        Жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде мектептегі оқу процесі жағдайы жағымды және мектеп қабырғасында бопсалаушылық әрекетінің жоқ екендігі анықталды.

Аудандық білім бөлімінен келіп түскен бұйрыққа сүйене «Туберкулездің алдын алу» мақсатында апталық, жалпы мектеп бойынша өткізілді.

4-сынып оқушыларына «Туберкулез жұқпалы ауру» атты психологиялық сабақ өткізілді.

Сабақта балалар белсене қатысып отырды. Өз білгендерін ортаға салып, Психологиялық ситуациялық сұрақтарға қоса жауап беріп үлгерді.
Психологиялық кеңес беру және ағарту жұмыстары

Тоқсан ішінде 9-сынып оқушыларымен ананимдик «Көңілің толама?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнамада оқушылар

1. Қай пәнге көңілі толмайды?

2. Қай пән мұғалімінің білімі төмен?

3. Қай ұстаз сабақ үстінде дөрекілік көрсетеді? т.б. көптеген сұрақтарға жауап берді. Сауалнама бойынша қортынды шығарған кезде мектебіміздің жұмысы, тәртібі заңға сай жүргізіліп жатқанына көз жеткіздім.

Жалпы мектеп жиналысы кезінде 1-сынып оқушысы Тлеуғабыл Мұхамедтің ата-анасы Жаркенов Ардақ баласының сыныбындағы ұлдардың өз ара келіспеушілік тәртібін қадағалап балалар достығына психолог тарапынан көмек сұралды. Бұл ата-аналары сұрақтары бойынша апта бойы психологиялық бақылау жүргізілді. 1-сынып оқушыларымен тренингтер. Психологиялық жаттығу ойындары өткізілді. Сынып жетекшісінен ер балалар жайында қысқаша мінеземе алынып. Жалпы қортынды бойынша балалар өз ара тату. балалар арасында еш кекілжендер жоқ .



Каталог: 87429809B3314E9A
87429809B3314E9A -> Дүниетану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары Күні: 18. 02. 16 Мұғалім
87429809B3314E9A -> Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
87429809B3314E9A -> «Тәуелсіз тарихыма 25 жыл»
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы : 36: 12 түріндегі екітаңбалы сандарды бөлу
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы: 103 • 6, 618 : 6 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы: 03 • 6, 618 : түріндегі жазбаша көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты
87429809B3314E9A -> Дұрыс нүкте қойсаңыздар
87429809B3314E9A -> Бекітемін: Мектеп директоры
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік
87429809B3314E9A -> Тарих, география апталығы 7 желтоқсанда Кенащы орта мектебінде тарих, география пәнінің апталығы басталды. 1-9 сынып оқушыларына «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихи шындық ескерілуі қажет»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет